Тасымалдауды ұйымдастыру және қОЗҒалысты басқару



бет71/80
Дата20.09.2022
өлшемі5.59 Mb.
#461003
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   80
Курс лекции каз

Ұзақ мерзімді келісім –келісімнің барлық мерзімі үшін төленетін құны (сезон, навигация). Бұнда желілік коносамент беріледі (чартерлік тасымалдау). Реттілік тек кемежайдан кетуі мүмкін.
Желілiк кемеқатынасы:
Алдын ала кестені хабарландыру, жүктерді алдын ала рәсімдеу. Кесте бойынша жөнелту. Тұрақты тұтынушыларға жеңілдіктер қолданылады.
Жедел желі кемеқатынасы:
Кесте жылына 1-2 рет құрастырылады. Кеменің келуі мен жөнелтілуі уақыты минутына дейін тура сақталады. Негізінен генералды (дара) жүктер тасымалданады. Бірдей жылдамдықпен, бір типті кемелер қолданылады.
Терминдер:
Толық жүк – теңіз тасымалын келісім шартында жүктер саны көрсетілмейді, тек кеменің жүкті қабылдайтын мүмкіндігіне сәйкес, кеме жалдаушы жүктерді толық артуы тиіс.
Негізгі жүк – теңіз кемелерімен тасымалданатын кез келген дара жүк. Мұндай жүкті тасымалдауда аса ерекше жұмысты керек етеді (қабылдау және өткізу орын сандары).
Жүк жоспары – жүктің кемедегі жүк орындарында орналастыру схемасы.
Авариялық Комиссар – қауіпсіздендірілген кеме мен жүктің шығын көлемі мен мінездемесін, себептерін анықтауын жеке тұлға немесе фирма айналысады.
Демередж – теңіз тасымалы келісімінде келісілген уақыт мерзімінде кеменің аялдамада тұруына қатысты күту мен уақыттан тыс аялдау шығындарын көлік иесіне төлеу.
Диспач – көлік иесінің фрахтовательге жүкті межелдегі уақыттан (сталийлік уақыт) көліктен ерте түсірілген үшін кеме фратователіне төлейтін сыйақысы.
Диспаша – жалпы аварияға қатысты шығын және оларды кеме, фрахт және жүктiң құндарына сәйкес олардың арасында жiктеу.
Жеке апат – теңіз құқығында бұл жалпы авария нышанына жатпайтын шығын. Мұндай шығындар көлік, жүк және фрахт арасында жiктеудi қарастырмайды; ол шығынды жәбірленуші немесе ол шығындарды келтiрген адам көтередi.
Сталий (межелдегі) уақыты – бұл тәулiкпен есептелетiн аялдау уақыты, бұл уақыт теңіз тасымалы келiссөзiнде немесе порт салтында кеменi түсiруге немесе оны тиеуге қажеттi келiсiлген уақыт.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет