Тарих талқысы Ұлттық тағдыр, Тұлға және тарихи көзқарас



бет6/23
Дата24.04.2016
өлшемі1.83 Mb.
#78713
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

«СССР – дiң бұрынғы одақтастары «қырғи қабақ соғыс» саясатын өршiткен сайын (мемлекет iшiнде жалған үрей тудырып, ұлттық сана – сезiмдi оятпас үшiн, ұлыорыстық идеяны одан әрi қоздыра отырып, тобырды тұқыртып ұстау үшiн – Т. Ж.) Сонау феодалдық дәуiрдегi отаршылдыққа қарсы күрескен көтерлiстерге берiлген бұрынғы бағалар қайта қаралып, жаңадан жалған қондырғылы тарихи көзқарасты телуге тырысты. Шәмiл, Кенесары Қасымов және басқа да ұлттық қозғалыстың көсемдерi ендi жекөрiнiштi етiп көрсетiлдi. Кавказ бен Орта Азиядағы көтерiлiстер отарлау барысындағы ағылшын – орыс бәсекесiнiң тарихымен тығыз байланыстырылды... Бұрынғы тұжырымдарды қайта қарау барысында шектен тыс асыра сiлтеушiлекке жол берiлдi: мысалы, патшаның отарлау саясаты үстiрт, немкеттi айтыла салатын болды; орыстардың қол астына қараудың зардабы жоқ деген тұжырым жасау үшiн шығыс халықтары патша империясына түгелдей өз еркiмен қосылды деп пайымдау – соның кесiрi едi. Тiптi, кейбiр тарихшылар отарлау саясатын көпе – көрiнеу мадақтауға көштi» (Н. Дружинин).
Ұлт – азаттық көтерлiсiн осыншама жексұрын етiп көрсетудiң басты себебi: ұлттың рухани тәуелсiздiгiн жою, дербес халықпыз деген түйсiктi өшiру, ұлттық санасы мен рухы мәңгүрттенген шала тобыр арқылы үрейдiң уысында ұстау болатын. Табиғатынан танымы терең, рухы қайсар Е. Бекмахановтан өзге қазақ ғалымдарының денi идеологиялық тиiрменнiң тезiне шыдамады. Тәптi, ұлы тұлғалардың өзi шайқалып кеттi. Санасы сабылып, бiр – бiрiн айыптап, сеңдей соғылысты. Ресей империясын 150 жыл бойы тiтiркендiрген Кенесары қаншама тағдырды талқыға түсiрiп, қаншама тұлғаларды құрбандыққа шалу арқылы идеологиялық тұғыры «мәңгiлiкке құйылған» кеңес өкiметiнiң ұлт – азатық көтерiлiстi он жыл бойы тарихтың бетiнен сызып тастай алмай дегбiрi қашты.
Өйткенi, бұл күрес – ұлттың рухани бостандыққа ұмтылған мүдделi мақсатын көздейтiн, көкейден күрсiнiсi кетпейтiн ұлы қозғалыс едi. 1941 – 1953 жылдардың арасындағы отандық тарих ғылымы мен кеңестiк идеология дәбiрлерiнiң бастапқыда домалақ арыз, жай арыз түрiнде ұйымдастырған, кейiннен ашық пiкiр таласына түрткi болған Кенесарының iс – әрекетi ақыры жаппай жазалау науқанына алып келдi. Панкратова, Греков, Дружинин, Державин, Кучкин, Зутис, Миллер, Лурье, Вяткин iспеттi ғұлама ғалымдардың табанды қарсылығына қарамастан үнемi арандату арқылы тобырды «қырағылыққа шақырып» дәнiккен отарлаушы, «коммунистiк – коланизаторлық» саясат Яковлев, Морозов, Юшков, Айдарова, Шойынбаев, Якунин, Толыбеков, Акынжанов, Нұрышев, Ким iспеттi заманға бейiмделгiш жалтақ та жарамсақ жандардың жандайшаптығына сүйкене отырып, Кенесарыға және сол арқылы, ұлт – азаттық идеясына қарғыс таңбасын басты. КПСС орталық комитетiнiң насихат және үгiт бөлiмiнiң меңгерушiсi Г. Ф. Александров, орынбасары П. Н. Федосеев, «Правданың» бас редакторы П. Н. Поспелов ұйымдастырған бұл науқан тура он жылдан кейiн нәтижесiн бердi. Тек осы Кенесары мәселесi жөнiнде бес рет қаулы шығып, Е. Бекмахановтың ол туралы еңбегi жетi рет ғылым академиясы, ұлыорыстық шовинистiк пиғылға түстi. Коммунисттiк емес, ұлыорыстық шовинистiк пиғылға құрылған бұл науқанға қарсы пiкiр бiлдiрген академик Панкратова орталық комитеттiң хатшысы Iлияс Омаровқа:
«Тарихи шындыққа кереғар, қалайда қазақ халқының тарихын кемсiтуге тырысушылық пиғылы тарихшылардың арасында өршiп барады. Неге грузин патшалары мен өзбек хандары дәл сондай әрекеттерi үшiн прогресшiл қайраткерлер деп есептелуi тиiс те, ал қазақтар Абылайды немесе Кенесары Қасымұлын қаралауы тигiстi болғанын мүлде түсiнбеймiн», - деп ашына жазды.
Қазақ зиялыларының басына төнген талай қатердi сейiлткен Iлияс Омаровтың өзi де топан суындай қаптаған топас ағынға қарсы тұра алмады. Дәл жаңағыдай батыл пiкiр бiлдiрiп, КПСС орталық комитетiнiң секретарьлары Щербаковты, Андреевтi, Маленковты иландыруға ұмтылған Панкратованың да жүрегi шайлығып, ұстаған тарихи тұжырымның қате екенiн жазбаша мойындауға мәжбүр болды. Қазақстан Компартиясы орталық комитетiнiң бiрiншi секретары Ж. Шаяхметовтiң өзiне: «Кенесарының қозғалысы – ХIХ ғасырдағы қазақ халқының ең көлемдi ұлт – азаттық қозғалысы» деп нұсқау бергiзген Iлияс Омаров қызметiнен босатылды. Е. Бекмаханов халық жауы ретiнде жиырма бес жылға сотталды. Оның кiтабына пiкiр жазған адамдардың өзi қуғынға түстi. Ғылыми ортаны былай қойғанда Қазақстанның бiрiншi басшысының өзi де дағдарып қалды. Отан соғысы жылдарында «Қазақ халқының жауынгерлiк дәстүрiн» мадақтап, ұлттық намысты қоздыру үшiн майдандағы жауынгерлерге жолдаған ресми үндеуiнде Жұмабай Шаяхметовтiң өзi: сендердi қазақтың батырлары, ер жүрек бабаларның Абылайдың, Кенесары мен Наурызбайдың әруақтары қолдасын. Бабаларыңның батырлық рухтарын қашанда жоғары ұстандар! – деген мазмұнда ұран тастады. Ол кездегi баспасөз беттерiнде мұндай сөздер жиi айтылып, намыстың қайрағына айналды. Тiптi, «Кенесары - Наурызбай» туралы дастандар жинағын құрастырып шығуға партиялық тапсырма берiлдi. Сөйтiп, дiн мен әруақты мойындамайтын коммунистiк партия қажет кезiнде алладан дәрмен iздедi.

Жағалауға негiзделген идеологияның алдында ешкiмде еңсесiн тiк ұстап тұра алмады. Он жыл бұрын ғана тұқыртып алған «қара дүлейдiң» үрейi тұлғалардың да жүрегiн тiтiренттi, жан – дүниесiне, жүйкесiне үрей ұялатты. Ерiк, жiгер, намыс, дербес пiкiр, ұлттық сана мен мүдде атаулы ұғымды қолданудың өзi қылмыс ретiнде танылады. «Правда» газетiндегi «Қазақстан тарихының мәселелерi Маркстiк – Лениндiк тұрғыдан баяндалсын» атты 1950 жылы 25 желтоқсан күнi шыққан Т. Шойынбаев, Х. Айдарова, А. Якунин үшеуi бiрiгiп жазған мақала идеологиялық жазалау науқанының ресми түрде басталғанын аңғартты. Есiн жиған ел басылары ежелгi «большевиктiк ақжүректiкке» салып, бiр – бiрiн әшкерелеуге тырысты. Әркiм өз басын арашалауға алдын – ала сақтануға көштi. Ж. Шаяхметовтiң өзi әлденеден қысылып, қымтырылып:


«Мен 1944 жылы Аманкелдi Имановтың қайтыс болуына 25 жыл толуына арналған, «Социалистiк Қазақстан» газетiнде жарияланған мақаламда елеулдi саяси қате жiбердiм. Қазақ жауынгерлерiн немiс – фашистерге қарсы күресуге шақыра отырып, мен оларды өздерiнiң даңқты бабаларына лайықты болуға шақырдым, сөйтiп, Сырымның, Исатайдың, Махамбеттiң, Аманкелдiнiң есiмдерiмен қатар, Абылайдың, Кенесары мен Наурызбайдың аттарын да атадым. Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң сессиясында 1944 жылы сәуiрде жасаған баяндамасында Оңдасынов жолдас та осындай қате жiбердi, Орталық Комитеттiң насихат және үгiт мәселелерiн басқаратын секретары Омаров жолдастың идеологиялық жұмыспен шұғылдануы қанағаттанғысыз болды, буржуазиялық - ұлтшылдық сыпаттағы қателердi дер кезiнде аша бiлмедi және ол қателердi Орталық Комитет бюросының талқылауына салмады. «Қазақ ССР тарихының» екiншi басылуының бас редакторы бола отырып, Омаров жолдас Бекмахановтың қателерi туралы дабылға құлақ қоймады және «Қазақ ССР тарихының» Кенесары Қасымовтың қозғалысы туралы тарауын оның өзiне тапсырды», - деп ақтала сөйледi.
Қазақстанның бiрiншi басшысы саяси идеологиялық арандатудың тұтқасын өте жақсы меңгерген, отыз жетiншi жылдардағы ойрандарда тақыстанып, тәжiрибе жинаған әккi қайраткер болатын. Әңгiр таяқ алда – жалда өз басына үрiрiле қалса, одан құтылудың бiрден – бiр амалы күнi бұрын басын арашалап алу екендiгiн жақсы түсiндi. Ол өзiн – өзi әшкерелей отырып, өзгелердiң де шалағайына қалжуыр байлап кеттi. Қауiп бұлтының басына үйiрiлетiнiн сезгендей, оны күн iлгерi серпiп тастауға ұмтылды және өзiнен кейiнгi тұлғаларға «үлгi де» көрсеттi. Мұның өзi:
«Сiз өзiңiздi идеялық тұлға дәрежесiнде көргiңiз келедi: менiң ақылым, әуелi сол идеяның иесi болып алыңыз, бұл алдыңғысынан көрi тәуiрiрек», - деген Чаадаевтiң пiкiрiн еске салады.
Одақтас мемлекеттiң құқығын иемденген республика басшысының өзiнде дербес идея жоқтығын және ондай еркiндiктiң оған ешқашан да берiлмегендiгiн дәлелдейтiн бұл көрнiстен жеке адамның қандай идеологиялық құрсау мен үрейдiң қыспағында өмiр сүргендiгi анық байқалады. Рухани жазалау саясаты әр бес жыл өзгерген сайын тұлғалардың өзi соған қарай бетiн бұрып, құбылып отырды. Өйтпесе, Жұмабай Шаяхметов iспеттi республикадағы ұлт – азаттық көтерiлiсi қақында бес түрлi пiкiр бiлдiруi ешқандай ақылға симайды. Бұл үшiн «оқшантайдағы адамды» жазғыруға да болмайды. Ол өзiнiң пәрменi жеткен деңгейге шейiн қарсыласып бақты. Ең соңғы бюрода Е. Бекмахановқа сөгiс берiп қана қоюмен шекетелудi көздеген Ж. Шаяхметов мәжiлiстiң соңында оны партия қатарынан шығару туралы ұсыныс жасады. Бiрiншi басшының шарасыздығын осыдан – ақ байқауға болады. Шешiмнiң қате екенiн, барлық саяси арандату науқаны қазақ ұлтының тарихы мен азаттық рухын жаныштауға, сол нысаналы идеяның қайсар күрескерлерi Ермұхан Бекмаханов пен Мұхтар Әуезовтiң жеке басын құртуға арналғанын бiле тұра, жаны ауыра тұра арашаға түсуге дәрменi жетпедi. Керiсiнше, көрсеқызар арандатушылардың пiкiрiн баяндамасында сол күйi пайдаланып:
«...Идеологиялық жұмыста, әсiресе, тарих ғылымы, әдебиет және искусство саласында әлi де iрi кемшiлiктер, саяси қатерлер және ұлтшылдық бұрмалаулықтар бар. Бұл қателер, әсiресе, Кенесары Қасымовтың қозғалысына баға беруде айқын көрiндi... Е. Бекмахановтың» және басқа тарихшылардың, әдебиет зерттеушiлердiң және кейбiр басшы партия (өзi мен Iлияс Омаров - Т. Ж.) және совет қызметкерлерiнiң (Н. Оңдасынов) Кенесары Қасымов қозғалысына баға берудегi принциптiк саяси буржуазияляқ - ұлтшылдық қателерi неде? Бұл қатерлер мынада: бұл реакциялық - монархиялық қозғалыс ұзақ уақыт бойына ұлттық - азатттық қозғалыс деп көрсетiлiп келдi, ал оның басшысы, қазақ халқын тұншықтырушы – Кенесары Қасымов қазақ халқының азаттық қозғалысының басшысы деп дәрiптелiп келдi, шынында мұның бәрi тарихи шындыққа және Сталин жолдастың ұлт мәселесi жөнiндегi нұсқауларына қайшы келдi... Өткен дәуiрден қалған мұраға сын көзiмен қарамаудың нәтижесiнде ақын Қалижан Бекхожин «Батыр Науан» деген поэма жазды, бұл поэмасында Кенесарының iнiсi - қарақшы Наурызбайды халық батыры деп көрсеттi. Ұлы отан соғысы жылдарында жазған өлеңдерiнде ол қазақ жауынгерлерiне Кенесарыны еске түсiрудi, қазақ халқын қан қақсатқан осы қанiшер жендеттей болуды тапсырды. М. Әуезов отызыншы жылдардың өзiнде «Хан кене» деген ұлтшылдық пьесасында Кенесары Қасымовты және оның қозғалысын жақтады. М. Әуезовтiң 1948 жылы «Әдебиет және искусство» журналында басылған «Ақындар ағасы» деген жаңа романында да Кенесары Қасымовтың өз басын бiраз дәрәптегендi болды. С. Мұқанов 1923 жылы «Жайлауда» деген поэмасында Кенесары мен Наурызбайды «өткен заманның батырлары», «қазақ халқының сүйiктi және құрметтi батырлары» деп атады. С. Мұқанов Кенесары қозғалысын 1942 жылы шыққан «Балуан Шолақ» деген повестiнде де дәрiптедi. Кейбiр ақындар өздерiнiң отан соғысы тақырыптарына жазылған шығармаларында ер жүрек совет жауынгерлерiн Кенесары ханға және оның iнiсi Наурызбайға теңедi», - деп жалпылай қамтып, жағалата «жамсатып салды».
Бұл – жеке адамның пiкiрi емес, жазалау үкiмi едi. Бұдан құтылудың жалғыз – ақ жолы бар болатын. Ол «өзiңдi өзiң әшкерелеу», өзiнiң қатарына өзге де жазықтыларды қоса отырып, өзiңдi науқандағы көп «кiнәлiлердiң бiрi» ретiнде көрсету. «Коллективтiк идеяның» жан – дүниенi билеп алғаны сондай, тұлғалардың өзi бұл тұста тобырға қосылып, «коллективтi түрде» бiрiн – бiрi әшкерелеп, «коллективтi түрде» халық жауының қатарына қосылды. Бұл өзi өте жантүршiгерлiк әрi адамды қорлаудың, тұлғаның рухын өлтiрудiң, ұлттың үнiн өшiрудiң барып тұрған қастаншықпағыр көрiнiсi едi.

Ұлттың рухани тiрегiне айналған тұлғаларды кейiнгi ұрпақтың алдында мазақ еттi.

Олардың жеке пiкiрi жоқ, көзқарасы қалыптаспаған, заманның науқандық ағымына қарай құбылып отырғанды. Тұлғаның, ұлы тұлғаның шын пiкiрi қайсы екенiн ажыратудың өзi келер толқынға қиынға түстi. Тiптi, терiс тұжырым жасауға ықпал жасады. Тiптi, сол кеңестiк идеологияның оққағары болған, қазақ әдебиетiнiң аса iрi тұлғаларының бiрi Сәбит Мұқановтың өзi де «халық жауы» есебiнде қарауылға iлiндi. Тағдыр мен танымның тәлкегiне түскен тума талант әйгiлi «Қара тақтаға жазылып жүрмеңдер, шешендер» атты 1923 жылы «Еңбекшi қазақта» жарияланған мақаласында:
«Кенесары ханды алсақ, оның аз өмiрiнде iстеген жақсылық, жамандығы алты алашқа мәлім нәрсе. Кенесарының орысқа соғыс ашуының мәнiсi - қазақ орысқа бағынса елдiгiнен айырылады деген ой емес. Өзi Абылай ханның немересi Қасымханның баласы болды. Жасынан Кене атағы жайылды. Өзін жер тәңірісіндей көрсетіп, аузына қаратып тұрған қазақ елi Кененiң әмiрiне кiрiп, Кененi хандыққа есептемейтiнiн сездi. Сондықтан да ол қазақтың қамын ойлап, Абылай мен Қасымның мұрасын жоқтады», - деп үкiм шығара отырып, тура сол жылы Жұмабай Шаяхметов «Ұмытпай» сынап кеткен «Жайлауда» атты дастан жазуын қалай түсiндiруге болады?
Себебi, дәл сол жылы «Алашорда» қайраткерлерiн лауазымды қызметтен шеттету науқаны басталған едi. Сәбит Мұқановтың «Батырақтан шыққан ақын» қатарында Ахмет пен Мiржақыпты, Әлиханды «күле кiрiп, күңiрене шығып жүрген арамзалардың, болмаса ақ жағаларың әкесi»; Абайды - «өлеңдерi мына заманның әуенiмен кетiп, өзi Кененiң iзiн қуған болмағай едi. Өйткенi, ақындардың көбi шыбық басын сындырып, iстейтiн iсi болмаса да, «мен пәлен, мен түген» деп лаға беретiн» – деп кедейшiлдердiң майданына бiлек сыбанып кiрiсiп кеткен тұсы болатын. Жиырма бiр жастағы ақынға бұл мiнез жарассын делiк. Бiрақ, ақыл тоқтатып, қазақ әдебиетiнiң бәйтерегi атанған, пiкiрiне ұлт сенетiн қырқыншы жылдары «Кенесары - Наурызбай туралы» көлемдi зерттеу жазып:

«Кенесары мен Наурызбайдың халық көтерiлiсiн бастаудағы мақсаты туралы соңғы кезде шейiн қата ұғым болып, оларды «хандықты көксеушiлер, қара басының пайдасы үшiн, хан болу үшiн көтерiлiске қатысушылар» - деп бағалады.

«Бұндай қате пiкiрден, бiр кезде, осы очерктi жазушы автор да сау болған жоқ», - деп сабырлы сабасына түстi.

Ал Кенесары қозғалысы тағы да саяси науқанның дау – дамайына айналып, жазушылар одағының ашық партия жиналысында «Кенесары – халықтың қас жауы» деген тақырыппен талқыға салынып,... «Кенесарының реакцияшыл қозғалысын прогрессивтiк, ұлт – азаттық қозғалысы деп танып», «қазақ халқының тарихының даулы мәселесi болып келген Кенесары қозғалысына көзқарасының тымшұғыл өзгеруiнiң себебiн Мұқанов жолдас осы жиналыста ашып айтуы керек» болғанда тағы да оп – оңай өзгерiп:



«Түймедей болсын, түйедей болсын, бәрiбiр, күнәнiң аты – күнә. Сондықтан «мен аз қателестiм» немесе «оның қатесi көп» деп дәрменсiз дәлелдер iздеп жатудың керегi жоқ. Кiнәлiсiң бе – мойынңа ал кiнәңдi!.. Аз ба, көп пе, әңгiме онда емес, әйтеуiр мен де қателестiм, онымды түп – түгел мойындаймын... Өз қатемдi адалдықпен мойындай тұра, осы сұаққа жауап бере кеткiм келедi. Себепсiз салдар жоқ, жолдастар! Турасын айтуға керек, Қазақстанда совет үкiметi орнағаннан бастап – ақ Кенесарыға батыл қарсы шыққан кiсi екеу болса, бiреуi мен едім. Сол пiкiрiм ұлы Отан соғысының алғашқы жылдарына дейiн өзгерместен келдi. Ал 1942 жылы қазiр осында қайта - қайта аталып жатқан кiтабымда бұрынғы дұрыс пiкiрiмнен шұғыл бас тарттым. Ашық түрде, больщевикше мойындаймын, бұл – менiң қателiгiм. Бiрақ сын ретiнде, менiң әлгi қателiгiме сол кездегi жауапты қызметкердiң бiрi Әбдiқалықов (Орталық комитетiнiң идеология жөнiндегi хатшысы – Т. Ж.) жолдастың да мықтап ортақтасқандығын, тiптi менiң қателесуiме қолма - қол себепшi болғандығын айтпай өте алмаймын», - деп мәлімдеме жасады.

Тiптi, қазақ ұлтының рухани көсемi дәредесiне көтерiлген Сәбит Мұқанов, академик Сәбит Мұқанов «пiкiрiн тағы да шұғыл түрде өзгерткенiне» қысылып - қымтырылған да жоқ. Өйткенi, ол кiсi идеологиялық «ойынның ережесiн» жақсы бiлетiн. Iле «өзiнiң кiнәлi екенiн» ұмытып, Бекмаханов пен Әуезовке қарсы ұйымдастырылған науқанға белсене араласып кеттi. Басқа – басқа, халық сүйген, сенген Сәбит Мұқанов «Қазақ әдебиетiнiң тарихын» оқыған, академиктiң пiкiрiне имандай ұйыған ұлттың тарихи көзқарасы «шұғыл түрде» бұрмаланғанымен санаспады да.


Бұл – кiнәләу, жазғыру емес. Заманының тiлiне ерген, жалған, тұрақсыз идеяның шылауында кетiп, жеке басының тұлғасын, көзқарасын бiлдiретiн түпкi пiкiрiн анықтап кете алмаған тұлғаның дәрменсiздiгiне дәлел ғана. «Балуан Шолақ» повестiнде Кенесарының суретiн қарауыл ғып атып жатқан казак–орыстармен Балуан Шолақты қамшыластыратын жазушы Сәбиттiң жазушылық позициясының анықталмай қалуында. Өйтпесе, амалын тауып басын ажалдан құтқарғаны үшiн қаламгердi тiрi пенде жазғыра қоймайтыны анық. Тұлғалардың тұжырымы тұздай ерiп, талантты тұншықтыруға тосқауыл қоймай, тасқынның iшiне өзi де қосылып алап, ұлтына, ұлтының азаматтарына тигiзетiн артқы зауалын ойламауында. Егерде, бiрден жалт ете қалмай, пiкiрiн байыпты баяндап, ғалым ретiнде ой толғап, тоқтам салса, ешкiмде Сәбит Мұқановтың бетiнен қақпас едi. Бұл тұста тұлғалардың пендеге айналып кеткенi сондай, Қасым Аманжолов сынды найзағай мiнездi ақынның өзi жан досы Қалижан Бекхожин туралы «хандардың жоқтаушысы» атты әшкерелеушi мақала жазып:
«Кешегi атышулы Шыңғысқа ұқсап» - дейдi де Наурызбайды Шыңғысқа теңейдi. Бұған қарағанда Бекхожиннiң «Ақсақ құлан», «Батыр Науан» поэмаларын жазғандағы ой арқауы бiр екенiн айқын көремiз. Бұл екi поэмадағы оның пiкiрi ағып келiп мынадай арнаға құяды: кешегi қанды шеңгел Шыңғыс қазақ хандарының атасы едi, Кенесары, Наурызбай сол Шыңғыстың ұрпағы иедi, - дейдi. Сүйтедi де - «беттi Шыңғысқа (яғный шығысқа) қарай бұру керек, европа мәдениетiне қарсы шығу керек» деген саяси идеяны дәрiптейдi. Бекхожин мұны мойындасын, мойындамасын, бiрақ оның поэмаларында айтылған пiкiрден туатын қорытынды осындай. Бұл қателiктер оның 8 – класқа арнап шығарған оқу құралында да кездеседi. Тiптi, онда айтуға ауыз бармайтын сұмдық сөздер жазылған... 1944 жылы Бекхожиннiң «Шеру» атты өлеңдер жинағы шықты. Жинақ «Қазақ ұлына» деген кiрiспе өлеңмен басталады. Бұл өлеңде ол не айтады? Қазақ жауынгерiне жаумен жағалас дегенде, «атаң қазақ разы болсын», «ата қоныс – сарыарқа разы болсын» дегеннен басқа ештеме айтпайды. Совет елi үшiн, больщевиктер париясы үшiн, совет елiндегi туысқан халықтардың туы үшiн күрес деген сөздер Бекхожиннiң ауызына түспейдi. Немiс басқыншыларды жойған негiзгi күштерiмiздi көргiсi келмейдi» - деп досын «жайратып салды».
Бұған таңданатын ештеңе де жоқ. Өйткенi, тұлғаны тұншықтыру үшiн екiншi бiр тұлға оған арандату – жазалау идеологиясының басты құралдарының бiрi болатын. Әрине, Бекхожин де «қарап қалмады». Ақыры ыстық достық суыды. Ұтқан – арандатушы саясат болды. Токвиль айтқандай, адамның қолымен құрбандықа шалды.

Осынау ұзақ - ұзақ үзiндiлердi оқыған кейiнгi толқын жағасын ұстап, жатырқай қарауы да мүмкiн. Шындықтың аты – шындық. Оған ара түсе алмайсың. Бiрақ бiз де мұны пәлен сөйтiптi дегiзгелi мысалыға алып отырғамыз жоқ. Талай талантты тұқыртып, арандатып тынған өктемшiл қаскүнемдiкке (шовинистiк қаражүздiлiкке) иек артқан идеологияның қасiреттi зардабын дәлелдеу үшiн тiлге тиек еттiк.

Бiлген дұрыс. Бiлiп барып пiкiр қорытқанда ғана тұлғаларымыздың қалай етекбасты пенде дәрежесiне дейiн құлдырауының себебiн түсiнемiз. Өзге – өзге, тура осы Кенесары үшiн отыз жыл бойы азап шегiп, бөзек көрген, қалың қауымға «алаштың» тiрi өкiлiндей, ұлттық рухтың жиынтық бейнесiндей көрiнген Мұхтар Әуезовтiң өзi де бұл тұста шайқалып кеттi. Бiрақ ол өзге тұлғалар сияқты «шұғыл өзгермедi». Ең ақырғы басқышты басып тұрып, түрмеге жабылудан өзге жол қалмағанда ғана:
«Мен өз қателерiмнен бастаймын. Мен 1928 жылы «Хан кене» пьесасын жазған едiм. Бұл шығармада автордың ұлтшылдық дәрiптеу бағыты айқын көрiнiп едi. Алғашқыда бұл пьеса театр сахнасында да қойылмады, басылып та шыққан жоқ, тек қолжаба күйiнде ғана қалды. Бес жыл уақыт өткен соң, 1933 жылы театр қызметкерлерiнiң пьесаға бiраз түзетулер жасап бер деген сөзiн ескере отырып, мен пьесамды едәуiр өңдедiм. 1934 жылы пьесаның премьерасы қойылды да, репертуардан алынып қалды. Өйткенi, пьеса саяси мазмұны жағынан қате, совет жұртшылығына керексiз болды. Сол кезде менiң пьесам туралы да, Кенесарының өзi жөнiнде дұрыс пiкiр айтқан Мүсiрепов жолдас болды. (С. Сейфуллин мен I. Жансүгiровтiң есiмi ол кезде аталмайтын. Сондықтан да М. Әуезов олардың атын бұл арада атамай отыр – Т. Ж.). Ол қазақ еңбекшiлерiнiң патша өкiметiне қарсы күресiн Кенесары қозғалысынан емес, 1916 жылғы оқиғалардан iздеу керек дегендi айтты, ал Кенесарыны халықтың қас жауы, керiтартпа хан деп атады. Осыдан кейiн мен бұл пьесаға қайтып оралған жоқпын», - деп түсiнiк берумен шектелдi.
Яғни, тұлға ретiнде өзiнiң жазушылық көзқарасын қорғап қалды. Қандай құқай көрсе де «Хан кене» мен «Қилы заманға» қол тигiзген жоқ, ол шығармаларынан ашық бас тартпады. Тек үнсiз қалдырды. Айта кететiн бiр жайт, Ғабит Мүсiрепов те Кенесары туралы сонау 1934 жылы айтылған пiкiрiнен қайтпады. Елуiншi жылдары да, I. Есенберлиннiң «Қаhар» романы талқыланған тұста да тiптi, «Ұлпан» атты жетпiсiншi жылдары жарияланған шығармасында да Кенесарының жеке басына сын көзбен қарап, оны ұлттық тұлға ретiнде тануға ықылас танытпады.

Бұл да тұлғаның тұлға ретiнде өз пiкiрiн қорғай бiлгендiгiн байқатады. Мұндай пiкiр түюге Ғабит Мүсреповтiң толық қақы бар. Ол жазушының, еркiндегi мәселе. Әңгiме тұлғаның тұлғасыздыққа құлдырауы туралы болып отыр.

Әрине, қара дауылдың зауалынан құтылу үшiн және өзiнiң ең басты кiтабы – «Абай жолын» арандатудан сақтау үшiн Мұхтар Әуезов те өзiнiң еркiнен тыс бiраз «шұғыл өзгерiстер» жасады. «Ақын аға» жөнiнде айтылған авторлық баяндаулар мен кейiпкерлердiң сөзiн мүлдем кереғар мағынада қайтадан жазды. Баспаналап Мәскеу қаласына жасырынып барғаннан кейiн СССР жазушылар одағы мен «Литературная газетадан» сауға сұрап, олардан жеке басын арашалап қалуды өтiндi. Сонда ғана ол:
«Абайдың мектебi туралы қате болып шыққан көзқарасымның ықпалымен жүре отырып «Абай» романының жалғасы болып саналатын «Ақын аға» атты кiтабымды жазып шығып едiм. Бұл кiтапта мен ескiшiл, реакционер Көкбайды романдағы, жағымды, Абайдың озық ойлы өнерiн бойына сiңiре бiлген адамның бiрi етiп көрсеттiм. Ал, Көкбай болса - қазақ халқының дұшпаны Кенесары Қасымов туралы дастан жазған едi. Қазақтың еңбекшi халық үшiн Кенесары Қасымов қозғалысының реакциялық, жаулық ниетiн және оны қорғаушы тарихшылар мен буржуазиялық ұлтшылдарды әшкерелеген 1951 жылы «Правда» газетiнде жарияланған «Қазақстан тарихының мәселелерi Маркстiк – Лениндiк тұрғыдан баяндалсын» деген мақала мен соған орай өткен Қазақ ССР Ғылым академиясы мен Қазақстан Жазушылар Одағы бiрлесе ұйымдастырған пiкiр таласынан кейiнгi қорытынды пiкiр «Ақын аға» романындағы Абай мектебi туралы қателiктерiмдi терең сезiнудiң негiзiнде ғана мен романның бiраз жерiн өңдеуге мүмкiндiк алдым», - деп уәж айтты.
Әрине, бұл мойындаудың өзi де ұлы қаламгерге оңайға түспедi. Алайда одан басқа тығырықтан шығатын жол да қалмап едi. Қатаң идеологиялық Қысымның нәтижесiнде жүздеген адам абақтының есiгiн ерiксiз «ашып» едi. Мұхтардың бостандықта жүруi – түрмеге қамалғандардың түбiнде ақталып шығуының кепiлi сияқты көрiндi. М. Әуезов оны жақсы сезiндi және солар үшiн рухани күресiн тоқтатқан жоқ. Сондықтан да тұлға ретiнде бас тартпайтын бiраз пiкiрлерiн қырнауға мәжбүр болды. Бұл – тұлғаны тобырдың көңiл – күйiне билеткен, жеке ойлау жүйесi бар, рухани тәуелсiз тұлғалардың еңсесiн ұстауға бағытталған ұлыдержавалық, ұлыорыстық, шовинистiк идеология үстемдiк еткен, «коммунистiк – колонизаторлық» отарлау саясатын асқан әккілікпен жүргiзiп жатқан қоғамның тұсында өмiр сүруге мүмкiндiк беретiн бiрден – бiр дұрыс «түрменiң стратегиясы мен тактикасы» (М. Әуезов) болатын. Тарихи шындықтың жолына басын тiккен Ермұқан Бекмахановтың өзi түрмеден қайтып келген соң әуелi ғылыми тұжырымның астарын аударып, «Қазақстанның Ресейге қосылуы» атты монография жазуға мәжбүр болды.

Өкiнiшке орай, Кенесары мен ұлт – азаттық күресi туралы ұстаған идеологиялық жазалау саясаты мен тұлғаларды тұншықтырып ұстау тәсiлi мұнымен аяқталмады. Қазақ ұлты тәуелсiздiк алғанша еркiн ойлауға ерлердiң санаға сiңiп қалғаны сондай, ұлтымыздың тарихи кезеңдерi мен тұлғалардың сол тарихи оқиғалар жөнiндегi қилы - қилы көзқарастары туралы қалыптасқан жаңсақ пiкiрлерден әлi де арыла алмай келемiз. Бұл тұжырымдарды талқыға сала отырып, ұлттық сана, тәуелсiз рух, дербес мемлекеттiк саясат тұрғысынан баға бермейiнше, бiз ұлтымыздың да, ұлттық тұлғаларымыздың да тауқыметi тағдырын толық түсiнбеймiз.

Ал өткендi саралап алмай, iлгерi басудың өзi де тағы бiр қателiктiң басы болып есептеледi.

Идеологиялық жазалау саясатының қыспағында жүрiп ұлттық рухын сақтап қалған және ұлттық идеяны нысана етiп ұстаған Мұхтар Әуезов пен Ермұқан Бекмаханов iспеттi ұлы тұлғалардың көзқарастарын саралай отырып тарихи шындықты қалпына келтiремiз. Сөйтiп тарихи танымға негiзделген тәуелсiз талқы арқылы ұлтымыздың келешегiне жол ашамыз. Ұрпақтарды адастырмайтындай ұлағат қалдырамыз. Онсыз iлгерi жүру – өткелсiз дариядан секiрiп өтуге тырысқан парықсыздардың жансебiл әрекетiмен бiрдей деген сөз.

Е К I Н Ш I Б ӨЛ I М
ЕЛ ТАЛҚЫСЫ




1
Тұлғасыз ұлт – тұлдыр ұлт. Өйткенi тарихтағы ұлы сiлкiнiстер – ұлы тебiренiстен туады. Ал ұлы тебiренiстер – ұлылардың ой толғанысы мен таным талқысынан күш алады. Қоғамдағы күйзелiстер мен бұырқаныстардың тұсында тұлғалардың ақыл – ойы, рухани қуат - қайраты, қайраткерлiк қабiлетi мен характерi шешушi, жағымды мiндет атқарады. Ұлттың келешектегi даму бағыты мен танымдық рухын, құрмет тұтар қадiр - қасиетiн, бақыты мен сорын сол сiлкiнiс пен тебiренiстердiң шарпысқан шағындағы ұлылардың адамға, ұлтқа, қоғамға деген тарихи көзқарасы, азаматтық тұлғасы, рух тазалығы анықтап бередi. Ұлттық тұлғаға: «Арпалыс алақұйын заманалар, арбасып тұрып алды мен нетемiн?» - деп (Қасым Аманжолов) дәрменсiздiк таныту – намыс. Себебi: «Әркiмдi заман сүйремек, заманға жаман күйлемек, замана оны илемек!» (Абай). Ал рухы күштi, «Ұлы өзегi таза», «арабсқан алақұйын заманаларда» өзiн – өзi қорғауға қабiлеттi ұлт – келешекке қол созған ұлт. Сондай талантты, қайсар, дүниедегi өз орыны үшiн күресе бiлетiн, елдегiн есмiнде ұстаған ақыл – санасының, iшкi қайратының ең қасиеттi мүмкiндiгiн көрсететiн, ешқандай сыртқы және iшкi ықпалға көнбейтiн, ешкiмге тәуелсiз ой қорытып, шешiм қабылдайтын қайраткер тәрбиелеп шығаруы заңды әрi тарихи қажеттiлiк... «Iргелi жақсыға жарымаған ел» - бақытсыз (Абай). Ондай жұрттың нәсiл, ұлыс, халық ретiнде өмiр сүруiнiң өзi қауiптi әрi ұлттық қорлық. Өйткенi «қол қайраты мықты» (Абай), қандай «күштi үкiмет» (Шәкәрiм) болса да ол:




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет