-
Әмірбеков Ш. Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы. Өркениет, 2000.
-
Мұхтарова А.К. Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы. Алматы, 1999.
-
Булгакова Д.А., Истаев А.Ж., Всеобщая история государства и права. Алматы, 1999.
-
Галанза П.Н. История государства и права зарубежных стран (рабовладельческое и феодальное государства и право) Москва,1980.
-
Батыр К.И. Всеобщая история государства и права. Москва, 1994
№ 2 дәріс
Тақырып: Ежелгі Шығыс елдеріндегі мемлекет және құқықтың дамуы
Дәрістің мақсаты: Еж. Шығыс елдеріне тән ортақ белгілерді анықтайды. Дәрістің мазмұны -
Шығыс деспотиясы және оның негізгі белгілері. Деспот билігінің абсолютизациясы мен сакрализациясы.
Ежелгі Египеттің мемлекеті мен құқығы. Мемлекеттің пайда болуы. Ніл алқабындағы номдар мемлекеттерінің пайда болуы және ру – тайпалық қауымның ыдырауы. Политогенез процесстеріне табиғи – климаттық факторлардың әсері. Мысырдың бірігуі. Ежелгі Египет мемлекетінің дамуының негізгі кезеңдері.
Қысқаша мазмұны:
Ежелгі Шығыс елдеріне тән ортақ белгілер.
Деспоттық тәртіптің белгілері:
1.мемлекет басшысы заң шығару, атқару,сот билігін толық иеленеді,ешкімге жауап бермейді.
2. зиялы және шіркеу билігі бір тұлғаға біріктірілген.
3.адам бостандығы мен еркіндігінің шектелуі, жеке тұлға ерікті болғанмен,тәртіптің, дәстүрдің, сенімнің құлына айналған,т.б.
Ежелгі Египет (Мысыр) Африка құрлығының солтүстік-шығыс бөлігінде, Ніл өзенінің тар алқабында, яғни Ніл өзенінің бастауынан Жерорта теңізіне құятын атырау сағаларының аралығында орналасқан. Египетте алғашқы мемлекеттік құрылымдардың қашан пайда болғаны туралы деректі мәліметтер жоқ. Бірақ та, б.з.д. ІІІ мың жылдықта Египет мемлекеті өмір сүрген.
Египет мемлекет және құқығы тарихының кезеңдерге бөлінуі. Жоғарғы және төменгі Египет қосылған соң Ертеректегі патшалық атауына ие болады (шамамен б.э.д.3100-2800жж).Бұл кезеңде біртұтас мемлекетке бірікті. Екінші кезең-Ерте немесе Ескі патшалық (шамамен б.э.д.2800-2250жж)-Египетте өркениеттің (пирамидалардың салынуы) айқын көрініс тапқан уақыты. Ескі патшалықтан кейін бірінші өтпелі кезең (шамамен б.э.д.2160-2134жж) келеді. Осы уақытта Египет өзара жанжалдасушы бірқатар номдар және уақ мемлекеттер болып ыдырайды.Фараон билігі әлсіреп, елде тұрақсыздық және соғыстық күй қалыптасты,ном билеушілері өздерін патшадай сезініп және Египеттегі ірі билікке таласады.
Осы кезеңнің соңында Фива қаласының билеушілері жеңіп, Египет қаласы бірігеді.Үшінші кезең келеді-Орта патшалық уақыты (шамамен б.э.д.2050-1700жж). Содан кейін Египет екінші өтпелі кезеңді (шамамен б.э.д.1700-1580жж), бұл кезең елдің қайта тарауымен және Египет бөлігін гикостардың басып алуымен сипатталады.
Төртінші кезең-Жаңа патшалық (шамамен б.э.д.1575-1087жж). Осы кезеңде ХҮII династия фараондарының билігінде Египет бірігеді.Египет ірі империяға айналады және олардың билушілері Ерте Шығыстағы саяси және әскери гегемонияға ұмтылады.
Осы кезеңнің соңында Египет мемлекеті құлдырауға келеді.Оны парсылар,кейін Александр Македонскидің әскері жаулап алады, ал б.э.д.30 жылы Египет Рим империясының провинциясына айналады.
Ежелгі Египет (Мысыр) мемлекетінің қоғамдық және мемлекеттік құрылысы. Ежелгі Египет тұрғындары негізінен жер өңдеумен және мал өсірумен айналысқан.
Египет қоғамының жоғарғы қабатында перғаун, жрецдер, шенеуніктер және әскери беделділер тұрды. Египетте қалыптасқан көптеген культтерге байланысты жрецдер топтарға бөлінген. Әр топтың басында барлық билікті басқарушы жоғарғы жрец тұрды. Перғаун ең жоғарғы мемлекеттік билік иесі. Оның қарамағында кеніштер, тас қашайтын орындар, сыртқы саудалар шоғырландырылды. Оның бұйрығымен су қойма, сарайлар және табыттар салынды. Перғауынның бірінші көмекшісі уәзір мемлекеттік мекемелерді, шіркеулерді басқарды, әскерге адамдар жинады және жоғарғы сот билігін атқарды.
Перғауынның жанында бас вельможа және орталық басқарманы басқарушы сановник (джати). Мемлекет механизмі жүйесінде көрнекі орынды жрецдер алды. Ежелгі Египетте заң шығарушы, атқарушы және сот билігі өзара бөлінбеген болды. Тутмос ІІІ кезінде үш везир үшін құрастырылған инструкцияда (текст фиван мәйіт сақтаушысының қабырғасынды сақталынған) және басқа да деректер бойынша визирдің өкілеттілігі мен қызмет көлемі өте кең болған.
Ежелгі Египетте визерден басқа да лауазымды тұлғалар болды, олардың ішінде маңыздылары – мөр сақтаушы немесе бас қазынашы еді. Оны “Төменгі Египет патшасының қазынашысы ” деп атады, әрине Египетте дамыған мағынада қазына сөзі болған жоқ, өйткені салық натуралды түрде төленді.
Сонымен қатар патша архитекторының және дербес тұрғындарға жүктелген тағзым етуін орындауды қадағалау лауазымына ие болған патшаның барлық жұмысы басшысының рөлі жоғары болды. Ежелгі Египетте іс жүргізуі дамыған үлкен чиновниктер аппараты құрылды, ондағы көптеген құжаттар чиновниктердің жемқорлықпен айналысқаны, заңсыздықтың және еріктіліктің болғаны жайында куәландырады Ежелгі Египет мемлекетінің пайда болуы шамамен б.э.д. 5 мыңжылдықта рулық құрылымның ыдырауы, ру ақсүйектердің бөлініп шығуы (көсемдер, ақсақалдар) және құлдықтың пайда болуы нәтижесінде жүзеге аса бастады. Б.э.д. 5 мыңжылдықта Египетте бірнеше құрылымдар – номдар пайда болады, олар 4 мыңжылдықта екі патшалыққа - жоғарғы Египетке және Төменгі Египетке бірікті, ал содан кейін, 4 мыңжылдықтың соңында бір орталықтанған мемлекет құрылды.
Ежелгі Египеттің тарихи кезеңдері:
1 кезең – Ерте патшалық (б.э.д. 3110 – 2280 ж.ж.)
2 кезең – Ежелгі немесе Ескі патшалық (б.э.д. 2880 – 2550 ж.ж.)
3 кезең – орта патшалық (б.э.д. 2050 – 1700 ж.ж.)
4 кезең – Жаңа патшалық ( б.э.д. 2575 – 1087 ж.ж.)
Қоғамдық құрылысы:құл иеленуші ақсүйектер, абыздар, қауым мүшелері,жауынгерлер,құлдар.
Кенбет – 30 судьядан құралған. Жаңа кезеңдегі орталық сот. Ном - әкімшілік – аумақтық бірлік. Номарх - номның басшысы, перғауынға тәуелді лауазымды тұлға. Фараон билігі. Фараон – құдайдың ұлы, жер мен көктің делдалы.Тақ билігі бір әлеттің шегінде мұра бойынша берілді, оның билігі шексіз.Орталық билікті сановник басқарды. басқарды. Ол аумақтық шенеуніктерге бұйрық берді.Патша сарайында қазынашы, жұмыс басшысы, әскери сановниктер де болады.
Өзін-өзі тексеретін сұрақтар
-
Ежелгі Египеттің мемлекет және құқық тарихының кезеңдері қандай?
-
Ном, Кенбет, Фараон дегеніміз не?
-
Ежелгі Египет құқығына қандай өзгешеліктер бар?
Достарыңызбен бөлісу: |