Тарих, археология және этнология факультеті


Этникалық иденттіліктің мәні



Pdf көрінісі
бет48/78
Дата28.10.2022
өлшемі1.72 Mb.
#463571
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   78
Учебник Теор. этнология

Этникалық иденттіліктің мәні. Қазіргі тарих кез келген ұлттық 
межелерді салыстырмалы ететін жаһандану үдерісі дамуының интенсивтілігінің 
фактісі. Локальды қауымдастықтағылардың негізі бөлігінде үнемі болып 
жатқан модернизация, этнологиялық интеграция, жалдамалы еңбектің жаһанға 
таралуы және әлем бойынша адамдардың әртүрде орын ауыстыруы, оларды 
белгілі бір ұғымда ұқсас етеді.
Бұл үдеріске қарсы табиғи реакция, ол жершілдіктің (көбіне этникалық, 
діни) бір уақытта дамуы, яғни өзін орталыққа қарсы қоятын сеператистік сипат 
алады. Олардың мақсаты өзін басқалардан ерекшелендіретін этникалық 
белгілерінің сақталуын қорғайды. Бұл бағыттың түйісінде ерекше маңыздырағы 
этникалық иденттілік, сондай ақ индивидтің сол не басқа этносқа жатуы. 
«Иденттілік» ұғымы философияда, психологияда, этнологияда, мәдени 
және әлеуметтік антропологияда әртүрлі маңыздылығымен не әр түрлі 
аспектіде кеңінен қолданады. «Иденттілік» термині этнологияға енді және 
этнологиялық зерттеулердегі көптеген өзекті мәселелерімен байланысты 
сараптау ұғымындағы орнын алды.
Иденттіліктің 
бірнеше 
деңгейін 
айқындауға 
болады: 
тұлғалық 
психологиялық – адамның «Мен» екендігін түйсіну. Ол оның әртүрлі 
әлеуметтік топтарға қатысуымен қалыптасады. Өзін отбасы мүшесі, еңбек 
ұжымының, не бір үйірменің мүшесі екендігін түйсінуі. «Иденттілік» түсінігі 
қазіргі ғылымдағы «Мен-концепциясымен» тығыз байланысты. Екінші деңгей 
– әлеуметтік психологиялық. Иденттіліктің бұл деңгейі өзін бір топтың мүшесі 
екендігін түйсінуі, сондай ақ соған жататындығын бағалау сезімімен 
байланысты. Тұлғаға өзінің топтық тегін бекітуге ұмтылуы тән сипат, ол басқа 
сол тәріздес топтармен өзара әрекеттестікте ған мүмкін. Адамға өзінің тобын 
басқалармен салыстыру және өзінің тобын басқалардан артық жағдайда деп 
елестету тән құбылыс.


Әлеуметтік-психологиялық иденттіліктің әртүрлілігі этноәлеуметтік 
иденттілік болып табылады. Бұл тұлғаның өзінің тегін белгілі бір этносқа 
жатуын түйсіну болып табылады. Ол бір жағынан тұлғаның басқалардан бөлек 
және тәуелсіз болуға қажеттілігін, екінші бір жағынан бір топқа жататындағын 
және қорғануға қажеттілігін қанағаттандырады.
Этнологиядағы деңгейінен басқа этникалық иденттіліктің түрлерін бөліп 
қарауға болады. Ол саналы не санасыз әрекет (өзін бір халықтың өкілімін деп 
санай отырып, бірақ басқа халыққа тән қасиеттерді көрсетуі) болуы мүмкін. 
Иденттілік толық не жартылай (өзін бір халықтың бөлігімен дей отырып, бір 
уақытта екі не одан да көп халықтың, отбасының, кәсіби ұжымның және т.б.) 
болуы мүмкін. Сондай ақ этникалық иденттілік тікелей және жанама болуы 
мүмкін. Жанама идентификация соған сәйкес этникалық қауымдастыққа не 
топқа енумен жүзеге асырылады: мен нақты халықпен, оның әртүрлі 
этникалық ұжымы мен тұтастығына ену арқылы идентификацияланамын. 
Ондай тұтастық кез келген субьектілер – отбасы, әлеуметтік страт, субэтносы, 
этнографиялық топтар, т.б.
Этникалық иденттілікте мәдени құндылық өте жоғары, ол басқа кез 
келген әлеуметтік топқа қарағанда тұлғаға өзін өзі көрсетуге зор мүмкіндік 
береді. Сонымен бірге этникалық иденттілік жекелей тырмысу, күштеу 
жолымен емес, туылғаннан бастап ақ, не белгілі бір этникалық ортада ерте 
кезеңдегі тәрбиеден қалыптасады.
Этникалық идентификация үдерісін көптеген бақылаулар зерттеулер 
оның дамуының үш түрі бар екендігін көрсетеді. Біріншіден, этникалық 
идентификация еліктеу негізінде өтуі, мұнда тұлға өзі өмір сүріп, тәрбиеленіп 
жатқан этникалық қауымның мінез-құлық стереотипін (таптаурын) саналы не 
санасыз әрекетпен көшіріп алады.Екіншіден ол күштеу негізінде жүзеге асуы 
мүмкін. Күштеудің ондай құралына дәстүр және қоғамның құндылық 
бағыттары қызмет етеді. Үшіншіден этникалық идентификация еркін және 
түйсіктен өткен таңдаумен жүзеге асуы мүмкін. Кейде адам ұлтынан бас 
тартып, космополит яғни бүкіл әлемнің адамы болу. Бірақ бұл жағдайда бас 
тарту еркін таңдау негізінде жүзеге асады.
Этникалық идентификация мәселелерін тарихи зерттеу қортынды 
жасауға, яғни идентификацияның қалыптасу үдерісінде әр түрлі себептер мен 
жағдайларға байланысты өздерінің белгілері мен айырмашылықтарына қарай 
жеті типін бөліп қарауға болады.
1. Қалыпты (нормалды) иденттілік, өз халқының образы оңды, оның 
мәдениеті мен тарихы қолайлы орны алады. Бірақ берілген этникалық топпен 
идентификациялануға қажеттілік және онымен топтасу деңгейі тұлғаның типі 
мен жағдайына байланысты. Қалыптан ауытқушылық этникалықтың даму 
бағытына не сол сияқты өсу не жойылуына әкелуі мүмкін.
2 Этноцентрлік иденттілік, бір этникалық топты сын көзбен қарамай ақ 
артық санау және онымен тұлғаның өзіндік идентификацияға түсуі. Мұндай 
иденттілікте этнооқшаулану, томаға тұйықтық элементтері болады. Кейбір 
этникалық топтардағы томаға тұйықтық дәстүрлі нормалармен не діни 


қағидалармен (мысалы, эндогамиялық неке) түгелдей болмаса да басымдық 
танытады.
3 Этнодоминанттық иденттілік, иденттіліктің сондай типі, мұнда 
иденттіліктің басқа түрлеріне қарағанда (азаматтық, отбасы, кәсіби және т.б.)
этникалық иденттілік артықтау болады. Басқа сөзбен айтқанда этникалық тек 
сөзсіз құндылыққа басым болып көрінеді. Мұндай иденттілік әдетте «халықтың 
құқығы» «адам құқығынан » жоғарылығын мойындаумен, өз халқын артық 
көру басқа этникалық топтарға қатысты кемсітушікпен, «этникалық 
тазалықты» мойындау, басқа этностармен араласпауға ұмтылыспен қатар 
жүреді.
4 Этникалық фанатизм – иденттіліктің типі, этникалық мақсат пен 
мүддені абсолютті басым көру, олардың игілігі үшін кез келген құрбандық пен 
әрекетке баруға дайын болуы. Бұл агрессиялық иденттілктің соңғы түрі.
5 Этникалық индифференттілік, мұнда адамдар өздерінің этникалық 
және этникааралық қатынастарына, өздерінің және басқа халықтардың 
құндылықтарына немқұрайлы қарауына байланысты пайда болады. Олар 
өздерінің этникалық топтарының дәстүрлері мен қағидаларына, олардың 
өмірлік амал әрекеттері мен кез келген әрекет салаларындағы мінез 
құлықтарына тәуелсіз, тіпті өздерінің этникалық тегіне, басқаның этникалық 
иденттілігіне әсер ете алмайды.
6 Этнонигилизм, космополитизм формасында этникалықты, этникалық 
құндылықтарды жоққа шығарады. Әдетте этникалық иденттіліктің бұл типі 
өздерінің этникалық тобының статусын төмен санауына, басқалармен 
салыстырғанда тең емес екендігін мойындамауға байланысты пайда болады. 
Мұның нәтижесінде өзінің этникалығын көрсетуден қашқақтау, тіпті кейде 
барлық этникалықты жоққа шығаруға әкеледі.
7 Амвиваленттік этникалық – аралас этникалық ортада кең тараған анық 
көрінбейтін этникалық иденттілік.
 
Этникалық иденттілік – әрбір мәдениеттегі ауыспалы өлшем. Мәселен, 
адам ауылы оның тұрғыны сезінеді және басқа болып қабыладнады. Қалада ол 
өзінің диалектісі, адамгершілігі, әдет ғұрпы бар белгілі бір жердің өкілі. Басқа 
мемлекетпен соғыс жағдайында ол өзінің елінің азаматы ретінде саналады. 
Сонымен этникалық иденттіліктің шекарасы қозғалғыш, динамикалық және 
мәдени негізделген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет