Тарих, Филология және Халықаралық Қатынастар Факультеті



бет11/13
Дата01.06.2023
өлшемі2.72 Mb.
#474604
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Практика 2023

ҚОСЫМША Е
6. Шет тілі бойынша бейне-сабақ жасауға қойылатын талаптарды зерделеу


1) Шет тілінен бейне-сабақ түсіруге қойылатын талаптарды меңгеру.
Қазіргі заман ағымына байланысты оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру үшін мұғалімдерге жаңа талаптар қойылуда. Сол себепті оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, жан-жақты ізденістің нәтижесінде білім беру саласында жаңа технологиялардың саны да, сапасы да өсіп келеді. Компьютер мен бейнемагнитофон сияқты электронды ақпарат құралдары студенттерді оқыту мен тәрбиелеуде маңызды бола бастады. Видеоны қолдану оқушылардың коммуникативті мәдениетін қалыптастыруда өте тиімді болып табылады.
Бейне-сабақтарды өткізу кезінде негізгі тәсілдер мен қағидаларды ұстану қажет.
1. Түсіру талаптары:
а) бейне көрінісі мен дыбыс сапасы жоғар деңгейде болуы;
б) мұғалімнің өзі сөйлеп, түсіндіретін жерлерінің болуы;
в) адамның бет-әлпетінің айқын көрінуі;
г) презентацияда фотосуреттердің, иллюстрацияның, бейнелік, дидактикалық материалдардың болуы қажет.
2. Сюжет талабы:
а) көріністердегі диалогтардың мазмұны мен сюжет арасында нақты байланыс болуы керек.
3. Сөйлеу мәнеріне қойылатын талаптар:
а) видеоның басында адамның сөйлегені анық, ашық және фондық шуылсыз болуы;
б) сөз сөйлеу жеткілікті айқын, акцентсіз және де тез болмауы керек.
4. Тілге қойылатын талаптар:
а) тіл әдеби тілдің талаптары мен стандарттарына сәйкес заманауи болуы;
б) мәлімдемелер арасында табиғи үзілістердің болуы;
в) жаргон сөздердің қысқа, әрі түсінуге жеңіл болуы;
г) мәтінде жаңа сөздердің, белгісіз ым-ишаралардың аз болуы қажет
5. Мазмұнына қойылатын талаптар:
а) студенттерге практикада кездесуі мүмкін жағдайлар болуы керек;
б) сабаққа көркемдік, жарнамалық фильмдер, жаңалық бағдарламалары және басқа да сюжеттерді таңдауға болады.


2) Шет тіліндегі бейне сабақты талдау. ( https://youtu.be/-LnEU2IyIXU)
Бұл «Easy English» ағылшын тілінен бейнесабақ.
Ұзақтығы – 10 минут.
Курс кішкентай бүлдіршіндер мен олардың ата-аналарына тілді оңай және тез меңгеру мақсатымен құралған. Сонымен қатар, бұл бағдарлама бойынша ағылшын тілін тек кішкентай балалар ғана емес, жасөспірімдер мен ересек адамдарға да үйрену өте оңай және қызықты болады.

Сабақ – «Lesson 1A, 1B, 1C, 1D» деп аталатын бөлімдерден тұрады.

Сабақтың тақырыбы – My family (Менің отбасым).
Сабақты жаң сөздермен бастады. Яғни, отбасы мүшелерінің атауларының аудармаларын және дыбысталуын түсіндірді.









Сабақтың талаптарға сай екенін немесе сай келмейтінін тексеріп көрсек:

  • бейне көрінісі мен дыбыс сапасы жоғар деңгейде болды;

  • мұғалімнің өзі сөйлеп, түсіндіретін жерлерінің болды;

  • бейне сабақта адамның бет-әлпеті көрінбеді, бірақ соған қарамастан сабақтың өтілуіне кедергі болмады;

  • презентацияда фотосуреттердің, иллюстрацияның, бейнелік, дидактикалық материалдар болмады, тек жазуларды қолдану арқылы түсіндірілді;

  • видеоның басында адамның сөйлегені анық, ашық және фондық шуылсыз болды;

  • сөз сөйлеу жеткілікті айқын, акцентсіз және де тез болмады;

  • тіл әдеби тілдің талаптары мен стандарттарына сәйкес заманауи болды;

  • мәлімдемелер арасында табиғи үзілістердің болды;

  • жаргон сөздердің қысқа, әрі түсінуге жеңіл болды;

  • мәтінде жаңа сөздердің, белгісіз ым-ишаралардың аз болды.

Жалпы, бейнесабақ түсінікті, қабылдауға жеңіл болды. Бірақ, бұл бірінші басқыштағы тақырып болғандықтан, көп нәрселерді қамтымады. Сондықтан бұл бейнесабақты 5-12 жас аралығындағы оқушыларға ұсынар едім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет