Тасымалдауды ұйымдастыру және қОЗҒалысты басқару



бет52/80
Дата20.09.2022
өлшемі5.59 Mb.
#461003
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   80
Курс лекции каз

Жүк ағындарының құрылымы: салалық, топтық, туыстық (тұқымдық).
Экономикалық факторлардың ықпалы. Осы жоба үшін экономикалық факторлардың ықпалы практикалық болып табылады. Жоғарыда көрсетілгендей, жобаның коммерциялық тартымдылығы өте төмен, әрі жобаны іске асырудан келетін пайдалар кәсіпорынға емес, мемлекетке түседі. Сан жағынан бағалау және пайдалылықтың тиісті көрсеткіштерінің есебі қажет болған жағдайда, осы жобадағы ақша бұдан басқа, мемлекет экономикасына оң салым салатын (оң үлес қосатын) қосымша сыртқы факторлардың (экстерналий) есебінен алу да сондай-ақ жобаның экономикалық тиімділігін арттыруы мүмкін. Экстерналийлерге жатқызылған сапалық факторлардьщ ішінен мыналар белгіленді:

  • Трасса учаскелерінде жылдамдықты ұлгайтудың есебінен автомобиль жанар-жагармайын үнемдеу. Осы фактор АКҚ техникалық-экономикалық сипаттамаларын, автомобиль жолдарының жай-күйі мен жолдардың жеке учаскелеріндегі көлік ағындарының нақты қарқындылығын ескеру арқылы айрықшалықты көлік ақпаратын анық жеткізіп, статистикалық өңдеу және арнайы техникалық зерттеулер негізінде ғана экономикалық пайдалардың компоненті (құрамдас бөлігі) ретінде бағалануы мүмкін. Аталмыш фактор басқа параметрлерге қарағанда едәуір көп дәрежеде қозғалтқыштардың техникалық-экономикалық сипаттамаларына, АКҚ мерзімі мен техникалық жай-күйіне байланысты болады.

  • Көлік құралдарына қызмет көрсету мен жөндеуге жұмсалатын шығыстарды азайту. Жол жамылғысы мен АКҚ кызмет көрсетуге және жөндеуге жұмсалатын шығыстардың өзара байланыстарының анықтығына қарамастан, осындай нәтиженің сан жағынан бағаланулары қосымша үлгілер жасау мен статистикалық деректердің ұзын санын шоғырландыруды талап етеді. Қазақстанда, нақты жоба туралы сөз қозғауды былай қойғанда, мұндай зерттеулер жүргізілген жоқ.

  • Жол-көлік оқиғаларыныц санын азайту. АКҚ қызмет көрсетуге жұмсалатын шығыстарды бағалау жағдайындағы сияқты, осы факторға сан жағынан баға беру де арнайы зерттеулерді талап етеді, мұндай зерттеулер жоба аясында да, жалпы Қазақстан бойынша да әзірше жүргізілген емес.

  • Жолаушылар мен жүк тасымалдаушылар үшін жайлыльқты жақсарту. Осы фактор да сондай-ақ теориялық тұрғыда әлемге қабілетті сұраныс пен қосымша жайлылық үшін пайдаланушылардың қосымша төлеуге ықылас білдірулерін бағалау негізінде экономикалық пайда ретінде сараптала алады. Әйтсе де, тасымалдарға деген орын алған сұраныс көрсеткіштері едәуір төмен және олардың айқын көрнекіліктегі өсу үрдісі жоқ, сондықтан осы фактор келешекте оң нәтиже беруі мүмкін.

  • Капитал айналымдылыгын жеделдету. Жылдамдықты арттырудың есебінен тасымалдау уақытын қысқартуға қол жеткізу өндірістік циклдық кезеңнің азаюына жетелейді - осы нәтиженің салдары ретінде капитал айналымдылығы жеделдетіледі.

Жоғарыда атап өткеніміздей, инфрақұрылымдық жобалар, қағида бойынша, бағалық тұлғалауда өлшенбейтін қоғамдық жүк-салмақты арқалайды, бірақ соған қарамастан, олар мемлекет үшін едәуір маңызды. Әлеуметтік және экономикалық факторларға дұрыс есеп жүргізу осындай жобаларға мемлекет мүддесін қозғауы тиіс. Ал таза рыноктың критерийлерін пайдалану (мәселен, ҒІКК) жаңсақ инвестициялық және басқарушылық шешімдерге түрткі болуы мүмкін, олар өз кезегінде қоғам үшін орасан үлкен ысыраптар келтіреді, соның ішінде каржылай залалдар да.
Бұған дәлел 1999-2001 жылдары Ұлыбританияда болған темір жол апаттары. Тергеу көрсеткендей, темір жол компаниялары менеджерлерінің шығыстар мен инвестицияларды инфрақұрылымдық салаға бұру жөніндегі жаңсақ шешімдері осы сипаттар себептерінің бірі болған. Қымбат тұратын техникалық бақылау мен пойыздардың қарқынды қозғалыстары жағдайларындағы қызмет көрсетуді жою рельстерде ақаулардың (микросызаттар) пайда болуы мен одан әрі бұзылуларына ұшыратты да, олар белгілі бір мезетте қирап қалды. Темір жолдарға кызмет көрсететін залалды (шығынды) бөлімшелердің жұмысын тоқтатып кою туралы менеджерлердің нысандық жағынан дұрыс шешімі (қаржы пайдалылығы көзқарасы тұрғысынан) өлшеусіз көп шығындар мен ысыраптарға, соның ішінде адам шығындарына да жол берді.
Сонымен, инвестицияларды зерттеу мен сипаттау, көлік секторындағы инвестициялық шешімдерді негіздеу елеулі дәрежеде көлік рыногының ерекшеліктеріне, оның дамуындағы экономикалық және әкімшілік реттеуіштеріне, мемлекеттің әрекеттеріне байланысты болады. Тіпті бір автокөлік сегменті ауқымындағы инвестициялык критерийлер бір-бірінен таң қаларлықтай өзгешеленуі мүмкін. Осыған байланысты мейлі жалпыға танылған біршама тексеруден өткен әдістемелердің өзін қолданбас бұрын, сараптық бағаларды жобаны іске асырудағы нақты жағдайларды мұқият және безбенделген талдауға негіздеу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет