1 -Тақырып: Тарихи өлкетану пәні, оның мақсаты мен міндеттері
1.Өлкетанудың ғылым ретінде пайда болуы
2.Өлкетану жұмыстарының негізгі мазмұны. Зерттеудің әдістері мен принциптері
3.Мектептегі өлкетану жұмысы
1.Өлкетанудың ғылым ретінде пайда болуы
Ғылыми пән ретінде өлкетанудың өзінің зерттеу объектісі бар табиғатты, халық, экономикасы, тарихы, өлкенің өнері. Негізгі дерек ретінде « Өлкетанудың библиографиясы», «басқа деректері», «статистикалық мәліметтері», «тарихи ескерткіштері»және т.б.
Қазақстан жоғары мектебінің алдына қойылған міндеттерді орындаудың маңызды жолдарының бірі болып тарихи өлкетану табылады. Өлкетану деп белгілі бір аймақты жан-жақты зерттеп-тану ісін айтамыз. Әдетте, ондай зерттеуге өлкенің әлеуметтік-экономикалық, саяси, тарихи және мәдени дамуы, сондай-ақ, оның табиғи сипаты нысан болады.
Өлкетану-мазмұны мен жекелеген зерттеу әдістері бойынша бір-бірінен ерекшеленетін, бірақ, бір тақырыптық жиынтықты құрай отырып, өлкені ғылыми тұрғыдан жан-жақты тануға мүмкіндік беретін бірнеше ғылыми пәндер кешені.
«Қазақстан
Республикасында тарихи сана қалыптасуыны тұжырымдамасында» айтылған: «Тарихи ағарту және тәрбиелеу жастарды өз халқының рухани әлеміне баулуға, оның мәдениетінің, тарихының тамырларын үйрету, халық поэзиясы, музыкасын, бейнелеу өнерін түсінуге ықпал ету. Осы мақсаттарға орай өлкетану жұмысын жаңғырту, тарих, мәдениет және табиғат ескерткіштерін қорғауды күшейту керек» /1/.
Қазіргі уақыттың үлгісінің бірі - ұлттык; және жалпы адамзаттық терең туыстық сезімі арқылы өтіп жатқан, өзін-өзі анықтау мен ұлттық жаңғыру процестері. Ұлттық тарихты бізге білу қажет, себебі онда жаңа қоғам құрылысшыларының, қасиетті күш-куаты жинақталған. Патриотизм, бабалар ісіне деген мақтаныш әр адамда болуы керек.
Өлкетанудың көрнекті өкілдерінің ойларының творчестволық мұрасын зерттеу, отандық мектептің өзгешілігін анықтау, осы мәселелермен айналысу қазіргі күндері өте қажет. Тарих ғылымы бос сөздерден біртіндеп айырлып келе жатқан кезде, тарихи шындықты орнату ұмыт қалған есімдерді қайтару қажет.
Өлкетану әлеуметтік-мәдени тәжірибенің көптеген саласында маңызды орын алады. Тарихи-мәдени мұраны сақтау мен зерттеуде, мемлекеттік архив, мұражай қорларын жинақтауда, халықтың тарихи сезімін қалыптастыруда тарихшылар мұражай мен архив кызметтері көп жағдайда соған байланысты болады.
Маңызды мәселе бірақ, әлі күнге дейін қазақстандық өлкетану әдебиеттерінде көрініс таппаған, отандық мұражайтану және өлкетану ойларын зерттеу тарихи мәселелері болып табылады. Оның үстіне көрнекті ғалымдар Қазақстанды зерттеуге қосқан үлесін талдау қажеттілігі, баяғыдан бері пісіп-жетілді.
Бұндай іс атқарылмаса кейбір маңызды мәселелерді анықтау, ғылыми зерттеулердін, болашақ бағыттарын белгілеу және қазіргі өлкетану саласында өңдеу жұмысын жүргізу мүмкін емес.
Қадір-қасиеттік деп шарты атауға болады, ол отандық өлкетану ойын шынайы басымдылыққа жеткізу қажеттілігі мен өлкетану ісінің теориясының тарихы мен өркендеуіндегі көзге көрінбейтін билік кұруылуына байланысты.
Мәселенің өңделуі. Тарихи өлкетанудың пайда болуы революциядан бұрын болды. Жергілікті зерттеушілер мен өлкетанушылар, Қазақстанның ірі қалаларында ашылған мұражайлар мен Орыс географиялық қоғамының төңірегіне біріге бастады.
Осындай маңызды мәліметтер революциядан бұрынғы қалалар тарихы, қазақ-орыс қарым-қатынастарына арналған мәселелер Н.В. Алексеенко, М.ААсанов, В.Я.Басин, М.Бижанов, В.Галиева, Д-И. Дулатова, Ж.К.Касымбаев, А.М.Қимасов, АА.Горячев еңбектерінде дәлелденді.
Қалалар тарихы мен ондаған статистикалық комитеттерді тарих және мәдениет мамандары зерттеді, бірінші ғылыми қоғамдар құрылып ғалымдар мен әуесқой өлкетанушыларды біріктірген қалалар революциядан бұрынғы өлкетану орталықтары болды. Бұл мәселенің тарихнамасы жеткіліксіз немесе шағын үзінді ретінде зерттелген. Мәселенің жекелеген аспектілермен мына ғалымдар айналысты:ЕрофееваА /12/., Масанов Е./27/, Есеналина Ж. /13/, Сабырханов А./28/, Кононов А. /21/, Лунин Б.В. /24,25/, Ахметова С.И/5/, Қасымова А./20/ ж.т.б., әрі ғылыми-зерттеу институттары мен мекемелердің еңбектері.
-
Өлкетану жұмыстарының негізгі мазмұны. Зерттеудің әдістері мен принциптері
Өлкетанудың негізгі анықтамасы. Әр елдің өзіндік жеке тарихы болып табылады. А.С.Карковтың берген ғылыми анықтамасы бойынша «өлкетану бұл бірнеше ғылымның кешенді жиынтығы, әр түрлі әдістері мазмұнына қарамастан, барлық жиынтығы өлкенің тарихын жан жақты қарастыруға болады».
Тарихи өлкетану жалпы өлкетанудың бір саласы ретінде өзіндік тарихи бір пән болып табылады. Олсондықтанекіерекшеліккеие:
1) тарихи оқиғаларды жекешелей қарайды.
2) өзіндік жеке сала болып табылады.Сондықтанбұлтарихиөлкетанусаласындағыәртүрлібағыттарбойыншабөлінеді. Танушылық, қайтақараушылық, бағалыбағыттылығы, коммуникативтік.
Тарихиөлкетануерекшеқанағаттандыраалатынқоғамдық ой пікірдіқалыптастыраалатын сала болыптабылады.
Жергіліктіматериялдарнегізіндетарихиөлкетанудыңтәрбиелікмаңызы бар. Бастытәрбиелікдерекретіндежәнеоныңмеханизміретіндежергіліктідәстүрболыптабылады. Яғниоләртүрлісебептер мен зерттеулерінің қызығушылығын туғызады. Өлкенің тарихы бұл күрделі өлкетанушылық жұмысты талап етеді. Жұмыстың көптілігі мен уақыт кезінде де күрделі болыпк еледі. Өлкетанудың зерттеу негізі жергіліктіжердіңтарихыболыптабылады.
Қазақстан жоғары мектебінің алдына қойылған міндеттерді орындаудың маңызды жолдарының бірі болып тарихи өлкетану болып табылады. Өлкетану деп белгілі бір аймақты жан-жақты зерттеп тану ісін айтамыз. Әдетте, ондай зерттеуге өлкенің әлеуметтік-экономикалық, саяси, тарихи және мәдени дамуы, сондай-ақ, оның табиғи сипаты нысан болады.
Өлкетану-мазмұны мен жекелеген зерттеу әдістері бойынша бір-бірінен ерекшеленетін, бірақ, бір тақырыптық жиынтықты құрай отырып, өлкені ғылыми тұрғыдан жан-жақты тануға мүмкіндік беретін (жол ашатын) бірнеше ғылыми пәндер кешені.
Студенттер туған өлке тарихы бойынша белгілі бір ғылыми принциптерге негізделген нақты білім беру-басты міндет. Оқу-тәрбиелік міндеттермен қатар тарихи өлкетану қоғам мүддесіндегі міндеттерді де шешеді. Ол, өз кезегінде, студенттердің бойында қоғамдық пайдалы істерге деген дағдыларды қалыптастырып, сонымен бірге, оларды тарихи жәдігерлерді қорғауға ынталандырады.
Студент белгілі бір ғылыми принциптерге негізделген тарихи өлкетану бойынша негізгі тақырыптық мәселелерді білуі, сондай-ақ, жоғары оқу орнында оқытылатын тарих курсы мен туған өлкені зерттеп-тану барысында алған білімдері мен дағдылары арасындағы байланыстарды бақылап, айқындай алуы қажет.Сол сияқты, өлкенің тарих және мәдени ескерткіштерін өз бетімен ғылыми зерттеу тұрғысынан тану жұмыстары дағдыларын меңгеру. Географиялық ортадағы орындарын белгілей білу, ауданның белгілі бір бөлігінің қоныстану тарихы туралы, сол ауданның топонимикасы туралы түсініктерді меңгеру, жекелеген аудан немесе облысқа сипат дарытатын ерекшеліктерді ажыратып, айқындай білу әдістемесін меңгеріп практикалық жұмыс барысында қолдана білу осылардың барлығы студенттің өлкетану бойынша білімін құрайды.
3.Мектептегі өлкетану жұмысы. Тарихи өлкетану мектеп бағдарламасына кейіннен қосылады және жалпы білім беретін мектепте ақпарат беретін негізгі сала болып табылады. Өлкетануоқушыларкөзқарасынкеңейтеді. Отаншылдықтәрбиеқалыптастырады.
Өлкетанумектепқабырғасындатәрбиелікмәні бар пәнретіндеқарастырады. Оқушылардыңізденужұмыстарындамытады. Тарихиөлкетанумектепте факультатив ретіндеқарастырылады. Мектептентыстапсырмаларберіледі. Жергіліктіматериялдаротандықтарихтыңбөлінбесбірбөлігіретіндеқарастырылады.
Тарихи өлкетану мектеп бағдарламасында кеңінен қолданылады және жалпы білім беретін мектепте ақпарат беретін негізгі сала болып табылады. Өлкетану оқушылардың аөзқарастарын кеңейтеді, отанщылдық тәрбие қалыптастырады.
Өлкетану мектеп қабырғасындағы тәрбиелік маңызы бар пәннің бірі болып табылады. Оқушыларды іздену жұмыстары дамытады. Тарихи өлкетану мектепте факультативтік сабақ ретінде өтіледі, мектептен тыс тапсырмалар беріледі. Жергілікті материалдар отандық тарихтың бөлінбес бір бөлігі болып табылады.
Туған өлкені зерттеу ерекше қанағаттандырлық алатын, қоғамдық ой-пікірді қалыптастыратын сала болып табылады. Жергілікті материалдар негізінде таихи өлкетанудың тәрбиелік маңызы бар. Басты тәрбиелік дерек ретінде жергілікті дәстүр болып табылады. Яғни ол әр түрлі студенттерінен зерттеушінің қызыығушылығын туғызады. Өлкенің тарихы – бұл әдептігімен, уақыт кезенінде де өте күрделі болып келеді.
Тарих мұғалімі оқушыларда өткеге қатысты білоім қалыптасуна тырысу керек. Басты нәрсе өлкеге қатысты жан-жақты ақпарат беру.
Әдебиеттер:
-
Ахметова С.Ш. Историческое краеведение в Казахстане,А-А., 1982.
-
Матюшин Г.Н. Историческое краеведение.М.: «Просвещение». 1987.
Ащурков В.Н,. КацюбаД.В., Матюшин Г.Н. Историческое краеведение М.1980
3. Ахметова С.Ш. Историческое краеведение в Казахстане,А-А., 1982
7. Нурбекова Н. Целесообразность изучения краеведческого материала на уроках.// История Казахстана: преподавание в школе № 4,2005
8. Кравченко Л.Б. О работе школьного краеведческого музея школы гимназии №6 г.Семипалатинска.// История Казахстана: преподавание в школе №4 2005.
9. Кравченко Л.Б. Тематические выставки в школьном краеведческом музее. // История Казахстана: преподавание в школе №7,2004
11. Курумбаев Н. Этнокультурное обследование Западно-Казахстанской области. // История Казахстана: преподавание в школе № 6,2004
2- Тақырып: Қазақстанда тарихи өлкетанудың кезеңдері және негізгі ұйымдастыру формалары.
1.Қазақстанда өлкетану жұмысының негізгі кезеңдері және оның сипаттамасы
2.Тәуелсіз Қазақстандағы өлкетанудың ерекшеліктері
3.Өлкетанулық материалдардың баспасөз және басқа арнайы басылымдарда жариялануы.
1. «Жерде тіршіліктің пайда болуы» экспозициясы облысымыздың табиғи байлықтарының дамуы және оның пайда болуының негізгі кезеңдерінен және тауып алынған геологиялық және палеонтологиялық коллекциялары біздің территориямызда өмір сүрген ежелгі жануарлардың қалдықтары және олардың тіршілігінің дамуы жайлы құнды мәліметтер береді. Экспозициядағы бағалы экспонаттар болып палеонтологиялық қазбалар, яғни, ежелгі жануарлардың қалдықтары болып табылады: мамонттардың, исполин бұғысының мүйіздері және т.б. «Табиғат» залында облыс аймағындағы қазіргі уақытта кездесетін әртүрлі құстар, сүтқоректілер, жануарлар көрсетіледі. «Археология» залының экспозициясында облыс территориясындағы 600-ге жуық тұрақтар мен қорғандарды зерттеген ғалым-археологтардың көп жылдық еңбегінің нәтижесі (Майтан, Еңбексүйгіш, Беғазы-Дәндібай және т/б.). Қарқаралы тауларында зерттелген үңгірдің макет-диорамасы алғашқы адамдардың өмірінен мәлімет беріледі. Батпақ 8, 12 тұрақтарынан табылған құралдар алғашы адамдардың еңбек-құралдарымен таныстырады – нуклеустер, қырғыштар, тескіштер, қысқыштар, шапқыштар таныстырады.
«Өнеркәсіптік Қазақстан және ортағасырлық пен кейінгі ортағасырлық мәдениет және этнография» залы Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу тарихымен таныстырады. ХІ-ХІІ ғасырларда Қазақстан мәдениетінің гүлденген кезеңі. Экспозицияда қазақ даласының атақты тұлғалары көрсетілген.
ЕлімізТәуелсіздік алғаннан бастап, халқымыздың тарихын қайта зерттеп, зерделеуге мүмкіншіліктер туды – ол «ХХ ғасырдың басындағы қазақ даласындағы ұлт-азаттық қозғалыс» залының экспозициясында көрсетілген. Қойылған мұрағат құжаттары мен фотосуреттер ХХ ғасырдың 20-шы жылдарындағы мемлекеттің ірге тасын қалаушылары Алаш-Орда қоғам қайраткерлері А. Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М. Шоқай, Ә.Ермеков, М. Дулатов және т.б. туралы мәліметтер береді.
«Облыстың мәдениеті» залының экспозициясы ХІХ-ХХ ғасырлардағы облыс мәдениетінің дамуынан сыр шертеді.
«Қарағанды көмір бассейнінің құрылуы» залы Қарағанды қаласының құрылу тарихына, көмір бассейнінің дамуы мен өркендеуіне арналған. Зал экспозициясында 1920–30 жылдардағы алғашқы геологтар А. А. Гапеев, З. П. Семенова, И. В. Орловтар туралы деректер берілген. 30-шы жылдардағы бірегей суреттер, «Шатырлы қала», «Забойда» диорамалары Қарағанды қаласын алғашқы құрушыларының тұрмысы мен еңбек жағдайын айқын көрсетеді.
«Қарлагтың тарихы және Ұлы Отан соғысы» залында 1931 жылы құрылған Қарағанды еңбекпен түзеу лагерінің мұрағат құжаттары, фотоматериалдар, жәдігерлер сыр шертеді. Қарағанды лагерлері құрылғаннан бастап, онда 47 ұлттың тұтқындары қамауда болған. Лагерь картасы мен Қарлагта «халық жауы» ретінде тұтқында болғандардың материалдары назар аударады. Олардың ішінде әйгілі саяси басшылар және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, суретшілер бар. Экспозицияда атақты ғалым – биофизик А. Л. Чижевский, әдебиетші, аудармашы Эйхлер және т.б. туралы құжаттар бар. «Қарағанды облысы Ұлы Отан соғысы жылдарында» залының экспозициялары біздің жерлестеріміздің майдандағы және еңбектегі ерліктері туралы паш етеді. Соғыс жылдары біздің өлкеден майданға 50 мың қарағандылықтар аттанған. Сталинград түбінде, Днепрді соғыспен алған 77-ші артполкі Қарағандыда құрылған. 33 қарағандылықтар Кеңес Одағының Батыры атағына ие, 9 адам Даңқ орденінің Ш-ші дәрежесінің иегерлері. Олардың ішінде Кеңес Одағының батырлары Нүркен Әбдіров, Мартбек Мамыраев, Қазыбек Нұржанов және т.б. Келушілер құжаттармен, фотосуреттермен, жауынгерлер хаттарымен, батырлардың жеке нәрселерімен таныса алады.
Қарағанды облысы Кеңес дәуірінде» залы Қарағанды облысының 1946–1990 жылдардағы даму тарихын көрсетеді. Осы кезде Қарағанды қаласы мен облыс Кеңес одағының ең ірі өндіріс және мәдени орталығының біріне айналды. 1970 жылдан Қарағанды – КСРО-ның үшінші кочегаркасы болды. Қарағанды шахталарында бірнеше рет көмір өндірудің дүниежүзілік, жалпыодақтық, республикалық рекордтары жасалды.
Теміртау металлургиялық зауытының құрылысында тек Қазақстаннан ғана емес, бұрынғы Кеңес Одағының барлық республикаларынан жастар келіп еңбек етті. 1960 жылы 3-ші шілдеде № 1 домна пеші алғашқы Қазақстан шойынын берді. Бұл күн Қарағанды металлургиялық комбинатының туған күні болып саналады, экспозицияда осы домна пешінің макеті берілген. Тарихи шойын қорытуда жас металлург Нұрсұлтан Назарбаев – болашақ Қазақстан Республикасының Президенті қатысты.
Экспозиция материалдары Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру жұмыстарының материалдары қойылған. Соның нәтижесінде Қазақстанда 1 млн 232 мың га жер игеріліп, 16 ірі жаңа кеңшарлар салынды.
«Ғарыш залы» біздің жерлесіміз, қазақтың тұңғыш ғарышкер-ұшқышы Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы Тоқтар Әубәкіровке арналған. 1991 жылы 2 қазанда Тоқтар Әубәкіров кеңес-австрия экипажының құрамында ғарышқа ұшты. Көрушілер халықаралық ғарыш стансасының макетін ашық ғарыш шебінде көріп қызықтайды. Экспозицияда сонымен қатар Тоқтар Әубәкәровтың ғарышқа аттанар алдындағы фотосуреттері, жеке нәрселері, авиация құралдары қойылған. Қарағанды облысының аумағында орналасқан Байқоңыр ғарыш айлағының – бірегей ғылыми-техникалық комплексінің материалдары да қойылған. «Тәуелсіздік Қазақстан кезіндегі Қарағанды облысының дамуы» залының экспозициясында реформа жағдайындағы орта және кіші бизнестің, халыққа білім беру жүйесінің, денсаулық сақтау, қаржы мекемелерінің дамуы туралы материалдар қойылған. ҚР Тұңғыш Президентіне арналған көрме залының экспозициясында Егеменді Қазақстанның Тәуелсіздігінің 15 жылғы сыртқы және ішкі саясаты бейнеленген, Үкіметтің, Парламенттің, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жұмыстарын айқындайтын материалдар қойылған. Жаңадан ашылған «Бабалар бейнелері» залында профессор М. М. Герасимовтың әдістемесі бойынша бас сүйектің бет пішінін қалпына келтіру арқылы әрбір бас сүйекке «тірісіндей» пішін берілген. Компьютерлік анимация нәтижесінде «тірілген» адамдар белгісі тарихи оқиғалар, діни түсініктемелер, өз тайпасының мінез ерекшеліктерін, мәдениетінің сол кездегі әлеуметтік құрылымы туралы түсініктеме береді. Витриналарда Қазақстанның ежелгі тайпаларының материалдық мәдениетін сипаттайтын қару-жарақтар, үй тұрмысы құралдары, әшекейлер, қыш ыдыстары қойылған.
ҚР Президентінің «Қазақстан халқының әл-ауқатын-арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Жолдауына сәйкес; Халықаралық әйелдер күніне «Өлкенің даңқын асқақтатқан ару әйелдер»; ҚР ҰҒА-ның академигі Г.А. Құлқыбаевты еске алу кешіне арналған «Сарыарқа өңірінің өшпес жұлдызы»; ҚР Президентінің «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Жолдауына сәйкес; Астана қаласының 10-жылдығына «Астана-келісім мен бейбітшілік ордасы»; Ғарышкерлер Күніне «Қарағанды — ғарыш айлағы»; Ислам дініне қатысты «Мәулет күні»; «Күн қанатты тұлпарлардың алтын ізімен: ежелгі көшпелілер дәуірінің қолөнері» — Астана қаласының Мемлекеттік алтын және бағалы металдар музейінің республикалық алмасу көрмесі; Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне «Тамыры терең бәйтерек»- КирОАК-нің юстиция халком хатшысы және республика прокуроры (ХХ- ғ. 30-шы жж.) Ж. Сәдуақасовқа арналған; «Қарағанды телеарнасының 50-жылдығы»; Кеншілер Күніне арналған-«Қазыналы кенді өлке»; Қолданбалы өнер шебері Ж. Сыздықовтың «Шебердің жүрегінен саз жүзіне құйылған алланың нұр сәулесі» көрмесі; Ұлттық теңге Күніне арналған — «Қазақтың төл теңгесі»; «Ойыншықтардың ертегі әлемі» — 50–80 жж. шырша ойыншықтарының көрмесі.
Қазақстанда өлкетану патшалық Ресейдің қазақ даласын отарлау мақсатында алдын ала арнайы әскери экспедиялар шығарып, ғылыми-танымдық зерттеулер жүргізу шеңберінде енді. Ресей өкіметі 18 ғасырдың 2-жартысында қазақ жері, халқы, шаруашылығы және этнографиясы бойынша зерттеу жүргізу үшін алғашында Солтүстік және Батыс Қазақстан, кейінірек Орталық Қазақстан аумағына экспедициялар ұйымдастырды.
Қазақ өлкесін зерттеу жұмыстарына И.И. Лепехин, П.С. Паллас, П.И. Рычков, И.К. Кирилов, В.Н. Татищев, А.И. Левшин өз үлестерін қосты. Қазан төңкерісіне дейін 19 ғасырдада Қазақстанның ғылыми-танымдық Өлкетануында Орыс география қоғамының 1868 жылы құрылған Орынбор бөлімшесі жетекші орын алды. Бөлімше өлкенің географиясын, тарихын, этнографиясын, қазба байлықтарын және статистикасын зерттеумен айналысты. Бұл бөлімшемен қатар Торғай статистика комитеті мен Орынбор ғылыми архив комиссиясы (1887) ашылды. Бұл өлкеде атқарылған жұмыстарға Ы.Алтынсарин, С.Бабажанов, Б.Дауылбаев, Т.Сейдалин, С.Жантөрин, т.б. өз үлестерін қосты. Өлкетанудың тағы бір орталығы Орал қалысы болды. Онда Орал казактарының тарихы мен шаруашылығына, балық аулау кәсібі мен шаруалардың қоныстану мәселесіне көбірек көңіл бөлінді. Омбы қаласында жергілікті жерді зерттеушілер Ақмола статистика комитетінің жанындағы география қоғамның бөлімшесіне бірікті. Батыс Сібір Өлкетану қоғамдарына қазақтардан Ш.Уәлиханов, Ә.Бөкейханов, т.б. белсене қатысты. 19 ғасырдың аяғында Батыс Сібір география қоғамы бөлімінде саяси жер аударылғандар көп болды. Солтүстік Қазақстанды зерттеуде Өлкетану қоғамдары өлкенің тарихы, экономикасы, табиғи жағдайлары жөнінде едәуір материалдар жинап, жариялады. Өлкетанушылар этнография, жергілікті өсімдіктер және жануарлар дүниесі, минерология бойынша бай экспонаттар жинақталған жергілікті мұражай құрды. Бұл Қазақстанда ғана емес, бүкіл Сібірге де мәлім мұражайлардың бірі болатын. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан өңірін зерттеумен 1896 жылы Ташкент қаласында ұйымдастырылған Ресей география қоғамының Түркістан бөлімшесі, сондай-ақ ауыл шаруашылық қоғамы, Шығыс археологиясы мен тарихы үйірмесі белсенді айналысты. Қоғамдарда Е.Букин, Н.Жетпісбаев, Ә.Диваев, І.Қостанаев зерттеулер жүргізді. Жетісуға П.П. Семенов-Тян-Шанский, кейініректе А.Н. Краснов, А.Ф. Голубев, М.И. Венюков экспедициялық сапарлар жасады. Сонымен қатар 1896 жылдан жұмыс істей бастаған “Дала облыстарын зерттеу жөніндегі экспедиция” Ресейдің ішкі губернияларынан келетін шаруаларды қоныстандыру үшін өлкенің барлық уездерін табиғи-тарихи және шаруашылық-статистикалық жағынан зерттеуге баса көңіл бөлді. Ғылыми-танымдық материалдардың қорын жасауда, оларды жарыққа шығаруда облысы статистика комитеттері үлкен рөл атқарды. Қазақстанды басқару саласындағы әкімшілдік реформаларға байланысты 1886 жылы статистика комитеті “Қазақтардың заңдық ғұрыптарын зерттеуге арналған материалдарды” басып шығарды. Кеңес үкіметі орнағаннан кейін Қазақстанда Өлкетанудың тұрақты ғылым мекемелері мен ғылыми-зерттеу интернаттары, қорықтар ұйымдастырылды. Өлкетану бойынша Қазақстанды зерттеу қоғамы аясында және Кеңес өкіметінің Қызыл керуен, Қызыл отау шараларының негізінде көптеген жұмыстар атқарылды. Бұл кезеңде негізінен Қазақстанның табиғи ресурстарын игеру, шикізаттың жаңа көздерін ашу, индустрияландыру, елдің бет-бейнесін түбірінен өзгерту, кеңестік шаруашылықтар мен мәдени құрылыс бағдарламасын іске асыру мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді. Қазақстан Өлкетануында Қ.И. Сәтбаев, Ә.Х. Марғұлан, т.б. қомақты еңбектер атқарды. Бірқатар тұрақты және маусымдық экспедициялар Қазақстанның жер қойнауын, өсімдік, жануарларын, жалпы табиғатын кешенді зерттеу және тарихи-археологиялық қазба жұмыстарын жүргізумен қатар жергілікті халықтың мәдениетін, тілін, өнерін, ауыз әдебиеті үлгілерін жинастырумен де айналысты. 1973 жылы Кеңес Одағы жергілікті халықтар өлкесінің тарихын, экономикасын, мәдениетін, табиғатын зерттеп білуге қатысты арнайы Бүкілодақтық туристік экспедициялар ұйымдастырылды. Туристік-өлкетану үйірмелері жұмыс жасады. Өлкетанудың жергілікті орталықтары ретінде тарихи-өлкетану мұражайлары, мәдениет үйлері, түрлі үйірмелер құрылды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері жергілікті жерлердегі Өлкетану мекемелерінің ісін жандандыру, бұрынғы жер-су атауларының шығу тегін зерттеп, қалпына келтіру, халыққа көп танымал емес бай мұраны жинастыру, тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғауға алу ісі қолға алынды. Жергілікті жерлерде облыс, аудан Өлкетану мұражайлары жұмыс істейді. Қазақстанның әр өлкесіне арнайы ғылыми-зерттеу экспед-ицияларын ұйымдастыру да ілгері дамуда.
Қазіргі күні өлке тарихына, жерлес жазушыларымыздың шығармашылығына қызығушылық күн санап артып келеді.Өлкеміздегі тарихшыларымыздың басты мақсаты - өлкеміздің тарихына жаңаша ой жүгірту, өлке тарихының ақтаңдақ беттерін түгендеп, жоғымызды тауып, өшкенімізді түгендеп, қалпына келтіру. Осы орайда, айта кетсек, біздің өлкетану ақпараттарының орталығы да осындай игі істермен айналысуда. Жалпы өлке тарихына және жергілікті ақын-жазушылардың шығармашылығына қызығушы оқырмандардың, тарихи зерттеумен айналысушы студенттер және оқу үрдісінде аймақтық компонентті пайдаланатын ұстаздар мен оқушылардың жүгін жеңілдету мақсатында төмендегі өлкетану құралдарын ұсынып отырмыз.
«Алтайдың асыл жыршысы»
Шығыстан шыққан, Алтайдың ақиық жыршысы О.Бөкейді сіздерге таныстырып жату әбестік. Оралхан есімін бүгінде елімізде білмейтін жан жоқ деуге болады. Оралхан Бөкей өз болмысында да, шығармашылығында да халқымен, туған жер, өскен елімен әрқашан бірге болды. Өзі артынан ерген қаламдас жерлес інілеріне де: -... Ел жаққа келіп-кетіп, аунап-қунап жүріңдер. Елден қол үзбеңдер. Ауылды ұмытпаңдар,- деп аманаттаған екен. Бірақ біз ардақтыларын тіріде емес, өлгеннен кейін ғана бағалайтын халықпыз ғой. Оралхан елімізде соншама даңқты бола тұра, шығармаларында туған жер, өскен жері мен жерлестерін қаншама дәріптесе де, өз елінде жеткілікті бағаланбай келгені де шындық. Өзі бұл туралы талай жазды да, достарына: «Катоннан ауылға жету үшін автобус күтіп жүргенің, мені бүкіл Қазақстан басына көтергенде өз ауылым онша менсінбейді» деп өкпе-назын айтқан кездері де болыпты. Тек Оралханнан айрылғаннан кейін ғана өр Алтай жұртшылығы қандай асылынан айрылғанын түсініп, Алтайдың ұлылығын жырлап өткен ұлдарын жабыла жоқтады. Оралханның 50 жылдығы оны жоқтау асына айналды. Ал жазушының 60 жылдық мерейтойы бүкіл республика бойынша аталып өтілді. Жазушының есімін ұлықтау жөнінде біршама істер атқарылды. Оралханды көзі көргендердің естеліктері мен шығармалары жайлы ойлар баспасөз беттеріне көптеп жарияланды. Оралхан жайлы естелік кітап біреу-ақ болғандықтан, мен де жұмыс бабына байланысты осыларды біраз жыл жинаған едім. Бүгіндері қарасам, біршама дүниеге айналыпты. Бұлар негізінен республикалық «Қазақ әдебиеті», «Жас алаш» пен облыстық «Дидар», Катон-Қарағай ауданының «Арай», «Луч» газеттерінде және кезінде Катонқарағай аудандық білім департаменті шығарған «Самал» газеттеріне жарияланған мақалалар.
Қазіргі күні де пән мұғалімдері, қазақ тілі бөлімінде оқитын студенттер, оқушылар, жалпы Оралханның өмірі мен шығармашылығы жайлы білгісі келетіндер көптеп саналады. Соларға азды-көпті септігін тигізер деген оймен жоғарыдағы еңбек көпшіліктің пайдалануына ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: |