-
Әмірбеков Ш. Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы. Өркениет, 2000.
-
Мұхтарова А.К. Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы. Алматы, 1999.
-
Булгакова Д.А., Истаев А.Ж., Всеобщая история государства и права. Алматы, 1999.
-
Галанза П.Н. История государства и права зарубежных стран (рабовладельческое и феодальное государства и право) Москва,1980.
-
Батыр К.И. Всеобщая история государства и права. Москва, 1994
3 дәріс
Дәрістің мақсаты : Хаммурапи заңдарының маңызын көрсету.
Тақырып: Шумер – Вавилондық өркениеттің мемлекеті мен құқығы
1. Месопатамияда мемлекеттің пайда болу және даму ерекшеліктері. Вавилондық патшалығының өркендеуі мен оның дамуының негізгі кезеңдері.
2. Мемлекеттің жоғарғы органдары. Патшалық билік. Орталық мекемелер. Мемлекет басқарудағы абыздардың ролі. Сарайлық басқару жүйесі. Жергілікті басқару органдары. Сот құрылымы.
3. Құқықтың қайнар көздері. Хаммурапи заңдары
Қысқаша мазмұны:
Вавилон мемлекетінің пайда болуы және дамуы. Месопатамияда қоныс тебу неолит дәуірінен басталды. Алғашқы тұрғындары балық шаруашылығымен, аң аулаумен айналысқан. Б.э.д. ІІІ мың жылдықта Тигр мен Ефрат өзендерінің аралығында бірнеше қала мемлекеттері пайда болған, соның бірі – Вавилон. Демек, Месопатамиядағы ежелгі өркениеттің негізін салушылардың бірі шумерлер.
Б.э.д. 2109 жылы кути тайпаларының жеңілуі нәтижесінде Месопатамидағы билік толығымен Ур патшасы Ур-Намурдың қолына көшеді. Ол ІІІ Ур әулетінің негізін қалап біріккен шумер-аккад патшалығына билігін жүргізген.
Вавилонның гүлденуі І Вавилон әулетінің алтыншы патшасы Хаммурапи (б.э.д. 1792-1750 жж.) тұсында болды. Хаммурапи ірі мемлекет қайраткері, айлакер дипломат, ақылды заңгер және көріпкел ұйымдас тырушылық қасиетімен көзге және сөзге ілінген. Оның басқару кезінде мемлекет экономикасы суармалы жер шаруашылығына, бау-бақша және мал шаруашылығына, қолөнерге негізделген, сыртқы және ішкі сауданы дамытуға бағытталған еді. Маңызды сауда орталықтарына Вавилон, Ниппур, Сиппар, Ларса, Ур және т.б. қалалар жатқан.
Вавилон мемлекетінің қоғамдық және мемлекеттік құрылысы. Ежелгівавилон қоғамының жалпы құрылымы египет қоғамына ұқсас. Яғни, вавилон қоғамының ерекшелігі ірі жер иеленушілер мен құлиеленушілердің молайуы нәтижесінде мемлекеттің пайда болуы және патша құқығының күшеюі. Шіркеу жерлерінің мемлекеттікке көшуі, қауымдық жерлерді сатып алу және жаулап алу нәтижесінде патшаның жер қоры ұлғайды. Сонымен қоса, патша жер қорының және жеке меншік жердің көбейуіне қарамастан жер өңдеудің ирригациялық жүйесіне негізделген қауымдық құрылымының сақталуы қоғамның ерекшелігін танытады.
Вавилонның басқа қоғамдардан ерекшелігі, ондағы ерікті адамдардың екі категорияға бөлінуі. Олар “күйеудің балалары”-авилум (немесе басқаша,”адам баласы”) бұлардың толыққанды азамат екендігін білдірді. Басқалары-мушкенум (“шукену”деген сөзден шығып, жоғары тұлғаға бас ию деген мағына береді).
Барлық мемлекет облыстарға бөлінген, әр облыс басында патша тағайындаған (наместниктер) тұрды. Сонымен қатар Хаммурапи кезінде екі басты наместник – солтүстікте Сиппар қаласында және оңтүстігінде Ларс қаласында тағайындалған. Олардың негізгі жұмысы ирригациялық қаруландыруды және жаңа каналдарды қазуды қадағалау, осы жұмыстарға жергілікті тұрғындарды тартты. Сондай-ақ патша кірісін жинау және патшаға жеткізуді қадағалады, қоғамдық тәртіпті сақтауда полиция қызметін атқарды.
Ежелгівавилон мемлекетінде қауымдық басқару органы сақталған. Қауымдық басқарудың органы қауымдық кеңес болды, бірақ оның басшысы болып патшамен тағайындалған-рабианум есептелді. Қауымдық кеңесті жүргізуде бөлінбеген қауымдық жерлерді басқару, жер және суды пайдаланудағы келіспеушіліктерді шешу, салық жинау,патша бұйрықтарының орындалуын қадағалау қарастырылды. Қауым жеке жағдайларда оның территориясында жасалған қылмыс үшін ұжыммен жауап берді.
Вавилонда сот билігі басқа ежелгі шығыс мемлекеттері сияқты әкімшіліктен ажыратылмаған болған. Сот қызметі сонымен қатар, сот алқасына төрелік етуші “ жергілікті әкімнің ” “рабианумның” қолында болған.
Ежелгі Вавилон мемлекеті Тигр мен Ефрат өзендерінің аралығындағы жердің оңтүстік бөлігінде пайда болған: бұл жердің ежелгі халқы болып шумерлер табылған, ал оңтүстік бөлігінде аккадтар өмір сүрген.
Вавилонның мемлекеті мен құқығы тарихының кезеңдері:
1 кезең - бұл ежелгі вавилондық мемлекеттің ерекше гүлденген кезі, бұл кезде Хаммурапи патша билік құрады. (б.э.д. 1792- 1750 ж.ж.)
2 кезең – б.э.д. XVII ғасырдың соңына келеді, бұл кезең Вавилонның жаңа , бірақ уақытша өрлеуі орын алады.
Қоғамдық құрылысы: 1.авилум – толық ерікті адам. 2.мушкенум – жартылай ерікті. 3.вардум - құлдар.
Басқару жүйесі. Вавилон патшалары құдайдың қалаулылары саналды, билігі шексіз. Сот қызметін арнаулы шенеуніктер атқарды, сот алқалары да болды. Куәгерлер ант қабылдаған уақытта сотқа абыздар - дінбасылары қатысты.
18 ғ патша Хаммураппидің 282 баптан тұрған заңдары жасалды. Ондақылмыстық құқықта талион приципі қолданылған, яғни қанға қан, жанға жан. Егер мушкенум авилумды ұрса 60 рет дүре соғып жазаланды, егер авилум авилумды ұрса 1мина күміс ақша төледі.
Өзін-өзі тексеретін сұрақтар
-
Хаммурапи заңдарының мақсаты неде?
-
Б.з.д XVIII ғасырда Вавилон өзіне бағындырған жерлер?
әдебиеттер:
1.Әмірбеков Ш. Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы. Өркениет, 2000.
2.Мұхтарова А.К. Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы. Алматы, 1999.
3.Булгакова Д.А., Истаев А.Ж., Всеобщая история государства и права. Алматы, 1999.
4.Галанза П.Н. История государства и права зарубежных стран (рабовладельческое и феодальное государства и право) Москва,1980.
5.Батыр К.И. Всеобщая история государства и права. Москва, 1994
№ 4 дәріс
Дәрістің мақсаты : Ежелгі Үндістан мемлекеті мен құқығының маңыздылығын түсіндіру.
Тақырып: Ежелгі Үндістан мемлекеті мен құқығы
-
Ежелгі Үндістан мемлекетінің тарихи кезеңдері.
-
Ежелгі Үндістан мемлекетінің қоғамдық құрылысы.
-
Мемлекеттің жоғарғы органдары: раджалар , орталық мекемелер, кеңестік коллегиялы органдар. Жергілікті басқару органдары. Сот құрылымы.
-
Құқықтың қайнар көздері. Ведалар.Касталар. Артхашастра . Ману заңдары.
Қысқаша мазмұны: Үнді-адамзаттық мәдениеті ошағының бірі. Үнді тарихы өте көне ғасырдан бастау алады.
Б.э.д. ІІ мыңжылдықтың аяғы мен Імыңжылдықтың басындағы Солтүстік Үндістан тарихының негізгі деректеріне ертедегі үнді діни-әдеби ескерткештері ведалар жатады. Олар ән ұрандар, құрбандық пен қарғыс және қасиетті дәстүрлердің жыр жинақтары болып саналады. Ведалар үндіевропалық тілде пайда болған(“веда” сөзі, мысалы, орыстың “ведать” сөзімен туыстас). Оларды құрастыру фактісін өзі Үндістанда үндіевропалық тайпалардың келуімен байланыстырылады. Тілі, діні және аңызы жағынан ведалар Иранның “Авестасына” ұқсас.Ертедегі ведаларды шығарған үнділіктер мен ирандықтардың арғы аталары ортақ бір территорияда тұрған туысқан тайпалар болуы мүмкін. Ғылымда бұлардың екеуінде ариилер деп атау қалыптасқан (арья-қайырымды ерте үнді, ерте иран тайпалық бірлестіктеріндегі жоғары ру басшылары деген аттан-ақ көрініп тұр.
Қоғамның теңсіздігінің күшеюне байланысты, бұрын тайпа жиналысымен сайланған әскери қолбасшысы (раджа), өзіне тайпалық басқару органын бағындырды.
Сол кезде үлкен, күшті мемлекет – Магадха болған. ІҮ-ІІІ ғғ. Маурийлер әулеті өз қол астына бүкіл Үндістан территориясын біріктірген, бұл кезең осы мемлекеттің ең шырқап дамыған кезеңі болған. Магадхо-Маурийлер дәуірі ежелгіүнді мемлекеттілік құрылымы дамуының ерекше кезеңі болып саналады. Маурийлер дәуірінде көптеген мемлекет институттарының негізі қаланды және көптеген саяси оқиғаларға куә болды.
Маурьи империясы әртүрлі даму сатысындағы тайпалардың және халықтардың конглораметі (бірлестігі). Бірақ күшті әскеріне және мықты басқару аппаратына қарамастан, Маурийлер мемлекеті бірлігін сақтай алмады. Б.э.д. ІІғ. Үнді көптеген мемлекеттерге ыдырады.
Ежелгі Үнді мемлекетінің қоғамдық құрылысы. Алғашқы қауымдық құрылыстың бөлінуіне, қоғамдық және мүліктік теңсіздікке байланысты варналар құрылды. Варналар таптық қоғамға дейін пайда болып, таптық қоғамда жария бекітілді. Кейін, тең құқылылар топтарға, ал тең еместер өздерінің қоғамдық дәрежелеріне қарай және құқықтары мен міндеттеріне байланысты бөліне бастады. Некелер тек өз варналарында ғана қиылуға рұхсат етілді, яғни қатаң эндогамдық талап қойылды; белгілі қәсіп мұрагерлікпен бекітілді; бір құдайға бас иеді. Сөйтіп, варналар сапалық өзгеріске ұшырады, яғни тұйық топтарға (каста) айналды. Кастаға жатқызылу адамның тумысынан белгілі болған және мұраланады. Әлеуметтік, экономикалық және идеологиялық сипаттағы факторлар Үндістанда өз ерекшелігі бар әлеуметтік құрылымның пайда болуына, нығайуына және сақталуына ұйытқы болды.
Үнді деректері, жекелеп алсақ «Ману заңы» варналарға мынадай сипаттама береді: брахмандар – абыздар тайпасы мүшелері, кшатрии - әскери аристократия, вайшья – қатардағы шаруалар, шудра – құқығы жоқ қоғам мүшелері енген. Брахмандар абыздардың функциясын атқарған және құдіретті ілімді менгергендер, қоғамда құрметті орынға ие болған. Оларды «авадхья» - қолсұғылмайтындар деп таныған. Шудра варнасының пайда болуы соғыстармен және қоғамдық, мүліктік теңсіздіктің күшеюімен байланыстырады. Өйткені, осының нәтижесінде қауым мүшелері емес көптеген адамдар пайда болды, оларды шудра деп атаған. Қауымға келген келімсектер қауымның толыққанды мүшелері сияқты құқыққа ие бола алмады. Олар қоғамдық жұмыстарды шешуге кіріспейді, қауымдық жиналыстарда қатыспайды; «екінші рет дүнииеге келу» атты құдіретті жораны өтпейді, демек шудралардан басқа ерікті қауым мүшелері «екінші рет туылған» (двиджати) деп саналған. Ал, ең төменгі төртінші варна, бір ғана рет туылған шудралар деп есептелген.
Ежелгі Үнді мемлекетінің мемлекеттік құрылымы. Магадхско- Маурийлер дәуірі монархиялық биліктің күшеюмен және тайпалық басқару институттарының ролінің құлауымен мінезделеді. Мемлекеттің негізгі тұғыры - патша. Мұрагерлік принципі өте қатаң түрде сақталған. Патша тірі кезінде өзінің мұрагерін тағайындаған.
Маурийлер дәуірінде «чакраввартина» концепциясы қалыптасты – бұл бүкіл территорияда жалғыз басқарушының билік етуі.
Маурий патшасы мемлекеттің аппаратының басшысы және заңшығарушы билігін иемденген. Эдиктілер патша атынан және рұқсатымен шығарылады. Ол өзі ірі мемлекеттік шенеуніктерді қызметке тағайындаған және әкімшіліктің басшысы, жоғарғы соттың судьясы лауазымына ие болған. Сонымен қоса, саны жағынан көп әскердің әскерибасшысы.
Көптеген патшаға қарсы ұйымдастырылған сөз байласуларға байланысты патшаның қүзетіне ерекше көңіл аударылған.
Патша сарайында әйгілі брахман әулетінен шыққан патша абызы үлкен рольге ие болған.
Патша сановниктерінің кеңесі – паришад – бұрыннан бері пайда болған, бірақ Маурий дәуірінде саяси кеңестің функцияларын иемденіп, маңызы арта түсті. Ол барлық басқару жүйесіне тексеріс жүргізген және патшаның бұйрықтарын орындаған. Паришадтан басқа сенімді адамдардан тұратын құпиялы кеңес болған.
Паришад саяси орган ретінде – билеушінің абсолютті билігін шектейтін және өзіндік үстемдігін сақтауға ұмтылған әскери және абыздар біліктілерінен құрылған.
Маурийлер дәуірінде мемлекет территориясы провинцияларға бөлінген. Төрт басты провинцияларының басында царевичтер отырған. Бұл провинциялар ерекше мәртебеге, сонымен қоса кіші автономияға ие болған. Жергілікті шенеуніктердің жұмысын тексеру үшін царевичтер өзінің басқару территориясына арнайы инспекторларды жіберіп отырған.
Басты провинцияларға бөлінгеннен басқа, қарапайым провинцияларға (джанападтарға), облыстарға (прадештер), округке (ахале) бөлінген. Провинциалдық басқарудың төменгі әкімшілік бірлігі- ауыл.
Джанапад басында үлкен мемлекеттік шенеуніктер - раджуктар тұрды. Округтың басты қалаларында кеңселер болды, бүкіл үкімдер сол жерден жіберілетін.
Шекараны қорғайтын арнайы шенеуніктер жоғары дәрежеге ие болған.
Мемлекетте жалпы империялық басқару жүйесіне енетін, ескі саяси ұйымдарын сақтаған автономиялық, тәуелсіз полистер сақталған.
Ежелгі Қытай мемлекетінің қалыптасуы. Ежелгі Қытай мемлекетінің тарихын төрт кезеңге бөліп қарарстырады: 1).Шань (инь) дәуірі (б.э.д. ХҮІІІ-ХІ ғғ.). 2).Чжоу дәуірі (б.э.д. ХІ-ІІІ ғғ.) 3). Цинь дәуірі (б.э.д. 221-207 жж.). 4).Хань дәуірі (б.э.д. ІІІ-б.э. ІІІ ғғ.).
Бізге дейін жеткен аңыздарда ертедегі билеуші кемеңгер Яо болған. Ол қартайған кезде өзінің мұрагері етіп, Шуньді тағайындады. Оның тұсында топаң су басады. Одан құтылу жолын Юю тапқан. Ол билікті мұрагерлік жолмен өзінің ұлы Циге берген. Кейіннен Ююдің баласы Ци Ся әулетінің негізін салды. Осы кезден бастап, билік мұрагерлік жолмен берілетін болған. Оның озбырлығына қарсы шан тайпасының көсемі тан қарсы шығып Циді құлатып, Шан әулетінің негізін қалады. Кейіннен ол Инь дап атала бастайды.
Алғашқы мемлекеттік құрылымдар Үндістанда Үндістан түбегінің солтүстік бөлігінде, Үнді және Ганг өзендерінің аймағында пайда болып, ауыл шаруашылығы мен қолөнердің дамуының жоғары деңгейімен ерекшеленген. Б.э.д. II мыңжылдықтың ортасында Үндістанның аумағына арийлер көшпенді тайпалары жаулап кірді.
Достарыңызбен бөлісу: |