Тақырып 12. Iшкi және аймақтық жолаушы тасымалдарының ерекшелiктерi
Лекция №23.
1.Әуе көлігімен жүк тасымалы.
2. “Боинг” фирмасы.
Авиация дүниеге келген күннен бастап жүк тасымалдаудың ең арзан әдісі бұл мақсатқа жолаушылар ұшағын пайдалану болып келеді. Жолаушылар рейсінің көпшілігін демалыс күндері, ал жүк тасымалдау рейсін – жұмыс күндерінде атқаруды керемет үйлесу деп есептейді. Сондықтан жұмыс күндері жолаушылар ұшақтарына қосымша жүк тиеу мүмкіндігі пайда болды. Алайда соңғы уақытта әуеде жүк тасымалдау ісіне сұранымның артуына жауап ретінде жүк ұшақтары пайда бола бастады. Салыстырып көрейік: Ұлыбританияның Хитроу әуежайы арқылы өтетін 70 әуе жолының үшеуі ғана жүк тасымалдауға арналған. Осы әуежай арқылы өтетін 500 мың тонна жүк әлі күнге дейін жолаушылар ұшағымен тасымалданады.
Жүк тасымалы дәстүр бойынша жолаушылар тасымалына қосымша ретінде дамып келсе, соңғы онжылдықта ғана оқшаулана бастады. Осыған келіп, әуе көлігімен жүк тасымалын ұйымдастырудың негізгі түрлері мыналар болып табылады:
– аралас жүк (жолаушылар-жүк) тасымалы;
– арнайы жүк (жеке жүк) тасымалы.
Аралас жүк тасымалы, өз кезегінде, жүкті жолаушылар ұшағының арнайы жүк бөлімінде тасымалдауға және айырбасталатын жүк-жолаушылар ұшағында тасымалдауға бөлінеді. Жүк тасымалдаудың бірінші түрі дәстүрлі болып саналады және жолаушылар тасымалына қосымша болып қызмет атқарады. Жолаушылар ұшақтарының жүк бөлімдерінде, әдетте, габариттері мен салмағы ұшақтың әрбір түріне лайықталған және жүк люктерінің өлшемдеріне сай келетін аса шұғыл және бағалы жүктер тасымалданады. Жолаушылар рейстеріне негіздер салмағы ондаған және жүздеген килограммен есептелетін жеңіл жөнелтілімдер, сирек жағдайда – тоннамен есептелетін жүктер қосымша тиеледі. Бұлар көбіне пошта, посылкалар, жеке жүктер болып келеді. Оның үстіне, “кеме жалдаушыларда” қабылданғандай, әдетте, жүкті бір ғана немесе бірнеше топтастырушы болмайды – ұшаққа көптеген агенттер мен жүк жөнелтушілер тиейді.
Айырбасталатын ұшақтар мен жүк тасымалдаудың дами бастағанына көп уақыт болған жоқ. Олар салоны жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға бейімделген ұшақтарда атқарылады. Мұнда салон тасымалдаудың бір түріне (айталық, жүк) ғана арналып толығымен немесе ішінара (ұшақтың бір бөлігі жүк тасымалына, келесі бөлігі – жолаушылар тасымалына арналады) қайта жабдықталуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |