Тарих, Филология және Халықаралық Қатынастар Факультеті



бет2/13
Дата01.06.2023
өлшемі2.72 Mb.
#474604
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Практика 2023

Негізгі бөлім:

Практикадан өту нәтижесінде студент келесі құзыреттерді қалыптастырады және көрсетеді:
педагогикалық қызмет саласында:
- жалпы білім беретін мектепте шет тілін оқыту сабақтарын ұйымдастырудың заманауи әдістері мен технологияларын қолдану қабілеті;
- оқылатын пәндер сапасын бағалау мен диагностиканың заманауи технологияларын қолдануға дайын болу;
әдістемелік қызмет саласында:
- мектепте шет тілін оқыту мен тәрбиелеудің әдістемелік модельдерін, әдістемелерін, техгологиялары мен тәсілдерін әзірлеуге және жүзеге асыруға дайын болу.
Жасалған жұмысымның мазмұны келесідегідей:
1.Зерттеу:
- нормативтік құжаттар мен мұғалімдер әзірлейтін жоспарлар( Мемстандарт, оқу жоспары; оқу бағдарламасы; пән мұғалімінің күнтізбелік, тақырыптық және сабақ жоспары, пән бойынша сыныптан тыс жұмыс жоспары, сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының жоспары);
- пән бойынша оқу кабинетінің (ТСО, кесте, схемалар, үлестірмелі дидактикалық материалдар, электронды тасымалдағыштардағы оқулықтар, видеотекалар және т.б.);
- оқу үрдісінің түрлі формаларындағы жағдайы (сабақ, семинар, дөңгелек үстел және т.б.);
2.Қатысу:
- пән мұғалімі сабағына дидактикалық материалдарды дайындау;
- оқыту қызметін талдау және өзіндік талдау.
3. Жүзеге асыру:
- қазіргі заманғы инновациялық және компьютерлік технологиялар мен оқыту құралдарын, интерактивті әдістер мен сынып жетекшінің қызметін қолдана отырып, негізгі және екінші шет тілі бойынша пән мұғалімінің оқу іс-әрекеті.
4. Шет тілі бойынша оқу тәжірибесін ұйымдастыру.
Менің студент-практикант ретіндегі міндеттерім:
Оқу (танысу) тәжірибесі кезінде:
- жауапты, ұйымшыл болу;
- тапсырылған жұмыстардың барлық түрлерін орындау;
- ұқыпты, сыпайы болу.
Тәжірибе кезінде маған тапсырмалар міндеттелді. Олар: Ұйыммен және педагогикалық ұжыммен танысу;Ағылшын тілі бойынша 1 оқу-әдістемелік кешеніне талдау жүргізу;Ағылшын тілінен сабақ жоспарын зерттеу (кез келген сынып, кез келген тақырып бойынша);Бір тәрбие іс-шарасының жоспар-конспект құру (викторина, олимпиада, конкурс, шығармашылық конкурс, КВН, театр қойылымы және т.б.); Ағылшын тілі бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының тұжырымдамасын үйрену;Шет тілі бойынша бейне-сабақ жасауға қойылатын талаптарды зерделеу; Learning apps. Ресурстар. Олармен жұмыс жасау.
Әр тапсырылған тапсырманы өз деңгейіме сай орындап шықтым. Орындау барысында өзіме қажет дағдылар мен ақпараттарға аса мән беріп, олармен тереңірек таныстым. Әр тапсырманы орындай отырып, жауапкершілікке, тиянақтылыққа, жинақылыққа, әр іске ерекше ынта-ниетпен қарау керек екендігін түсіндім.
Оқу іс-тәжірибесі кезінде ешқандай ауытқу орын алмады, барлығы жоспарға сай жасалынды. Тек, алыс қашықтықта оқуымызға байланысты мектепте орындауымыз керек болған жұмысымыз орындалмады. Сондықтан үйде жасауға қолайлы қосымша тапсырмалар берілді.
Әр тапсырма менің білімімді дамытуға өз үлесін қосты. Айта кетсек, біріншіден, мен ұжым және педагогикалық ұжымның не екенін білдім. Мұғалімнің міндеттері мен құқықтарымен таныстым. Екінщіден, ағылшын тілі оқулығын талдау барысында, ағылшын тілін үйренудегі оқу құралының маңызы өте жоғары екенін түсіндім. Оқу құралындағы әрбір мәтін, тапсырма, ережелер мен жаңа сөздердің дұрыс қолданылуы мен берілуі оқушы адам үшін өте маңызды.
Үшіншіден, сабақ жоспарымен танысып, талдау арқылы, сабақтың өту барысы қалай болатыны туралы және қажетті ақпараттарды қалай дұрыс қолдануды, оқушылармен дұрыс қарым-қатынас жасауды, өзімді сабақ уақытында қалай дұрыс ұстау керектігі туралы және оқушылардың білімін бағалауды үйрендім. Және бұл тәжірибем болашақта жұмысыма септігін тигізеді деп ойлаймын.
Төртіншіден, сыныптан тыс іс-шараның жоспарын талдау барысында, сабақтан тыс ағылшын тілін оқушыларға тиімді және көңілді етіп көрсетудің маңызын түсіндім. Әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы оөушылардың ағылшын тілінен білімдерін дамытуда сыныптан тыс іс-шараларлың маңызы зор екенін байқадым.
Бесіншіден, ағылшын тілінен жаңа бағдарламаның әсерінің күштілігін байқадым. Жаңа бағдарлама оқушыларды жаңа тәсілдермен, жаңа оқу құралдарымен оқытуды жоспарлайды. Және бұл болашақ оқушылар үшін өте тиімді деп ойлаймын. Және өз нәтижесін беретініне сенімдімін.
Алтыншыдан, ағылшын тілін оқып үйренуші үшін бейнесабақ өте тиімді және қолайлы болып келеді. Сіз қай жерден, қай қаладан болсаңызда, сізге ағылшын тілін меңгеруге ештеңе кедергі бола алмайды. Сондықтан бұл – ағылшын тілін оқып үйренудің жеңіл әрі тиімді жолдарының бірі екенін тапсырма орындау барысында жете түсіндім.
Әрбір тапсырма маған өз білімімді жетілдіру үшін өз көмегін тигізді және менің іс-тәжірибемде айрықша орын алады. Әр тапсырмадан алған тәжірибемді болашақта жұмысыма қолданамын.
Кәсіби дайындықты жетілдіруде алдыма бірқатар міндеттер қойдым. Айта кетсем, жоғары оқу орны қызметінің негізгі бағыттарымен танысу, мамандықпен және оның білім беру бағдарламаларымен танысу, болашақ кәсіптің объектілері болып табылатын ұйымдардың ұйымдық-құқықтық формасымен, құрылымымен, басқару жүйесімен жалпы танысу, болашақ кәсіби қызметтің түрлерін, функциялары мен міндеттерін зерттеу, іскерлік хат-хабарларды және іс жүргізуді зерттеу,
еңбек ұжымында жұмыс істеу дағдыларын меңгеру болып табылады.




Қорытынды:


Қорытындылай келе, оқу (танысу) іс-тәжірибесі менің және педагог мамандығында оқып жатқан жалпы студенттердің педагог ретінде қалыптасуында үлкен рөл атқарады. Әр жасалған іс-тәжірибе, орындалған, талданып, зерттелген тапсырма біздің білікті маман болып қалыптасуымызда үлкен маңызы бар. Практикадан өту барысында мен құжаттамамен таныстым; оқушыларды тәрбиелеу және оқыту бойынша мұғалімнің жұмысымен таныстым. Сонымен қатар, болашақ ұстаз ретінде менің болашақ жұмысымда күтіп тұрған қиыншылқтар мен мәселелерді шешімін табуды үйрендім.
Осылайша, мектептегі педагогикалық тәжірибе барысында мен барлық қажетті тәрбие жұмысын атқардым. Педагогикалық іс-тәжірибе менің кәсіби тұлғалық қасиеттерім мен сапаларымның дамуына оң әсерін тигізді. Психологиялық-педагогикалық теорияны мектептегі білім мен тәрбиенің нақты жағдайында мағыналы қолдану жолдарын меңгердім. Оқыту сабақтарын дайындау және кезең-кезеңімен дамыту, сабақтың тақырыбын, мақсаты мен міндеттерін анықтау, сонымен қатар қажетті оқу және көрнекі құралдарды дұрыс таңдау дағдылары жинақталды.
Тәжірибе барысындағы басты жетістігім мен жетістігім тәжірибенің бастапқы және сынақ-тәжірибелік кезеңдерінде сөзсіз жетіспейтін сабақ барысындағы іс-әрекетімнің мәнділігі мен педагогикалық сенімділікке ие болуым деп есептеймін. Бұл түрдегі педагогикалық тәжірибе айтарлықтай тиімді деп есептеймін, жалпы педагогикалық шеберлікті меңгеруге көмектеседі; мұндай педагогикалық тәжірибені болашақта болашақ пән мұғалімдерін дайындау үшін пайдалану қажет.
Мен практиканы өту барысындағы әр білген ақпаратым болашақта іске жарар деп сенемін. Және алған тәжірибемді одан әрі дамытып, өмірде қолданатын боламын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет