Курстың/пәннің/юниттің атауы: Аймақтық экономика және басқару
Пәннің коды: АЕВ 4306
Пәннің типі: кәсіптендіру пәндері,міндетті пән
Оқу жылы: 4
Оқу семестрі: 7
Кредиттер саны: 3 KZ кредиті = 5 ECTS кредиті
Дәріс берушінің/профессордың аты-жөні: Бекхожаева А.Қ., экономика ғылымдарының кандидаты
Курстың мақсаты (оқудың болашақтағы мақсаты мен пайда болған құзіреттілік) : Аймақтық экономиканы басқару негіздері пәнінің мақсаты – Қазақстан Республикасының өндіргіш күштерін әлеуметтік-экономикалық орналастыруды және экономика салаларының дамуын, өңірлердің маңызды табиғи-экономикалық, демографиялық және экологиялық ерекшеліктерін, сонымен қатар аймақаралық, аймақішілік және мемлекетаралық экономикалық байланыстарды оқыту болып табылады.
Деректемелер/пререквизиттер: Экономиканы мемлекеттік реттеу
Курстың/пәннің мазмұны: Өңірлік экономикаға кіріспе: пәні мен бастапқы түсініктері. Өңірлік экономиканың құрылуы. Өңірлік экономиканы территориялық реттеу.Қазақстан Республикасы өңірлік саясатының концепциясы. Өңірлердің әлеуметтік-шаруашылық дамуын басқарудың конституциялық негіздері. ҚР табиғи-ресурстық потенциалы және экономикалық аудандарының сипаттамасы.Өңірлік өнеркәсіптің қызмет етуінің теориялық негіздері. Қазақстанның еңбек ресурстары мен халқы. Мемлекеттік жұмысбастылық саясаты. ҚР өңірлік экологиялық мәселелері. Қызылорда облысының экологиялық жағдайы.
Ұсынылатын әдебиет: Гранберг А.Г. Основа региональной экономики / Учебник для вузов.-2-е изд. М.:ГУВИА, 2001., Под.ред. Морозовой Т. Региональная экономика / М., 2001., Под.ред. Степанова М. Региональная экономика / Учеб.пос., М.: Инфра, 2001.
Сабақ беру әдістері: жаңа педагогикалық және технологиялық тәсілдер, сұрау жүргізу, тікелей сұрақ- жауап, хронологиялық сұрақтар, тест сұрақтары
Бағалау әдісі/нысаны: реферат – 10 балл, зертханалық жұмыс – 10 балл, топтық презентация -10 балл, сабақтағы белсенділік - 10 балл
Оқу тілі: қазақ
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай (талап): материалдық база, кітапхана қоры, интерактивті тақта, электронды оқулықтар, интернет-ресурс
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Кәсіпкерлік құқық
Пәннің коды: КК 2210
Пәннің типі: базалық пәндер,міндетті пән
Оқу жылы: 3
Оқу семестрі: 5
Кредиттер саны: 3 KZ кредиті = 5 ECTS кредиті
Дәріс берушінің/профессордың аты-жөні: Жүсіпбекова М., заң ғылымдарының кандидаты
Курстың мақсаты (оқудың болашақтағы мақсаты мен пайда болған құзіреттілік) : ҚР кәсіпкерлік құқығы курсының мақсаты республикамыздағы кәсіпкерлік қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығын зерттеу болып табылады. Сонымен бірге ҚР кәсіпкерлік құқығы курсының мақсаты студенттерді кәсіпкерлік қызмет туралы нормаларды құрайтын негізгі заң актілерімен таныстыру, кәсіпкерлік қызмет ұғымын қарастыру, кәсіпкер тұлғасын және оның құқықтық мәртебесін айқындау.
Деректемелер/пререквизиттер: Құқық негіздері, Кәсіпкерлік
Курстың/пәннің мазмұны: Кәсіпкерлік құқықққа кіріспе. Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметті құқықтық реттеу негіздері. Кәсіпкерлік қызмет ұғымы, нысаны және түрлері. Кәсіпкерлік қызмет субъектілерін құру, қайта құру және тарату. Кәсіпкерлік қызметтегі мүліктің құқықтық режимі. Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және шаруашылық дауларын шешу. Инвестициялық қызметті құқықтық реттеу. Сыртқы экономикалық қызметті құқықтық реттеу. Кәсіпкерлік келісім-шарттар жүйесі. Жер қойнауын пайдалану саласындағы кәсіпкерлік келісім-шарттар
Ұсынылатын әдебиет:
-
Мороз С. Кәсіпкерлік (шаруашылық) құқық. Алматы, Бастау, 2009
-
Предпринимательское право: Учебник для вузов. Под.ред. .Коршунгва ,Эришвили. М: ЮНИТИ-ДАНА, Закон и право.
Сабақ беру әдістері: жаңа педагогикалық және технологиялық тәсілдер, сұрау жүргізу, тікелей сұрақ- жауап, хронологиялық сұрақтар, тест сұрақтары
Бағалау әдісі/нысаны: реферат – 10 балл, зертханалық жұмыс – 10 балл, топтық презентация -10 балл, сабақтағы белсенділік - 10 балл
Оқу тілі: қазақ
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай (талап): материалдық база, кітапхана қоры, интерактивті тақта, электронды оқулықтар, интернет-ресурс
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Бухгалтерлік есеп және аудит
Пәннің коды: ВЕ 2211
Пәннің типі: базалық пәндер, міндетті пән
Оқу жылы: 3
Оқу семестрі: 5
Кредиттер саны: 3 KZ кредиті = 5 ECTS кредиті
Дәріс берушінің/профессордың аты-жөні: Аймағанбетова А., экономика ғылымдарының кандидаты
Курстың мақсаты (оқудың болашақтағы мақсаты мен пайда болған құзіреттілік) : «Бухгалтерлік есеп және аудит» пәні кәсіпорындарды басқару жүйесінде бухгалтерлік есеп пен аудиторлық тексерудің маңызы мен орнын оқып үйретуді қамтамасыз етеді.
-Деректемелер/пререквизиттер: Экономикалық теория
-Курстың/пәннің мазмұны: Бухгалтерлік есеп ақпараттық жүйе ретінде. Бухгалтерлік есептің тұжырымдамалары мен принциптері. Бухгалтерлік баланс. Бухгалтерлік шоттар және екі жақты жазу. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру. Бухгалтерлік есеп нысандары. Есептік цикл және қаржылық есеп беруді дайындау. Ағымдағы активтер есебі: ақша және дебиторлық қарыздар. Тауарлы-материалдық қорлар есебі. Ұзақ мерзімді активтер есебі. Ағымдағы және ұзақ мерзімді міндеттемелер есебі. Табыстар мен шығыстар есебі. Меншікті капитал есебі. Қаржылық есеп беруді ұсыну. Аудиттің теориялық негіздері. Аудиттегі мәнділік. Аудиторлық тәуекел. Аудиторлық дәлелдеу және құжаттау. Аудиторлық қорытынды. Ішкі бақылау жүйесі. Аудит масштабы және жоспарлау. Сатып алу, өндіру, өткізу циклдері аудиті және қаржылық нәтиелерді қалыптастыру. Ақша қаражаттары, ұзақ мерзімді активтер, міндеттемелер және капитал аудиті.
Ұсынылатын әдебиет: Әбдіманапов. Бухгалтерлік есептің теориясы мен принциптері. Алматы, 2001 ж., Бабаев Ю.А. Теория бухгалтерского учета. Москва, «Аудит», 1999г., Ержанов М.С., Ержанова С. Учетная политика.АЛматы, 1997г.
Сабақ беру әдістері: жаңа педагогикалық және технологиялық тәсілдер, сұрау жүргізу, тікелей сұрақ- жауап, хронологиялық сұрақтар, тест сұрақтары
Бағалау әдісі/нысаны: реферат – 10 балл, зертханалық жұмыс – 10 балл, топтық презентация -10 балл, сабақтағы белсенділік - 10 балл
Оқу тілі: қазақ
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай (талап): материалдық база, кітапхана қоры, интерактивті тақта, электронды оқулықтар, интернет-ресурс
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Адам ресурстарын басқару
Пәннің коды: ТК 3206
Пәннің типі: базалық пәндер,таңдау пәні
Оқу жылы: 3
Оқу семестрі: 6
Кредиттер саны: 2 KZ кредиті = 4 ECTS кредиті
Дәріс берушінің/профессордың аты-жөні: Айкупешева Д.М., экономика ғылымдарының кандидаты
Курстың мақсаты (оқудың болашақтағы мақсаты мен пайда болған құзіреттілік) : мекемелерде, ұйымдарда, кәсіпорындарда адам ресурстарын басқару мәселелерін, қызметкерлерді таңдау және іріктеу, кадрлар біліктілігін арттыру, сол сияқты халықтың көші-қоны, демографиялық жағдайына талдау жасай отырып, жұмысшы күшін жоспарлау бағытында тәжірибелік жұмыс жасауға қажетті дағды қалыптастыру.
Деректемелер/пререквизиттер: Экономикалық теория
Курстың/пәннің мазмұны: Адам ресурстарын басқарудың пәні, негізгі ұғымдары және әдістері. Жұмыс күшін жоспарлауды стратегиялық жоспарлаумен байланыстыру. Тұрғындардың, адам ресурстарының, еңбек ресурстарының сандық және сапалық сипаттары. Демографиялық процестер және оларды басқару. Кәсіби жұмысты ұйымдастыру. Адам ресурстарының қозғалысы. ҚР-да кадрлардың мамандығын жоғарылату, оларды дайындау, қайта даярлауды ұйымдастыру. Халықтың көші-қон процесін басқару. Еңбек процесін басқарудың негізгі жүйелері. Адам ресурстарын пайдалану нәтижесі.
Ұсынылатын әдебиет: Мұхамеджанова А.Ғ. және т.б. Адам ресурстарын басқару. Қызылорда, 2001ж., Мордовин С.К. Управление человеческими ресурсами. Модульная программа для менеджеров. М.,2000.
Сабақ беру әдістері: жаңа педагогикалық және технологиялық тәсілдер, сұрау жүргізу, тікелей сұрақ- жауап, хронологиялық сұрақтар, тест сұрақтары
Бағалау әдісі/нысаны: реферат – 10 балл, зертханалық жұмыс – 10 балл, топтық презентация -10 балл, сабақтағы белсенділік - 10 балл
Оқу тілі: қазақ
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай (талап): материалдық база, кітапхана қоры, интерактивті тақта, электронды оқулықтар, интернет-ресурс
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Экономикалық болжау
Пәннің коды: ТК 3206
Пәннің типі: базалық пәндер,таңдау пәні
Оқу жылы: 3
Оқу семестрі: 6
Кредиттер саны: 2 KZ кредиті = 4 ECTS кредиті
Дәріс берушінің/профессордың аты-жөні: Айкупешева Д.М., экономика ғылымдарының кандидаты
Пререквизиттер: Басқару психологиясы. Басқару психологиясы адам әрекетін тиімді түрде ұйымдастыру, басшылық ету ретінде қарстырылып, ұйымдастырудың белгілі бір мақсатын шешуге бағытталады. Сонымен қатар, басқару ісінің әлеуметтік-психологиялық мәселелерін шешу, басқарушы қызметтің және оған қойылатын талап-тілектерін ескеру, басшы қызметкердің тұлғалық қасиеті мен басқару тәсілін дұрыс жолға қою мәселелерін қарастырады.
Постреквизиттер: Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік басқару. Сауда қызметі саласындағы қоғамдық қатынастар, оның мемлекеттік реттеу негізін ұйымдастыру және принциптері, бақал және көтерме саудалары, сыртқы және ішкі саудалары, жеңілдіктер «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңымен реттеледі.Қазақстан Республикасының Кеден Кодексіне сәйкес, тауарды әкелудің немесе әкетудің басты шарттарының бірі еліміздің кеден органдарымен төлем түрінде алынатын кедендік баж салығын төлеу болып табылады. Әлемдік экономикадағы аймақтардың экономикалық рөлі, шаруашылық байланыстарының даму тәжірибесі, интеграциялық бірлестіктер қызметін қарастырады. Курсты тыңдаған студенттер экономикадағы болжаудың әдістері мен олардың қызмет ету ерекшеліктерін, тәжірибеде қолданылуын үйренеді.
Бағдарламаның қысқаша курсы: Біздің экономикалық дамуымыздың рыноктік жолға өту кезеңін қамтитын сұрақтар мен мәселелердің шеңбері күрделі де ауқымды. ҚР- ның экономикасын реформалау әдісінде, елдің экономикалық даму стратегияларын өңдеуде, объективті жоспарлау мен ұзақ және орта мерзімді болжаудың қажеттігі көрінуде. Осыған байланысты, пәннің негізгі мақсаты экономикалық дамудың ғылыми болжамдарының түрлерін және олардың әдістемелері мен классификацияларын түсіндіріп, айқындап беру.
Ұсынылатын әдебиет: Мұхамеджанова А.Ғ. және т.б. Адам ресурстарын басқару. Қызылорда, 2001ж., Мордовин С.К. Управление человеческими ресурсами. Модульная программа для менеджеров. М.,2000.
Сабақ беру әдістері: жаңа педагогикалық және технологиялық тәсілдер, сұрау жүргізу, тікелей сұрақ- жауап, хронологиялық сұрақтар, тест сұрақтары
Бағалау әдісі/нысаны: реферат – 10 балл, зертханалық жұмыс – 10 балл, топтық презентация -10 балл, сабақтағы белсенділік - 10 балл
Оқу тілі: қазақ
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай (талап): материалдық база, кітапхана қоры, интерактивті тақта, электронды оқулықтар, интернет-ресурс
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Қазақстан экономикасын басқару
Пәннің коды: ТК3207
Пәннің типі: базалық пәндер,таңдау пәні
Оқу жылы: 3
Оқу семестрі: 5
Кредиттер саны: 2 KZ кредиті = 4 ECTS кредиті
Дәріс берушінің/профессордың аты-жөні: Айкупешева Д.М., экономика ғылымдарының кандидаты
Курстың мақсаты (оқудың болашақтағы мақсаты мен пайда болған құзіреттілік) : Курстың негізгі мақсаты болашақ мамандарда макроэкономикалық талдау жүргізу және макродеңгейде шешімдер қабылдау процесінде теориялық, тәжірибелік қабілеттіліктерді қалыптастыру болып табылады..
Деректемелер/пререквизиттер: Мемлекеттік басқару теориясы
Курстың/пәннің мазмұны: Қазақстанда экономиканы басқарудың әдістемелік негіздері. Қазақстан экономикасын басқарудың саяси-экономикалық негіздері. Мемлекет экономикасын басқарудың негізі. Қазақстанда аймақтық басқару. Өтпелі кезеңдегі Қазақстан экономикасын басқару шараларының жүйесі. Мемлекет иелігінен алу және жекешелендірудің ұлттық бағдарламасы. Экономиканы басқарудың ұйымдастырушылық құрылым жетілдіру. Инфрақұрылымның қалыптасуы және дамуы. Экономиканы басқару әдістері. Республикадағы инвестициялық процестерді басқару. Қазақстандағы кәсіпкерлікті басқару. Адам ресурстарын басқару. Персонал басқарудағы шетелдік тәжірибесі.Дамыған елдердегі персоналдық менеджменттің даму сатылары мен негізгі фуккциялары. Қазақстандағы басқарудың жоспарлаудың принциптері.Ұйымда персоналмен жұмыс істеуді жоспарлау.
Ұсынылатын әдебиет:
-
Ивашковский С.Н. «Макроэкономика»,- М., 2000ж.,
-
Фишер С., Дорнбуш Р. «Макроэкономика», - А., 1997.,
-
Смагулова Ш.А., Баспакова А.Д. «Макроэкономика»,- А., 1999
Сабақ беру әдістері: жаңа педагогикалық және технологиялық тәсілдер, сұрау жүргізу, тікелей сұрақ- жауап, хронологиялық сұрақтар, тест сұрақтары
Бағалау әдісі/нысаны: реферат – 10 балл, зертханалық жұмыс – 10 балл, топтық презентация -10 балл, сабақтағы белсенділік - 10 балл
Оқу тілі: қазақ
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай (талап): материалдық база, кітапхана қоры, интерактивті тақта, электронды оқулықтар, интернет-ресурс
Пәннің атауы: Әлеуметтік саланы басқару
Пәннің коды: ТК3207
Пәннің типі: базалық пәндер,таңдау пәні
Оқу жылы: 3
Оқу семестрі: 5
Кредиттер саны: 2 KZ кредиті = 4 ECTS кредиті
Дәріс берушінің/профессордың аты-жөні: Айкупешева Д.М., экономика ғылымдарының кандидаты
Пререквизиттер: Экономикалық саясат. Экономикалық саясат – мемлекеттің экономиканы басқаруда іс жүзіне асыратын ғылыми тұрғыдан тұжырымдалған идеялар мен ережелердің, ұзақ мерзімдік және жақын арадағы міндеттердің, мақсаттар мен іс–қимылдардың жиынтығы. Орталық және жергілікті деңгейлерде мемлекеттің экономикалық саясатын өңдеп, жүзеге асыруды біледі.
Постреквизиттер: Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі пәнінің мәнісі ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың кешенді мәселелерін талдаумен тікелей байланысты. Қазақстанның әлемдік экономикадағы бәсекеге қабілеттілігінің ұлттық моделін қалыптастырудың параметрлері зерттеледі. Сонымен бірге, ұлттық экономикалық жүйелердің ғаламдық бәсекеге қабілеттілігі мәселесінің теориялық көзқарастары қарастырылады.Білім, денсаулық сақтау салаларын басқару істерін меңгереді.
Бағдарламаның қысқаша курсы: Рыноктық экономика бір орталықтан қатаң басқарыла алмайды, оның ерекшелігі экономикалық үдерістердің ретсіздігі болып табылады. Рынок және оның салалары, атап айтқанда – әлеуметтік сала бұл барлық экономикалық жүйелердің негізгі, маңызды салаларының бірі болып табылады. Білім, денсаулық сақтау салаларын басқару істерін меңгереді.
Ұсынылатын әдебиет:
-
Ивашковский С.Н. «Макроэкономика»,- М., 2000ж.,
-
Фишер С., Дорнбуш Р. «Макроэкономика», - А., 1997.,
-
Смагулова Ш.А., Баспакова А.Д. «Макроэкономика»,- А., 1999
Сабақ беру әдістері: жаңа педагогикалық және технологиялық тәсілдер, сұрау жүргізу, тікелей сұрақ- жауап, хронологиялық сұрақтар, тест сұрақтары
Бағалау әдісі/нысаны: реферат – 10 балл, зертханалық жұмыс – 10 балл, топтық презентация -10 балл, сабақтағы белсенділік - 10 балл
Оқу тілі: қазақ
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай (талап): материалдық база, кітапхана қоры, интерактивті тақта, электронды оқулықтар, интернет-ресурс
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Мемлекеттік сектордағы менеджмент
Пәннің коды: ТК3209
Пәннің типі: базалық пәндер,таңдау пәні
Оқу жылы: 3
Оқу семестрі: 6
Кредиттер саны: 3 KZ кредиті = 5 ECTS кредиті
Дәріс берушінің/профессордың аты-жөні: Умирзакова М.А., экономика ғылымдарының кандидаты
-Курстың мақсаты (оқудың болашақтағы мақсаты мен пайда болған құзіреттілік) : Студенттерге қазіргі мемлекеттік басқару тәсілдері жөнінде ақпараттар беру, тиімді мемлекеттік бағдарламаларды бағалау және оны жасау төңіргіндегі нақты басқару технологияларының жетістіктерін қолданумен қалыптастыру бойынша тәжіриебелік жұмыс істеуге дағды беру, курстағы негізгі тұжырымдамалар мен негізгі түсініктерге кестелер сызбалар беру, басқару қабілеттілігін инновациялық процестер арқылы дамытуды қалыптастыруды оқыту.
Деректемелер/пререквизиттер: Мемлекет және бизнес
Курстың/пәннің мазмұны: Экономикалық секторының мәні және құрылымы. Мемлекеттік менеджменттің пайда болуымен даму тарихы. Классикалық және жаңа классикалық үлгі. Мемлекеттк менеджмент ауқымымен қажеттілігі. Басқару субьектілерімен обьектілерінің арасындағы тікелей және кері байланыс. Басқару түрлері. Бюрократия және демократия. Бюрократия көрінісі, мәні, пайда болу тарихы. Қоғамдық игіліктер мен қызметтер.Фрирайдерства Мәселелері. Мемлекеттік монополиялық экономиканың мәні, оның салдары. Қазақстандағы бюрократияның элементтері. Мемлекеттік кәсіпкерліктің қалыптасуы. Өтпелі экономика моделдері. Өтпелі экономикадағы мемлекет қызметінің өзгеруі. Экономиканы мемлекеттік реттеудің күйзеліске ұшырауы.Мемлекеттіктің қазақстандық және ресейлік тәжірибелері. АҚШ-тағы менеджмент ерекшелігі. Жапондық менеджмент. Европалық менеджмент ерекшелігі.
Ұсынылатын әдебиет: Мамыров Н.К.., Саханова А.Н., Ахметова Ш.С. М22 Государство и бизнес. Книга 1: Учебник.- Алматы: Экономика, 2002.-с. 452., Ихданов Ж.О., Орманбеков Ә.О. Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері: Оқу құралы.-Алматы: Экономика, 2002.-218 бет., Сулейменова Г.К., Берікболова Ұ.Д., Өмірзақова М.А. Экономиканы мемлекеттік реттеу пәні бойынша оқу әдістемелік кешен. –Қызылорда: Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, 2003.- 100 бет.
Сабақ беру әдістері: жаңа педагогикалық және технологиялық тәсілдер, сұрау жүргізу, тікелей сұрақ- жауап, хронологиялық сұрақтар, тест сұрақтары
Бағалау әдісі/нысаны: реферат – 10 балл, зертханалық жұмыс – 10 балл, топтық презентация -10 балл, сабақтағы белсенділік - 10 балл
Оқу тілі: қазақ
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай (талап): материалдық база, кітапхана қоры, интерактивті тақта, электронды оқулықтар, интернет-ресурс
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік басқару
Пәннің коды: ТК3210
Пәннің типі: базалық пәндер,таңдау пәні
Оқу жылы: 3
Оқу семестрі: 6
Кредиттер саны: 3 KZ кредиті = 5 ECTS кредиті
Дәріс берушінің/профессордың аты-жөні: Бекетова Қ.Н., экономика ғылымдарының кандидаты
Курстың мақсаты (оқудың болашақтағы мақсаты мен пайда болған құзіреттілік) : студенттерде сыртқы экономикалық байланыстарды ұйымдастыру мен экономикасы жөнінде білімнің біртұтас жүйесін қалыптастыру, пәнге байланысты түсініктік терминологиялық аппарат беру, сыртқы экономикалық байланыстардың нәтижелілігін бағалау әдістемесін түсіндіру. Міндеттері сыртқы экономикалық қызметті ұйымдастыру мен экономикасы бойынша қажетті теориялық білім беру, қызметтің бұл түрінде жұмыс істеу үшін тәжірибелік білімді үйрету.
Деректемелер/пререквизиттер: Халықаралық экономика
Курстың/пәннің мазмұны: Сыртқы экономикалық фактор ролінің артуы- әлемдік экономиканың дамуының басты бағыты. Мемлекеттің сыртқы экономикалық саясатының қалыптасуы және жүзеге асырылуы. Сыртқы экономикалық байланыстар және мемлекеттің сыртқы экономиклық саясаты. Қазақстан Республикасында сыртқы экономикалық қызметті ұйымдастыру. Сыртқы және халықаралық сауда саясаты. Сыртқы экономикалық қызметті реттеу құралдары. Саудалық делдалдар. Әлемдік рыноктағы бағаның құралу ерекшеліктері. Сыртқы экономикалық қызметті ұйымдастырудың құқықтық негіздері. Сыртқы экономикалық қызметті сақтандыру түрлері. Халықаралық саудадағы несиелендіру. Сыртқы саудалық операциялар.
Ұсынылатын әдебиет: Балабанов И. Т., Балабанов А. И., Внешнеэкономические связи- учебное пособие М, 2000., М. Байгісиев Халықаралық экономикалық қатынастар- оқу құралы, А., 1998., Международные экономические отношения под ред. Р. Е. Елемесова- А., 2001
Сабақ беру әдістері: жаңа педагогикалық және технологиялық тәсілдер, сұрау жүргізу, тікелей сұрақ- жауап, хронологиялық сұрақтар, тест сұрақтары
Бағалау әдісі/нысаны: реферат – 10 балл, зертханалық жұмыс – 10 балл, топтық презентация -10 балл, сабақтағы белсенділік - 10 балл
Оқу тілі: қазақ
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай (талап): материалдық база, кітапхана қоры, интерактивті тақта, электронды оқулықтар, интернет-ресурс
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Нарықтарды мемлекеттік реттеу
Пәннің коды: ТК3301
Пәннің типі: кәсіптендіру пәндері,таңдау пәні
Оқу жылы: 3
Оқу семестрі: 5
Кредиттер саны: 3 KZ кредиті = 5 ECTS кредиті
Дәріс берушінің/профессордың аты-жөні: Бекетова Қ.Н., экономика ғылымдарының кандидаты
Курстың мақсаты (оқудың болашақтағы мақсаты мен пайда болған құзіреттілік) : Нарық үлгілері мен нарыққа көшу шарттары, нарықтық экономика мәні, нарыққа көшудің стратегиялық ерекшеліктері, нарықтық қатынастарды қалыптастырудың әдіснамалық негіздері, қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы нарықтық байланыстардың жағдайы, кәсіпорындардың нарықтық белсенділігін дамыту.
Деректемелер/пререквизиттер: Экономиканы мемлекеттік реттеу
Курстың/пәннің мазмұны: Нарықтың жалпы сипаттамасы. Нарыққа көшу шарттары.Нарық үлгілері. Нарықтық қатынастардың даму кезеңдері. Қазақстандағы нарықтық даму тарихы. Нарық – зерттеу және сегменттеу категория ретінде. Нарық құрылымы. Нарыққа көшудің стратегиялық ерекшеліктері. ҚР-ның экономикалық дамуындағы нарықтың ролі. ҚР-ның жалпы ұлттық нарығын мемлекеттік реттеудің экономикалық механизмі. Нарық элементтерін анықтау қажеттілігін теориялық негіздеу. Нарық элементтерін басқару механизмі.Нарық элементтерін реттеу үлгісі. Нарықтық қатынастарды реттеу механизмдерінің негіздері. Нарық жағдайындағы ҚР-сы кәсіпорындарының тұрақты даму тетігін басқару. ҚР-сы ұлттық экономикасы дамуына нарықтық байланыстар әсері. Нарықты мемлекеттік реттеу.
Ұсынылатын әдебиет:
-
Есқараев Ө. Қазақстан Республикасының нарығын мемлекеттік реттеу: Оқулық. - Алматы: Экономика, 2007, - 232 б.,
-
Жирицкий А.К. Рыночная экономика – выбор пути. – М.: Экономика, 1991., Рыночная экономика: Словарь. – М.: Республика, 1995
Сабақ беру әдістері: жаңа педагогикалық және технологиялық тәсілдер, сұрау жүргізу, тікелей сұрақ- жауап, хронологиялық сұрақтар, тест сұрақтары
Бағалау әдісі/нысаны: реферат – 10 балл, зертханалық жұмыс – 10 балл, топтық презентация -10 балл, сабақтағы белсенділік - 10 балл
Оқу тілі: қазақ
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай (талап): материалдық база, кітапхана қоры, интерактивті тақта, электронды оқулықтар, интернет-ресурс
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Мемлекеттің инвестициялық стратегиясы
Пәннің коды: ТК4211
Пәннің типі: базалық пәндер,таңдау пәні
Оқу жылы: 4
Оқу семестрі: 7
Кредиттер саны: 3 KZ кредиті = 5 ECTS кредиті
Дәріс берушінің/профессордың аты-жөні: Рысмаханова Г.Ж., экономика ғылымдарының кандидаты
Курстың мақсаты (оқудың болашақтағы мақсаты мен пайда болған құзіреттілік) : Нарық үлгілері мен нарыққа көшу шарттары, нарықтық экономика мәні, нарыққа көшудің стратегиялық ерекшеліктері, нарықтық қатынастарды қалыптастырудың әдіснамалық негіздері, қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы нарықтық байланыстардың жағдайы, кәсіпорындардың нарықтық белсенділігін дамыту.
Деректемелер/пререквизиттер: Экономикалық саясат
Курстың/пәннің мазмұны: Инвестициялық стратегияның мәні және оны әзірлеудің қажеттілігі. Инвестицияларды белгілері бойынша жіктеудің экономикалық негізі. Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы. Бизнес-жоспардың түсінігі. Бизнес-жоспар және ұзақ мерзімді инвестициялық шешімдерді қабылдау. Бизнес-жоспардың құрылымы. Бизнес-жоспардың мазмұны. Инвестициялық жобалау, этаптары. Жоба мен жобалық цикл түсініктері. Инвестициялық жобалардың түрлері. Жобалаудан түсетін қаржылық ағымдар. Жобаны әзірлеудің және талдаудың алдын ала кезеңі. Жобаның коммерциялық орындалуын талдау. Қаржы инвестициялық дамуды мемлекеттік жоспарлау. Ұлттық экономиканы дамытуды жоспарлаудың жалпы кестесі. Қазақстандағы инвестицияны басқару ерекшеліктері. Инвестициялық прцестерді сақтандыру.ҚР-сы инвестициялық саясатын жүзеге асыру механизмі. ҚР-дағы инвестициялық саясатты жүргізу реформалары. Шетелдік инвестицияларды тартудың қағидалары мен негізгі жолдары. ҚР-да шетелдік инвестициларды пайдаланудың негізгі бағыттары. Шетел капиталын келтіру саясатын жасау принциптері. Инвестициялық климат мәні, түсінігі. Инвестициялық климат факторлары. ҚР-ның аймақтарын инвестициямен қамтамасыз ету мәселелері.Дамығын елдердің инвестициялық саясаты. Дамушы елдердің инвестициялық саясаты. Экономикасы өтпелі кезеңдегі елдердің капитал тарту саясаты.Инвестициялар бойынша келісім шарттар жасау мен бұзу жағдайлары мен тәртібі. Халықаралық келісім формалары. Инвесторлардың мүдделерін қорғауға байланысты ҚР-сы ұсынатын жеңілдіктер мен кепілдіктер жүйесі.Инвестицияның тиімділігін бағалаудың қарапайым әдістері. Дисконтталған критерийлер.
Ұсынылатын әдебиет:
-
Есқараев Ө. Қазақстан Республикасының нарығын мемлекеттік реттеу: Оқулық. - Алматы: Экономика, 2007, - 232 б.,
-
Жирицкий А.К. Рыночная экономика – выбор пути. – М.: Экономика, 1991., Рыночная экономика: Словарь. – М.: Республика, 1995
Сабақ беру әдістері: жаңа педагогикалық және технологиялық тәсілдер, сұрау жүргізу, тікелей сұрақ- жауап, хронологиялық сұрақтар, тест сұрақтары
Бағалау әдісі/нысаны: реферат – 10 балл, зертханалық жұмыс – 10 балл, топтық презентация -10 балл, сабақтағы белсенділік - 10 балл
Оқу тілі: қазақ
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай (талап): материалдық база, кітапхана қоры, интерактивті тақта, электронды оқулықтар, интернет-ресурс
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Әлеуметтік-экономикалық жоспарлау
Пәннің коды: AZh 4304
Пәннің типі: кәсіптендіру пәндері,міндетті пән
Оқу жылы: 4
Оқу семестрі: 7
Кредиттер саны: 3 KZ кредиті = 5 ECTS кредиті
Дәріс берушінің/профессордың аты-жөні: Бекетова Қ.Н., экономика ғылымдарының кандидаты
Курстың мақсаты (оқудың болашақтағы мақсаты мен пайда болған құзіреттілік) : студенттерге қазіргі кездегі экономиканың дамуында әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың теориялық, әдістемелік және ұйымдастырушылық мәселелер кешенін қарастырып, бүгінгі тәуелсіз мемлекетімізде әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың және әлеуметтік-экономикалық мәселердің шешімін таба білуге үйрету.
Деректемелер/пререквизиттер: Экономиканы мемлекеттік реттеу
Курстың/пәннің мазмұны: Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың теориялық негізі және дамуы. Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың әдістемелік негізі. Экономиканы жоспарлаудың әдістері. Экономикалық өсудің және экономиканың құрылымын әлеуметтік-экономикалық жоспарлау. Еңбек ресурстарын жоспарлау.
Әлеуметтік-экономикалық саясат.Материалды-техникалық құралдарды, инвестицияны, инновациялық қызметті экономикалық жоспарлау.Сыртқы экономикалық қатынастарды және өндірістік салаларды жоспарлау және болжау. Өндірістік инфрақұрылымды жоспарлау. Тұрғындарға кызмет ету саласын әлеуметтік-экономикалық жоспарлау.Өңірлердің дамуын, табиғатты қорғауды жоспарлау. Кәсіпкерлік қызмет.
Ұсынылатын әдебиет:
-
Прогнозирование и планирование экономики / Под.ред. Борисевича.В, Кандауровой Г., Минск., 2001.,
-
Курс экономики. Учебник.- 3-е изд. / Под.ред. Райзберга Б.- М.: Инфра., 2001.
Сабақ беру әдістері: жаңа педагогикалық және технологиялық тәсілдер, сұрау жүргізу, тікелей сұрақ- жауап, хронологиялық сұрақтар, тест сұрақтары
Бағалау әдісі/нысаны: реферат – 10 балл, зертханалық жұмыс – 10 балл, топтық презентация -10 балл, сабақтағы белсенділік - 10 балл
Оқу тілі: қазақ
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай (талап): материалдық база, кітапхана қоры, интерактивті тақта, электронды оқулықтар, интернет-ресурс
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Басқару этикасы және мәдениеті
Пәннің коды: ТК 4303
Пәннің типі: кәсіптендіру пәндері,таңдау пәні
Оқу жылы: 4
Оқу семестрі: 7
Кредиттер саны: 3 KZ кредиті = 5 ECTS кредиті
Дәріс берушінің/профессордың аты-жөні: Әбдімомынова А.Ш., экономика ғылымдарының кандидаты
Курстың мақсаты (оқудың болашақтағы мақсаты мен пайда болған құзіреттілік) : Бүгінгі күн талабына сай нарықтық экономика сапалы болумен қатар экономикалық жаңаруды қарастырады. Пәнді оқытудың негізгі мақсаты – студенттердің білім деңгейін мамандану тәжірибесімен толықтыра отырып, егеменді мемлекетіміздің қызметкерлерінің іс-әрекетінің мәнерін, мәдениетін, басқарушы мен бағынушы қызметтік қарым-қатынас мәселелерін білуге үйрету.
Деректемелер/пререквизиттер: Менеджмент, Адам ресурстарын басқару
Курстың/пәннің мазмұны: Этика теориясы: әр түрлі тәсілдері. Этикадағы негіздеу мәселелері. Мораль – этикалық категорияның негізі. Моральдық қызметтері.Этикалық ілім. Кәсіптік этиканың маңызы мен түрлері.Бизнес этикасының қалыптасуы мен құрылымы.
Кәсіпкерлік этика: концепциясы және қалыптасу мәселелері. Кәсіпкерлер мен жұмысшылардың өзара қызметтік қатынастарының эволюциясы. Кәсіпкер адамның имиджі. Ұйымдардағы басқарушы орны. Билік және бағыну. Қызметтік қарым-қатынас мәселелері. Тиімді байланыс және жекелік этикасы. Корпоративтік этика және корпоративтік мәдениет. Корпоративтік мәдениет типологиясы. Ұйымдар және моральдық стандарты. Әкімшілік этика маңызы. Бейтараптылық этикасы. Құрылым этикасы. Әкімшіліктердің моральдық кодексі. Кәсіпкерлік этикасы мен әкімшілік этикасының ара қатынасы. Мемлекеттік қызметкерлердің этикалық мөлшері. Мемлекеттік қызметкерлердің сыртқы келбеті, сөйлеу мәдениеті, мінез-құлық мәнері. ҚР-ның мемлекеттік қызметкерлерінің қызметтік этика ережелері. Мемлекеттік тәртіп түсінігі мен түрлері. Мемлекеттік басқарудағы тәртіпті қамтамасыз ету тәсілдері. Бюрократия және бюрократизм. Экономикалық бюрократия. Коррупция. Этика және бюрократиялық психология. Қызметтік этиканың жалпы мазмұны. Кәсіпкерлердің құқықтық нормаға қатынасы. Кәсіпкерлер және қайырымдылық..
Ұсынылатын әдебиет:
-
Иванов Г.И. Инвестиционный менеджмент: Учебное пособие /Г.И. Иванов.-Ростов- н/Д.: Феникс, 2001.,
-
Инновационный менеджмент: Справочное пособие/ Под. ред. Оголевой Л.-М.: ИНФРА-М, 2001.,
-
Инновационный менеджмент: Учебник / Под. ред. Ильенковой С.-2-е изд., перераб и доп.-М.: ЮНИТИ, 2003.
Сабақ беру әдістері: жаңа педагогикалық және технологиялық тәсілдер, сұрау жүргізу, тікелей сұрақ- жауап, хронологиялық сұрақтар, тест сұрақтары
Бағалау әдісі/нысаны: реферат – 10 балл, зертханалық жұмыс – 10 балл, топтық презентация -10 балл, сабақтағы белсенділік - 10 балл
Оқу тілі: қазақ
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай (талап): материалдық база, кітапхана қоры, интерактивті тақта, электронды оқулықтар, интернет-ресурс
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Заңдарды экономикалық талдау
Пәннің коды: ТК4304
Пәннің типі: кәсіптендіру пәндері,таңдау пәні
Оқу жылы: 4
Оқу семестрі: 7
Кредиттер саны: 2 KZ кредиті = 4 ECTS кредиті
Дәріс берушінің/профессордың аты-жөні: Бекхожаева А.Қ., экономика ғылымдарының кандидаты
Курстың мақсаты (оқудың болашақтағы мақсаты мен пайда болған құзіреттілік) : терең білім беру, болашақ мамандарды қазіргі қоғамдағы негізгі құқықтық мәселелермен таныстырып, қоғамда болып жатқан өзгерістерге өз беттерінше терең талдау жасай алатындай қабілеттілігін көтеру. Олардың қоғамда болып жатқан өзгерістерге сын көзбен қарап, дұрыс баға беруге үйретіп, қабілеттіліктерін арыттыру.
-Деректемелер/пререквизиттер: Құқық негіздері, Кәсіпкерлік құқық
Курстың/пәннің мазмұны: Мемлектті басқарудың құқықтық негізі. Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің мәні. Құқықты экономикалық талдаудың теориялық және әдістемелік көзқарастары. Қазіргі институционализмнің негізгі бағыттарының базалық категориясы. Меншік құқығы мен трансакциондық шығындар. Трансакция мәні, қасиеті мен жіктелуі. Нормативті актілерді экономикалық талдау қағидалары мен әдістері.Нормативті актілердің тиімділігін экономикалық талдау. Нормативті актілердің жүзеге асырылуын экономикалық талдау. Заңға бағыну және заңсыздықты бағалау. Нормативтік актілерді экономикалық талдаудың қолданбалы аспектісі. Салық салу заңдылықтары және салық төлемдерінің салық төлеу міндетін орындауы. Монополияға қарсы күрес Еңбек заңдылықтарының экономикалық процеске әсері. Білім беру жүйесін реформалауды жүргізу шараларын бағалау.
Нормативті актілердің жүзеге асуын экономикалық талдау қағидалары.
Ұсынылатын әдебиет: Марченко М.Н. Общая теория государства и права. Академический курс: в 2 т. М.: Зерцало, 1998 г., Политическая экономия: учебно-методическое пособие для преподавателей. Под. ред. Сидоровича А, Влокова М. М.:Изд-во МГУ, 1993, Экономический анализ нормативных актов / Под ред. Тамбовцева В. – М.: Экономический факультет МГУ, ТЕИС, 2001.
Сабақ беру әдістері: жаңа педагогикалық және технологиялық тәсілдер, сұрау жүргізу, тікелей сұрақ- жауап, хронологиялық сұрақтар, тест сұрақтары
Бағалау әдісі/нысаны: реферат – 10 балл, зертханалық жұмыс – 10 балл, топтық презентация -10 балл, сабақтағы белсенділік - 10 балл
Оқу тілі: қазақ
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай (талап): материалдық база, кітапхана қоры, интерактивті тақта, электронды оқулықтар, интернет-ресурс
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Әлеуметтік саясат
Пәннің коды: ТК4305
Пәннің типі: кәсіптендіру пәндері,таңдау пәні
Оқу жылы: 4
Оқу семестрі: 7
Кредиттер саны: 2 KZ кредиті = 4 ECTS кредиті
Дәріс берушінің/профессордың аты-жөні: Умирзакова М., экономика ғылымдарының кандидаты
Курстың мақсаты (оқудың болашақтағы мақсаты мен пайда болған құзіреттілік) Әлеуметтік саясаттың басты міндеттері қоғамдық өмірде белгілі бір деңгейде теңдікті қамтамасыз етуді көздейді. Халықты әлеуметтік қорғау – мемлекеттің әлеуметтік саясатының ең негізгі басым бағыты. Экономикалық нарықтық қатынастар кезеңіне өткенде мемлекеттің әлеуметтік саясатын жетілдіру қажеттілігі туындады. Әлеуметтік саясат аясында халықты, оның ішінде көмекке аса мұқтаж адамдар, асыраушысынан айрылған, мүгедек жандар, жетім балалар әлеуметтік қорғалады. Әлеуметтік саясатты қалыптастыру процесіне түрлі үкіметтің жасаған бағдарлама, жобалары және парламент, президенттің бекіткен заң, жарлықтарын тікелей жатқызуымызға болады. Ал енді әр адамның әлеуметтік саясатты қабылдауы, ол тікелей екінші кезеңнің жүзеге асуына байланысты өз нәтижесін береді.
Деректемелер/пререквизиттер: Экономикалық саясат
Курстың/пәннің мазмұны: Қоғамның әлеуметтік құрылымы. Халық табыстары және әлеуметтік қамсыздандырудың көрсеткіштері. Әлеуметтік саясат. Қазақстан Республикасында әлеуметтік саясатты қалыптастыру проблемалары. Арнайы әлеуметтік қызметтер. Денсаулық сақтау саласындағы
әлеуметтік саясат. Білім және ғылым саласындағы әлеуметтік саясат. Жұмыссыздықпен, кедейшілікпен күресудегі әлеуметтік саясат. Ана мен баланы әлеуметтік қорғау. Мүгедектерді, қарттарды әлеуметтік қорғау. Оралмандарды әлеуметтік қорғау. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз ету. Адами капиталды дамыту және инвестицялау. Әлеуметтік саясатты жүргізудің әлемдік тәжірибесі
Ұсынылатын әдебиет:
-
Тасмагамбетов И.А. «Социальная политика и политическая трансформация» – Алматы, 1997, Жуков В.И.
-
«Социальная политика» –М., 1999. әдебиеттері негізінде жасалған.
Сабақ беру әдістері: жаңа педагогикалық және технологиялық тәсілдер, сұрау жүргізу, тікелей сұрақ- жауап, хронологиялық сұрақтар, тест сұрақтары
Бағалау әдісі/нысаны: реферат – 10 балл, зертханалық жұмыс – 10 балл, топтық презентация -10 балл, сабақтағы белсенділік - 10 балл
Оқу тілі: қазақ
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай (талап): материалдық база, кітапхана қоры, интерактивті тақта, электронды оқулықтар, интернет-ресурс.
5В090500 – «Әлеуметтік жұмыс»мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы
Берілетін дәреже/біліктілік: Бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын меңгерген тұлғаларға 5В090500 – «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша әлеуметтік жұмыс бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.
Оқу деңгейлері (сатылары): бакалавриат
Бағдарламаға қабылдау жөніндегі талаптар: Бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын меңгеруге тілек білдіруші тұлғалардың білімінің алдыңғы деңгейі – жалпы орта білім немесе арнаулы орта білім. Бакалавриатқа азаматтарды қабылдау тәртібі Транскриптінде А,В арасындағы бағалар болғаны
Бағдарламалардың білім беру және кәсіби мақсаттары/оқуды одан әрі жалғастыру мүмкіндігі: Отандық және халықаралық еңбек нарығына сай бәсекеге қабілетті мамандар даярлау. Білім алушыны интеллектуалдық тұрғыда дамыту, мемлекеттік және жергілікті басқару саласы бойынша құзіретті мамандарды тәрбиелеу.
5В090500– «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша бакалавриат білім беру бағдарламасын аяқтаған соң магистратурада білім алуды жалғастырып, магистр академиялық дәрежесін алуға мүмкіндігі бар.
Кредиттер көрсетілген бағдарламаның құрылымы- 129 кредит + 10 кредит (іс-тәжірибе) + 8 кредит (дене шынықтыру) + 3 кредит (қорытынды аттестация) - (ECTS- 194 кредит)
Пәннің коды, шифры
|
Пән атауы
|
Қазақстандық кредит саны
|
ECTS бойынша
|
|
Жалпы білім беру пәндері
|
35
|
59
|
|
Міндетті компонент
|
33
|
55
|
КТ 1101
|
Қазақстан тарихы
|
3
|
5
|
Inf1102
|
Информатика
|
3
|
5
|
OKN 1103
|
Өмір тіршілігінің қауіпсіздік негіздері
|
2
|
4
|
Ale1104
|
Әлеуметтану
|
2
|
4
|
Etd1105
|
Экология және тұрақты даму
|
2
|
4
|
K(O)t1106
|
Орыс тілі
|
6
|
8
|
Sht 2107
|
Шетел тілі
|
6
|
8
|
KN 2108
|
Құқық негіздері
|
2
|
4
|
Saya1110
|
Саясаттану
|
2
|
4
|
Fil 2110
|
Философия
|
3
|
5
|
|
Таңдау компоненті
|
2
|
4
|
KT 2101
|
1.Қорқыттану
|
2
|
4
|
KT 2101
|
2. Ежелгі Түркі өркениеті және мәдени мұра
|
|
|
|
Базалық пәндер
|
35
|
63
|
|
Міндетті компонент
|
7
|
15
|
KK(O)t2201
|
Кәсіби қазақ (орыс) тілі
|
2
|
4
|
K-bsht3202
|
Кәсіби-бағытталған шетел тілі
|
2
|
4
|
ЕТ 1203
|
Экономикалық теория
|
2
|
4
|
|
Мамандыққа кіріспе
|
1
|
3
|
|
Таңдау компоненті
|
28
|
48
|
Ale 1212
|
1. Әлеуметтану
|
2
|
4
|
Ale 1212
|
2. Тұлғалық әлеуметтану
|
NEN 2203
|
1. Халық денсаулығын қорғаудың әлеуметтік-медициналық негіздері
|
2
|
4
|
NEN 2203
|
2. Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік жұмыс
|
HE 2204
|
1.Халықаралық экономика
|
3
|
5
|
HEI 2204
|
2.Халықаралық экономикалық интеграция
|
UEBK 2205
|
1.Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі
|
3
|
5
|
ZhZhNM 2205
|
2. Жаһандану жағдайындағы нарық және мемлекет
|
PP 3214
ShDSK3214
|
1.Кәсіпкерлік құқық
2.Шаруашылық дауларды сотта қарау
|
2
|
4
|
Mik 1201
|
1.Микроэкономика
2.Экономикалық ілімдер тарихы
|
2
|
4
|
Mar 1202
|
Макроэкономика
Қазақстанның экономикалық тарихы
|
2
|
4
|
MIS 3211
|
Мемлекеттің инвестициялық стратегиясы
Құрылымдық-инвестициялық реттеу
|
2
|
4
|
FRP 2215
|
1.Қаржылық нарықтар және делдалдық
|
2
|
4
|
MBBS2215
|
2.Мемлекеттік баға белгілеу саясаты
|
|
|
AS 4304
|
1.Әлеуметтік саясат
|
3
|
5
|
KSE4304
|
2. Қоғамдық сектор экономикасы
|
AEZh 4307
|
1.Әлеуметтік-экономикалық жоспарлау
|
3
|
5
|
EB 4307
|
2. Экономикалық болжау
|
|
Жалпы кредит саны
|
70
|
122
|
Жеке пәндерді (курстарды, юниттерді) сипаттау
-
Курстың/пәннің/юниттің атауы : Қазақстан тарихы
-
Пәннің типі: жалпы білім беру пәндері, міндетті пән
-
Оқу жылы: 1
-
Оқу семестрі: 2
Достарыңызбен бөлісу: |