ошағы Ескі әлемде б.э.д. Х мыңжылдықта Таяу шығыс пен Азияның оңтүстік
шығысында болғандығы жөнінде мәліметтер бар.
Алдымен бақша және дәнді
дақылдар егіншілігі пайда болды, біраздан кейін басқа да азықтық дақылдар
(бұршақ, түйнекті және т.б. тұқымдастар), сондай ақ техникалық (кеенп, мақта
және т.б.). Сонымен бірге және біаз кешірек үй жануарларын, оның ішінде ірі
және ұсақ малдарды онан кейін басқа түрлерін өсіру қолға алына бастады.
Америкада өндіруші шаруашылықтың алғашқы нышандары б.э.д. VIII-VII
мыңжылдықта Мексика мен Мезоамерикада және б.э.д.
VI-IV мыңжылдықта
Орталық Андта байқалды. Жаңа Әлемдегі егіншілік ең алдымен маис (жүгері),
картошка, помидор (томат), күнбағыс, асқабақ, мақта және темекі
дақылдарымен белгілі болды. Ал мал шаруашылығына келетін болсақ, б.э.д. V-
IV ғғ. Оңтүстік Америкаға алғаш қоныс аударушылармен бірге келді, бірақ
жануарларды қолға үйретудегі табиғат қолайсыздығынан тек
лама мен альпак
қана өсірілді.
ШМТ қол егіншілігі болған қоғам дамудың алғашқы қауымдық
деңгейінде тұрды, бірақ Ескі және Жаңа Әлемнің кейбір аймақтарындағы оның
негізінде алғашқы мемлекеттік құрылымдар пайда болды. Олардың
экономикасындағы мәдениет дәнді дақылдар, бидай және тары –Европада,
күріш-Азияда,
маис-Америкада, Африкада түйнек тектес өсімдіктер көбірек
өсірілді. ХІХ-ХХ ғғ. Ескі және Жаңа Әлемде қол егіншілігінің орнына
жыртпалы егіншілік келді.
Достарыңызбен бөлісу: