«тарих» кафедрасы


 ТАРАУ. СЫР ӨҢІРІНІҢ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ КЕШЕНДЕРІ



Pdf көрінісі
бет17/38
Дата23.10.2023
өлшемі3.11 Mb.
#481446
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   38
Каналхан Е.Г. 2022 сонгы вариант (1)

ТАРАУ. СЫР ӨҢІРІНІҢ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ КЕШЕНДЕРІ 
ЖӘНЕ ТАРИХИ АЙМАҒЫ 
 
2.1 Арал маңы ежелгі халықтарының қоныстану тарихы
(тұрақтар мен қоныстар ) 
Бұл тараушада Сырдарияның төменгі ағысы тас және қола дәуірі 
ескерткіштері және ондағы жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының 
нәтижелері қаралатын болады. Сондықтан А.Л.Яншинің, А.А.Формозов, 
А.В. Виноградов, О.А.Артюхова сынды ғалымдардың еңбектеріне кеңінен 
тоқталып олардың зерттеген ескерткіштер Ақеспе, Сексеуіл және кейінгі 
қола дәуірінің ескерткіші Солтүстік Түгіскен ақпараттар беріледі.
Сыр өңірінің бірінші археологиялық кезеңі палеолит дәуірі 
ескерткіштері Арал,Қазалы, Жалағаш аудандары аумағынан көптеп табылып 
отыр.
Солтүстік-Шығыс жоғары да атап өткендей палеолит дәуірінің
тұрақтары 1979 жылдан бастап ашыла бастады. Арал маңы палеолит 
тұрақтарының тас дәуіріндегі өзекті мәселелерін (тас дәуірі мәдениеттерінің 
дамуы еңбек құралдарының эволоциясы т.б.) шешуде палеолиттік 
ескерткіштердің алар орны ерекше.
Жалпы Қазақстанның оңтүстік бөлігін адамдар тас ғасырының ерте 
палеолит дәуірінде мекендеген. Бұл - адамзат тарихы дамуының басты кезеңі, 
б.з.д. 1 млн-нан 140 мың жыл арасын қамтиды. Осы өңірде адамдардың тас 
ғасырынан бастап мекендегеніне сол дәуір ескерткіштері – тұрақтар, 
шеберханалар мен Қаратау жоталары аймағынан табылған тас құралдар – 
шапқылар мен өзектастар дәлел. Түркістан қаласы жанындағы Қосқорған 
және Шоқтас қасынан таяуда табылған ерте дәуір адамдарының тұрағы 
бірегей ескерткіш болып табылады[60, 15-20 бет]. 
Орта палеолит (мустье) дәуірінде (б.з.д. 140-тан 40 мың жыл арасы) тас 
өңдеудің неғұрлым озық үлгілерін игере бастағаны, адамдардың тасты 
өткірлеп ұштау, қырып жону құралдарын меңгергені байқалады. Кейінгі 
мустье дәуірінің ең бір көрнекті ескерткіші – Қаратау тауындағы Арыстанды 
тұрағы болып саналады. 
Кейінгі палеолит дәуірінде (б.д.д. 40-тан 10 мың жылдар) адамдардың 
көбеюімен бірге олардың тіршілік аймағы да кеңейіп, мекендері мен еңбек 
құралдары да көбейе түсті. Тас өңдеудің де озық тәсілдерін игерді. Дөңгелек 
пішінді құралдардың орнын призмалық өзектастар алмастырды, еңбек 
құралдары мен аң аулауға арналған әртүрлі құралдар – түйреу мен кесу 
құралдары, қырғыш пен жоңғыштар, найза ұштары мен тескілер пайда 
болды. Найза және сүңгі ұштары сүйектен өрнектеліп жасалды. Бұл дәуірдің 
назар аударарлық ескерткіші – Ш.Уәлиханов атындағы тұрақ. 
Арал маңы Кіші Борсық құмы, Қамыстыбас ( Қамбаш көлі) көлінің 
маңында зерттеу жұмыстарын жүргізген Ж.М.Кулумбаев, Б.Ж.Аубекеров 
Д.П.Позднышева, А.А.Словарев, О.А.Артюхова сияқты ғалымдар алғаш 


36 
палеолит дәуірінің тұрақтарын тауып зерттеген. Ашылған Арал-1, Арал-2, 
Арал-3 тұрақтарынан жердің беткі қабатынан тас құралдары жиналып 
алынып, мақалалары жарияланған [42, 32-38 бет]. 
Арал маңынан ежелгі тас дәуірінің тұрақтарының табылуы аймақ 
тарихының тереңде жатқандығын байқатады. Осы өңірді зерттеген археолог 
ғалымдардың пікірінше тас ғасырының мустье кезеңіне орта палеолиттің 
б.з.б. 140-40 мыңжылдықтарға жатқызады. Тас құралдар жиынтығы көбінесе 
сұр түсті кварциттен жасалған, жасалу технологиясы жағынан Францияның 
Леваллуа, Ашель жерлерінен табылған ескерткіштермен ұқсастығы бар. 
Бұл аймақтан палеолит дәуірінің тұрақтарының көптеп табылуы, Арал 
теңізінің жасына қайта қарауға мүмкіндік береді. Бұл кезең ескерткіштерінен 
стратиграфиялық қабаты бар тұрақты табуға болады.
Арал маңының палеолит дәуірінің тұрақтарына 1998-1999 жылдары 
кең көлемді барлау жұмыстарын жүргізген Ресей ғылым академиясы, Ресей-
Қазақстан-Қырғызстан-Өзбекстан біріккен археологиялық экспедициясы 
(жетекшілері акедемик А.П.Деревянко және Ж.К.Таймағамбетов) палеолит, 
неолит дәуірлерінің тұрақтарын қайта зерттеу жұмыстарын жүргізген, 
нәтижесінде Арал 1-2, 4-6, Ақеспе Аққыр 1,2, Қазалы ауданындағы Әйтеке 
би шеберхана орындары 1-12 палеолит ескерткіштері ашылып, беткі 
қабатынан тас құралдар жиналып алынған. Осы экспедицияның зерттеу 
жұмыстары жайлы ғылыми есептері мен қорытындылары біраз мақалаларда 
жарияланды. Аралдың палеолит тұрақтарынан табылған тас құралдар 
Қазақстандағы палеолит кезеңінің ерте және орта кезеңімен мерзімделіп, 
жекелеген мақалаларда материалдары туралы мәліметтер берілді. Қазіргі 
таңда бұл ескерткіштерге кешенді қазба жұмыстары жүргізілмеген. 
Ғалымдардың пікірінше Арал аймағы ескерткіштері көбінесе Кейінгі 
палеолит дәуіріне (б.д.д. 40-тан 10 мың жылдар) жатқызылып отыр [61, 
с.176-185; 62, 433-439 бб.]. 
Қазақстан тарихында тас ғасырының келесі бір кезеңі мезолит кезеңі 
(орта тас ғасыры) б.з.д. 12-ден 4 мың жылдықтар арасын қамтиды дәуірінде 
адам өмірі мен өндірісте едәуір өзгерістер болды. Адамдар садақ пен жебе, 
тегістеп өңделген тас құралдарын жасады. Кесу, тесу, тас бетін тегістеу 
техникасын меңгерді. Құрал саптарының басына өңделген ұсақ тастарды 
(микролит) бекітуді үйренді. Осы әдіспен пышақ пен қол орақ, балта мен 
шот, дән үккіштер жасалды. Жаңа тас ғасырында (неолит) адамдар саз 
балшықтан ыдыстар (керамика) жасауды да үйренді. Бұл дәуірге
Қазақстанның Оітүстік өңірі Отырар (Қызылқұм) ауданы аймағындағы 
Маятас тұрағы, Жаңашілік-1, 2, 3 орындары жатқызылып отыр. Арал 
аймағынан бұл кезең ескерткіштері табылмағандықтан бұл дәуір жайлы тек 
тас құралдардың жасалу технологиясынан байқауға болады. Бұл сәтте Арал 
ауданы Жалғыз-ағым қонысынан табылған тас құралдар жиынтыған байқауға 
болады [63,345-351 бб.; 64, p.41-47]. 
Қазақстан тарихының келесі бір кезеңі неолитшамамен б.з.б. 5500 – 
3000 жылдарды қамтитын тас дәуірінің ең соңғы кезеңі. Бұл кезеңнің соңына 


37 
қарай егіншілік пен мал тарихы ғажайып өлке шаруашылығы пайда болып, 
дами бастады. Бұл кезеңге тән тұрақтар оңтүстік аймақта Қаратаудың 
солтүстігі мен оңтүстігінде кездеседі, олардың ішіндегі Түлкібас 
ауданындағы Қараүңгір өзенінің оң жағасында орналасқан неолиттік үңгір – 
Қараүңгір тұрағынан қазба барысында алуан түрлі құралдар алынды. Қазба 
жұмыстары кезінде тас құралдар, үй жануарларының сүйектері, саз 
балшықтан жасалған ыдыстардың сынықтары мен оттық қалдықтары 
табылды [60, 25 бет]. 
Қазақстанның басқа аймақтары археологиялық зерттеулер нәтижесінде 
Маңғыстауда б.з. б. б—5 мыңжылдықтың шеңберімен анықталған, Бозашы 
түбегінде және Орталық Маңғыстау құмында табылған оюклин мәдениетінің 
тұрақтары бар бір типті оюклин және тюлес мәдениетінің ескерткіштері 
ашылып отыр [65]. Қазақстаның солтүстік өңірі В.Ф.Зайберттің 
жетекшілігімен ашылған Атбасар мәдениетінің тұрақтары Ақмола облысы 
Атбасар ауданының аумағында шоғырланған. Мұнда 200-ге жуық көне 
адамдар тұрағы табылды және зерттелді. Олардың арасында ең танымал Есіл 
және Чаглинка өзендерінің ежелгі арналарында орналасқан Қарлыға, Жабай 
тұрақтары болып табылады. Табылған материалдардың, құрылыстардың түрі 
мен сипаты бойынша Атбасар мәдениетінің тұрғындары жартылай көшпелі 
өмір салтын жүргізгені туралы қорытынды жасауға болады [66;67]. Торғай 
даласынан археолог В.Н. Логвин жетекшілігімен Маханжар мәдениетінің 
басым бөлігі Торғай қалжысының түбінде орналасқан. Олардың тек 
бірнешеуі сақталған мәдени қабаты бар және жақсы зерттелген. Тобыл 
бойында Алкау-2 тұрағы ғана белгілі болып отыр[68]. Қазақстан басқа 
аймақтарында ашылған мәдениеттер көбінесе Маңғыстау түбегінің 
ескерткіштеріне Арал аймағы кіргізліп бірақта нақты неолиттік тұрақтар 
ашылған бұл өте ғалымдардың арасында пікірталас бар. Арал аймағында 
неолит-энеолит және қола дәуірі ескерткіштері тұрақтары мен қоныстары 
үрлемелі құмның табиғаттың қаталдығынан мәдени қабаты сақталмаған 
жойылып кеткен сондықтан әр кезең ескерткіштері араласып кеткен.
Келесі кезең ескерткіштері энеолит дәуірінің ескерткіштері (б. з. д. 3 
мыңжылдықтар). Энеолит өтпелі кезең, мыс тас ғасыры. Миллион жылдар 
бойы тұқымдық құралдарды пайдалана отырып, адам біртіндеп эволюциялық 
жолмен металлдан құрал жасай алатын даму деңгейіне жетті. Адам игерген 
алғашқы металл мыс болды.
Археологиялық қазбалар адам кездейсоқ мыс тауып алғанын 
дәлелдейді. Адамдарға үлкен тастарды жылжыту қиын болды, олардың 
ішінен қару-жарақ жасалды, тұрақты тұрақтарға дейін. Бұл кезең 
ескерткіштері жайлы Қазақстан тарихында атақты еліміздің солтүстік 
өңірінде орын тепкен Ботай мәдениеті Солтүстік Қазақстан облысы 
Никольское аулының жанында Иманбұрлық өзенінің сол жағалауында өзіне 
тән елді мекен бойынша өз атауын алды, б. з. д. 3-2 мыңжылдықта болып 
отыр. Қоныстан көптеген үйлердің орындары анықталған В.Ф.Зайберттің 


38 
жетекшілігмен 1980 жылып қазіргі таңда қазба жұмыстары жүргізіліп жатыр 
[69].
Солтүстік Арал маңынан алғашқы энеолит дәуірінің тұрақтары геолог 
А.Л.Яншин бұл аймақтан кешенді геологиялық зерттеулер жүргізіп Сексеуіл 
тұрағы және бірнеше тұрақтардың орындарын ашады. Соның ішіндегі 
Сексеуіл тұрағының беткі қабатынан тас құралдар мен қыш ыдыстардың 
сынықтарын жинап алады. Айта кететін жайт Ұлы Отан соғысы жылдары 
КСРО Ғылым академиясы Геология институтының тапсырмасымен 
А.Л.Яншин осы аймақта кешенді геологиялық зерттеулер жүргізіп, аймақтың 
табиғи 
байлықтары 
пайдалы 
қазбаларын 
анықтау 
мақсатындағы 
стратегиялық тапсырманы орындайды. Кейін ғалымның «Геология 
Северного Приаралья» атты докторлық диссертациясын 1952 жылы қорғап 
шығып, сол жылы монографиясы жарық көреді [70, с.640].
А.Л.Яншиннің Сексеуіл тұрағынан жинап әкелінген материалдарын 
КСРО Ғылым Академиясы Геология институтының ғылыми қызметкері 
А.А.Формозов танысып, әкелінген материалдар негізінде бірнеше ғылыми 
мақалаларын шығарады, зерттеуші бұл ескерткішті оны Кельтеминар тарихи 
мәдени қауымдастығының шекарасына кіргізіп неолит дәуіріне жатқызған 
[62, 433-439 бб.;71, с.3-5; 72, с.24-25; 73, с. 141-147]. 
Кельтеминар мәдениетін алғаш рет Хорезм археологиялық- 
этнографиялық экспедициясының (әрі қарай ХАЭЭ) жетекшісі С.П.Толстов 
1939 жылы көршілес Әмударияның төменгі ағысынан Джанбас қамалының
маңынан ашқан, сөйтіп жақын жерде орналасқан «кельтеминар» каналының 
атымен мәдениеттің атауын берген. Бұл мәдениеттің мерзімделу уақыты 
б.з.д. III-II мыңжылдықтар. Кельтеминар мәдениетінің таралу аймағы Батыс 
Қазақстан даласы, Ақшадария атырабы, Узбой, Сарықамыс арналарының 
аралығы, Сырдарияның төменгі ағысы, Іңкәрдария өзенінің сағасына дейін, 
Зеравшан өңіріне дейін тараған деп шекараларын кіргізген [74, с. 65].
Кельтеминар мәдениетінің қоныстары уақытша қоныстар болып 
табылып, жылдың төрт мезгіліне арналған. Тұрақ орындарының жақсы 
сақталуы сирек кездеседі,соның ішіндегі өте жақсы сақталғаны Джанбас 4 
тұрақ ескерткіші болып табылады. Осы тұрақты қазу барысында оның 
мәдениетінің қалай даму үстінде болғандығын дәлелдейтін материалдар 
алған. Қазба жұмыстары нәтижесінде жоспары қағаз бетіне түсірілген, қоныс 
түрлері конус тәрізді болып келген, сырты ағашпен немесе қамыспен 
қапталған, алып жатқан аумағы 300 кв. м болғандығы анықталған. Бұл үлкен 
рулық отбасыға арналған үлкен үй болған. Қазба жұмыстары барысында үй 
ішінен ошақ орындары ашылған, жанынан қыш ыдыстардың сынықтары, 
малдың сүйектері табылды. Ошақ әр отбасыға арналған және ортасында 
орналасқан ошақ ұзақ уақыт жанып тұрған, яғни отты кие тұту осы уақыттан 
басталса керек, бұл дәстүр Орта Азия халықтарына тән болып келетін 
құбылыс. Қоныстан көбінесе жайың мен шортан балығының сүйектері, 
қабан, киік, құстардың сүйектері табылған. Тағы да басқа табылған 
заттардың ішіндегі теңіз бақалшақтары және құс жұмыртқасының қабығы 


39 
және басқа да үй жануарларының сүйектерінің табылуы шаруашылықтың 
пайда бола бастағандығын дәлелі болып отыр [ 63, 345-351; 75, с.34-37; 76, 
с.78]. 
ХАЭЭ-сы барлау жұмыстары 1954-1958 жылдары А.В.Виноградовтың 
зерттеу отрядының бастамасымен (экспедиция басшысы С.П.Толстов) 
Солтүстүстік Арал маңынан жиырмаға жуық неолит дәуірінің ескерткіштерін 
анықтаған [77, с.76-81]. Сырдарияның төменгі ағысынан, Іңкәрдария арнасы 
мен Жаңадария бойынан Жалпақ, Есентөбе ескерткіштерін, 1963 және 1973 
жылдары Қосмола, Аймора, Талас ескерткіштерін ашып зерттеген. Табылған 
тас құралдар жиынтығы жақындығы жағынан Сексеуіл ескерткіштерінен 
табылған тас құралдармен ұқсас болып келген, жасалуы жергілікті, 
кварциттен және әкелінген шикізат материалдарынан жасалған тік және 
ойылған жүздері бар дұрыс пышақ тәрізді пластиналар, қырлы пластиналар, 
кесетін өткір тіліктер табылып отыр. Жебенің ұштары-жапырақ тәрізді, 
олардың көпшілігі беткі қабатынан алынған; олардың ұзындығы 3-5 см. Қыш 
ыдыстар кешені жазық түпті, ыдыстардың ернеулері түзу, сәл 
қалыңдатылған, кейде жиек бойымен қиғаш кесілген, иығы анық бөлінбеген. 
Ою-өрнектері: ойық зигзагтар, көлденең және қайталанатын тік, сызылған 
толқын тәрізді және қысқа тарақты штамппен бедерленіп жасалған [78, 90-94 
бет]. 
1954 жылы А.В.Виноградовтың Солтүстік Арал маңында жүргізілген 
зерттеулер нәтижесінде ғалым кельтеминар мәдениетіне жатқызып, 
А.А.Формозовтың тұжырымен келіскен. Ашылған ескерткіштердің қазіргі 
таңдағы белгілері Жалғыз ағым, Шөлқұм, Терменбес т.б. тұрақ орындарын 
анықтаған. Тұрақтардан алынған материалдары неолит және қола дәуірімен 
кезеңдестірген. Кейінгі осы аты аталған тұрақтар 1960 жылы шығарылған 
«Археологическая карта Казахстана» атты жинақта жарық көрді [27, 191-193 
бет].
Арал маңы энеолит-қола дәуірі ескерткіштері табиғаттың қаталдығына 
байланысты мәдени қабаты сақталмаған. Беткі қабатынан жиналып алынған 
заттарға байланысты кезеңдестіріп қарастыруға болады. Қазіргі таңда 1954 
жылы ашылған ескерткіштердің кейбіреулері сақталмаған. Осы материалдар 
1983-1984 
жылдары Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі 
қызметкерлерінің Мәскеуге ғылыми іссапарлары кезінде қайтарылып, қазіргі 
таңда қор бөлімінде және экспозицияға қойылған.
Қола дәуірі (б.з.б. 2-1 мың жылдықтар). Тас ғасыры аяқталғаннан кейін, 
қола дәуірі басталады. Қола ғасыры деп аталуының себебі, осы кезде 
Евразияда қола өндіру тәсілі меңгеріліп, қола заттарын жасай бастады. 
Сырдарияның төменгі ағысы қола дәуір тұсында археологиялық, 
геологиялық деректер бойынша осы уақытта М.Итинаның пікірінше 
Іңкәрдария арнасы өмір сүруін жалғастырып тұрды. 
Басқаша айтқанда Қызылорда қаласының оңтүстігінен бастау ала 
отырып, Іңкәрдария арнасы өз ағысын өзгертіп Аралға қарай құйып отырған. 
Сондықтан оңтүстік Іңкәрдария (Қарадария) орта және Солтүстік (Дарьялық) 


40 
арналарының жүйесі туралы айтуға болады. Бұл ретте, Іңкәрдарияның 
солтүстік аймақтарында байырғы Қызылқұм құмының шетін бойлай келе 
жатқан оңтүстік Іңкәрдария арналардың жекелеген тіліктерімен ғана 
көрсетілген, бірыңғай арна ретінде анық байқалады[79,96-105 бет]. 
Оңтүстік Іңкәрдария (Қарадарья) арнасы қазіргі Қызылорда қаласынан 
оңтүстік-батысқа қарай, Айдарлы ауылынан оңтүстікке қарай құмды 
жиектерінде 1972 жылы Хорезм экспедициясының барлау жұмыстарын 
жүргізген. Барлау жұмыстарының нәтижесінде арналардың жиегінен 
үрлемелі құмның әсерінен ашылып қалған шағын қоныс орындарынан қыш 
ыдыстар сынықтарын анықтап, кейінгі қола дәуірімен мерзімделген. 
Ашылған қоныстар Ортаңғы Іңкәрдария арнасының жағаларынан Көк Сенгір 
шатқалынан ашылып, олардың шартты атауы Тас 1-3 қоныстары және 
оңтүстік Іңкәрдария арнасының жағалауларынан Баян шатқалынан Егізкөк 
қоныстары деген атаумен белгілі.
Бұл қоныстарды мекендеген адамдардың мал шаруашылығымен 
айналысқаны және осы ескерткіштер қола дәуірінің ең соңғы кезеңімен 
мерзімделеді. Қыш ыдыс сынықтары жақындығы жағынан Солтүстік 
Түгіскен кесенесінен табылған ыдыстарға және замараев, әмірабад 
мәдениеттерімен ұқсас болып келген, мерзімі шамамен б.з.д ІІ ғ соңы мен І 
ғасырларға жатады [80].
Бұл жерде Іңкәрдарияның тармақтарынан мал шаруашылығына 
негізделген тайпалар қоныстанған, қыш ыдыстар арнаның жиектерінің 
шетінен табылған, көне бақташылар, қазіргі уақыттағы малшылар сияқты 
өздерінің малдарын құмдарда жайланға ұқсайды.
Осы тұста айта кететін бір дерек қола дәуірінің ескерткіші атақты 
Солтүстік Түгіскен қорымы Іңкәрдарияның құрғап қалған арнасын бойлай 
400 шаршы метрге жуық ауданды алып жатыр. Солтүстік Түгіскен қорымы 
өзінің үлкен жерлеу құрылыстарымен (кесенелер) және олардың үстіне пахса 
кесектерден салынған құрылыстармен ерекшеленеді. 20-ға жуық ірі және 
шағын жерлеу құрылыстарынан тұрады [81].
Еуразия құрылығында қола дәуірнің жерлеу орындары мен 
материалдық мәдениетке бай Солтүстік Түгіскен ескерткіші болып қала 
береді. Бұл жерлеу құрылысында белгілі адамдарды жерленген. Көне 
заманан бастап тоналған бұл қорымда ХАЭЭ-сы зерттеулер жүргізу 
барысында алтынан, күмістен жасалаған бұйымдар тапқан[ 82, p.103-108;83, 
с.75-79 бб.].
Солтүстік Түгіскен маңында мекендеген қола дәуірі адамдары жер 
игеру мен мал бағуды кәсібін қатар алып жүрген. Оған себеп қорымдардан 
табылған ірі қара сүйектері, әсіресе жылқынікі көптеп кездеседі. Қыш 
ыдыстары кешендері Ақшадария арнасының жағасындағы әмірабад 
мәдениетінің тұрақтарындағы қыш ыдыс кешендерімен ұқсастығы бар [74, 27 
бет].
Бұл жұмыстың қорытындылары нәтижелері М.А.Итина мен Л.Т. 
Яблонскийдің «Саки Нижней Сырдарьи» (1997) және «Мавзолеи Северного 


41 
Тагискена. Поздний бронзовый век Нижней Сырдарьи» (2001) еңбектерінде 
көрініс тапқан [84]. 
Кейінгі археологиялық зерттеулер нәтижесінде Аралдың солтүстік 
маңында Арал маңы Қарақұмынан 2013 жылы Қорқыт Ата атындағы 
Қызылорда мемлекеттік университетінің «Археология және этнография» 
ғылыми-зерттеу орталығы және Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология 
институтының Астана филиалының ғалымдарымен бірлесіп Қазалы ауданы, 
Әйтеке би кентінен солтүстік-шығысқа қарай 80 км жерде орналасқан Тапа 
ауылының жанындағы Тапа 1,2 қола дәуірінің ескерткіштерін ашқан [85, 167-
170 бет].
Бұл ескерткіштердің ашылған жердің аймағы шөлді құмды аймақ және 
арналар мен өзендер жүйесі орналаспаған. Қазіргі уақытта мекендеген халық 
суды қолдан қазылған құдықтар арқылы тұтынып шаруашылықа пайдаланып 
келеді. Ескерткіштердің орналасуы үрлемелі құмның әсерінен нақты аймағы 
белгісіз, беткі қабатынан қыш ыдыстар және тас еңбек құралдары жиналып 
алынған. Жергілікті халық қазіргі таңа мал шаруашылығмен айналысып 
отыр, малшылар үйлер жекелей орналасқан әр қайсысының өздері қазып 
алған құдықтары бар. Бұл дейтініміз қола дәуірінде өмір сүрген адамдарда 
мал шаруашылығмен айналысқан. Жылжыған құмдардан алынған бүтін қыш 
құмыралар және тас құралдар жиынтығы табылған.
Қолдан қазылған шегенделген құдықтар бұл аймақта көп кездеседі 
көне қыстаулар жанында және Тапа ауылының маңынан қола дәуірінің 
ескерткіштерінің жанында орналасқан. 2018 жылы Тапа ауылынан оңтүстік 
қарай 50 км жерде Үрген құдығының жанынан қола дәуірі және ерте темір 
дәуір 
кезеңдермен 
мерізімделетін 
ескерткіш 
ашылды. 
Қоныстың 
керамикалық кешеніне байланысты казіргі таңда лаборториялық өңдеу 
жұмыстары жүргізіліп жатыр[86, 178-190 бет]. 
2018-2021 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті 
«Археология және этнография» ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми 
қызметкерлері 
(жетекшісі 
Ә.Ә.Тәжекеев) 
Арал 
маңының 
ежелгі 
тайпаларының қоныстарын зерттеу мақсатында Қызылорда облысы, Арал 
мен Қазалы аудандарында археологиялық барлау жұмыстарын жүргізіп, 
жаңадан тас және қола дәуірлерінің ескерткіштерін ашып зерттеді. Жоғарғы 
айтылған мәліметтер негізінде осы аталған аймақтың тас ғасыры, соның 
ішінде палеолит, неолит ескерткіштеріне назар аудара отырып бұл кезеңнің 
толыққанды зерттелмегендігін байқауымызға болады. Сонда да қолдағы бар 
материалдарға сүйене отырып, Арал маңы ескерткіштерінің материалдары 
көбінесе Кельтеминар мәдениетінің материалдарымен сабақтасып, ұқсастық 
табуы осы аймақтың мәдениеттердің хронологиясын жасауға үлесін қосады. 
Зерттеу деңгейі әлі де аз, кешенді зерттеулер жұмыстары тәуелсіздік 
жылдарын алғаннан бері тіпті жүргізілмеген десек те болады. Палеолит-
неолит-қола дәуірінің ескерткіштері қазіргі таңда зерттеуді қажет етеді. 
Қола дәуірінің соңғы кезеңіне жатқызылатын ірі археологиялық 
ескерткіш Солтүстік Түгіскен кесенелері ХАЭЭ-сының 50-жылдары 


42 
Сырдарияның төменгі ағысындағы зерттеу нәтижесінде (С.П. Толстов) 
Түгіскен қыратында екі ірі қорым орыны анықталды.
Біріншісі, қыраттың солтүстік бөлігіндегі, (Қызылорда облысы 
Жалағаш ауданы территориясы) Солтүстік Түгіскен кесенелері,
Екіншісі, оңтүстігінде орналасқан Оңтүстік Түгіскен қорымдары. Екі 
қорымның арақашықтығы бір-біріне жақын.
Жоғарыда атап өткендей қазба жұмыстардың қорытындалары М.А. 
Итина мен Л.Т.Яблонскийдің «Мавзолеи Северного Тагискена. поздний 
бронзовый век Нижней Сырдарьи» (2001) еңбектерінде қамтылған [87]. 
Солтүстік Түгіскен кесенелеріне қысқаша сипаттама жасайтын болсақ: 
Іңкәрдарияның құрғап қалған арнасын бойлай 400 шаршы метрге жуық 
ауданды алып жатыр. Солтүстік Түгіскен қорымы өзінің үлкен жерлеу 
құрылыстарымен (кесенелер) және олардың үстіне қам кесектерден 
жалғастыра салынған құрылыстарымен ерекшеленеді. 20-ға жуық ірі және 
шағын жерлеу құрылыстарынан тұрады. Қорымдағы ең үлкен кесененің 
сырты дөңгеленіп келген. Іші шаршы пішінді зор құрылыстан тұрады. Оның 
диаметрі 15-ге жуық қабырғаларының қалыңдығы 4 м шамасында. Ауданы 
50 м болып келген ішкі шаршы пішінді бөлме жерге 1,5 м тереңдей енген. 
Бөлме өзінен 2 м қашықтықта дөңгелек қабырғамен айналдыра қоршаған. 
Жерлеу бөлмесінің ішкі қабырғалары қамыстың және бұтақтың қалың 
қабатымен қапталған. Табылған 100-ден астам қола шегеге қарағанда 
бөлменің іші қандай да бір кілеммен жабылғанға ұқсайды. Қорым 
хронологиялық жағынан біртекті емес, ондағы жерлеу құрылыстары б.з.д. І 
мыңжылдықтың кезеңмен мерзімделеді. Жерлеу құрылысының кешені 
жергілікті сарғыш жыныстан жасалаған тікбұрышты қам кесектерден 
(54х28х10/12 см, 48х32х10/12 см) тұрғызылған. Солтүстік Түгіскеннің 
құрылысына мыналар тән: 

жерлеу құрылымдарын салмас бұрын алаңының үстін өртеу; 

тікбұрышты арықшалармен қоршалған жерлеу тақталары; 

жерлеу құрылымын өртеу; 

жерлеу камераларының бұрыштарында бағаналардың болуы. 

жерлеу камерасының айналысында өртеу шеңберінің болуы. 
Көлемдері біршама кішірек басқа үш кесене де – заңғарлы да 
монуметалды. Олардың құрылымы түсінікті емес. Шаршылы болып келген 
жерлеу камерасы бір жағдайда (№ 7 кесене) ғана қам кесектерден өрілген, ал 
қалғаны екеуінде қабырғалар кірпіш колоналар және ағаш бағандарының 
қатарымен (№ 4 және 5 кесенелер) тұрғызылған. Камера шеңберлі жабық 
«дәлізбен» қоршалған. Камерадан 1,5-2 м қашықтықта орналасқан оның ені 2 
м. Дәліздің сыртқы қабырғаларының қаңқасын жиі қойылған бағандар 
құраса, ал ішкі, құрылыстың монументалді қабырғасы камераның 
қабырғалары сияқты кірпештен немесе кезектесіп келген кірпіш коланалар 
мен бағаналар қатарынан тұрады [87,48-50 бет].
Бұлардың бәрі сыртынан қабырғаларының қалыңдығы 3 метр болатын 
шаршы пішінді көлемді қоршаумен қоршалған. Қоршау өзінің жақтарының 


43 
орта тұсында дөңгеленген дәліздің сыртқы қабырғасына нық жанасқан, ал 
оның бос бұрыштарына бір-бірден кірпіштен қаланған көлемді колона 
тұрғызылған. Олар да дәліздің қабырғасына жанасқан. Осы үш кесененені 
алғашқы жалпы көрінісі былай болса керек: шаршылы көлемді қоршау, оған 
ішкі жағынан биіктеу шеңберлі жабық дәліз жанасқан ал ортасында, 
дөңгеленген аулаға онша үлкен емес шаршы пішінді үйшік (5х5 м және 3х3 
м) орналасқан. Қоршаулар мен барлық кесенелердегі жерлеу бөлмелерінің 
кіретін есіктері шығыс жағында орналасқан. Соның салдарынан болса керек, 
барлық кіші жерлеу құрылыстары кесенелерге солтүстіктен және оңтүстіктен 
жанасып орналасқан. Бұл кіші зираттар бір жағдайда ғана үлкен кесенлердің 
қарапайым құрылымын қайталайды, ал қалғандары онша үлкен емес 
тікбұрышты қоршау түрінде болып келген. Бұл кесенелер есіктері шығысқа 
қараған, кесенелердің барлығы тоналған және өртенген. Оның қашан 
болғандығын айту қиын болып отыр. 
Қола дәуірінде Еуразияның солтүстік аймағында Сырдария арнасының 
жағасында құрылыстар әмірабадтық мәдениетпен ұқсас болып салынған. 
Аралдың оңтүстік төңірегімен б.з.б. ІІ мыңжылдықтың екінші жартысында 
өзара жақындасу тек қана Іңкәрдария мен Ақшадария арналары өңірінде 
болды. Б.з.б. І мыңжылдықтың бас кезінде Хорезмдік әмірабад керамикасы 
бүкіл Іңкәрдария бойында дерлік ұшырасады, және Солтүстік түгіскен 
кешендерінен көрнекті орын алады [86]. 
Еуразия құрылығында қола дәуірінің ескерткіші Солтүстік Түгіскен 
болып қала береді. Бұл жерлеу құрылысында белгілі адамдар жерленген. 
Көне заманан бастап тоналған бұл қорымда, ХАЭЭ-сы зерттеп, алтыннан 
күмістен жасалаған бұйымдар табылып отыр. Бұл Солтүстік Түгіскен 
маңында отырған халықтың жер игеру мен мал бағуды алып жүрген. Оған 
себеп қорымдардан табылған ірі қара сүйектері, әсіресе жылқының сүйектері 
көптеп кездеседі. Керамика материалдарын алып қарайтын болсақ бұл 
жерден алынған керамикалар Ақшадария арнасының жағасындағы 
әмірабадтың тұрақтарынан табылып отыр. Қысқа мойында керамика беті 
әдемі қылып сурет жасалған. Бұл Солтүстік Түгіскен маңайынан табылған 
жәдігерлерлердің бірдейлігі, әмірабадтық мәдениетімен байланыстығын 
көрсетіп отыр. 
Түгіскенің кесенелерінің бірінен алпыстан астам ыдыстың мол 
жиынтығы табылған. Түгіскен керамика кешеніне тән ерекшелік алуан түрлі 
болуында. 
Қолмен 
жапыстыра 
жасалған 
ыдыстардан 
жергілікті 
андрондықтардың дәстүрлері ерекше айқын аңғарылады. Негізгі ою-өрнектер 
мәнерлері тең бүйірлі шимақталған үшбұрыштар, ролегтар, меандар, 
тұйықталмаған үшбұрыштар. Түгіскен – Орталық Азиядағы қабір үсті 
құрылысының көлемі мен күрделігі жағынан, сондай-ақ қабірге салынған 
заттарының байлығымен және молдығымен қола дәуірнің теңдесі жоқ 
ескерткіші болып есептеледі.Табылған заттардың, керамика және басқа 
заттар, мәселен жебенің жалпақ қола ұштары, Солтүстік Түгіскен 


44 
кесенелерінің салынған уақытын б.з.б. ІХ-VIII ғғ. деп мерзімдеуге мүмкіндік 
береді[27]. 
Жоғарғы айтылған мәліметтер негізінде осы аталған аймақтың тас 
ғасыры, соның ішінде кейінгі тас ғасыры неолит-энеолит, қола дәуірі 
ескерткіштеріне назар аудара отырып бұл кезеңнің толыққанды 
зерттелмегендігін байқауымызға болады. Сонда да қолдағы бар 
материалдарға сүйене отырып Арал маңы ескерткіштерінің материалдары 
көбінесе Кельтеминар мәдениетінің материалдарымен сабақтасып, ұқсастық 
табуы осы аймақтың мәдениеттердің хронологиясын жасауға үлесін қосады. 
Зерттеу деңгейі әлі де аз, кешенді зерттеулер жұмыстары тәуелсіздік 
жылдарын алғаннан бері тіпті жүргізілмеген десек те болады. Неолит-
энеолит дәуірінің ескерткіштері қазіргі таңда зерттеуді қажет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет