негізге алады. ШМТ (Шаруашылық мәдени тип) деп, ұқсас табиғи-
географиялық жағдайда өмір сүрген және әлеуметтік-экономикалық даму
деңгейі жақын, әр түрлі халықтардың тарихи
қалыптасқан белгілі бір
шаруашылығы мен мәдениеті ерекшелігі кешені деп түсіну керек. Немесе,
этнографияда ШМТ әлеуметтік – экономикалық дамуы жағынан біріне- бірі
жақын және ортаның ұқсас жағдайда мекендейтін әр түрлі халықтарда тарихи
қалыптасатын шаруашылық пен мәдениет ерекшеліктерінің кешені ұғынылады.
Ең алдымен халықтардың ұқсастығы материалдық мәдениет пен оның
әлеуметтік қатынастарының ұқсастығынан, көрініс тапса, аз мөлшерде рухани
мәдениеттен де байқалады.
Шаруашылықты әртүрлі жүйелеуге
қарамастан, тарих ғылымы үшін-
иемденуші және өндіруші шаруашылық деп бөліп алып қарайды. Иемденуші
шаруашылықта меншіктенетін салалық әрекеттің басым болуымен сипатталады
(аңшылық, балық аулау, терімшілік) яғни табиғаттағы бар нәрсені місе тұту.
Соның өзінде адамдар іс әрекетінде еңбек құралдарын пайдалану, әртүрлі
жағдайға икемделу, адамдардың ұжымдық әрекеті негізінде жүрді.
Этнографиялық
мәліметтер көрсеткендей, иемденуші шаруашылықтың өзі аз
ғана өнімділігімен қоғамды тапқа бөлді, оған Солтүстік Америкадағы- хайда,
нутка, тлинкит халықтарын жатқызуға болады. Өндіруші шаруашылық деп,
мәдени өсімдіктер мен үй жануарларын өсіру экономикасы түрін айтамыз.
Осының негізінде таптар қалыптасып, мемлекеттілік құрылады. Бірақ қоғамның
біраз бөлігі өндіруші шаруашылықты дамытса да, ұзақ уақыт бойы алғашқы
қауымдық жағдайда өмір сүрді, кейбірі дамудың осы деңгейінде қалып қойды.
Экономиканың тарихи даму барысында ШМТ жетілдірілді, енді бірі
жоғалып кетті. Олардың өзгерісі әртүрлі факторлармен: шаруашылық әрекеттің
эволюциясымен, дамыған көршілердің тәжірибесін алумен,
экологиялық
жағдайдың өзгерісімен байланысты болды. Сондықтан ШМТ тарихи өтпелі
сипат алды, олардың ішінде ең дамығаны жыртпалы егіншілік, ол адамға
мануфактура, кейін фабрика-завод құруға мүмкіншілік берді.
ШМТ
концепциясы
Ресей
зерттеушілері
М.Г.
Левин,
Н.Н.
Чебоксаревтардың еңбектерінде 1955 жылдары жарық көрді. Бірақ халықты
олардың шаруашылық іс-әрекетіне қарай бөлу
ХVIII АҚШ зерттеушілері
О.Мэсон, К. Уислер, А. Креберлердің еңбектерінде көрініс тапқан болатын.
Солтүстік Америка халықтарының мәдени ареалы деп бөліп алуы кеңес
этнографтары классификациясымен де сәйкес келді. Бірақ олар бұл
типологияны құрғанмен олар тек солтүстік американ аймағына ғана қолданды.
Сондықтан олардың тұжырымдамалары әмбебаптық сипат ала алмады.
Қазіргі кезеңде пайда болу тәртібіне орай төрт ШМТ-ті бөледі: бір типі
жоғарыда айтқан –аңшылық, балық аулау және терімшілік, қалған үшеуі
өндіруші шаруашылық – қол егіншілігі, көшпелі-мал
шаруашылығы және
жыртпалы егіншілік. Бірақ бұлардың арасына нақты шекара қоя алмайсың,
шаруашылықтың жоғары деңгейіне өтсе де оған дейінгі шаруашылық
түрлерінен үзілді-кесілді бас тарта алмайды. Мәселен, мұхиттық аймақтардың
батысында қол егіншілігі басым болса, ал
шығысында теңіз азығына қол
жеткізуге, ал Карпаттың біршама халықтары жыртпалы егіншілкпен, басым