V-the fifnshed round “Tenge ilu”.
Оқушылар ағылшын тілінде қанша әріп бар?Оларды атайықшы?
Тиындардың артында жазылған әріптерді орындарына орналастырып сөз құрау.
(FUNNY ENGLISH)
Conclusion. Awarding the winners.
Our game comes to the end. I think that you’ll see it’s very important to study English. I wish you success in studying English. Thank you for your attention. Good-bye!
Бұл сыныптан тыс іс-шара оқушылардың ағылшын тілін түсінуі үшін, алған білімдерін, дағдыларын нақты жағдайда қолдана білу, ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлауды дамыту, тілдік, зияткерлік, танымдық қабілеттерін дамыту, топта жұмыс істеуді білу, ағылшын тіліне қызығушылығын арттыру, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру мақсатында өткізілді.
Оқушыларды қызықты ойындармен білімдерін тек сабақта ғана емес, басқа уақытта да дамытты. Сайыс 5 кезеңнен тұрды. Олар: I.Baiga – Бәйге; II. A magic vocabulary - Сиқырлы сөздік; III.Young actor – Жас актер; IV. Polyglot – Полиглот; V.Tenge ily – Теңге ілу. Әр кезең әртүрлі ойындар мен сұрақтардан тұрды.
ҚОСЫМША Д
5. Ағылшын тілі бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының тұжырымдамасын үйрену.
Жаңартылған бағдарлама – бұл жаңа оқулықтар, жаңа сағаттар кестесі, жаңа тәсілдер, әдістер, стратегиялар ғана емес, ең бастысы, білім мазмұнындағы өзгерістер, ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлаудың жаңа көрінісі, сондай-ақ балаларды бағалаудың жаңа тәсілдері (формативті, жиынтық бағалау).
Жиынтық бағалаудың мақсаты-белгілі бір уақыт кезеңіне оқушылардың білімін меңгеру деңгейін және біліктері мен құзыреттіліктерін қалыптастыру және алынған нәтижелердің стандарт талаптарына сәйкестігін анықтау.
Бағалаудың барлық түрлері, ал формативті бағалау әсіресе оқушылардың жұмыстарын/ жұмысын бағалауды ұйымдастыру үшін мұқият әзірленген критерийлерді пайдалануды көздейді. Критерийлерді пайдалана отырып бағалау осы процесті білім беру процесінің барлық қатысушылары үшін ашық және түсінікті етуге мүмкіндік береді. Критерий бағалау объективациясы қабілетті.
Формативті бағалаудың мақсаты оқу үрдісінде мұғалім мен оқушылардың қызметін түзету болып табылады. Қызметті түзету мұғалімнің немесе оқу нәтижелерін жақсарту үшін оқушылармен бірлесіп тапсырмаларды қоюды көздейді.
Формативті бағалау мұғалімге оқушылардың оқу-жаттығу мақсаттарына қарай жылжу процесін қадағалауға мүмкіндік береді және мұғалімге оқу үдерісін ерте кезеңдерде түзетуге, ал оқушыға – өзінің білімі үшін жауапкершілігінің үлкен дәрежесін түсінуге көмектеседі.
Мемлекеттік тілді білу – парыз, өзге тілдерді үйрену – құқық. Қазіргі таңда мектептерде жаңартылған бағдарлама бойынша ағылшын тілі 1-ші сыныптарда оқытылуда. Негізінен ағылшын тілін ерте жастан оқытудың мақсаты – оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады. Ерте жастан ағылшын тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін арттырады, оқушылардың қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді, бірден көп тілдерде сөйлеуге мүмкіндік алады.
Шет тілін оқытуда мотивацияның басты рөлін түсіну үшін, білім беру мекемелерінде мұғалімдерге оның негізгі әдіс-тәсілдерін, құрылымын жақсы білуі қажет. Мотивация мәселелерін қарастыруда және қалыптастыру жолын іздестіруде оны түсінуге мүмкіндік бола бермейді, себебі, мотивацияның қалыптасуы бұл мұғалімнен оқушыға берілмейтіндігі әр сабақтың үрдісінде көрінеді.
Қазіргі кезде ағылшын тілінен оқу құралдары өте көп, қазіргі таңда 1-сынып «Smile» оқулығымен оқытылуда. Бұл кітаптың ерекшелігі сөйлеу мен тыңдау дағдыларын дамытуға арналған оқу кітабы мен дискілер, жазу тапсырмалары бар жұмыс кітабы және әр сабақтың жоспары мен әртүрлі әдіс-тәсілдер көрсетілген мұғалімге арналған кітабы, тақырыпқа сай көрнекіліктері берілген.
Шет тілін оқытудың тиімділігін тек қана білім алушыларға байланысты емес, оқыту стратегиясына байланысты. Осы стратегиялардың үйлесімімен ең жоғарғы тиімділікке қол жеткізуге болады. Бұл мақсатқа жету үшін ең басты фактор мыналар: мұғалімнің білім алушыға немесе оқушыға деген педагогикалық іс- әрекеттің тиімділігін жетілдіру және сабақтағы әлеуметтік-психологиялық бірлестік жағдайындағы қарым-қатынасы. Тілді үйрену сабақтарында оқушылардың тыңдау, оқу, жазу, сөйлеу дағдыларын дамыту сабақ барысында жүзеге асып отыруы тиіс және жазудан гөрі оқушылардың тыңдап түсінуіне, сөйлеуіне көбірек назар аударылады, өйткені бұл жаста балалардың көбі есту, көру арқылы есте сақтайды. Бастауыш сыныпта ата-аналардың көмегі де өте маңызды. Егер олар бүгін сабақта үйренген сөздерін күнделікті үйде қайталап отырса, келесі сабақта балалар оны ұмытпай еркін қолданатын болады. Қойылған мақсаттарға жету үшін бастауыш оқушыларының сөйлеу дағдыларын жетілдіру, дамыту және сабақта ойын түрлерін қолдануы керек. Өйткені, ойын – көңіл-күй, ойлау күштерін талап ететін, ұйымдастырылған сабақ болып табылады. Әр кез ойын шешім қабылдауды ұсынады, себебі, жеңіске жету мақсаты болады. Осы сұрақтарды шешуде ойлау шығармашылықтары қалыптасады. Пән бойынша алған білімі емес, тіл бойынша дайындығы төмен оқушылар ойында алдыңғы, бірінші болуы мүмкін, себебі, олардың тапқырлығы, жинақтығы ойын барысында көрінеді. Мысалы 1сыныпқа арналған бір сабағымды алып көрсетсем, «About myself» яғни, өзін және отбасымен таныстыру. Бұл тақырыпта оқушы отбасы мүшелерімен танысады. Танысу барысында “This is ” құрлымымен және “my” есімдігімен толықтай меңгеріп шығады. Сондай-ақ бұл құрлымдарды оқулыққа арналған дискіден оқушылар тыңдап, қайталап және көзбен көріп сөйлей алуға дағдыланады.
«Жаз және көрсет» - деген тәсіл оқушылардың шет тіліндегі сөздің қорларын қарым-қатынас жасау үрдісінде қолдануға мүмкіндік береді. Бұл тәсіл де – әмбебап тәсіл болып табылады, мұны лексика мен грамматиканы бекітуге қолданылады. Қарым-қатынаста қабілеттерін дамыту үшін өлеңдер қолданылады.
Таңдамалы сабақ (дәстүрлі емес сабақ) әр түрлі болады, яғни, оқытудың дәстүрден тыс әдіс-тәсілдері қолданылады және мұнда балалардың оқыту деңгейін ғана көтеріп қоймайды, сонымен бірге басқа да қабілеттерін ашуға септігін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |