Тарих, археология және этнология факультеті


ШМТ-тің жыртпалы егіншілік түрі



Pdf көрінісі
бет43/78
Дата28.10.2022
өлшемі1.72 Mb.
#463571
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   78
Учебник Теор. этнология

ШМТ-тің жыртпалы егіншілік түрі. Бірнеше мыңдаған жылдар бұрын 
адамзаттың шаруашылық қызметінде маңызды алға қадам басушылық болды. 
Топырақты өңдеу құралы мен малға пайдаланылатын құралдың бірігуімен 
өнімді қарқынды өсіретін жыртпалы егіншілік пайда болды. Археологиялық 
зерттеулер оның пайда болуын ыстық белдеулердегі ірі өзендер сағасында: Ніл 
(б.э.д. IV мыңжылдық); Тигр мен Евфрат (б.э.д.IV мыңжылдық); Инд және 
Ганга (б.э.д. ІІІ-ІІ мыңжылдық); Әмудария және Сырдария (б.э.д. ІІ 
мыңжылдық); Хуанхэ мен Янцзы (б.э.д. І мыңжылдық) болғандығын 
дәлелдейді. Көріп отырғанымыздай, егіншіліктің бұл түрінің пайда болуы 
батыстан шығысқа қарай таралғанын байқатады. Осындай қозғалыстардың 
нәтижесінде өркениет деген атауға ие болған, алғашқы мемлекеттік 
құрылымдар – египет, месопатамия, хараппа, иньдердің пайда болуы кездейсоқ 
емес.
Ерте және ортағасырда ақ, ШМТ-тің жыртпалы егіншіліктің бұл түрі онан 
әрі қарай Көне әлемде, европалық отарлаудан кейін – Америкада, Австралия 
мен Мұхиттық аралдарда, сахарадан оңтүстікке қарайғы Африкада кеңінен 
таралды. Қазірге дейін бұл аймақтардағы халықтардың азық көзі болып отыр.
Ыстық белдеудегі құрғақты жерлердегі жыртпалы егіншілік. Бұл 
шаруашылықтың алып жатқан территориясы – Солтүстік Африканың 
батыстағы аяқ жағынан Шығыс Азияның тынық мұхиттық жағалауларына 
дейін созылды. Оның «классикалық» өкілдері оазистік зонадағы арабтар, 
Эфиопияның амхарлары, Кіші Азияның түріктері, Кавказдың армяндары, 
грузиндері, осетиндері, Орта Азияның өзбектері мен тәжіктері, Үндістанның 


раджастхандары, панджабтары, каннарлары, Қытайдың ханьсилері және т.б. 
Шаруашылықтың бұл түрі тегістіктегі, тау етектеріндегі және таулы деп 
бөлінеді. Негізгі мәдениет дақылдары –бидай, тары, чумиз, сондай ақ күріш, 
т.б. дақылдары. Сондай ақ бау-бақша өнімдері, бұршақты өсімдіктер, 
техникалық мәдениет түрлері- мақта және кенеп өсірілді.
Субтропиктік және тропиктік ылғалды жерлердегі жыртпалы 
егіншілер. Жыртпалы егіншіліктің бұл түрі Оңтүстік, Оңтүстік-Шығыс және 
Шығыс Азия халықтарында – Үндістанның бенгалдарында, Үндіқытайда (вьет, 
тай 
және 
т.б.), 
батыс 
Индонезияның 
яваларында, 
Филиппиннің 
жағалауларындағы халықтарында (висайя және т.б.), Оңтүстік Қытайдың 
(чжуан, ицзу және т.б.) және корей, жапон халықтарында кең таралды. Бұл 
жерлерде де азиаттық материктің оңтүстік бөлігінде дамыды. Негізгі мәдениет 
дақылдары күріш, сондай ақ бидай, бұршақты өсімдіктер мен жеміс жидектер, 
техникалық мәдениет –мақта, кенеп, джут болды.
Қоңыржай белдеулердегі орманды дала және орманды жерлердегі 
жыртпалы егіншілік. Егіншіліктің бұл түрі Европада б.э.д. ІІ мыңжылдықта 
пайда болды, кейін батыс және Оңтүстік Сібірге және Қиыр шығыста кең 
таралды. Осылардың негізінде ерте гректік және ерте римдік өркениет 
қалыптасып, Ортағасырдағы европалық мемлекеттердің экономикасының негізі 
болды. Жаңа кезеңде онымен Батыс және Шығыс Европаның көптеген 
халықтары (орыстар, украйн, молдаван, латыш, литвалықтар және т.б.), сондай 
ақ үндіевропалықтар (карел, коми, мордва, татарлар және т.б.) айналысты. 
Сібірде орыстар келгенге дейін онымен батысібірлік татарлар, алтайлықтар, 
батыс буряттар, Қиыр шығыста –даур, дючер, маньчжурлар айналысты. ХVІ – 
ХVІІ ғғ. Европалық қоныс аударушылармен бірге әлемнің басқа бөліктерінде 
Америка континентінде, Австралия мен Мұхиттық аралдарда және Оңтүстік 
Африкада тарала бастайды.
Негізгі ауыл шаруашылық дақылдары суыққа төзімді дақылдар (арпа, 
бидай, қара құмық, т.б.) сондай ақ бау-бақша өсімдіктері (тұрып, капуста, 
қызылша, т.б.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет