Тасымалдауды ұйымдастыру және қОЗҒалысты басқару



бет67/80
Дата20.09.2022
өлшемі5.59 Mb.
#461003
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   80
Курс лекции каз

Лекция №24.
1.Әуе көлiгiнiң коммерциялық қызметiнiң ерекшелiктерi
2.Әуе көлігіндегі коммерциялық қызмет
3. Әуенің коммерциялық құқықтары немесе бостандықтары


Терминдер мен анықтамалар
Броньдау – әуе кемесінде жолаушылар тасымалдауға арналған орынды, сондай-ақ жүк тасымалдауға арналған көлем мен тоннажды алдын ала бөлу.
Корейт – белгілі бір санаттағы жүктерді тасымалдау үшін қолданылатын жеңілдетілген арнайы тариф.
Тасымалдау олқылықтары – әуе көлігінде белгіленген жұмыс тәртібінің зиянды зардап туғызатындай бұзылуы (жүктің “адасуы”, массасының немесе орын санының жетіспеуі, құжаттар мен жүктің жоғалуы, бүлінуі, бөлініп кетуі, тасымалдау құжаттарының дұрыс толтырылмауы).
Тариф – белгіленген тәртіппен бекітілген сома, оны бір жолаушыны, немесе масса бірлігін немесе жүк көлемін белгіленген маршрут бойынша жөнелту пунктінен баратын жеріне дейін тасымалдағаны үшін Тасымалдаушы өндіріп алады.
Қалыпты тариф – тиісті қызмет көрсету класының тарифі, ешқандай шектеусіз бір жыл бойы (қолданылу мерзімі тасымалдау маусымымен анықталатын маусымдық тарифтерді есептемегенде) күшінде болады.
Әуе көлігінде коммерциялық қызмет
“Коммерция” термині ағылшын тілінен аударғанда “сауда” деген ұғымды білдіреді. Демек, әуе көлігіндегі коммерциялық қызмет дегенде белгілі бір пайда табу мақсатымен өз қызметін сатуға бағытталған шаралар жиынтығын түсіну керек.
Коммерциялық қызметтің алуан түрлі әдістері мен түрлері бар, алайда әуе көлігіндегі коммерциялық қызметтің негізгі бағыты шарттық жұмыс пен баға саясаты болып табылады. Әуе кәсіпорнының тиімді қызмет атқаруын нақ осы коммерциялық келісімдер шарты мен әуе тасымалына ұсынылатан тарифтер анықтайды.
Әрбір әуе кәсіпорнының коммерциялық саясаты өзіндік сипатта болады. Табысқа жетудің ортақ формуласы жоқ. Әрбір кәсіпорын әуе тасымалы рыногын мұқият маркетингтік зерттеу арқылы және оның конъюнктурасын болжай отырып, өз басымдықтарын айқындайды. Әуе кәсіпорнының коммерциялық саясаты өте икемді болуға тиіс. Әлемдік экономиканың құрамдас бөлігі бола отырып, әуе көлігі конъюнктуралық ауытқуларға шалдыққыш келеді. Икемді коммерциялық саясат жүргізу әуе кәсіпорнына іс жүзінде рыноктағы жағдайға лезде жауап қатуға мүмкіндік береді
Азаматтық авиацияның жай-күйі қоғамға байланысты. Әуе тасымалы индустриясы оның ұдайы өсіп келе жатқан мұқтаждықтарын қанағаттандыруға тиіс: тасымалдау құнын кеміту, қызмет көрсетуді жақсарту, қауіпсіздік деңгейін арттыру, экологиялық талаптарға сай болу, сондай-ақ басқа көлік жүйелерімен бірлесе әрекет ете алатын әуе көлігі жүйесін құру.
Әуе көлігіндегі коммерциялық қызмет көбіне әуе компаниясының аз қызметіне байланысты болады. Әрбір әуе компаниясының коммерциялық саясатының тактикасы мен стратегиясы өзіне ғана тән болса да, әуе көлігіндегі коммерциялық қызметке тән негізгі жалпы бағыттарды бөліп көрсетуге болады. Ондай бағыттар мыналар:

  • әуе бостандығын барынша пайдалану;

  • коммерциялық ынтымақтастық мәселелер;

  • баға саясаты;

  • тасымалдауды сату жүйесін жетілдіру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет