Тасымалдауды ұйымдастыру және қОЗҒалысты басқару


Тақырып 9. Бiртұтас технологиялық үрдiстiң мазмұны



бет51/80
Дата20.09.2022
өлшемі5.59 Mb.
#461003
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   80
Курс лекции каз

Тақырып 9. Бiртұтас технологиялық үрдiстiң мазмұны


Лекция №17.
1.Біртұтас технологиялық үрдістің мазмұны.
2. Жүк ағындарының құрылымы.

Көліктік жүйенің маңызды жұмыс көрсеткіші болып жылдамдық табылады, ол 3 түрлі болады. Пайдаланушылық, орта, (жолаушы тасымалдауында қатынас жылдамдығы деп аталады), техникалық. Қалаларда жылдамдық нормаланады. Статистика бойынша қазақстандағы орта жылдамдық 30 шақ/сағ тең.


Қарқындылық – бұл халықтық жылжу деп аталатын сандық көрсеткішпен айқындалатын алмасу. Потенциалды, абсолютті, жалпы деп аталатын түсініктерге бөлінеді. Жалпы алғанда жылжымалылық – бұл берілген уақыт аралығындағы адамдар тобының бір адамға шаққандағы орын алмастыруының саны. Егер бірнеше адам қаралатын болса, бұндай жағдайда жылжымалылық күтілетін орын алмастыру мағынасына ие болады. (nқор)
Потенциалды жылжымалылық – бұл биологиялық немесе қоғамдық, әлеуметтік жағдай, байланыс және ақпарат құралдары қажеттілігінен туындаған халықтық жылжымалылық. Көпфакторлылық және өзара байланыс қиындығынан қажеттілігінің сандық жағы анықталмайды.
Таратылатын қажеттілік – бұл қатынас қиындығына халық бюджетіне, қала жоспарламасына, ауырлық күші орталығының орналасуы мен орнына, оларға қызмет көрсететін олардың көліктік желілеріне байланысты аталған жағдайларда таратылатын фактілік қажеттілілік (КЖ).
Абсолютті жылжымалылық – бұл аталған орын алмастыру теліміндегі бір адамның уақыт бірлігіндегі келетін бір адамның орын алмастыру саны.
Жалпы жылжымалылық – аталған әкімшілік кешеніндегі барлық халықтың, барлық халық топтарының уақыт бірлігіне қатынасы бойынша қалалық жолаушы көлігінің телімдегі орын алмастыру саны (тіркелген).

  • Жылжымалылықтың өсу факторы:

  • территориялық орталықтардың кеңеюі;

  • ҚЖҚ құралдарының дамуы;

  • қатынас құралдарының кеңеюі;

  • көліктік тарифтердің азаюы;

  • Жылжымалылықтың құлдырау факторы:

Қала халқы мынадай топтарға бөлінеді:

  • еңбек ететін – осының негізінде құралған қалақұраушы кәсіпорындар, мекемелер (халқы 40 пайыз);

  • кәсіпорындарда, сауда орталықтарында, түрлі үйлерде қызмет көрсететін еңбеккерлер және т.б. (2 пайыз);

  • жоғары оқу орындары, техникумдар, мектептер оқушылары (5 пайыз);

  • қызметке жарамайтын – зейнеткерлер, үй шаруасындағылар, коммерсанттар (35 пайыз).

Жылжымалықтың мақсатты белгісі бойынша мынадай топтарға бөлінеді:

  • еңбек жылжымалылығы – бұл тұрғылықты жерінен еңбекті қолдану орнына орын алмастыру.

  • оқушылардың оқу орнына және қайта орын алмастыруы.

  • мәдени – тұрмыстық жылжымалылық – бұл барлық халық топтарының мәдени–тұрмыстық орталықтарына және қайта орын алмастыруы.

  • еңбектік емес – бұл жұмыс күні бойына кәсіпорын қажеттілігімен байланысты емес орын алмастыру.

Жылжымалы құрам жұмысын талдау мен есептеу жоспарында техникалық –пайдалану көрсеткіштерінің жүйесі, яғни автомобиль пайдалану тиімділігін және олардың жұмыс нәтижелерін бағалауға арналған.
Зерттеу қала халқының коғамдык көліктің кызмет көрсетулерін пайдалануға түрткі болатын себептердің жағдайлардың тең жарымынан астамында азаматтардың жұмыска баруларымен және 20 % жуығының оқушылардың жүрістерімен байланысты екендігін көрсетті. Яғни, калалық жолаушы көлігіне кажеттіліктің мәжбүрлі және тарифтің мөлшеріне әлсіз ғана тәуелді болып табылды. Екінші жағынан, мәселен, жобаны іске асыру ұйғарылған қалалардағы көлік шығыстары отбасылық орташа бюджеттің 10 %-ынан кем мөлшерін құрайтыны анықталды. Қоғамдық пікірді сұрау негізінде көрсетілетін қызметтердің сапасы жақсарған жағдайларда тарифтерді көтеру мүмкіндігі анықталды. Бұл ретте басты критерийлер есебінде қолайлы жұмыс кестелері мен көлік құралдарының нормативтік шамадан артық толтырылмауы жылжымалы кұрамның жақсы техникалық жай-күйі және т.б. аталды. Тарифтерді көтеру халықтың нақты төлем қабілетімен тығыз ұштастырылды.
Көлік кәсіпорындарының қаржы қызметінің талдауы көрсеткендей, бухгалтерлік есеп пен қаржы талдауының қолданылатын әдістері қызмет түрлері бойынша шығындар мен шығыс жөнелтпе құжаттарын (жүк құжаттарын) бөліп үлестірген емес. Пайдалану шығыстарын азайту басым міндет болып саналған жоқ, сол себепті жолаушы тасымалдарына машықтанатын автокөлік кәсіпорындарында төмен бағалардың және толык жұмысбастылықтың ескі саясаты өз әрекетін одан әрі жалғастыра берді.
ҚЖК жеке кәсіпкерлік пен бәсекелер ортасында жүмыс істеуі, өзін-өзі өтеуі мен рынок субъектілерінің дамуы үшін бүкіл тариф саясатын түбегейлі өзгерту талап етілді. Ол үшін тасымал қызметінің пайдалылығын қамтамасыз ететін не еркін тарифтерді енгізуді немесе олардың шекті деңгейін белгілеуді тандау керек болды. Екі жағдайдың екеуінде де қалалық жолаушы тасымалдарынын. елеулі шамада коғам өмірінің әлеуметтік және экономикалық кырларына ықпал ететін, яғни қызмет көрсетулердің окшауланған түріне жатпайтынын есте сактау қажет. Сондықтан шешімді қабылдау бүкіл жүргізуші құрылымдар тарапынан мұқият көңіл бөлу мен қолдау көрсетуді талап етті.
Еркін тарифтерді енгізу қоғамдағы онсыз да тұтанып тұрған экономикалық тауқыметтерді экономикалық тұрғыда одан бетер шиеленістіре түсер еді. Сондықтан, тасымалдаушылар пейілдеріне қарамастан, артықшылық, мәжбүрлі болса да, тарифтер жасаудың екінші нұсқасына берілді. Оны іске асыру жолында нарық жағдайларындағы бірнеше принципті мезеттерді шешу алда күтіп тұрды.
Біріншіден, ҚЖК барынша әлеуметтік бағдарын сақтау талап етілді, ол пайдасыз, бірақ әлеуметтік мәндегі маршруттарға кызмет көрсетуді одан әрі жалғастыруды, азаматтардың кейбір санаттарына (зейнеткерлер, оқушылар, т.б.) қолдау көрсетуді ойластырады. Екіншіден, тасымалдаушылар жұмыс барысында шеккен барлық шығындар мен уыстан шығарып алған пайдаларының орнын толтыру үшін қаражат көздерін іздестіру кажет болды. Ең соңында, үшіншіден, мемлекет, жеңілдік берілген жолаушылар мен тасымалдаушылар араларындағы құқықтык өзара қатынастарды кайта қарауға тура келеді.
Жолаушыларға арналған жеңілдіктерге байланысты проблемалар аса өзекті мәселелерге айналды. Зерттеулер жүргізу барысында әр түрлі қаулылар, жарлықтар мен заңдар аркылы Қазақстан Республикасы азаматтарының 42 категориясына ҚЖК қызмет көрсетулерін жеңілдікпен (тегін немесе жарым-жартылай төлем жасалатын) пайдалануға кұқық берілді. Республикалык тізбеге жергілікті өкіметтер салмақты негізі жоқ жеңілдіктерді қосты. Осындай түрдегі қабылданатын шешімдер үстіртін шешімдер болды, олар популизмді пайдаланды, бірақ бұл социализм орнатудағы үзақ жылдар бойы колданылып келген практиканың табиғи жалғасы еді.
Жүк ағындары белгілі бір уақыттағы белгілі-бір бағыт бойынша тонналық жүк сандары.
Графикалық жүк ағындары сызба түрінде немесе жүк ағындарының эпюрасы түрінде ұсынылады. Жылжымалы құрам тасымалдауындағы қатынас жолдарында жүктің қисық сызықты қозғалысы түзу сызықтықпен алмасады.
Жүк ағындарының эпюрасы келесі түрде құрылады. Бірінші, белгілі бір ұзындық масштабымен тасымал кезіндегі бір немесе бірнеше аймақтар белгіленеді. Содан соң осы сызыққа белгілі бір масштабпен тасымал қашықтығын қоса алғандағы жүк саны сызылады: бірінші кезекте жүк, келесі де қабылдау пункті
Жүк тасымалының эпюрі түзу және кері бағытта сызылады. Түзу және кері бағыттағы жүк ағындары қатынасының шамасы бағыт бойынша жүк ағындарының бірқалыпсыздық коэффициенті деп аталады.
Жүк ағындары эпюрасын тұрғызуда екі жағдай болуы мүмкін: барлық жүк жөнелтетін және жүк қабылдайтын пункттар.
Жүк ағындары картограмма түрінде ұсынылуы да мүмкін. Картограмма- аралас жүктердің арнайы қатынастағы автомобиль жолдары, көшелердегі жүк ағындарының картадағы графикалық бейнелеуі.
Эпюр мен картограмма жүк тасымалындағы жылжымалы құрамның маршруттық қозғалысын жасауда үлкен мәнге ие болу мүмкіндігін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет