Тасымалдауды ұйымдастыру және қОЗҒалысты басқару


Тақырып 11. Әуедегі жүк тасымалы



бет60/80
Дата20.09.2022
өлшемі5.59 Mb.
#461003
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   80
Курс лекции каз

Тақырып 11. Әуедегі жүк тасымалы


Лекция №21.
1.Жүк әуе тасымалдары.
2. Жүк қағазы.

Дүниежүзілік экономиканың жағдайы әуедегі жүк тасымалы көлемінің өсу сипатын көрсетеді. Дүниежүзілік экономиканың дамуы дүниежүзілік сауданың дамуымен тығыз байланысты. Бүкіл 90-жылдары дүниежүзілік сауда жылына орта есеппен 6  қарқынмен өсіп отырды. 2001 жылы дүниежүзілік сауда тұңғыш рет 1982 жылмен салыстырғанда 1,5 -ға қысқарды. Ол 2002 жылы қайтадан өсе бастады – 3,0 . 2003 жылы өсім 3,5  құрады, ал 2004 жылы 90-жылдардың қарқынына оралып, 6,0  болды.


Дүниежүзілік тауар саудасы және коммерциялық қызметтің басқа түрлері тұтас алғанда жолаушылар және әуедегі жүк тасымалына сұранымды арттырады. Экспортқа шығарылатын өнеркәсіп өнімі құнының шамамен 40 -ы әуемен тасымалданатын тауарларға келеді.
Көлік инфрақұрылымын инвестициялау тікелей сауданың дамуына септігін тигізеді. Құрлықпен қоршалған орташа ел орташа жағалау экономикасы сауда айналымының 30 -ын ғана иеленеді. Бірақ көлік шығындарын екі есе қысқарту бұл сауда айналымын 5 есе арттырады. Таяуда Бүкіл дүниежүзілік Банк көліктің саудаға қосатын үлесіне арнайы тоқталды.
Бүкіл дүние жүзіндегі жүк авиациясы көліктің басқа түрлерімен салыстырғанда өзі ұйымдастырылған аз мерзім ішінде жүкті алыс қашықтыққа тез әрі сапалы жеткізетін компаниялардың ішінде айтарлықтай беделге ие болды. Бүгінде авиация мүмкіндіктері шектелген көлік түрі болып есептелмейді. Әуемен поштаны ғана емес, сондай-ақ шағын габаритті жүктерді де тасымалдайды. Кең фюзеляжды жүк тасымалдайтын ұшақтардың жаңа түрлері пайда болуымен салмағы ондаған және жүздеген тонна тартатын ірі габаритті моножүктерді әуемен тасымалдай бастады. Дүниежүзілік аэроғарыш индустриясы, бүкіл әлемге таралған ұлтаралық корпорациалар өндірісі, мұнай-газ, энергетика және автомобиль салалары осындай қызметті негізгі тұтынушылар болып табылады. Көліктің басқа түрлері тасымалдайтын жүктердің көлемімен салыстырғанда авиация тасымалдайтын жүктердің көлемі аса үлкен емес. Бірақ жүк авиациясы қымбат тұратын және кейде бірегей жүктерді және барынша қысқа мерзімде жеткізілуге тиісті жүктерді тасымалдайды.
Әуедегі жүк тасымалына сұраным дүниежүзілік коммерциялық әуе тасымалында қалыптасқан үрдістерді бұзады. Оған деген сұраным тіпті жолаушылар ұшпайтын кезде де үлкен болып отыр. Азиядан қымбат тауарларды, әсіресе Қытайдың жедел дамып келе жатқан зауыттарынан электрониканы тасымалдау осы жағдайды ішін ара түсіндіреді. Сонымен қатар, әуедегі жүк тасымалы көбіне электрондық пошта арқылы сауданың жедел дамуына байланысты: тапсырысты виртуалдық жолмен рәсімдеуге болады, бірақ ол бәрібір бұрынғысынша ескі әдіспен жеткізіледі.
Әрбір мемлекеттің әуемен жүк тасымалдау көлемі едәуір дәрежеде оның экономикалық жағдайына байланысты. Ішкі жалпы өнім өндіру деңгейі айтарлықтай жоғары елдер негізінен алғанда әуе көлігімен жүк тасымалдау саласында да жетекшілер болып табылады. Қазіргі уақытта әуеде жүк тасымалдау саласында АҚШ, Жапония, Германия секілді экономикасы барынша дамыған елдер жетекші орынға шықты.
Бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымы (ВТО) әлемдік сауда көлемінің одан әрі өсетінін болжап отыр. Мәселен, 2004 жылдың соңына қарай оның өсуі 2003 жылдың деңгеймен салыстырғанда 8,5  болған, ал 2003 жылы дүниежүзілік сауда, 16 -ға өскен. ВТО сарапшылары мұнай бағасының тоқтаусыз өсуіне қарамастан, мұны экономиканың жандану үрдісі деп түсіндіруде. ВТО сарапшыларының пікірі бойынша, мұнай бағасының көтерілуі 2004 жылы дүниежүзілік сауданың өсуіне айтарлықтай әсер еткен жоқ, өйткені осымен бір мезгілде Қытайда, Латын Америкасы мен Африкада сауда мен өндірістің едәуір өскені байқалды. Халықаралық валюта қоры (МВФ) бірқатар ғаламдық макроэкономикалық көрсеткіштердің 2009 жылға дейінгі даму деректері мен болжамын жасады. Бұл болжамға сәйкес дүниежүзілік сауда көлемі бұрынғысынша дүниежүзілік ішкі жалпы өнімнен тезірек өсетін болады. Дүниежүзілік рынокта сауда мен қызмет көрсетудің қауырт дамуы әуе көлігін көптеген елдер экономикасының бірқатар салаларында ең қажетті көлік түріне айналдырып отыр.
Қазақстанның серпінді дамып келе жатқан экономикасы негізінен алғанда еліміздің жүк тасымалдау саласында көлік кешенінің қызметін тұрақтандырды. Соңғы 10 жыл ішінде Қазақстандағы барлық көлік түрлерінің жүк тасымалдау көлемі екі есе дерлік өсті. 2000 жылға дейін ішкі жалпы өнімнің өсу қарқыны жүк тасымалдау көлемінің өсу қарқынынан басым түссе, 2000 жылдан кейін Қазақстанның көлік жүйесі айналымын арттырып, қазіргі уақытта жүк тасымалдау көлемінің өсу қарқыны елдің ішкі жалпы өнімнің өсу қарқынынан асып отыр.
Қазақстан Республикасы кедендік бақылау комитетінің деректері бойынша Қазақстаннның сыртқы сауда айналымы 2004 жылы 29,54 млрд доллар болды және 2003 жылмен салыстырғанда 55 -ға ( шамамен 18 млрд доллар), импорт – 55 -ға (11,5 млрд доллар) артты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет