қарым қатынастың балансын қамтамасыз ететін әрбір жақтың теңдігін ұстауы
қажет.
Жоғарыда айтқандай этникалық жанжалдың өз кезеңдері бар. Қазіргі
этникалық жанжалтану мәліметтері бойынша әрбір этникааралық жанжал өз
дамуында төрт фазасы бар: латентті кезең,
жанжалдың пайда бола бастауы,
жанжалдың белсенді ағысы, жанжалдың зардабы.
латентті кезеңінде жанжалды болдырмау үшін:
- Азаматтық теңдік принципін іс жүзінде қол жеткізу;
- Жаңа ұлттық мемлекеттік құрылымда өзінің әрекетін заматтықтың
нолдік вариантында бастау, бұл мемлекет территориясында өмір сүріп отырған
барлық адамдардың азаматтық алуына мүмкіндік алуы;
барлық этникалық топтардың әсіресе бұрын дискриминацияға
ұшырағандардың өмір сүру жағдайын әлеуметтік-экономикалық саясатта
теңдестіруді қолға алу;
барлық этникалық топтар үшін федерализм теңдігі принципін жүзеге
асыру;
Екінші фазаға өтуде оған тән сипаттарды анықтап алу керек: өзара
кінәлаудың күшеюі, зұлымдық
хабарламалардың көбеюін, мүддесі аяққа
тапталған этникалық топ не аз санды этникалық топтарды қорғауда шектен тыс
талап қою , этникалық миграцияның басталуы. Этникалық мұндай шиеленісуді
бәсеңдету үшін:
- жанжалдық ахуалды өз ісі мен өкілеттілігін білетін этникалық
бейтарап полиция не армияны құру;
- барлық бұқаралық ақпарат құралдарында нақты ақпараттар беру;
- қару қозғалысы мен оны сақтауда ерекше бақылауды жүзеге асыру;
- көшелік тәртіпсіздіктерге әкелген ұйымдастырушыларды заң бойынша
қадағалау.
Үшінші фазада яғни жанжалдың белсенді ағысында әскери әрекеттерді
тез арада тоқтату, ол үшін:
- жанжал зонасынан экстремистік жақтаушыларды уақытша ұстау не
қамау;
- мемлекеттік және қарулы күш арасында ұлттық белгісіне
қарай
бөлінуді болдырмау;
- ақпарат құралдарымен байланыс құралдарына ерекше бақылау енгізу;
- әскери әрекеттерді тоқтату және келісімге келу механизмін құру;
- адам шығынын болдырмау және материалдық шығын мөлшерін
мүмкіндігінше азайтудың (қарулануды қысқарту,
бейтарап зоналар құру,
қауіпсіз тұрғындар пункті мен қалаларды ұйымдастыру) кешенді шараларын
жүргізу;
- мародерлік және әскери қылмыстардың бетін қайтару.
Соңғы фазада жанжалдың дамуы жанжалдық әрекеттер салдарын
жойып, жанжалданушы жақты татуласу жағын қарастырады. Бұл міндеттерді
шешудегі қажеттілік:
- жанжал зардабына жалпы баға беру және ұлттық келісім жағдайында
азаматтық қоғамның бірлігі бағдарламасын құруды жариялау;
- этникалық бейтарап сипат алатын қайта қалпына келтіру (кепілге
алынғандарды
босату,
босқындарды
қайтару,
басқаның
мүлкіне
жауапкершілікпен қаару, медициналық көмек ұйымдастыру);
- террористер мен экстремистердің батырлығына
жол бермеу, саяси
лидерлерге айналуына қарсы болу;
- қоғамды реформалауда барлық этникалық топтардың қоғамдық
диалогын бастау;
- жанжалды драматизациялаудан бас тарту және оны «тарихи есте»
қалдыруға жол бермеу.
Мұнан басқа этникалық жанжалдарды реттейтін келтірілген барлық
әдістер мен тәсілдер әр кезеңде жанжалды әлсіретуге не аялдауға қосымша
тәсілдер де болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: