Тасымалдауды ұйымдастыру және қОЗҒалысты басқару



бет64/80
Дата20.09.2022
өлшемі5.59 Mb.
#461003
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   80
Курс лекции каз

23.1-сурет. Ил-86 ұшағына контейнерлерді тиеу

Сондықтан кең фюзеляжды әуе кемелерінің (Ил-86, 96, Boеing 767, 777, 747 үлгісіндегі, сондай-ақ Airbus фирмасы шығаратын А310, 330, 340 ұшақтарының) ұдайы өсіп келе жатқан дүниежүзілік паркі жүк ұшақтарына айтарлықтай бәсекелес болып отыр. Үлкен кең фюзеляжды ұшақтардың жүк бөлімі мұнда жолаушылардың қол жүктерін тасымалдаумен қатар, қосымша жүк тиеуге мүмкіндік береді. Алайда мұндай ұшақтар өте қашыққа ұшатын маршруттарда жиі пайдаланылуда, мұндай ұшу сапары айтарлықтай жанармай қоры болуын қажет етеді, ал бұл тасымалданатын жүктің салмағын шектейді.


Жүк тасымалдау үшін тар фюзеляжды жолаушылар ұшақтары да пайдаланылуда. Бірақ олардың жүк бөлімдері әуеде жүк тасымалдаудың ажырамас дерлік элементтері болып табылатын бір ізге келтірілген табандықтарды немесе контейнерлерді орналастыруға мүмкіндік бермейтіндіктен, олар жүк тасымалдауға жеткілікті бейімделмеген.
Боинг фирмасының ұшақтары әлемдегі әуе тасымалында барынша кең таралған. Боинг-737 сериясының жолаушылар ұшақтары өзінің екі бөлімінде шамамен 4 мың кг бос жүкті тасымалдай алады. Боинг-737 әулетінің ұшақтары 1967 жылдан бастап сериялы шығарылып келеді және әлемдегі ең танымал реактивті жолаушылар ұшағы болып саналады: 1997 жылдың ортасына қарай олардың әр түрінен 3660-тан астам ұшақ сатылды.



23.2-сурет. Боинг 737-700 ұшағы

Боинг 747 ұшағы батыстағы өндірістің ең үлкен ұшағы болып саналады. Боинг 747 ұшағының жолаушылар, жүк-жолаушылар және жүк тасымалдайтын түрлері бар. Алысқа ұшатын Боинг 747 жолаушылар ұшағының сыйымдылығы үлкен – 568 жолаушы отыра алады. Оның жүк кабинасының көлемі 151 м - 170,5 м , бұл мыналарды орналастыруға мүмкіндік береді: 170,5 м – 30 LD-1 контейнерін; 151 м – 5 паллета, 14 LD-1 контейнерін + қосымша көлем. Алысқа ұшатын Боинг 747-400 Combi жүк-жолаушылар ұшағы барынша ақылы жүк тиелген (жанармай резервімен қоса) жағдайда 13360 км қашықтыққа ұша алады. Жүк бөлімінің көлемі – 295 м , жүк енетін есігінің өлшемі – 3,4 м *3,0 м. Боинг 747 Combi үшінші кластың кабинасында 410 жолаушы немесе 266 жолаушы және 7 паллета тасымалдай алады.


Боинг 747 ұшағы тасымалдайтын жүктің көлемі ұшақтың пішініне қарай былайша өзгереді:
– жолаушылар нұсқасында – шамамен 20,0 т;
– құрама нұсқасында – шамамен 60,0 т;
– жүк нұсқасында –150 т-ға дейін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет