Тарих, ҚҰҚЫҚ ЖӘне экономика институты 5В030100 – «Құқықтану» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы



бет10/27
Дата08.06.2016
өлшемі2.13 Mb.
#122399
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27

Сабақ беру әдістері: жаңа педагогикалық және технологиялық тәсілдер, сұрау жүргізу, тікелей сұрақ- жауап, хронологиялық сұрақтар, тест сұрақтары

Бағалау әдісі/нысаны: топтық презентация – 10 балл, материалдар кешені – 10 балл, реферат – 10 балл, сабақтағы белсенділік - 10 балл

Оқу тілі: қазақ

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай (талап): материалдық база, кітапхана қоры, интерактивті тақта, электронды оқулықтар, интернет-ресурс


Курстың/пәннің/юниттің атауы: Нарықтық экономика негіздері

Пәннің коды: KZEDM 2203

Пәннің типі: базалық пәндер, таңдау пәні

Оқу жылы: 2

Оқу семестрі: 2

Кредиттер саны: 3 KZ кредиті = 5 ECTS кредиті

Дәріс берушінің/профессордың аты-жөні: Құдайбергенов Қ.Қ., экономика ғылымдарының кандидаты

Пререквизиттер: Экономикалық теория. Қазақстанның нарыққа өту кезеңі жоғарғы оқу орны студенттерінің сапалы және жүйелі білім алуларына талап қояды. Осы тұрғыдан студенттердің экономикалық теория пәнін оқып білуі, олардың экономикамен байланысты басқа пәндерді жете түсінуіне, экономикалық ойлау жүйесін нығайтып, тиімді жұмыс істеуіне көп пайдасын тигізері сөзсіз.

Постреквизиттер: Макроэкономика. Макроэкономика ғылым ретінде экономикалық құбылыстар мен үрдістерді экономикалық теориялар мен үлгілер түрінде жүйелеп қорытуға арналған. Мұнда экономика біртұтас жүйе ретінде қарастырыла отырып, тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетудің жалпы көлемін және оның өсуін, инфляция қарқыны мен жұмыссыздық деңгейін, валюталардың айырбас бағамдары мен төлем балансының жағдайын зерттейді. Сондай-ақ макраэкономика өндіріс көлемінің, жұмысбастылықтың, тауар және ақша нарықтарындағы тепе-теңдіктің ұзақ мерзімдегі өзгерістермен қатар, экономикалық айнымалылардың қысқа мерзімді тербелістерін зерттейді.Рыноктық негізгі заңдар мен категориялар, олардың ерекшеліктерін оқып-үйренеді.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Нарықтық экономика –ертеден келе жатқан шаруашылықтың жүргізу құралы,оның дамуының өзіндік бай тарихы бар.нарықтың қалыптасуы айырбас пен қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуымен байланысты. Рыноктық қатынастардағы ұсыныс, сұраныс, баға, рынок, тауар, ақша, негізгі заңдар мен категорияларды зерттейді.

Ұсынылатын әдебиет:

1.Экономикалық теория негіздері. Оқулық-Алматы, Санат 1998.,

2.Экономикалық теория. Оқу құралы-Алматы, 1999.

3.Жалпы экономикалық теория. Оқулық. Алматы-Ақтобе 2002

Сабақ беру әдістері: жаңа педагогикалық және технологиялық тәсілдер, сұрау жүргізу, тікелей сұрақ- жауап, хронологиялық сұрақтар, тест сұрақтары

Бағалау әдісі/нысаны: топтық презентация – 10 балл, материалдар кешені – 10 балл, реферат – 10 балл, сабақтағы белсенділік - 10 балл

Оқу тілі: қазақ

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай (талап): материалдық база, кітапхана қоры, интерактивті тақта, электронды оқулықтар, интернет-ресурс
Курстың/пәннің/юниттің атауы : Статистика

Пәннің коды: Sta 2203

Пәннің типі: базалық пәндер,міндетті пән

Оқу жылы: 2

Оқу семестрі: 3

Кредиттер саны: 3 KZ кредиті = 5 ECTS кредиті

Дәріс берушінің/профессордың аты-жөні: Ахметова А., экономика ғылымдарының кандидаты

Курстың мақсаты (оқудың болашақтағы мақсаты мен пайда болған құзіреттілік) : Ғылыми ұйымдастырылған жүйеде статистикалық әдістерді қолдану арқылы әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен проценттердің сандық өзгерістерін сапалық жағымен байланыстыра отырып, зерттеу жұмысын жүргізу, қоғамдық құбылыстар жайындағы жаппай мәліметтерді жинау, топтау және есептеу сияқты әр түрлі тәсілдер үйрену.

Деректемелер/пререквизиттер: Макроэкономика, микроэкономика, экономикалық теория

Курстың/пәннің мазмұны: Статистика пәні және оның зерттеу әдістері. Қазақстан Республикасында мемлекеттік статистиканың ұйымдастырылуы. Статистикалық бақылау. Статистикалық мәліметтерді жинақтау, топтау және кестелер. Статистикалық көрсеткіштер. Ішінара бақылау. Өсіңкілік (динамикалық) қатарлар. Индекстер. Қоғамдық құбылыстардың өзара байланыстылығын статистикалық зерттеу. Әлеуметтік-экономикалық статистиканың ғылыми негіздері. Шығын және аралық тұтыну статистикасы. Өндіріс нәтижесінің статистикасы. Тауарлы және ақшалай айналыс статистикасы. Баға статистикасы. Ұлттық шоттар жүйесі және баланстық құрылымдар.

Ұсынылатын әдебиет: Әміреұлы Ы «Статистиканың жалпы теориясы», А: Экономика – 1998.,.Әміреұлы Ы «Студенттердің сабақтан тыс даярлауына арналған статистиканың жалпы теориясы бойынша есептер жинағы» А, 1995 КазГАУ.,Шмойлова Р «Теория статистики» Уч.Пособие М: ФиС, 1999



Сабақ беру әдістері: жаңа педагогикалық және технологиялық тәсілдер, сұрау жүргізу, тікелей сұрақ- жауап, хронологиялық сұрақтар, тест сұрақтары

Бағалау әдісі/нысаны: реферат -10 балл, мини-жоба – 10 балл, топтық және жеке презентация – 10 балл, сабақтағы белсенділік - 10 балл

Оқу тілі: қазақ

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай (талап): материалдық база, кітапхана қоры, интерактивті тақта, электронды оқулықтар, интернет-ресурс
Курстың/пәннің/юниттің атауы : Менеджмент

Пәннің коды: Men 2205

Пәннің типі: базалық пәндер,міндетті пән

Оқу жылы: 2

Оқу семестрі: 3

Кредиттер саны: 3 KZ кредиті = 5 ECTS кредиті

Дәріс берушінің/профессордың аты-жөні: Дүзелбаева Г., экономика ғылымдарының кандидаты

Курстың мақсаты (оқудың болашақтағы мақсаты мен пайда болған құзіреттілік) : Менеджмент басқарудың мақсатына адамдардың еңбек белсенділігін ынта-ықыласы арқылы көтеріп, олардың тиімді жұмысының негізінде жетуді ұйғарады. Ғылымның бұл түрін білу барысында басқарудың мақсаттарын қою мен дәлелдеу үшін нақты білім және тәжірибелік дағды алуға болады, осы мақсаттарға жету жолында персоналдың күш-қуатын жинастыруға, ғылыми дәлелденген шешімдерді қабылдауға, кадрлар жұмысын жүйелеуге, кәсіпорындарды біртұтас жүйе түрінде басқаруға мүмкіндік береді. Әртүрлі ғылымдар секілді менеджменттің де теориясы болады, онда осы пәнге тән қасиеттер, міндеттер, категориялар, заңдылықтар, принциптер, әдістер, функциялар және өзінің ізденіс жолы қамтылады.

Деректемелер/пререквизиттер:Маркетинг, экономикалық теория

Курстың/пәннің мазмұны: Нарық жағдайында менеджменттің мәні мен рөлі. Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуында мемлекеттің рөлі мен қызметі. Басқару қызметінде бүгінгі таңдағы өзгерістер: дүниежүзілік және қазақстандық тәжірибе. Басқару қызметін айқындау әдістемесі және олардың өзара байланысы. Басқару құрылымын қалыптастыру. ұйым түрлері және олардың сипаты. Ұйымдардың сыртқы ортамен өзара байланысу түрлері: түсінігі, мазмұны, артықшылықтары мен кемшіліктері. Ұйымдардың бөлімшелермен өзара байланысу түрлері: түсінігі, мазмұны, артықшылықтары мен кемшіліктері. Ұйымдардың адамдармен өзара байланысу түрлері: түсінігі, мазмұны, артықшылықтары мен кемшіліктері. Басқару деңгейі мен ұйымдардың түрлеріне байланысты басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын жобалау. «Басқару» категориясының экономикалық, ақпараттық, жүйелік-мақсатты және психологиялық табиғатына қарай әлеуметтік-экономикалық жүйелерін басқару орагндарының қызметін жобалау. Бүгінгі таңдағы ұйымдарда макро, мезо және жергілікті деңгейлерде экономикалық заңдарды және басқару шешімдерін жүзеге асыру механизмдерін құру. Қызметтің барлық деңгейлері мен салаларында басқару қызметінің тәжірибесінде басқарудың экономикалық механизмдерін жүзеге асыру. Макро-, мезо- және микро деңгейлерде экономикалық мақсаттарды үйлестіру механизмі. Басқару қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесі. Жергілікті өзін-өзі басқару: түсінігі, мазмұны, қазақстандық ерекшеліктері. Жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру бойынша жетекші елдердің тәжірибесі және оның Қазақстандағы жағдайы. Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастыру. Билік және басқару. «Билік» категориясының анқытамасы, жалпы түсінігі, мазмұны. Ұйымдағы билік көздері. Мемлекеттік билік және мемлекеттік басқару. Бизнестің ұйымдастырушылық-құқықтық формалары. Менеджмент – қызмет тұрі ретінде. Бизнестің ішкі және сыртқы ортасы. Менеджмент функциясы. Ынталандыру менеджменттің қызметі ретінде

Ұсынылатын әдебиет: Есполов Т, Сулейменов Ж. Менеджмент – Алматы, 2003, Веснин В.Р. основы менеджмента – М: Триада ЛТД, 1996



Сабақ беру әдістері: жаңа педагогикалық және технологиялық тәсілдер, сұрау жүргізу, тікелей сұрақ- жауап, хронологиялық сұрақтар, тест сұрақтары

Бағалау әдісі/нысаны: реферат – 10 балл, мини-жоба – 10 балл, топтық және жеке презентация – 10 балл, сабақтағы белсенділік – 10 балл

Оқу тілі: қазақ

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай (талап): материалдық база, кітапхана қоры, интерактивті тақта, электронды оқулықтар, интернет-ресурс
Курстың/пәннің/юниттің атауы : Қаржы

Пәннің коды: Kar 2206

Пәннің типі: базалық пәндер,міндетті пән

Оқу жылы: 2

Оқу семестрі: 3

Кредиттер саны: 3 KZ кредиті = 5 ECTS кредиті

Дәріс берушінің/профессордың аты-жөні: Кушенова М., экономика ғылымдарының кандидаты

Курстың мақсаты (оқудың болашақтағы мақсаты мен пайда болған құзіреттілік) : бұл арнайы пән және қаржы қатынастарын зерделейтін бұл курстың міндеті студенттердің қаржы категорияларын, ұғымдарын, терминдарін ұғып алудағы олардың сыныптамасын, әлеуметтік-экономикалық прогрестегі маңызы мен орнын біліп алудағы теориялық және практикалық жағынан әзірлігін қамтамасыз ету; сондай-ақ қаржыны ұйымдастыру нысандарының өзара байланысы мен өзрар іс-қимылын және қаржыны қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының нақты жағдайларында қолданудың әдістерін түсінуге қол жеткізу де бұл пәннің мақсаты болып табылады.

Деректемелер/пререквизиттер: Макроэкономика, микроэкономика, экономикалық теория

Курстың/пәннің мазмұны: Қоғамдық өндірістегі қаржының мәні, ролі және функциялары. Қаржы жүйесін ұйымдастыру. Қаржы саясаты және қаржы механизмі. Шаруашылық субъектілерінің қаржылары. Мемлекеттік қаржыларға жалпы сипаттама. Мемлекеттік табыстар мен шығыстар. Салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру. Мемлекеттік бюджет. Мемлекеттік бюджеттік емес қорлары. Мемлекеттік несие мен мемлекеттік борыш. Үй шаруашылықтарының қаржылары. Сақтандыру. Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу. Қаржы нарығы. Сыртқы экономикалық қатынастардағы қаржылар. Қаржы және инфляция.

Ұсынылатын әдебиет: Ильясов К.К., Құлпыбаев С. Қаржы- Алматы, 2005ж., Ильясов К.К., Саткалиева Б. Расходы государственного бюджета- Алматы, 2004ж., Ильясов К.К., Саткалиева Б. Государственный бюджет. Учебник для экономических специальностей вузов- Алматы, 1994г.



Сабақ беру әдістері: жаңа педагогикалық және технологиялық тәсілдер, сұрау жүргізу, тікелей сұрақ- жауап, хронологиялық сұрақтар, тест сұрақтары

Бағалау әдісі/нысаны: реферат, зертханалық жұмыс, топтық презентация, сабақтағы белсенділік

Оқу тілі: қазақ

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай (талап): материалдық база, кітапхана қоры, интерактивті тақта, электронды оқулықтар, интернет-ресурс

Курстың/пәннің/юниттің атауы : Микроэкономика

Пәннің коды: Mik 2207

Пәннің типі: базалық пәндер,міндетті пән

Оқу жылы: 2

Оқу семестрі: 3

Кредиттер саны: 2 KZ кредиті = 4 ECTS кредиті

Дәріс берушінің/профессордың аты-жөні: Рысмаханова Г.Ж., экономика ғылымдарының кандидаты

Курстың мақсаты (оқудың болашақтағы мақсаты мен пайда болған құзіреттілік) : Рыноктік экономика жағдайында экономикалық мамандықтағы білім алушылар үшін бұл пән негізгі базалық курс болып есептелінеді. Сол себепті, курс мақсаты білім алушыларға микроэкономикалық үлгілерді, тұжырымдамаларды, терминдерді графикалық немесе кестелік түрде түсіндіре отырып, тәжірибелік жұмыс істеуге қажетті дағды беру.

Деректемелер/пререквизиттер: экономикалық теория

Курстың/пәннің мазмұны: Нарықтық экономикалық жүйе. Сұраныс заңы, сұраныс қисығы. Сұранысқа әсер етуші факторлар, сұраныс функциясы. Ұсыныс заңы, ұсыныс қисығы. Ұсынысқа әсер ететін факторлар. Сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы. Тұтынушылардың нарықтық сұранысын қалыптастыру үрдісі. Тұтынушы қалауы. Тұтынушы таңдауы. Пайдалылық түсінігі. Пайдалылықты бағалаудың сандық (кардиналистік) және ординалистік (тәртіптік) ыңғайлары. Пайдалылық функциясы. Шекті пайдалылықтың азаю заңы. Тұтынушы жинағы. Талғамсыздық қисығы. Өндірістік үрдіс. Өндіріс факторларына сұраныс. Өндірістің тұрақты және айнымалы факторлары. Өндірістік функция. Шекті өнімділіктің азаю заңы. Айнымалы өндіріс факторының жиынтық, орташа және шекті өнімдері. Өндіріс шығындары: тұрақты және айнымалы, жалпы, орташа және шекті. Экономикалық және бухгалтерлік шығындар. Жалпы және орташа шекті табыс. Жетілген бәсекелестік фирманың белгілері. Жетілген бәсекелестік фирманың өніміне сұранстың ерекшеліктері. Монополияның түрлері және экономикалық табиғаты. Олигополияның мәні, себептері және нысандары. Капитал және оның нысандары. Инвестициялау. Қысқа мерзімдік инвестициялар. Жердің өндірістік фактор ретіндегі ерекшеліктері. Жер ұсынысы. Ауыл шаруашылығына бейімделген және бейімделмеген жерге сұраныс. «Нарық сәтсіздіктері»: монополия, айқындалмаған ақпарат, сыртқы әсерлер, қоғамдық игіліктер.

Ұсынылатын әдебиет: Мамыров Н.Қ., Есенғалиева Қ.С., Тілеужанова М.Ә. Микроэкономика, Алматы, "Экономика", Каз ЭУ, 2000 ж., Мухамедиев Б.М. Микроэкономика, Алматы: Қазақ университеті, 2008



Сабақ беру әдістері: жаңа педагогикалық және технологиялық тәсілдер, сұрау жүргізу, тікелей сұрақ- жауап, хронологиялық сұрақтар, тест сұрақтары

Бағалау әдісі/нысаны: реферат – 10 балл, зертханалық жұмыс – 10 балл, топтық презентация – 10 балл, сабақтағы белсенділік - 10 балл

Оқу тілі: қазақ

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай (талап): материалдық база, кітапхана қоры, интерактивті тақта, электронды оқулықтар, интернет-ресурс
Курстың/пәннің/юниттің атауы : Макроэкономика

Пәннің коды: Mak 2208

Пәннің типі: базалық пәндер,міндетті пән

Оқу жылы: 2

Оқу семестрі: 3

Кредиттер саны: 2 KZ кредиті = 4 ECTS кредиті

Дәріс берушінің/профессордың аты-жөні: экономика магистрі Берикболова У.Д.

Курстың мақсаты (оқудың болашақтағы мақсаты мен пайда болған құзіреттілік) : Курстың негізгі мақсаты болашақ мамандарда макроэкономикалық талдау жүргізу және макродеңгейде шешімдер қабылдау процесінде теориялық, тәжірибелік қабілеттіліктерді қалыптастыру болып табылады.

Деректемелер/пререквизиттер: Микроэкономика, экономикалық теория

Курстың/пәннің мазмұны: Макроэкономикаға кіріспе: пәні және бастапқы түсініктер. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер. Макроэкономикалық теңдік. Рыноктық экономиканың дамуының циклдық нысаны. Жұмыссыздық- макроэкономикалық тұрақсыздықтың формасы. Жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеу. Инфляция және антиинфляциялық саясат. Макроэкономикадағы ақша. Ақша рыногы. Тауарлық және ақша рыноктарындағы макроэкономикалық тепе- теңдік: IS-LM үлгісі. Экономикалық өсудің жалпы мінездемесі. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты. Елдің төлем балансы және валюталық айырбас курсы.

Ұсынылатын әдебиет: Мамыров Н., Тілеужанова М. «Макроэкономика», - А., 2003., Тілеужанова М. «Макроэкономика», - А., 2008., Әбішев А., Хубиев К. «Макроэкономика», - А., 2008



Сабақ беру әдістері: жаңа педагогикалық және технологиялық тәсілдер, сұрау жүргізу, тікелей сұрақ- жауап, хронологиялық сұрақтар, тест сұрақтары

Бағалау әдісі/нысаны: реферат – 10 балл, зертханалық жұмыс – 10 балл, топтық презентация -10 балл, сабақтағы белсенділік - 10 балл



Оқу тілі: қазақ

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай (талап): материалдық база, кітапхана қоры, интерактивті тақта, электронды оқулықтар, интернет-ресурс
Курстың/пәннің/юниттің атауы : Қаржылық нарықтар және делдалдық

Пәннің коды: KND 2212

Пәннің типі: базалық пәндер,міндетті пән

Оқу жылы: 2

Оқу семестрі: 4

Кредиттер саны: 3

Дәріс берушінің/профессордың аты-жөні: Кушенова М., экономика ғылымдарының кандидаты

Курстың мақсаты (оқудың болашақтағы мақсаты мен пайда болған құзіреттілік) : Оқытылатын пән қаржы нарықтарының функциялануы бойынша студентке айқындалған білімді алуға, олардың дамуының өзара байланысын және өзара шарттандырылуын анықтауға және делделдардың ролі мен функцияларын анықтауға мүмкіндік береді.

Деректемелер/пререквизиттер: Экономикалық теория, Қаржы, Ақша, несие, банктер, Банктік ісі

Курстың/пәннің мазмұны: Қаржы нарығы мен делдалдар нарықтық экономиканың ажыратылмайтын бөлігі болып табылады. Олар экономиканың ең тиімді салаларына инвесторлардың құралдарын тартудың альтернативті әдістеріне қызмет етеді, инвестициялық үрдіске қызмет етуді жүзеге асырады және өндірістік аймаққа жалпы қаржылық активтерді енгізуге әрекет етеді. студенттермен алынған білімдер негізінде қаржы нарығының, оның құрылымынң әр сегментінің, қаржы қатынастарының қатысушыларының мазмұны мен маңызы қарастырылады. Ақша ерекше әр түрлі делдалдар түрлерінің сипаттамасына, орны мен роліне зейін аударылған. Қаржы делделдерының ролі капиталдың рентабельді емес аймақтардан аса тиімді орындарға қозғалуы мен ағылуын қамтамасыз етілуінде. Берілген курстың бағдарламасынаң мақсаты студенттермен қазіргі қаржы нарықтарындағы операциялармен терең меңгеріуі және дағдылануына бағытталған.

Ұсынылатын әдебиет: Ильясов К.К., Құлпыбаев С. Қаржы- Алматы, 2005ж., Ильясов К.К., Саткалиева Б. Расходы государственного бюджета- Алматы, 2004ж., Ильясов К.К., Саткалиева Б. Государственный бюджет. Учебник для экономических специальностей вузов- Алматы, 1994г.

Сабақ беру әдістері: жаңа педагогикалық және технологиялық тәсілдер, сұрау жүргізу, тікелей сұрақ- жауап, хронологиялық сұрақтар, тест сұрақтары

Бағалау әдісі/нысаны: реферат – 10 балл, зертханалық жұмыс – 10 балл, топтық презентация -10 балл, сабақтағы белсенділік - 10 балл

Оқу тілі: қазақ

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай (талап): материалдық база, кітапхана қоры, интерактивті тақта, электронды оқулықтар, интернет-ресурс
Курстың/пәннің/юниттің атауы : Эконометрика

Пәннің коды: Eko 2213

Пәннің типі: базалық пәндер,міндетті пән

Оқу жылы: 2

Оқу семестрі: 4

Кредиттер саны: 2 KZ кредиті = 4 ECTS кредиті

Дәріс берушінің/профессордың аты-жөні: Абжанов Е., физика-математика ғылымдарының кандидаты

Курстың мақсаты (оқудың болашақтағы мақсаты мен пайда болған құзіреттілік) : математиклық интуицияны дамыту; студенттерді шешімді қабылдау есебін өз бетінше зерттеуге үйрету.Олардың есептің қойылуын модельдеу кезеңін білуді үйрету. Халық шаруашылығын әртүрлі деңгейдегі экономикалық талдауда және жоспарлауда қолданатын типтік модельдеуді үйрету, білу керек.

Деректемелер/пререквизиттер: Экономистер үшін математика, макроэкономика, микроэкономика

Курстың/пәннің мазмұны: Эконометрика және оның методтары. Эконометрика және экономикалық математика. Экономикалық математикалық моделдестіру. Экономикалық мәселелерді және одарды шығарудың оңай жоспары. Экономикалық мәселелерді шешу геометиялық әдісі. Экономикаылық мәселелерді шешу теңсіздіктер әдісі. Экономикалық мәселелерді шешудің туындық әдісі. Серпімділік түсініктемесі. Элементтер функцияларды серпімдеу.

Ұсынылатын әдебиет: Ахметов Қ. Менеджментке математикалық әдістерді қолдану,оқу құралы, Алматы,2004., Сапарбаев Ә.Ж.Экономикалық-математикалық әдістер мен модельдер: оқулық, Алматы, 2004., Магнус Я. Р. Карташев П. К.Пересецкий А.А. “Эконометрика” Начальный курс “ Академия народного хозяйства при правительстве РФ ” Москва. Дело 1998.

Сабақ беру әдістері: жаңа педагогикалық және технологиялық тәсілдер, сұрау жүргізу, тікелей сұрақ- жауап, хронологиялық сұрақтар, тест сұрақтары

Бағалау әдісі/нысаны: реферат – 10 балл, зертханалық жұмыс – 10 балл, топтық презентация -10 балл, сабақтағы белсенділік - 10 балл

Оқу тілі: қазақ

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай (талап): материалдық база, кітапхана қоры, интерактивті тақта, электронды оқулықтар, интернет-ресурс
Курстың/пәннің/юниттің атауы : Халықаралық экономика

Пәннің коды: ТК2204

Пәннің типі: базалық пәндер,таңдау пәні

Оқу жылы: 2

Оқу семестрі: 4

Кредиттер саны: 2 KZ кредиті = 4 ECTS кредиті

Дәріс берушінің/профессордың аты-жөні: Әбдімомынова А.Ш., экономика ғылымдарының кандидаты

Курстың мақсаты (оқудың болашақтағы мақсаты мен пайда болған құзіреттілік) : Экономикалық мамандықтар бойынша білім алушылар үшін бұл пән негізгі базалық курстардың бірі болып саналады. Негізгі мақсаты – шаруашылық өмірді ұйымдастырудың рыноктық жүйесінің халықаралық ауқымда қызмет етуі мен даму заңдылықтарын талдау және осы бағытта тәжірибелік жұмыс жасауға қажетті дағды қалыптастыру.

Деректемелер/пререквизиттер: Макроэкономика, экономикалық теория

Курстың/пәннің мазмұны: Халықаралық экономика құрылымы. Халықаралық экономикадағы функционалдық өзара байланыстар. Тауарлар мен қызметтердің халықаралық саудасы. Халықаралық сауданы реттеу әдістері. Жұмысшы күшінің халықаралық миграциясы. Капиталдың халықаралық қозғалысы. Технологиялардың халықаралық қозғалысы. Халықаралық экономикалық интеграция. Халықаралық валюта-қаржылық жүйе. Валюта құны және валюталық курс. Халықаралық қаржы рыноктары. Халықаралық экономиканы реттеу және мониторинг.

Ұсынылатын әдебиет: Киреев А.П. Международная экономика в двух частях, -М., Международные отношения, 2000 г., Елемесов Р.Е.Международные экономические отношения, Қазақ университеті, 2001 г.

Сабақ беру әдістері: жаңа педагогикалық және технологиялық тәсілдер, сұрау жүргізу, тікелей сұрақ- жауап, хронологиялық сұрақтар, тест сұрақтары

Бағалау әдісі/нысаны: реферат – 10 балл, зертханалық жұмыс – 10 балл, топтық презентация -10 балл, сабақтағы белсенділік - 10 балл

Оқу тілі: қазақ

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай (талап): материалдық база, кітапхана қоры, интерактивті тақта, электронды оқулықтар, интернет-ресурс
Курстың/пәннің/юниттің атауы : Халықаралық экономикалық интеграция

Пәннің коды: ТК2204

Пәннің типі: базалық пәндер,таңдау пәні

Оқу жылы: 2

Оқу семестрі: 4

Кредиттер саны: 3 KZ кредиті = 5 ECTS кредиті

Дәріс берушінің/профессордың аты-жөні: Әбдімомынова А.Ш., экономика ғылымдарының кандидаты

Пререквизиттер: Экономикалық теория. Қазақстанның нарыққа өту кезеңі жоғарғы оқу орны студенттерінің сапалы және жүйелі білім алуларына талап қояды. Осы тұрғыдан студенттердің экономикалық теория пәнін оқып білуі, олардың экономикамен байланысты басқа пәндерді жете түсінуіне, экономикалық ойлау жүйесін нығайтып, тиімді жұмыс істеуіне көп пайдасын тигізері сөзсіз.

Постреквизиттер: Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік басқару. Сауда қызметі саласындағы қоғамдық қатынастар, оның мемлекеттік реттеу негізін ұйымдастыру және принциптері, бақал және көтерме саудалары, сыртқы және ішкі саудалары, жеңілдіктер «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңымен реттеледі.Қазақстан Республикасының Кеден Кодексіне сәйкес, тауарды әкелудің немесе әкетудің басты шарттарының бірі еліміздің кеден органдарымен төлем түрінде алынатын кедендік баж салығын төлеу болып табылады. Әлемдік экономикадағы аймақтардың экономикалық рөлі, шаруашылық байланыстарының даму тәжірибесі, интеграциялық бірлестіктер қызметін қарастырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет