елдерінде «әлеуметтік антропология» деп аталады. Ағылшын тілдес елдерде
этнология ғылымының қалыптасуы басқаша жолмен жүрді. Халық жөніндегі
ғылым антропологияның бір құрамдас бөлігі ретінде дамыды.
Антропология
биология ғылымының бір бөлігі, ол адам табиғатын зерттейтін ғылым екендігі
1596 жылы О. Гасманның еңбегінде тұжырымдалады. Антропологияның дамуы
ХVІІІ ғасырдағы отаршылдықпен, демографиялық және нәсілдік үдерістерге
деген қызығушылықтың артуымен байланысты болды. ХІХ ғ. дамыған
европалық елдерде алғашқы қауым адамдарының сүйек
қалдығын зерттеу
мақсатында антропологиялық қоғамдар пайда бола бастады. ХІХ ғ. ортасында
неандерталдықтардың бас сүйегі мен скелетін зерттеу негізінде адамзат тарихы
мен мәдениетін реконструкциялау міндеті тұрды. Сонымен антропология
құрамында «әлеуметтік антропология» деп аталатын жаңа бағыт пайда болды.
Оны ағылшын этнологиясының негізін қалаушылардың бірі –Джеймс Фрезер
1906 жылғы өзінің этнологиялық зерттеулерінде баяндап,
ғылыми айналымға
енгізді. Осы атаумен Дж.Фрезер өзінің зерттеулерін Э.Тайлордың «мәдени
«антропология деп атай бастаған зерттеулерінен ажыратқысы келді.
«Әлеуметтік антропология» ұғымы «этнология» ұғымының ағылшын түріне
айналып, кең тарады. Қазіргі кезеңде ағылшын «әлеуметтік антропология»
өкілдері өздерінің ғылыми қызығушылығын әртүрлі мәдени дәстүрлерді
таратушы әртүрлі этникалық топтарды зерттеуге бағыттаған.
Достарыңызбен бөлісу: