«Тарихи өлкетану» пәнінің оқу- әдістемелік кешені (ПОӘК)


-Тақырып: Тарихи өлкетанудағы жазба деректері



бет5/7
Дата08.06.2016
өлшемі0.74 Mb.
#123129
1   2   3   4   5   6   7
6-Тақырып: Тарихи өлкетанудағы жазба деректері

  1. Жазба деректерінің түрлері

  2. Көне және ортағасырлық қолжазбалардың Қазақстанның тарихи өлкетануын оқытудағы құндылығы.

  3. Қазақстанға әр түрлі уақыттарда келген шет елдіктер еңбектерінің өлкетанудағы деректік маңызы.

« Өлкетану  өзінің туған жерінді аялауды, сүюді ғана үйретіп қоймайды, сондай-ақ ол туралы білуінді, тарихқа, өнерге, әдебиетке деген қызығушылық танытуға, мәдениет деңгейін көтеруге үйретеді»
Академик Лихачев Д.С

Халық мұқтаждықтарының өзгеруіне, өлкенің тарихы мен ерекшеліктеріне қызығушылықтың өсуіне баланысты 2010 жылдың 1 қантарынан бастап  «Өскемен қаласының орталыққа бағындырылған кітапханалық жүйесі» мемлекеттік мекемесінің №3 филиал-кітапханасы жаңа бағытта жұмысын бастады- Өлке тану ақпарат орталығы. Бұл  өлкетану  саласында жұмыс жүргізу қажеттілігіне сәйкес дер кезінде қабылданған шешім.

Әр адамның көкейінде ата-бабалары мен өзінің туып-өскен жеріне деген  сүйіспеншілігі сақталады. Сондықтан ол сүйіспеншілік өшпес үшін оны тәрбиелеу және қолдау қажет.Бұл өлке тану қызметінің басты мақсаты болып табылады.

Жаңа бөлімнің шұғыл шешуін қажет ететін басты мәселенің бірі өлке тану қорын толықтыру, ақпараттық потенцииалды нығайту болды.

Өлке тану – бұл туған өлкенің тарихы, табиғаты мен экологиясы, экономикалық, әлеуметтік-құқытық  дамуы , рухани шыққан тегі, әдебиеті және көркемөнері. Жаңа бөлім өте жас, бірақ орталық мамандары әртүрлі жұмыс түрінің көмегімен, кітапхана рухани өмірдің орталығы екенін одан әрі дәлелелдей отыра, кітапхананы өлкетанушылармен, қоғамдық қайраткерлермен және басқа да танымал адамдармен кездесу орны ретінде пайдалана отыра, Кенді Алтай  мәдениетті дәулетін насихаттайды.

Жас ұрпақта елдің мәдениеті мен  ғылымына  зор үлес қосқан атақты да танымал Өскемендіктермен кездесуге мүмкіндігі бар. Бұл жерде Өскемен қаласы туралы, оның көшелері мен саябақтары туралы қызықты әңгіме естуге  ,ғимараттардың, үйлердің құпиясын ашуға, қаланың сан-алуан сәулеті әлемін көруге болады.

Тарихи өлкетану жалпы өлкетанудың бір саласы ретінде өзіндік тарихи пән болып табылады. Ол сондықтан екі ерекшелікке ие: 1) тарихи оқиғаларды жекешелей қарайды және 2) өзіндік жеке сала болып табылады. Бұл тарихи -өлкетану саласындағы әр түрлі бағыттар бойынша бөлінеді: танушылық, қайта қараушылық, бағалы-бағыттылығы, коммуникативтік.

Туған өлкені зерттеу ерекше қанағаттандырлық алатын, қоғамдық ой-пікірді қалыптастыратын сала болып табылады. Жергілікті материалдар негізінде тарихи өлкетанудың тәрбиелік маңызы бар. Басты тәрбиелік дерек ретінде және оның механизмі ретінде жергілікті дәстүр болып табылады. Яғни ол әр түрлі себептермен зерттеушінің қызығушылығын туғызады. Өлкенің тарихы – бұл өте күрделі өлкетанушылық жұмысты талап етеді, жұмыстың көптігімен, уақыт кезеңінде де өте күрделі болып келеді. Өлкетануды зерттеудің негізі жергілікті жердің тарихы болып табылады.

Өлкетанудың негізгі анықтамасы - әр елдің өзіндік жеке тарихы болып табылады. А.С.Барковтың берген ғылыми анықтамасы бойынша «Өлкетану бұл бірнеше ғылымның кешенді жиынтығы, әртүрлі әдістері мен мазмұнына қарамастан, барлық жиынтығы өлкенің тарихын жан-жақты қарастыруға бағытталады».

Ғылыми пән ретінде өлкетану өзінің зерттеу объектісі бар – табиғат, халық, экономика, тарих, өлкенің өнері. Негізгі дерек ретінде «өлкенің библиографиясы», «баспа деректері», «статистикалық мәліметтер», «тарихи ескерткіштер» және т.б Деректер әр түрліі материалдық, жазба, ауызша болып бөлінеді. Өлкетанушы-мұғалімнің міндеті: 1. не іздеу керек. 2. қалай іздеу керек. 3. қалай қағазға түсіру керек.

Өлкетану жұмыс ұйымдастыру мәселесі бойынша мемлекеттік, қоғамдық және мектептік болып бөлінеді. Өлкетанудың негізінде қажеттілік және білуге құштарлық болып табылады. Өлкетану негізі тарихи зерттеумен байланысты. Өлкетанудың бастаулары халықтық өлкетануға қатысты қалыптасқа. Олар өлкенің білгірлері болып табылады. Мысалы, өлкенің алғашқы деректері ауызша тарихи деректермен тікелей байланысты.

ХҮІІІ ғ. өлкеге Ресей тарапынан бірнеше академиялық экспедициялар ұйымдастыруға байланысты бірнеше мәрте әр түрлі деңгейлерде зерттеулер жүргізіле бастады. Орыс дерекетрімен қатар өлкенің тарихына қатысты шығыс деректері;Ғ парсы, араб тіліндегі тарихи жазбалардың мазмұны өте құнды. Өлкетану мәселесінде Ш.Уәлихановтың еңбегі зор.


Әдебиеттер:

  1. Ашурков В.Н., Кацюба Д.В., Матюшин Г.Н. Историческое краеведение.М., 1980.

  2. Матюшин Г.Н. Историческое краеведение М. 1987

  3. Жиренчин А.М. Из истории казахской книги. А., 1971. Истрин В.А. Возникновение и развитие письма, М., 1965г.

  4. Мамажанов М.К., Коротковский М.П. Книги Казахстана, А.,1977

  5. Елеукенов Ш. Кітаптану негіздері, А., 1997

  6. Елеукенов Ш. Қазақ кітабіның тарихы, А., 1999

  7. Аллаберген Қ., Нұсқабай Ж., Оразай Ф. Қазақ журналистикасының тарихы, А., 1996

  8. Атабаев Қ. Қазақ баспасөзі Қазақстан тарихының дерек көзі, А., 2000

  9. Прошлое Казахстана в источниках и материалах. В 2-х сб. Сб 1. А.,1997 Сб.2 А., 1998

  10. Практикум по древней и средневековой истории Казахстана А., 2000

  11. Қазақтар. Казахи. Т.7., А.,1998



7-Тақырып: Тарихи өлкетануда ауызша деректер

        1. Туған өлке тарихын зерттеуде топонимиканың деректік маңызы.

        2. Топонимиканың деректері мен түрлері.

        3. Халық ауыз әдебиеті шығармаларының өлкетанулық құндылығы.

  1. Халық ауыз әдебиетін жинап зерттеуде өлкетанушылардың атқарар ролі.

1. Өлкетану – белгілі бір өңірдің табиғатын, халқын, шаруашылығын, тарихын, мәдениетін зерттеумен шұғылданатын ғылым мен мәдениет саласы; шағын аумақтың табиғатын, халқын, шаруашылығын, тарихын және мәдениетін, елді мекендерін олардың таяу төңірегімен қоса зерттеу. Салалық өлкетану (тарихи, этнографиялық, топонимиялық және т.б.), табиғи және әлеуметтік құбылыстардың өзара байланысын зерттейтін кешендік географиялық өлкетану болып бөлінеді. Өлкетанудың негізгі әдісі - аумақ туралы ақпаратты, табиғи үлгілерді (геологиялық, топырақ, биологиялық, зоологиялық), материалдық мәдениет заттарын және т.б. деректерді жинау және жүйелеу.



Қазақстанда өлкетану патшалық Ресейдің қазақ даласын отарлау мақсатында алдын ала арнайы әскери экспедиялар шығарып, ғылыми-танымдық зерттеулер жүргізу шеңберінде енді. Ресей өкіметі 18 ғасырдың 2-жартысында қазақ жері, халқы, шаруашылығы және этнографиясы бойынша зерттеу жүргізу үшін алғашында Солтүстік және Батыс Қазақстан, кейінірек Орталық Қазақстан аумағына экспедициялар ұйымдастырды.
Қазақ өлкесін зерттеу жұмыстарына И.И. Лепехин, П.С. Паллас, П.И. Рычков, И.К. Кирилов, В.Н. Татищев, А.И. Левшин өз үлестерін қосты. Қазан төңкерісіне дейін 19 ғасырдада Қазақстанның ғылыми-танымдық Өлкетануында Орыс география қоғамының 1868 жылы құрылған Орынбор бөлімшесі жетекші орын алды. Бөлімше өлкенің географиясын, тарихын, этнографиясын, қазба байлықтарын және статистикасын зерттеумен айналысты. Бұл бөлімшемен қатар Торғай статистика комитеті мен Орынбор ғылыми архив комиссиясы (1887) ашылды. Бұл өлкеде атқарылған жұмыстарға Ы.Алтынсарин, С.Бабажанов, Б.Дауылбаев, Т.Сейдалин, С.Жантөрин, т.б. өз үлестерін қосты. Өлкетанудың тағы бір орталығы Орал қалысы болды. Онда Орал казактарының тарихы мен шаруашылығына, балық аулау кәсібі мен шаруалардың қоныстану мәселесіне көбірек көңіл бөлінді. Омбы қаласында жергілікті жерді зерттеушілер Ақмола статистика комитетінің жанындағы география қоғамның бөлімшесіне бірікті. Батыс Сібір Өлкетану қоғамдарына қазақтардан Ш.Уәлиханов, Ә.Бөкейханов, т.б. белсене қатысты. 19 ғасырдың аяғында Батыс Сібір география қоғамы бөлімінде саяси жер аударылғандар көп болды. Солтүстік Қазақстанды зерттеуде Өлкетану қоғамдары өлкенің тарихы, экономикасы, табиғи жағдайлары жөнінде едәуір материалдар жинап, жариялады. Өлкетанушылар этнография, жергілікті өсімдіктер және жануарлар дүниесі, минерология бойынша бай экспонаттар жинақталған жергілікті мұражай құрды. Бұл Қазақстанда ғана емес, бүкіл Сібірге де мәлім мұражайлардың бірі болатын. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан өңірін зерттеумен 1896 жылы Ташкент қаласында ұйымдастырылған Ресей география қоғамының Түркістан бөлімшесі, сондай-ақ ауыл шаруашылық қоғамы, Шығыс археологиясы мен тарихы үйірмесі белсенді айналысты. Қоғамдарда Е.Букин, Н.Жетпісбаев, Ә.Диваев, І.Қостанаев зерттеулер жүргізді. Жетісуға П.П. Семенов-Тян-Шанский, кейініректе А.Н. Краснов, А.Ф. Голубев, М.И. Венюков экспедициялық сапарлар жасады. Сонымен қатар 1896 жылдан жұмыс істей бастаған “Дала облыстарын зерттеу жөніндегі экспедиция” Ресейдің ішкі губернияларынан келетін шаруаларды қоныстандыру үшін өлкенің барлық уездерін табиғи-тарихи және шаруашылық-статистикалық жағынан зерттеуге баса көңіл бөлді. Ғылыми-танымдық материалдардың қорын жасауда, оларды жарыққа шығаруда облысы статистика комитеттері үлкен рөл атқарды. Қазақстанды басқару саласындағы әкімшілдік реформаларға байланысты 1886 жылы статистика комитеті “Қазақтардың заңдық ғұрыптарын зерттеуге арналған материалдарды” басып шығарды. Кеңес үкіметі орнағаннан кейін Қазақстанда Өлкетанудың тұрақты ғылым мекемелері мен ғылыми-зерттеу интернаттары, қорықтар ұйымдастырылды. Өлкетану бойынша Қазақстанды зерттеу қоғамы аясында және Кеңес өкіметінің Қызыл керуен, Қызыл отау шараларының негізінде көптеген жұмыстар атқарылды. Бұл кезеңде негізінен Қазақстанның табиғи ресурстарын игеру, шикізаттың жаңа көздерін ашу, индустрияландыру, елдің бет-бейнесін түбірінен өзгерту, кеңестік шаруашылықтар мен мәдени құрылыс бағдарламасын іске асыру мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді. Қазақстан Өлкетануында Қ.И. Сәтбаев, Ә.Х. Марғұлан, т.б. қомақты еңбектер атқарды. Бірқатар тұрақты және маусымдық экспедициялар Қазақстанның жер қойнауын, өсімдік, жануарларын, жалпы табиғатын кешенді зерттеу және тарихи-археологиялық қазба жұмыстарын жүргізумен қатар жергілікті халықтың мәдениетін, тілін, өнерін, ауыз әдебиеті үлгілерін жинастырумен де айналысты. 1973 жылы Кеңес Одағы жергілікті халықтар өлкесінің тарихын, экономикасын, мәдениетін, табиғатын зерттеп білуге қатысты арнайы Бүкілодақтық туристік экспедициялар ұйымдастырылды. Туристік-өлкетану үйірмелері жұмыс жасады. Өлкетанудың жергілікті орталықтары ретінде тарихи-өлкетану мұражайлары, мәдениет үйлері, түрлі үйірмелер құрылды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері жергілікті жерлердегі Өлкетану мекемелерінің ісін жандандыру, бұрынғы жер-су атауларының шығу тегін зерттеп, қалпына келтіру, халыққа көп танымал емес бай мұраны жинастыру, тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғауға алу ісі қолға алынды. Жергілікті жерлерде облыс, аудан Өлкетану мұражайлары жұмыс істейді. Қазақстанның әр өлкесіне арнайы ғылыми-зерттеу экспед-ицияларын ұйымдастыру да ілгері дамуда.Туған өлке тарихы бойынша заттық, жазба және ауызша дерек көздері Археологиялық дереккөздер және олардың өлкетану жұмыстарына пайдаланылуы Этнология, оның туған өлке тарихын оқып-білудегі ролі Тарих және мәдени ерекшеліктері Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік мұрағаттардағы құжаттық материалдар .Топонимика- туған өлке тарихын оқып-зерттеудегі дереккөзі ретінде Қазақстандағы тарихи өлкетану Қазақстанды зерттеу қоғамы - Республикадағы өлкетанушылық жұмыстарының орталығы Мұражайлық өлкетану және ескерткіштерді қорғау ісінің дамуы.Ғылыми еңбектердің өлкетану жұмыстарына айдалануы.Орта ғасыр авторларының еңбектері және өлкетану жұмыстарындағы рөлі Орыс авторларының.Қазақстан тарихын зерттеуі XIXғ аяғы - XX ғ асындагы казақ демократиясы өкілдерінің еңбектері мен іс-кайраткерлігі Қазақстандағы өлкетану ұмыстарыныц казіргі жай –күйі.
2. Халық ауыз әдебиетін жинап зерттеуде өлкетанушылардың атқарар ролі.

Қазіргі замандағы өлкетанудың мәні, міндеттері мен құрылымы Қазақстан территориясындағы өлкетану дамуының негізгі кезеңдері.Революцияға дейінгі жергілікті әкімшілік басылымдық қызметтеріне сипаттама: шолулар, естелік кітапшалар, еңбектер, естеліктер Қазақстандағы ОГҚ мүшелерінің қызметі. Түркістан археологиялық қоғамы. Өлкені танып білудегі революцияға дейінгі суретшілірдің қосқан үлесі. Түркістан өлкесінің зерттеушілері: А.И.Добросмыслов, И.И.Гейер Өлкетануды оқу деректерінің революцияға дейінгі библиографиялық көрсеткіштері. Музейтану ғылымдар жүйесінде. Музей жұмыстарының негізгі бағыттары. Архив істерінің ұйымдастыру тарихы. Тәуелсіз Қазақстанның мұрағат істері. Кітапхана ақпараттық өлкетану ресустары орталығы.Тарих және мәдениет ескерткіштері өлкені зерттеу деректері ретінде Тәуелсіз Қазақстан Республикасының өлектану тарихы.


Пайдаланған әдебиеттер:

Матюшин Г.Н. Историческое краеведение М. 1987

Масанов Э.А. Очерк истории этнографического изучения казахского народа в СССР. А., 1966.

Тәтімов М.Б. Қазақ әлемі. А., 1993.

Жиренчин А.М. Из истории казахской книги. А., 1971.


  1. Қазақтар. Казахи. Т. 8., А., 1998

  2. Қойшыбаев Е. Қазақстанның жер-су аттары сөздігі А., 1985

  3. Ахметжанова Ф.Р., Әлимхан А.Ә Қазақ шығысының жер-су атаулары . Өскемен, 2000

  4. Керимбаев Е. Атаулар сыры., А., 1984

  5. Нұрмағамбетұлы Ә. Жер-судың аты – тарихтың хаты, А., 1994

  6. Габдулин М. Қазақ-халық ауыз әдебиеті. А., 1996

  7. Мұқанов С. Қазақ қауымы А., 1995


8- Тақырып: Туған өлке тарихын зерттеудегі топонимиканың деректік маңызы.

1.Топонимика — ономастиканың жер-су, елді мекен атауларының шығуы мен пайда болуын (этимологиясын), мағынасын, құрылымының дамуын, таралу аймағын, қазіргі жағдайын, грамматикалық, фонетикалық пішінін, жазылуы мен екінші бір тілде берілуін зерттейтін құрамдас бөлігі. Бұл гректің «топос» — орын, жер, «онома» — атау деген екі сөзінен тұрады, яғни жер-су атаулары деген сөз.

Топонимдер, яғни жер-су аттары, негізінен үш бағытта зерттеледі:

семантикасы (мағынасы);

жасалу жолдары;

этимологиясы.

Топонимика география, тарих, тіл білімі, этнология ғылымдарының деректеріне сүйеніп, өзара байланыста дамиды. Кез келген аумақтың географиялық атауларының жиынтығы сол жердің топонимиясын құрайды. Топонимдер зерттелетін географиялық нысандардың көлеміне не мөлшеріне қарай макротопонимдерге (тау жоталары, үлкен ойпаттар, мұхиттар, т.б.), мезотопонимдерге (жеке таулар, теңіздер, т.б.), микротопонимдерге (көл, бұлақ, құдық, қоныс, т.б.) бөлінеді. Топонимика тіл тарихын зерттеуде маңызды дерек көзі болып саналады. Өйткені кейбір топонимдер (әсіресе, эндооронимдер мен эндогидронимдер) архаизмдер мен диалектизмдерді тұрақты сақтайды, көбінесе олар сол аумақты мекендеген халықтың субстрат тілдерінен бай мағлұмат береді. Топонимдердің халық берген дұрыс нұсқасын барлық жағдайда және басқа тілдерде дұрыс жазылуының маңызы зор. Қазақ тілінің Топонимикасын Ғ.Қоңқашбаев, Н.Баяндин, А.Әбдірахманов, т.б. ғалымдар зерттеген.

Топонимика — географиялық атауларды зерттейтін ономастиканың бір бөлімі.Топонимика — жер-су аттарының шығуын (этимологиясын), дамуын, қазіргі жағдайын, мағынасын, таралуын зерттейтін ғылым.Бұл — гректің "tороs" — орын, жер және "оnoma" — атау деген сөзінен шыққан. Топонимика — география, тарих және тіл білімі ғылымдарының түйіспесінде дамып келе жатқан ғылым.

Жер-су аттарын зерттеудің ғылыми мәні зор.Жер-су аттары дегеніміздің өзі ертеде сол атырапта өмір сүрген халықтың сөйлеу тілінің қалдықтары.Ол халықтар мейлі жойылып кетсін немесе бөтен өңірге ауып, олардың орнына басқалар келсін, бәрібір топонимдер жойылмай ғасырдан-ғасырға өмір сүре береді.Топонимика сол жерде өткен және өзінің иесі болып табылатын халықтың тарихи сырын, аты-жөнін ажыратумен бірге оның этнографиялық шегін де ажыратады.

Ерте заманда атаулар қазіргі өркениет тұсындағыдай келісіммен, мәмілемен емес, ұзақ сонар айтыла келе, сөйтіп жалпының жадында берік сақталғанда ғана тілден мықтап орын тепкен.Бұрынғы қауымда "бәлен жерді түген деп атайық" дейтіндей ортақ келісім әдеті болмаған.Атау болатын сөз ең әуелі жұртқа аян болған.Сөйте келе бір объектіге белгі боп таңылып, топонимикалық атқа ұласқан.Қазақ халқының атам заманнан орнығып, өмір сүріп жатқан жерінің аумағы қандай көлемді де кең екенің білеміз.Осы ата мекеніміздегі өзен, көл, тау, қырат секілді жер бедеріне меншіктелген атаулардың да мыңдап саналатыны мәлім.Ертеде өткен ата-бабаларымыз солардың әрқайсысына ат қойып, айдар тағу жағынан жай ұқыпты ғана емес, шебер де тапқыр болғандығын байқаймыз.

Жер атаулары – ұрпақ пен ұрпақты сабақтастырып отырған киелі құжат.Қазақтың ата-бабалары жер-су атауларына аса мұқият қарап, жер тарихы мен ел тарихының біртұтас екендігін аса жоғары жауапкершілікпен сезіне білген.Жер атаулыға, мейлі ол адыр, бұдыр, төбе, қырат, өзен, бұлақ, көл болсын біздің қазақ халқынан артық дәл тауып ат қоятындай халық жер бетінде неғайбыл.Өйткені табиғатпен біте қайнап, бірге өскен, иен сахараның қадір-қасиетін білген қазақ халқының аспан әлемі мен жер бедерінің үйлесімін тап басып, дәл анықтап қоюы ғажап.Жер бедеріне байланысты табиғи қасиеттеріне орай қалыптасқан топонимдердің мысалы ретінде Желтау, Сарытау, Найзақара, Қызыладыр, Қызылтау, Керегетас сияқты атауларды келтіруге болады.Желтау – тау жоталарынан қысы-жазы үнемі жел соғып тұруы себебінен аталған болса керек.Найзақара – жазық ортасында найзадай шошайып, алыстан қарайып көрінеді.Сарытау – жылдың төрт мезгілінде де өзгермей, өсімдіктердің бірқалыпты сары түсті болып тұруынан.

Осы сияқты мысалдарды қазақтың кең дархан даласынан іздей берсек жетіп артылады.

Ғұлама ғалым Қаныш Имантайұлының ғылыми ізденістері де Қазақ топонимикасымен тығыз байланысты

Ернар Кейкі, география-экология маманы, Қарағанды Мемлекеттік Университетінің оқытушысы

Киелі Баянаула елінің топырағынан шыққан ғұлама ғалым Қаныш Имантайұлының ғылыми ізденістері де қазақ топонимикасымен тығыз байланысты.Барлық ғұмырын кен барлау саласында өткізген ғұлама ғалымның ең алғашқы геологиялық ізденісі Жезқазған өңірімен байланысты еді.

Ұлытауға барған тұңғыш сапарында-ақ, ол Жезқазғанның арғы-бергі тарихына зер сала үңілген – кен шыққан төбелердегі барлау жыраларын аралап жүргенде де, Кеңгір бойындағы көне қазбаларды, кен үймелерін көрген сәтте де, тіпті ерте заман ескерткіштерін тамашалап, ел аузындағы аңыз - әңгімелерге үнемі құлақ түріп жүрді. Жас зерттеушіні ең алдымен таң қалдырған жұмбақ – кен орнының нақтылы аты еді: Алтынқазған, Күмістөбе, Қорғасынды, Темірші, тіпті Жезтөбе де емес, осы заманның геологиялық кеңесі ғылыми талқыға салып, он ойланып, жүз толғанып шешкендей – Жезқазған деген. Бұл атауды оған кен көзін ашқан барлаушы геолог емес, қазақ халқы берген.Қашан, қай заманда бергендігі де, қай атасы қазғандығы да белгісіз.

Жамантауға барғанда қасындағы серіктесі Күзеубай Жидебаевқа бұл тауға да соға жүрелік, Жамантау ма, әлде жақсы тау ма екен, білгеніміз жөн ғой – деп әдейі бұрылып, бір күн қона жатып, асықпай көріп шыққан соң: «Біздің халық жер атауға шебер ғой, тегінде. Мына тау рас жаман болды, не үстінде, не астында қазына жоқ, ит байласа тұрғысыз, жел қыдырған панасыз жер екен» деп, қазақ халқының көрегендігіне таңданысын білдірді. Қаныштың өз бойында қалыптасқан барлаушылық көрегендігі, ғылыми негізде алған білімімен жинақталса, ал қазақ халқының табиғаттың қыр сырын білетін көрегендігі қалай қалыптасқандығы жауабы күрделі сұрақ күйінде қала береді. Осы бір ата-бабасының жер бетіне ат қойғанда жай ғана қоя салмай, сол жердің астындағы байлықты дәл нұсқап тұратын қасиеті Қанышты ойландырмай қоймады.

Барлық ғұмырын Жезқазған өңірінде кен барлау саласында өткізген Қанышты сол аймақтағы жер-су, тау-қыраттың аттары өзінің геологиялық ізденісіндегі, минералды пайдалы қазбалардың аттарымен байланысты болғандығы ерекше таңқалдырды. Мысалға алатын болсақ: Майтөбе, Кенді, Ақтау, Борлықтау, Жезқазған, Жезді, Қорғасын, Көмірлі, Мысбұлақ, Алтынбел, Сужанар... Бір ғажабы осынау жерлердің бәрінен аттарына сай кен шыққан. Осыған қарап халқымызда табиғи геологиялық талант бар ма, деп қаласың.

«Қаныш 1949 жылы Атырауда болған көшпелі сессияда, сол жердің жергілікті халқымен кездескенде: Біздің жақта, Арқа төңірегінде Қарағанды көмірін Аппақ Байжанов деген қойшы, ал Екібастұз көмірін Қосым Пішенбаев деген жер өлшегіш тапты деген әңгіме бар. Бекмағанбет Сұлтанғазиев деген қарапайым қазақтың 1928 жылы Айбат деген жерден мыс кенін ашқанын өзім куәландырғанмын. Қазақ жерінің атауына құлақ салыңыздаршы: Жезқазған, Жезді, Кенді, Алтынбел, Қорғасын, Көмірлі.... Әдетте кенді кім ашса, сол ат қояды... Осыған қарағанда жоғарыда аталған кен көздерін де оу баста қазақтар ашса керек.Сондай қазақ жөнінде бұл жақта әңгіме бар ма?деп сұрау салды» – дейді ғалымның жерлес қызметтесі Бөпежан Аяпбергенов.

«Мына Алтынқазған қандай жер, мұның аты қалай қойылды екен, білдіңдер ме? – деп сұрағаны. Ондай сұрақ болар, оған Қанекең ерекше көңіл бөлер деп ойлаған жоқ едім.Жауап ретінде шалдардың сөзін айттым.Олай болса екеуміз Торғай жүреміз. Мен Алтынқазғанды өз көзімен көруім керек, Қорғасынды да қайта қарауым керек, деп айтты» - дейді Қазақ СССР ғылым академиясының академигі инженер Байқоңыр Аймағанбетұлы өзінің Қаныш туралы естелігінде.

Қаныш Имантайұлы қазақ даласын аралағанда осындай сауалдарды үнемі жергілікті халықтарға қойып жүрді.Сонымен қатар сол жергілікті жердің, жер-су атауларының шығу тарихын да сұрастырып, өзінің қызығушылығын танытатын.Егер жер-су аттары пайдалы кен көздерін көрсетіп тұрғандай болып жатса, сол жерге қалай болсын жетіп анық-қанығын білуден ешқашан жалықпайтын.Қаныштың бойындағы осындай еңбекқорлық қасиет Ұлытаудағы Жетіқыз өзені бойындағы Алтыншоқымен жіте танысуға алып келді. Неге алтын, несімен алтын?...Жер-суға ат қойғыш қазақ елі тегінде мұндай жөннен көп адаспаушы еді.Қолымен көмгендей-ақ көп асылды қатесіз нұсқап жіберетіні болушы еді.Қорым тастың бұрын-соңды Арқа тауларынан өзі көрген оба, үймелерге ұқамайтынын Қаныш бірден сезді.Құрамы да, қаланған жігі де басқарақ.Аумағы 12 қанат қазақы үйге орын болғандай кең.

Қаныш, яғни барлаушы геолог Алтыншоқының оңтүстік бетінен сонау қым-қыт заманда, хижраның 793, яғни қой жылында Азияның айбарлы билеушісі Темір Көреген қалдырып кеткен тарихи белгі тасқа - әскери жорығының көне ескерткішін кезіккен-ді.Тас бетіндегі белгі тек өзі күткендей ру таңбалары емес, кәдімгі араб әріптері.Жазулары өшпеген, мәнерлі әріптермен әдемі шабылған.Өзіне жасынан таныс араб, парсы, шағатай тілдерінен есінде қалған сөздерге бұрып, мәнін ежіктеп көріп еді, бірден шығара алмады.

Кен барлаушы ғалым Алтыншоқыдан алтынға бергісіз археологтар мен тарихшылар үшін таптырмас қазына тапты.Бұл тасқа Ақсақ Темір 1391 жылы жер қайысқан қолымен Алтын Орда ханы Тоқтамысқа аттанып бара жатқандығы жазылған.Сөйтіп, Қаныш тапқан XIV ғасырдың көне белгісі қазіргі күнде, әлем асылдарының ұлы ордасы – Ленинградтағы эрмитаждың оныншы залында, екі терезе аралығындағы бірінші тағанға тұр.

«Бірлескен геологиялық маршруттар бойынша сапар шегіп келе жатқанымызда Қаныш Имантайұлы таулардың, тоғайлардың, өзен-көлдердің қалай аталатынын, неге олай деп аталғандығын, мұнда жер бедерлерінің немесе тарихи оқиғалардың әсері бар, жоғын ұдайы сұрастыра жүретін-ді.Қазақ халқы географиялық атауларда белгілі бір жердің таудың, шоқының, тоғайдың және басқаларының ерекшеліктерін қаншалықты шебер бейнелейтінін мен кейін ұқтым» - дейді ғалымның досы Қазақ СССР ғылым академиясының академигі геолог, Русаков Михаил Петрович.

Қанышқа жердің сырын білетін қабілет ерте дарыды.Оған мысал – ауылда болған оқиға.Қаныш Томнан демалысқа келген кез еді, ауылы Шыбынды көлдің жағасына қонған.Бұл көлдің суы тұз қосып қойғандай, ащы.Адам баласы түгілі мал да жарытып ішпейді.Қаныштың әкесі бұл көл маңында ұзақ отырғысы келіп, ауыл жігіттеріне құдық қаздыртады. Қаныш құдық қазып жатқан жігіттерге келіп, тереңнен шыққан сазды алақанына салып умаждап, тіліне де басып көрген соң, басын шайқап: «Мына жерден тұщы су шықпайды, жүз құлаш қазсаңдар да – бұл істерің бос әуре» дейді. Ақыры, не керек, болжауы дұрыс екен, құдықтың суы кермек болып шықты.Қаныш жігіттерге, Сұңқарқия тауының көлге қараған алдыңдағы бір ойпаң өзекшеден құдық қаздыртады.Сол жерден кісі бойы қазғанда таза су шығады. Асты қиыршық тас екен, ал суының тұщылығы ғажап! Содан бұл жерді барша жұрт «Қанышбұлақ» деп атайды; себебі құдық суы мол болып әлгі ойпаң келе – келе бұлаққа айналған ғой.8

«Пайдалы қазбалардың орнын барлау барысында Қаныш Имантайұлы тек кейінгі кезеңде ғана кең өрістей бастаған жаңа ғылым – топонимиканың тәсілдерін мол пайдаланды (Топонимика – географиялық атаулардың, жер-су аттарының шығу тегін, мағынасын зерттейтін ғылым).Туа біткен географтар – көшпенділер өздері ғұмыр кешкен өлкедегі жер аттарын таңданарлықтай дәлдікпен және терең мәнділікпен қоя білген.Көшпендінің баласы, ойлы ғалым өзінің Қазақстан жеріндегі аса бай кен орындары туралы болжауларына дәйектемені өлкенің топонимикасынан таба алды.Мысалы, Жезді, Кеңгір, Қорғасынтау, Теміртау, Кеңқорытқан, т.б. атауларында бұл жерлерде тау-кен ісінің ертеден өріс алғанын көрсететін айқын дәлел бар.Сөйтіп, Қаныш Имантайұлы топонимика ғылым ретінде толық қалыптаспай тұрып-ақ, оны тәжірибе жүзінде табысты пайдаланып үлгерді» - дейді ғалымның замандасы тарихшы Марат Сембин.

Қаныш Имантайұлы қазақтың байтақ даласындағы жер-су, тау-қырат, өзен-көл аттарының шығу тарихына ғылыми көзбен қарап, тарихи этнографиялық мағлұматтарға да құлақ түре жүрген бірден-бір ғалым.Қазақ халқының табиғат бөлшектеріне ат қойғанда жайдан-жай қоя салмайтынын аңғарып, кен атауына байланысты жер телімдерінің барлығына ғылыми тұрғыдан өз зерттеулерін жүргізіп ата-бабасының табиғи таланттылығын мойындап, айналасына жария етіп жүрді.

Қаныш Имантайұлы өз заманының озық-ойлы, қазақтың маңдай алды жұлдызы еді.Қаныштың бойындағы жан-жақтылық қасиет сонау көне заманның ғұламалары Аристотель, Платон, Геродот сияқты данагөйлердің жалғасы іспетті. Қанышты құрмет тұтқан замандасы, ұлы жазушы Мұхтар Әуезов былай дейді: «Қаныштың бір үлкен ерекшелігі – ол химикпен де, биологпен де, физикпен де, медикпен де және тарихшымен де, филологпен де өздерінің ғылыми тілінде сөйлесе біледі. Және сол әр ғылымның саласындағы әрбір кезеңде пісіп келген нақтылы, жауапты мәселелеріне басшылық ете біледі....».

Қаныштың бойындағы осындай жан-жақтылық қасиет, геологиялық кен барлау ізденісінде, жаңа ғылым болып әлі қалыптаспаған «Топонимика» саласын қолдана білуіне алып келгендігі.«Елу жылда ел жаңа» демекші, қазіргі күнде топонимикалық мәліметтер толықтай зерттелмесе де, азды-көпті жетерлік.Қазіргі заманда топонимика көптеген мамандардың зерттеу тақырыбына айналып отыр.Жоғарғы оқу орындары мен ғылыми зерттеу институттарында топонимистер ұжымы құрылды. Сондай-ақ, соңғы кезде топонимикалық әдебиеттер ауқымы кеңейтілді.9

Қазақ топонимикасын Сібірден алған білімімен ұштастырып, оның шығу тарихына мән беріп Орталық Қазақстан жерлерінің атауларын жатқа білген ғұлама ғалымды қалайша құрметтемеске.Киелі Баянаула елінен топырағынан шыққан ғұлама ғалымның ғылым жолындағы жетістіктерінің жемісін, бүгінгі күнде ұрпақтары көріп отыр.Қазақтың жер-су аттарына ерекше мән берген, кен барлау саласының білгірі Қаныш Имантайұлының есімі Кеңес Одағы елдеріне әйгілі болды.Қазіргі күнде өз бағасын алып, Қаныштың есімі топонимикалық атауға да ие болды.Барлық ғұмырына жетерлік энергиясын ғылыми ізденіске жұмсаттырған Жезқазған өңірі, Қаныш есімін ықыласпен қарсы алды.Осы өңірдегі Никольск қаласы 1989 жылдан бастап, Сәтбаев қаласы деп аталады.Бірақ бұл атауды берген, бойында табиғи геологиялық таланты бар қазақ бабасы емес, ғалымның еңбегін ескерген замандастары берді.Ал ғалымды таңқалдырған қазақ бабасының геологиялық таланттылығы, осы күнге дейін шешімін таппаған зерттеуді қажет ететін дүние болып қала береді.


Пайдаланылған әдебиеттер

1.Қазақ Совет энциклопедиясы.Алма-Алма, 1974 г.

2.Никонов В.А. Введение в топонимику. — М.; Наука, 1965. —178 бет.

3.Әділбек Нұрмағанбетұлы. Жер-судың аты-тарихтың хаты.Алматы:Балауса,1994ж.

4.М.Алпысбес, Т,Аршабек, Е,Қасен, Е.Кейкі. Көне көктау, байырғы баянаула байтағының тарихы. Астана: Парасат Әлемі, 2005 ж.

5.М.Сәрсеке. Қазақтың Қанышы. Алматы: Атамұра, 1999 ж.

6.Қалмұқан Исабай. Қаныш аға осындай еді... Алматы: Өлке, 1999 ж.

7.Қаныш аға. Алматы: Жазушы, 1989 ж.

9.Маракуев А.В. Краткий очерк топонимики как географической дисциплины. //Ученые записки КазГУ, Геология и география, А., 1954, т.18. с.29-72.



9-Тақырып: Тарихи өлкетанудағы сәулет өнер ескерткіштері мен бейнелеу өнері туындыларының ролі

1.Сәулет өнер ескерткіштері тарихи өлкетанудың дерек көзі ретінде.

2.Қазақстан территориясындағы сәулет өнер ескерткіштері

3.Бейнелеу өнер туындыларының түрлері және олардың Қазақстан территориясында таралуы.

Қазақ халқының тарихи - рухани, мәдени дамуында Семей қаласының атқаратын ролі орасан зор. ХІХ ғасырдың ортасынан ХХ ғасырдың басында географиялық орналасуы жағынан жоғарғы Ертіс өңірінің орталығы болды, ол шекаралас Қытайдан сонау Омбыға дейінгі үлкен аумақты алып жаттыр. Аймақ қалаларының ішіндегі алдыңғы қатардағы орынды алады.
Қала тұрғындарының саны 324, 6 мың адам және аумағы 27,2 мың квдрат кило метр. Көлік коммуникацияларының пайдалы жүйесін қамтиды: темір жол, әуе, өзен және автомобиль жолдары тек Қазақстанның елді мекендерімен емес, сондай-ақ Ресей, Орта Азия және Қытай мен байланыстырады.

Семей әдебиет, өнер және ғылым қайраткер саңлақтарының отаны болған қала. Бұл қасиетті жер Ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбаевты, кемеңгер философ Шәкәрім Құдайбердиевті, әлемдік әдебиет қайраткері Мұхтар Әуезовты, суырып салма әнші Әміре Қашаубаевты әлемге танытты. Семей сонау дәуірден бүкіл әлем зерттеушілерін өзіне қызықтырды. Мұнда әйгілі саяхатшылар Джордж Кеннан, Семенов Тянь-Щанский, Янушкевич, Паллас, Коншин және басқалары осы өлкенің тұрмысы мен халықтың салт-дәстүрлері туралы қызықты естеліктерін қалдырды. ХІХ ғасырдың ортасында болған әйгілі орыс саяхатшысы Г.Н Потанин өз естеліктерінде «Семей қаласы Азия қалаларының ішінде бірден ерекшеленеді. Ол Қытай және Орта Азия керуен жолдарымен өтетеін сауда орталығы болды» деп жазады. Тарихшылар Семей қаласынан шыққан кейбір көпестер сонау Қашқар, Кашмир, Тибет, Үндістан жерлеріне жетті деп тұжырымдайды.


1882 жылдың басынан Семей қаласы Революциялық демократтардың жер аударылған мекені болды. Осында жер аударылғандардың ішінде халық өкілдері Н.Долгополов, С. Гросс, А.Блек, И. Лобановский, А. Леонтьев, Н. Коншин және басқалары болды. Олар өлкенің рухани дамуына өз үлестерін қосып, үлкен ғылыми және мәдени ағартушылық жұмыстарын жүргізді.
Семейдің Ертіс өңірінде әйгілі жазушы Ф.Достоевский мен алғашқы қазақ ғалымы Ш. Уалихановтың достығы жарасқан.
Осында Алаш Орда партиясының өкілдері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов бостандық пен тәуелсіздік туын тікті. 20 ғасырда Семейде Қазақстан ғылым академиясының бірінші академигі Қаныш Сәтбаев, ғалым Әлкей Марғұлан, танымал жазушылар- Всеволод Иванов, Николай Анов, Галина Серебрякова, ақындар Сәбит Дөнентаев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, зерттеуші абайтанушы Қайым Мұхаметқанов, мәдениет қайраткерлері Бибігүл Төлегенова, Роза Рымбаева, Еркеғали Рахмадиев және т.б көптеген адамдар оқыды, тұрды және шығармашылық қызмет жасады.
Семей қаласының баяу дамып, көз тартарлықтай өңсіз көрінгеніне қарамастан мұнда мектептер мен емханалардан көрі көптеген шіркеулермен ішімдік ішетін орындар көп болды, соған қарамастан қала өткен дәуірдегі Қазақстанның сол кезеңдегі маңызды қажетті әкімшілік және мәдениет орталығы болды. Қаланың мәдени ошақтары, кітапханалар мен мұражайлардың барымен анықталады. Семейде Қазақстандағы ең алғаш қоғамдық мұражай мен кітапханалар ашылды. Тарихи өлкетану мұражайымен Абай кітапханасы қорларында тарихи жәдігерлермен кітаптар жинақталған. Бұл аса құнды бай қорлардың негізін құрайды.
Жергілікті көпестер мәдени орындарды тұрғызуға ақшаларын аяған жоқ. 1890 жылы көпес Плещеевтың қаражатына Александр Невскийдің атына салынған шіркеу бой көтерді. 1857-60 жылдары халық қаражатына қазіргі күнге дейін қызмет жасап келе жатқан Воскресенск казак шіркеуі салынған болатын. Осы күнге дейін ХІХ ғасырда салынған кейбір мешіттер сақталған. Олар қаламыздың сәулетті ғимараттарының бірі болып табылады. Қаламыздың көрікті ғимараттарының бірі қазіргі қос мұнаралы мешіт. Ол 1858-1862 жылдар аралығында жергілікті көпестер Сүлейменов, Әбдішев, Рафиков, Халитовтардың қаражаттарынан облыстық діни басқарма тапсырысымен салынған. Ыстамбұл сәулетшісі Ғабдолла Эфендидің жобасы бойынша бір мұнаралы мешіт тұрғызылды. Құрылысқа қаражатты көпес Мусинберген.
Семейде тек қана діншіл, іскер адамдар тұрған жоқ. Мұнда әйгілі Плещеевтар, Степановтар, Ершовтар, Мусиндер және т.б көпес отбасылары тұрды. Бұл кісілердің есімдерімен тек қайырымдылық қызметтері емес, сондай ақ біріншіден жеке меншік үйлердің, өнеркәсіп ғимараттарының, сауда орталықтарының құрылыстары байланысты болды. 1890 жылы Семейде көпес Мусин алғаш рет бу диірменін (қазіргі метизно- фурнитура зауыдының ғимараты) тұрғызды. 3 қабатты диірменде тек Семейдің Ертіс өңірінен ғана емес Сібір мен Алтайданда бидай жеткізіліп өңделді.
1873 жылы Семейде телеграф, ал 1910 жылдан бастап Қазақстандағы алғаш су құбыры пайда болды. (Ертіс жағалауындағы насос станциясының ғимараты бүгінгі күнге дейін сақталған).
Семей қаласы дамып үлкен жетістіктерге жетуші еді, бірақ 40-шы жылдардың соңында аймақ халықының қалауына қарсы, 18500 кв км ауданды алып жатқан аумақ ядролық полигонға айналды. Абралы ауданы таратылып көптеген тұрғындар өзінің ата-бабалары тұрған жерлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Мұнда 40 жылдан астам бұрынғы КСРО-ның бас ядролық сынақ полигоны қызмет атқарды. 1991 жылы еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаев өз жарлығымен ядролық алпауытты жапты және жабық қала мәртебесі алынғаннан кейін Семей екінші рет дүниеге келгендей болды.
Қаламыздағы бірегей мәдени ошақтар келуші туристтермен шетел қонақтарының игілігіне айналды. Мұнда мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби мемориалдық Абай қорық-мұражайы, Достоевскийдің әдеби-мемориалды мұражайы бар, Трапининнің, Шишкиннің, Генің, Левитанның, Серовтың, Репиннің, Коровиннің жұмыстарының түп нұсқалары, қазақ, украйн, өзбек және армиян суретшілерінің бай топтамалары Невзоровтар жанұясы атындағы көркем-өнер мұражайында сақталған. Қаламызда екі театр, филармония, кинотеатрлар, төрт мешіт, ондаған мәдениет ескерткіштері бар.
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы Қазақ музыкалық-драмалық театры Семей қаласында 1934 жылы ашылып, Қазақстандағы алғаш ұлттық театрлардың бірі боды. Театрда әр-жылдары қазақ халқының ірі өнер қайраткерлері жұмыс жасады. Атап айтсақ: режиссер Жұмат Шанин, әртістер Құрманбек Жандарбеков, Сіләмбек Қыдыралин, Гүлсім Абдрахманова, Нүридден Атаханов, Қасен Байырманов, Абылқасым Жаңбырбаев, Бекен Имаханов, Халакет Ишмұратов, Тұратай Исова, Бикен Мұхаметжанова, Шайзат Бахтинова, Күләш Сакиева, сазгер Латиф Хамиди. Театр репертуарында қазақтың классикалық спектакльдері «Абай», «Еңлік-Кебек», «Айман-Шолпан», «Қыз Жібек», орыс және батыс европаның қойылымдары болды. Театрдың бай дәстүрлерін бүгінгі талантты актерлер Ж.Құнанбаев, К.Әбділденова, М.Сыдықов, Б.Тойымбаева, Б.Ноғайбаев, А.Манекина т.б жалғастырып келеді. Театр өзінің аркестрін балет труппасын, актерлер студиясын иемденеді.

Шығыс Қазақстан облыстық Достоевский атындағы орыс-драмалық театры. 1934 жылы ашылып Қазақстандағы алғаш орыс театрларының бірі болды. Ол еліміздегі алдыңғы қатарлы театрлардың бірі және орыс тілді тұрғандардың рухани дамуының орталығы болып саналады. Оның сахнасында орыс және шетел классиктерінің қойылымдары, қазақ және қазіргі авторлардың пьесалары жүрді. Театрда әйгілі әртістер: ҚР халық әртісі Т. Загвоздкина, ҚР еңбек сіңірген әртістер Н.Батурин, Н.Нинин, С.Забаруков, Г.Кристель, С.Попов, С.Кутьлин және т.б көптеген әртістер жұмыс істеді. Театр тұрғындар арасында үлкен танымалдыққа ие. Бірнеше рет республикалық театрлар фестивальінің жеңімпазы. Театрда үлкен сахналық шеберлігі бар шығарамшылық ұжым жұмыс істейді. Театр ұжымы үнемі Мәскеу, Новосібір, Барнауыл және Ресейдің басқа қалаларының театрларымен шығармашылық байланыста болып келеді.
Семейдің Абай атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасы 1883 жылы құрылып Қазақстандағы ең алғашқы кітапханалардың бірі болып табылады. Кітапхананың ең бірінші оқырмандарының бірі Абай Құнанбаев. Ғылыми ақпарат пен кітап сақтаудағы ірі орталық. Кітап қоры 362 мың сақтау бірлігін құрайды., бұған қоса 5900 ден астам ХVII-XIX ғ. басылымдары бар. Әр түрлі кезеңдегі қазақ және орыс тілдеріндегі сирек кездесетін басылымдар бар. Кітапхана интернет жүйесіне қосылған. Ол үлкен халықаралық байланыстар жасайды, алыс жақын шет елдердердің ірі кітапханаларымен ынтымақтастықта.

Мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби мемориалдық Абай қорық-мұражайы 1940 жылы құрылды. Абай мемлекеттік қорық –мұражайының құрамына: 7 залы бар қалалық бас кешен, «Алаш арыстар» мұражайы, Жидебайдағы Абайдың мұражай-үйі, Бөрлідегі Мұхтар Әуезовтың мұражай үйі, Жидебайдағы «Абай-Шәкәрім» кесене кешені кіреді. Абай мемлекеттік мұражайы Абайтанушылардың ірі ғылыми орталығы болып табылады. Мұражай қоры 18255 сақтау бірлігін құрайды. Мұражайда революцияға дейінгі кезеңнен бүгінгі күнге дейін көптеген әлем халықтарының тілдерінде жазылған Абай шығармаларының бірегей басылымдар даналары сақталған.

Семейдің Достоевский атындағы әдеби-мемориалды мұражайы Семей қаласында 1971 жылы жазушының 150 жылдығына орай ашылған, ол 1854-1859 жылдар аралығында тұрды. Мұражай өзара байланысқан екі ғимаратта орналасқан: біріншісі 1838 жылы салынған- мемориалды үй, екіншісі 1976 жылы салынған. Қорды 16000 мұражайлық заттар құрайды: Мұнда жазушының өмір сүрген уақытындағы жазған шығармалары, танымдық-мемуарлық әдебиеттер, қолтаңбалары бар кітаптар, құжаттар, сирек кездесетін фотосуреттер, XIV ғасыр ортасындағы тұрмыстық заттар сақталған. Мұражайда үш рет халықаралық достоевский оқулары өткізілді.

Семейдің тарихи - өлкетану мұражайы 1883 жылы Статистикалық Комитеттің көсемдері: орыс социал-демократтары Михаэлис, Долгополов, Гросстардың жетекшілігімен ашылды. Олар қазақ халқының мәдениетін, тұрмысын оқып, өлкенің тарихына, географиясына, экономикасына, этнографиясына зерттеулер жүргізді. Өзінің 117 жылдық тарихында Семейдің Ертіс өңірінің тарихы туралы бірегей жәдігерлерді жинақтады. Мұражайда сирек кездесетін жәдігерлер, кітаптар, тарихи және өлкетанымдық бағыттағы құжаттар бар.

Семейдің Невзоровтар жанұясы атындағы көркем-өнер мұражайы 1985 жылы құрылды. 1988 жылы Мәскеулік коллекционер Ю.В.Невзоров мұражайға сыйлық ретінде, XVIII-XX ғ кескіндеме және графика жинақтарын тапсырды, онда әйгілі орыс суретшілері К.Брюлловтың, В.Тропининнің, А.Васнецовтың, И.Шишкиннің, В.Маковскийдің және басқаларының, барлығы 500 картиналары бар.
Қазақстанның көркем өнер коллекциясы 1000 астам дананы құрайды, онда танымал шеберлердің шығармалары берілген. 1988 жылы мұражайға үлкен экспозициялық залдары бар бұрынғы облыстық комитет пен облыстық атқарушылық комитетінің ғимараты берілген.

Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романындағы елді мекендер бойынша туристік бағыттар ашылған. Оған Бөрлідегі Мұхтар Әуезовтың үй-мұражай, «Еңлік – Кебек» ескерткіші, Евразияның географиялық орталығы болып есептелетін Жидебай мекені, «Абай-Шәкәрім» кесенесі, «Қоңыр әулие»жер асты үңгірі жатады, сондай ақ Ертіс өзенімен Павлодар, Омбы, Салехард қалаларына дейін теплоходпен туристтік саяхат жасауға болады.


Семей қаласы әлеуметтік инфрақұрылымы дамыған қала. Егер ХХ ғасырдың басында Семейде бір ғана 22 орындық ақылы аурухана және 1 уездік амбулатория болса, ал қазіргі таңда денсаулық сақтау жүйесінде 15 клиникалық аурухана, 4 диспансер, 78 медициналық бірлестіктер (олардың 22-сі ОДА) бар. Білім беру жүйесі 74 орта мектепті, 28 колледжді, 14 мектепке дейінгі мекемелер және 9 балалар үйін, 4 арнайы интернаттарды құрайды. Семейді студенттер қаласы деп атайды. Мұнда Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, Семей мемлекеттік педагогикалық институты, Семей мемлекеттік медициналық университеті бар.
Семейде ірі стадиондар мен спорттық құрылымдары бар және қазақ футболының отаны болып табылады. Онда әлемге әйгілі қазақ батыры Қажымұқан Мұңайтпасов өнер көрсеткен. Бірінші қазақ - олимпиядаға қатысушы Ғұсман Қосанов, Леонид Никитенко, Василий Ярков, Дәулет Тұрлыханов және т.б Семейдің спортшылары Қазақстанды көкке көтерді. 1997 жылы мамыр айында Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен семей облысы толығымен Шығыс Қазақстан облысының құрамына енді. Орталығы Өскемен қаласы болды. Қазір Семей қаласы Семей аймағының орталығы болып табылады. Қазіргі әкімшілік шекара 2780675 га жалпы алаңды құрайтын Абралы ауданы, Шүлбі, Шаған кенттері кіреді. Қала тұрғындары 308,2 мың адамды құрайды. Нарықтық қатынас Семей аймағының әлеуметтік-экономикалық саласына да, өзінің өзгерістерін әкелді. Қатаң бақталастық жағдайда өмір сүруді, үйретуге өтпелі кезеңдердің қиындығын жеңуге, әкелді. Соңғы бірнеше жылдарда қауырт экономикалық жағдай орныға бастады. Қаланың өндірістік алпауыт орындары қайта құрылды: олар цемент зауыты, ет-консерві комбинаты, тері-былғары бірлестігі, құрылыс материалдар, машина-құрылыс және танк жөндеу зауыттары. Жылу энергиясы, газ және су, электр энергиясын жұмсауда және өндірістерде жоғары өсу байқалады.
Отын өнеркәсібінде көмір өндіретін «Қаражыра» кен оны алдыңғы орында. Өндірілген көмірдің артық қоры 1 млрд тоннадан асады. Кен шығарумен «Семей көмірі» ЖШС айналысады. Көмірді ашық әдіспен өндіреді. Қаражыра Семей аймағы мен Шығыс Қазақстанға энергетикалық потенциялының дамуына күшті әсер берді. Кәсіпорын өнімдерін Қазақстанның индустриялық флагмандары «Қазцинк», «Қазақмыс», «АЕS Қазақстан» корпорациялары қолданады.

Суздаль алтын-кен орыны ХХ ғасырдың 80 жылдары ашылған, Семей қаласынан 50 шақырым қашықтықта орналасқан. 1996 жылы геологиялық жағынан қарау құқығын «Ангел» қаржы-ивестициялық корпорациясына берген. Өндіріглен кеннің аумағы 700 мың тонна. Суздал кен орындағы асыл металды өндіру негізінде сілтісіздендіру әдәсә қолданылады. Ол әдіс үнемді және классикалық болып есептеледі. Жаңа технологияларды ендіру жұмыстың соңғы циклын аяқтауға тиімді болды, қорытындысында 2000 жылдың қараша айында құрамында 99,5 пайыз таза алтыны бар алтын құймалар алынды.

«Каполиграф» ААҚ, Қазақстандағы жоғарғы сапалы гофрилді қатты қағаз, қағаздар, полимерлік пленкалар және оның әртүрлері негізінде қапталған өнімдерді шығаратын алдыңғы қатарлы өндіріс орны болып табылады. Кәсіпорында бірнеше жыл бойы тоқтаусыз германиялық- американдық желі бойынша тағам, темекі, фармацевтік, косметикалық өндірістерге, сондай-ақ сұйық және қою тағамдарға арналған, сүттен, айраннан, шырын, сусындарға арналған «Пюр-Пак» қораптары шығарылады. Бұл өнімнің европалық сапасын қамтамасыз етеді. Қаламызда жеңіл өнеркәсіптің ірі кәсіпорындары жұмыс істейді. Олардың алдыңғы қатарында «Сенім» (жуылмаған жүнді шығару) АҚ тұр. Жүн өндіру өндірісі сонау ертедегі, 1864 жылы көпес Калмыковтың «Жүн жуу» кәсіпорнының пайда болуымен байланысады. Қазіргі АЖӨ фабрикасының корпустарының құрылысы 1932 жылы басталып 1935 жылы аяқталған. Бұл өнімге сұраныс өте көп болған. Кәсіпорында кір жүнді жуудың жаңа технологиясы үлкен дәрежеге өсті. Семейдің алғашқы жүн өндіретін фабрикасы одақ көлемінде аса ірілердің бірі болып, оған облыстың 436 шаруашылығына өндірілетін шикі зат келіп түсті.
Оның ізін басушы мұрагері «Семтекс» ЖШС. Бұл кәсіпорын Новосібір, Хакасиядағы Черногор текстиль фабрикаларынан жуылған жүнді жеткізуге келісім шарт жасады. «Семтекс» ЖШС – нен ірі жуылған жүнді Аякөз жүн фабрикасы және Алматы кілем тоқитын «Алматы кілем» ААҚ пайдаланады.

«Мирас» ЖШС Семейліктерге ғана емес бүкіл Қазақстанға танымал «Большевичка» бірлестігінің базасында құрылды. Ең танымал өнімдері ерлерге, балаларға арналған көйлектер. Осы кәсіпорынға сапасы мен дизайн үшін бүкіл әлемге танылған Лондондағы халықаралық институтының «Гауһар жұлдызы» куәлігі берілді. Кәсіпорында үлкен жүк автокөліктерінің саябағы бар. Олар СуперМАЗдар, самосвалдар, КамАЗдар. Клиенттің тапсырысымен жүктер Қазақстан мен ТМД елдерінің кез-келген жеріне жеткізіледі. Басшылық кәсіпорынның коммерциялық және сыртқы экономикалық қызметіне үлкен көңіл бөледі. Бірқатар шет елдер мен Ресейдің сауда фирмаларымен маркетинг және менеджмент бойынша тығыз байланыс орнатқан. «Мирас» ЖШС арқылы тұрақты серіктестік беделі орнады. Кәсіпорынның тағы бір қызметінің саласы – тағам өнімдері мен құрылыс материалдарын үлкен және аз мөлшерде өткізу болып табылады. Орталықта тұрған ескі ғимарат кешеніне «Мирас» ЖШС көшкеннен кейін, мұнда «Жібек жолы» жабық базары ашылды. Өндірілген өнімнің 70 пайызын әдемі және сәнді көйлектер құрайды. «Мирас» ЖШС мемлекеттік тапсырыс бойынша Қазақстанның қарулы күштер министрлігінің әскери қызметкерлеріне, ішкі және шекара әскеріне, басқада күш құрылымдарына арналған нысандағы киімдер, ұлттық киімдер де тігіледі. Бұл өнімдер кәсіпорынның тігін цехында өндіріледі. Мұнда қазіргі замандағы жабдықтар орнатылып, жылына 500 мың өнім шығарылады. Қажет болған жағдайда оны екі есеге көбейтуге болады.

«Мұрагер» ЖШС Семейдің тігін фабрикасы 1969 жылы құрылған. Фабрика қызметінің негізгі түрлерінің бірі жоғарғы сапалы экологиялық- таза түйе жүнінен және жүннен сырылған көрпелерді шығару болып табылады. Жалпы 150 атаудан тұратын өнімдер жиынтығы: төсек-орын жабдықтары, арнайы жұмыс киімдері, медициналық, комуфляж, униформа, әйел-ерлер киімдері, жастықтар және төсеніштер шығарылады.
Фабрика құрылымында қазіргі уақытта іріктейтін, жуатын, жүн түтетін цехтар жұмыс істейді. Жаңа өнімдерді дайындау үшін эксперименттік цех іске қосылды.

«Семейдің ұн-құрама жем зауыты» АҚ өзінің тарихын 1929 жылдан бастайды, Ертіс өзенінің сол жағалауындағы бос тұрған орынға аумағы 8 мың тонна құрайтын бірінші монолитті темір бетон элеваторы тұрғызылды, одан кейін «Макдональд» американдық фирма жобасымен зауыт салынды. Қазіргі уақытта «Семейдің ұн-құрама жем зауыты» АҚ республикамыздың ірі кәсіпорындарының бірі болып табылады. Ұн зауыты қазіргі пневматикалық көліктермен қамтылған. Мұнда ұнды сақтайтын қойма, элеватор бар. Құрама жем зауыты ұнтақталған, кесектелген түрдегі құстар мен аңдарға, балықтарға арналған қоспа жемдерді дайындайды. Зертхана қазіргі заман талабына сай компьютерлермен жабдықталған. Олар дайын өнімдерге және шикі заттарға қорытынды жасайды. Зертхана сертификат алу құқығына ие болу үшін аттестациядан өткен. Элеватор өндірісі 180 мың тонна дәнді сыйғыза алады. Темір жолмен, автокөлікпен келген дәнді –дақылдарды қабылдауға мүмкіндігі бар және оларды әрі қарай өндіреді. Элеватор түгелдей механизацияландырылған. Элеваторды басқару орталық диспетчерлік пункпен жүзеге асырылады. Ет комбинатынан басқа сүт өнімдерін, нан зауыттары, шарап-арақ, сыра және алкоголсіз сусындар өнімдерін шығаратын кәсіпорындар қызмет

жасайды.

«Семей азық-түлік өнімдері комбинаты» ЖШС сүт өндірісін енгізгеннен кейін соңғы жылдары сүт өнімдерін шығару 3,1 есеге өсті. Біздің қаламызда кіші және орта бизнесті дамыту бағдарламасы ойдағыдай орындалып келеді. Бұған кәсіпкерлердің ұсынған жобаларын несиелеу өз тиімділігін тигізді. Несиелеу көлемі жылдан-жылға артып келеді.


Семей аймағында Қазақстанның барлық ұлттарының өкілдері тұрады. Мұнда қоғамдық ұлттық-мәдени бірлестіктер құрылып және жұмыс істейді, олардың негізгі мақсаты - бейбітшілікті сақтау, ұлтаралық қатынастар келісімінде болу, ұлттық сана-сезімін қалыптастыру және халықтың өзара сыйласымдылығы болып табылады.
Семейде 10 газет шығарылады, «Абай» және «Аманат» журналдарынаң екі редакциясы бар, халықаралық Абай клубы жұмыс істейді. Осы Абай жерінде 200 томдық бүкіл әлемдік әдебиет басылымы шығарыла бастады. Осындай кішкене Семей қаласында алғашқы рет әлемдік әдебиет шығарылмақшы. Осы жобаның маңыздылығын Президент Н.Ә.Назарбаевтың өзі атап айтқан. Алғашқы басылым жинақтары қазақ және орыс тілдерінде шығарылды. Кейін әлемнің басқа тілдерінде жарыққа шықпақшы. Қаламыз өзінің аса бай ғылыми потенциалымен, жаңадан ашылған жоғары оқу орындары мен филиалдарында республика үшін сұраныстағы жоғары білікті мамандарды дайындауда аса танымал.
Семей қаласының көз тартарлық тарихи-сәулетті ескерткіштері болып: Ямышевск қақпасы, мешіттер, Воскресенский Соборы, Знаменка-Петропавл монастрьі (бұрынғы Қырғаз миссиясы), православ кішкене шіркеуі, губернатор үйі, облыстық кітапхана ғимараты, Абай тұрған үй, көпес Степановтың үйі, мұғалімдер семинариясы ғимараты, №1 Чернышевский атындағы орта мектеп ғимараты және т.б.
Қаламыздың визит карточкасы болып кеңес одағы елдерінде бірінші, ал әлем бойынша 17-ші орында тұрған Ертіс өзенімен өтетін аспалы көпір және ядролық сынақтан зардап шеккендерге арналған «Өлімнен де күшті» монументі болып табылады.

Әдебиеттер:

  1. Ашурков В.Н., Кацюба Д.В., Матюшин Г.Н. Историческое краеведение.М., 1980.

  2. Матюшин Г.Н. Историческое краеведение М. 1987

  3. Памятники истории и культуры Казахстана. Научно-популярный информационный сборник, А., 1986

  4. Басенов Т.К., Маргулан А.Х., Мендикулов М.М. Архитектура Казахстана, А., 1959

  5. Муканов М. Казахская юрта, А., 1992

  6. Алехин А.Д. Изобразительное искусство, М., 1984

  7. Маргулан А.Х. Казахское народное прикладное искусство. Т.1 А., 1986.Т.2 А., 1987. Т.3 А., 1994

  8. Қазақтың көне алтыны. Древнее золото Казахстана А., 1983

  9. Қазақтың зергерлік әшекейлері А., 1985

  10. Қазақ халқының сәндік ою-өрнек өнері. Народное декоративно-прикладное искусство казахов Л., 1970

  11. Ибраева К. Казахский орнамент, А., 1994

  12. Очерки изобразительного искусства казахов А., 1977

  13. Нурмухаммедов Н. Искусство Казахстана (Альбом) М., 1970


10-Тақырып: Өлкетануда мұражайлар, мұрағаттар атқаратын ролі.

Тақырыптың хронологиялық шеңберінде Семей Мұражайыныңжұмысынатоқталыпөтуқажет,өйткені оның жұмысы Орыс географиялық қоғамымен көп дәрежеде байланысты. Мұражайдың өзі 1883 жылы облыстық, статистика комитетінің ағартушылық жұмысы шеңберінде пайда болды. 1893 жылы ол бастауыш білім туралы Қамқоршылыққоғамынаберілді. 1902 жылымұражайды Семей бөлімшесі қабылдап алды. К. Рычковтың атап өткендей,«Бөлімше мұражайды тәртіпке келтілірді, - бар заттаркөрмеқорытізімінетоптастырылып, өзкезегінде, олар бес бөлімгебөлінді». Бұлмұраждайғажұрттыңкелуінеигіәсеретті, егер 1893-1894 жылдарда мұражайға 163 адамкелсе, 1903 жылдан бастап оған келушілер күрт өсіп, 720 адамнан 1913 жылы 2873 адамғадейінжетеді. Мұражайдыңжұмысынақоғаммүшелері Н.Я. Коншин, В.Н. және А.Н. Белослюдовтер, И.Е. Мирошнеченко және басқалар белсене қатысты.

Сонымен бірге қазақтардың этнографиялық өмірін зерттеуге, бұлардың аумағына да зор көңіл бөлді. Мәселен, Ресейдегібелгілі Дашков мұражайында А.П.Федченкодан алынаған Түркістан өлкесі заттарының көрме жиынтығы болды, оған А.Н. және Н.М. Харузиндердің қайырымдылық сыйлықтары түсті.

ХХғ басында азиялылар халықтық оқулар ұйымдастыру жөніндегі салауаттылық қоғамдарының ашылуы туралы шешімді зор жігермен қарсы алды,сондықтан орыс географиялық қоғамның қайраткерлері оларға белсене қатысты. Мәселен, Семей облысындағы Халықтық оқулар ұйымдастыру жөніндегі коммисияның төрағасы – орыс географиялық қоғамының қайраткерлері көп еді. Нақ сол Семейдегі В.Н. Белослюдов, В.С. Усов, Н.Я. Коншин және басқалар Халықтық оқулар ұйымдастыру жөніндегі комитетінің лекторлары болды.Жұмыстың мұндай нысандары мен қоса, қоғам мен оның бөлімдері алуан түрлі көрмелер ұйымдастыру мен өткізуге үнемі және қызу қатысты. ХІХ ғ. аяғы – ХХ ғ.басында жұмыстың бұл нысаны тәжірибе алмасуға да, ғылыми жұмыста жаңа бағытта іздестіруге де, зерттеужұмысындағыжетістіктердікөрсетуге де қызмететті. П.П.Семеновтың пікірі бойынша,Батыс Сібір далалық тобы коллекцияларының тамаша толықтығы ерекше болып, келушілерді көптеп тартқан.Орыс географиялық қоғамның мүшелері одан кейінгі көрмелерге де шама-шарқынша қатысты.



  1. ҚазақстанРеспубликалықмемлекеттікмұрағатқұжаттары

Мұрағаттар бұл жеке өзіндік мекеме болып табылады.Мұрағаттар құжаттық материалдар, баспа сөз материалдары сақталады. Дерек құжаттары мемелекеттік мекемелерінің іс-қағаздары сақталады. Мұрағаттың міндеті жалпы қоғамны ақпараттық талабына жауап беру. Басты міндет ұлттық бағалық құндылықтарды сақтау, тарихи сана ретінде қалыптастыру болып табылады. Құжаттар ең аса маңызды ақпарат көзі болып есептеледі. Құжаттық материалдар қайталанбайтын ерекше болып келеді. Қазақстан мұрағаттар өзінің қалыптасуы тарихын 1794 жылы Бөкей ордасының мұрағаты мен басталады, сол жылдан бастап мемлекет қарамағына алынды.

1921 жылдың 1 қыркүйегінде Орынбор губерндік архиві негізінде Орталық өлке архиві құрылы, кейін мемлекеттік архив болып қайта құрылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет