Тауар шығарылған елді анықтау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру әрі тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру жөніндегі ережені бекіту туралы



бет7/11
Дата29.06.2016
өлшемі0.82 Mb.
#164735
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Өңделген немесе өңделмеген алмастар, бірақ жиектелмеген немесе бекітілмеген; Бағалы (алмастардан басқа) және жартылай бағалы тастар, өңделген немесе өңделмеген, сұрыпталған немесе сұрыпталмаған, тізілмеген, жиектелмеген немесе бекітілмеген; сұрыпталмаған бағалы тастар; сұрыпталмаған бағалы тастар (алмастардан басқа) және жартылай бағалы тастар, тасымалдау ыңғайлығына арналған уақытша тізілген; Бағалы немесе жартылай тастар, жасанды немесе қайта қалпына келтірілген, өңделген немесе өңделмеген, сұрыпталған немесе сұрыпталмаған, бірақ тізілмеген, жиектелмеген және бекітілмеген; сұрыпталмаған жасанды немесе қайта қалпына келтірілген бағалы немесе жартылай бағалы тастар, тасымалдау ыңғайлығына арналған уақытша тізілген.

Өңделмеген қымбат бағалы немесе жартылай қымбат бағалы тастардан (табиғи немесе қайта жаңартылған) дайындау

7106-дан, 7108-ден 7110-нан

Өңделген немесе жартылай өңделген, немесе ұнтақ түрдегі күміс (алтын немесе платинадан болған гальваникалық беті бар күмісті қоса алғанда); Өңделген немесе жартылай өңделген, немесе ұнтақ түрдегі алтын (платинадан болған гальваникалық беті бар алтынды қоса алғанда); Өңделген немесе жартылай өңделген, немесе ұнтақ түрдегі платина

Өңделмеген қымбат бағалы металдардан дайындау

7107 00 000 0-ден, 7109 00 000 0-ден

Күміспен жалатылған бағалы емес металлдар, жартылай өңделген; алтынмен жалатылған, өңделмеген немесе жартылай өңделген бағалы емес металлдар немесе күміс

Өңделмеген жалатылған металдардан дайындау

7111 00 000 0

Қымбат бағалы емес металдар, платина жалатылған, өңделген күмiс немесе алтын өңделмеген немесе жартылай

Электролиттiк, химиялық, термикалық байыту, металдардың қорытпасы

7116

Табиғи немесе өңделген iнжудей, қымбат бағалы немесе жартылай қымбат бағалы тастардан жасалған бұйымдар (табиғи, жасанды немесе қайта жаңартылған)

Дайындау,ол кезде барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкiлiктi өнiм бағасының 50%-ынан аспауы тиiс

7117

Бижутериялар: қымбат бағалы емес металдардан, қымбат бағалы металдардан гальваникалық қаптамасы бар немесе жоқ қымбат бағалы металдардан

Барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкiлiктi өнiм бағасының 50%-ынан аспауы шартымен қымбат бағалы емес, алтын жалатылмаған, күмiстелмеген, платиналанбаған металдар бөлшектерiнен дайындау

7218-ден

Құймадағы коррозияға төзімді болат немесе өзге де бастапқы пішіндердегі; коррозияға төзімді болаттан жасалған шала өнімдер

Құймадағы тоттанбайтын болаттан немесе 7218 позициялы өзге де бастапқы өзге де бастапқы пішіндерді дайындау

7224-тен, 7225, 7226, 7227

Құймадағы қоспалы болат немесе басқа да бастапқы пішімдердегі өзге де қоспаланған болат; өзге де қоспаланған болаттан болған шала өнімдер; Ені 600мм немесе одан да көп болған, өзге де қоспаланған болаттан тегіс илек; Ені 600мм-ден аз болған, өзге де қоспаланған болаттан тегіс илек; Ыстықтай оралған, өзге де қоспа болаттан жасалған бос оралған орамдардағы шыбықтар

Құйма немесе 7224 позицияның өзге де бастапқы нысандарындағы өзге де қоспа болаттан дайындау

7304

Қара металдардан жасалған қуыс, жiксiз құбырлар, түтiктер және профильдер (шойыннан құйылғандардан басқа)

Дайындау кезiнде дайын өнім позицияның пайдаланылатын барлық материалдардың және түпкілікті өнiмнiң құны мынадай операцияларды орындау жағдайында 2010 жылдан кейiн (өндірістің басталу күніне байланысты емес) өндiрiстiң бiрiншi жылындағы түпкiлiктi өнiм бағасының 80 %-ынан аспауы тиiс:
- муфталық бұранда қосылыстарының ойығы;
- муфталарды бұрап кiргiзу;
- құбырларды гидравликалық сынау;
- екiншi жылы түпкiлiктi өнiм бағасының 70 %-ы, мынадай операцияларды орындау жағдайында:
- Қазақстанда өндiрiлген муфталардың өндiрiсi/қолданылуы, Қазақстанда өндiрiлген ойма протекторларының өндiрiсi/қолданылуы;
- үшiншi жылы, түпкiлiктi өнiм бағасының 60 %-ы, мынадай операцияларды орындау жағдайында:
- Премиум сыныпты газды тығыз бұрама қосылыстарды кесу;
- төртiншi жылы, түпкiлiктi өнiм бағасының 50 %-ы, мына операцияларды орындау жағдайында:
- iшкi орнықты құбырларға коррозияға қарсы және тегiс жамылғы жағу

7308

Қара металдардан металлконструкциялары (9406 тауар ұстанымындағы жинақталмалы құрылыстық конструкцияларынан басқа) және олардың бөліктері (мысалы, көпірлер мен олардың секциялары, кішкентай қайықтардың қақпалары, мұнаралар, торлы діңгектер, төбе жабындылары, құрылыстық фермалар, есіктер мен терезелер және олардың жақтаулары, есік табалдырықтары, терезе жапқыштар мен балюстрадалар,жақтаулар мен бағаналар); металл құрылыстарында пайдалануға арналған құра металлдардан жасалған парақтар, шыбықтар, бұрыштар, фассондық қапталдар, құбырлар мен оған ұқсас бұйымдар

Олардың жасалуы, барлық қолданылатын материалдар құнының соңғы өнімінің 50 % - нан аспауы қажет, онымен қоса технологиялық операцияларды орындау шарты бойынша: - алдын-ала дайындау операциялары (кескілеу, кесу, бұрғылау); - стапельде ұстап тұру; - жартылай автоматты балқытып біріктіру; - уатып ішектеп жөңдеу; жабындылармен бекітілуі (ысытып мырыштату немесе эмальмен бояу).

7308 90 510 0

2 қабырғадан тұратын изоляциялық толықтырғышпен гофр парағынан жасалған панельдер.

Олардың жасалуы, барлық қолданылатын материалдар құнының соңғы өнімінің 55 % - нан аспауы қажет, онымен қоса технологиялық операцияларды орындау шарты бойынша: - жылытқышты кесу; - автоматтық жолға материалдарды төсеу; - автоматтық жолдарда панельдердің жасалуы.

7309

Сыйымдылығы 300 литрден астам, қапталған немесе жылуоқшаулағышы бар немесе оларсыз, бірақ механикалық немесе жылу техникалық жабдығы жоқ кез – келген (сығылған немесе сұйытылған газдан басқа) заттарға арналған қара металдардан жасалған резервуарлар, цистерналар, бактар және осыған ұқсас сыйымдылықтар

Олардың жасалуы, барлық қолданылатын материалдар құнының соңғы өнімінің 80 % - нан аспауы қажет, онымен қоса технологиялық операцияларды орындау шарты бойынша: - алдын-ала дайындаулар; - бөлшектердің механикалық өңделуі; - жинақтық – балқытып біріктіру операциялары; - бар әдістемелік тапсырмаларға сынақ жүргізумен байланысты және құрылыстық құжаттамаларға салынған техникалық параметрлерді бақылауларды жалпы монтаждау

7311 00 990 0

Өзге де қара металдардан жасалған сыйымдылығы 1000 литр немесе одан астам сығылған немесе сұйытылған газға арналған сыйымдылықтар

Олардың жасалуы, барлық қолданылатын материалдар құнының соңғы өнімінің 80 % - нан аспауы қажет, онымен қоса технологиялық операцияларды орындау шарты бойынша: - алдын-ала дайындаулар; - бөлшектердің механикалық өңделуі; - жинақтық – балқытып біріктіру операциялары; - бар әдістемелік тапсырмаларға сынақ жүргізумен байланысты және құрылыстық құжаттамаларға салынған техникалық параметрлерді бақылауларды жалпы монтаждау

7314-тен

Торлар, торқапшықтар және кесіп түсу орындарында балқытылған қоршаулар, өзге де

Олардың жасалуы, барлық қолданылатын материалдар құнының соңғы өнімінің 50 % - нан аспауы қажет, онымен қоса технологиялық операцияларды орындау шарты бойынша: - алдын-ала дайындау операциялары (кескілеу, кесу, бұрғылау); - жинақтық – балқытып біріктіру операциялары; - бояу.

7322-ден

Орталық жылытуға арналған, электрлі емес қыздырумен радиаторлар және олардың қара металдан жасалған бөлшектері; электрлік емес қыздыруы бар, қозғалтқыштан жетекпен ауа үрлеуіші немесе желдеткішті ішіне жабдықталған, ыстық ауаны беруге арналған ауаны қыздыратын және таратушы құрылғылар және олардың қара металдан жасалған бөлшектері (таза немесе кондиционирленген ауаны беруге арналған құрылғыларды қоса алғанда

Ол кезде барлық пайдаланылатын материалдар өнiм позициясынан ерекшеленетiн позицияда жiктелуi тиiс. Алайда, өнiмдiкiндей позицияның материалдары олардың құны түпкiлiктi өнiм бағасының 5%-ы шегiндегi сомадан аспайтын болуы шартымен пайдаланылуы мүмкiн

7323 99 990 0

Тұрмыстық қажеттіліктерге арналған қара металдан жасалған бұйымдар өзге де (қоқысқа арналған еуроконтейнерлер)

Олардың жасалуы, барлық қолданылатын материалдар құнының соңғы өнімінің 40 % - нан аспауы қажет, онымен қоса технологиялық операцияларды орындау шарты бойынша:
- алдын-ала дайындаулардың кесілуі;
- штампылау;
- жинақтау;
- пісіру;
- жабындылардың бекітілуі (ысытып мырыштату немесе эмальмен бояу немесе ұнтақпен тозаңдау);
- жинақтау.

7326 90 980 9

Оқ-дәрі контейнерлері

Олардың жасалуы, барлық қолданылатын материалдар құнының соңғы өнімінің 80 % - нан аспауы қажет, онымен қоса технологиялық операцияларды орындау шарты бойынша:
- алдын-ала дайындаулар (жіптеп аралау машиналарында кесу, газды плазмалық машиналарда ажырату, соғу);
- бөлшектердің механикалық өңделуі;
- бөлшектердің термиялық өңделуі;
- корпустық бөлшектер жасаудан және олардың механикалық өңдеуде жинақтық – балқытып біріктіру операциялары;
жинақтау және жеке ілмектердің сынақтары;
тапсырыс берушіден әдістемелік тапсырмамен және техникалық параметрлер бақылауымен алынған күштік сынақтарға байланысты конструкторлық құжаттамаларға салынған жалпы монтаждау

74-топ

Мыс және одан жасалған бұйымдар, 7401-7405 позициялардың өнiмдерiнен басқа

Дайындау, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдар өнiм позициясынан ерекшеленетiн позицияда жiктелуi тиiс. Алайда, барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкiлiктi өнiм бағасының 50%-ынан аспауы тиiс

7403-тен

Тазартылған мыс және өңделмеген мысты қорытпалар

Тазартылған мыстан, өңделмеген немесе қалдықтар мен сынықтардан дайындау

75-топ

Никель және одан жасалған бұйымдар, 7501-7503 позициялардың өнiмдерiнен басқа

Дайындау, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдар өнiм Позициясынан ерекшеленетiн позицияда жiктелуi тиiс. Алайда, барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкiлiктi өнiм бағасының 50%-ынан аспауы тиiс

76-топ

Алюминий және одан жасалған бұйымдар, 7601-7603 позициялардың өнiмдерiнен басқа

Дайындау, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдар өнiм позициясынан ерекшеленетiн позицияда жiктелуi тиiс. Алайда, барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкiлiктi өнiм бағасының 50%-ынан аспауы тиiс

78-топ

Қорғасын және одан жасалған бұйымдар, 7802 00 000 0 позицияның өнiмдерiнен басқа

Дайындау, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдар өнiм позициясынан ерекшеленетiн позицияда жiктелуi тиiс. Алайда, барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкiлiктi өнiм бағасының 50%-ынан аспауы тиiс

79-топ

Мырыш немесе одан жасалған бұйымдар, 7902 00 000 0 өнiмдерiнен басқа позицияның

Дайындау, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдар өнiм позициясынан ерекшеленетiн позицияда жiктелуi тиiс. Алайда, барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкiлiктi өнiм бағасының 50%-ынан аспауы тиiс

80-топ

Қалайы және одан жасалған бұйымдар, 8002 00 000 0 позицияның өнiмдерiнен басқа

Дайындау, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдар өнiм позициясынан ерекшеленетiн позицияда жiктелуi тиiс. Алайда, барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкiлiктi өнiм бағасының 50%-ынан аспауы тиiс

81-топ

Өзге де қымбат бағалы емес металдар, металл керамика; олардан жасалған бұйымдар

Дайындау, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдар өнiм позициясынан ерекшеленетiн позицияда жiктелуi тиiс. Алайда, барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкiлiктi өнiм бағасының 50%-ынан аспауы тиiс

8208

Машиналарға немесе механикалық құрал-жабдықтарға арналған пышақтар және кесетiн алмастар дайындау.

Кез келген позициялардың материалдарынан Алайда, дайын өнiмдiкiндей позицияның пайдаланылатын материалдарының құны түпкiлiктi өнiм бағасының 50%-ынан аспауы тиiс

8307

Бағалы емес металдардан жасалған, фитингтермен немесе оларсыз иілгіш құбырлар

Дайындау кезінде барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкiлiктi өнiм бағасының 50 %-ынан аспауы тиіс, мынадай операцияларды орындау жағдайында:
- параметр бойынша дайындаманы іріктеу;
- құбырларды кесу;
- диаметрімен қысу сақиналарын іріктеу;
- соңғы арматуралар мен құбырларды дәнекерлеу;
- дәнекерлеу жіктерін жылтырату;
- бұйымдарды жинау;
- стендте гидравликалық сынау

84-топ

Ядролық реакторлар, қазандықтар, жабдық пен механикалық құрылғылар, олардың бөлшектері мынадай позицияларға жататын, олар үшін қолданылатын ережелер төменде жазылған өнімдерден басқа: 8403, 8404, 8406, 8407; 8408 90 850 0-сынан басқа 8408, 8408 90 850 0, 8412, 8414, 8415, 8418, 8419 40 000, 8419 50 000, 8419 89, 8419 90, 8421, 8425-8430, 8432 30; 8433 51 000 9, 8433 59 850 9, 8433 59 110 9-сынан басқа 8433, 8444-8447, 8448, 8450, 8452, 8456-8466, 8469-8472, 8480, 8484, 8485

Дайындау, ол кезде пайдаланылатын барлық материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 50 %-ынан аспауы тиіс. Жоғарыда көрсетілген шекте өнімнің сондай позициясында жіктелетін материалдар тек қана түпкілікті өнім бағасының 5 %-ы шегіндегі сомаға дейін қолданыла алады.

8403

Орталық жылыту қазандықтары, 8402 тауар позициясының қазандықтарынан басқа

Дайындау, ол кезде қосылған құнының пайыздық үлесi түпкiлiктi өнiм бағасының кемiнде 50%-ынан аспауы тиiс

8404

8402 немесе 8403, 8404 10 тауар позициясының қазандарымен бірге пайдалануға арналған қосалқы жабдықтар (мысалы, экономайзерлер, бу қыздырғыштар, күйе кетіргіштер, газ рекуператорлары); бу-су немесе басқа да бу күш қондырғыларына арналған конденсаторлар

Дайындау, ол кезде қосылған құнның пайыздық үлесi түпкiлiктi өнiм бағасының кемiнде 50%-ынан аспауы тиiс

8404 10 000 0

8402 немесе 8403 тауар позициясының қазандарымен бiрге пайдалануға арналған қосалқы жабдықтар

Дайындау, ол кезде де пайдалынылатын барлық материалдардың құны түпкiлiктi өнiм бағасының 80%-ынан аспауы тиiс, сондай-ақ орындалған мынадай технологиялық операцияларды орындау шарттарымен:
- дайындама жасау;
- детальдарды механикалық өңдеу;
- құрастыру-дәнекерлеу операциялары

8406

Су буындағы турбиналар және өзге де бу турбиналары

Дайындау, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкiлiктi өнiм бағасының 50%-ынан аспауы тиiс

8407

Ұшқындық тұтандыратын, поршеньнiң айналдыратын немесе қайта түсетiн қозғалтқыштары қозғалысты iштен жану

Дайындау, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкiлiктi өнiм бағасының 50%-ынан аспауы тиiс

8408

8408 90 850 0 тауар позициясының машиналарынан басқа поршеньді ішкі жанатын қозғалтқыштар қысудан жалындаған (дизельдер немесе жартылай дизельдер):

Дайындау, ол кезде пайдаланылатын тораптардың және бөлшектердің құны бiрiншi жылы, тауардың осы түрiн дайындау басталған күннен бастап түпкiлiктi өнiм бағасының 90 %-ынан аспауы тиiс; екiншi жылы – сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау:
- су сорғыштың корпусын құюды механикалық өңдеу;
- су сорғыштың шкивiн құюды механикалық өңдеу;
- табақтан су сорғыштың бiлiгiн дайындау;
- су сорғыштың қанатшаларын құюды механикалық өңдеу;
- су сорғышын құрастыру және сынау;
- су сорғышын орнату,
- қозғалтқышты сынау және бояу шартымен түпкiлiктi өнiм бағасының 85 %-ынан аспауы тиiс;
үшiншi жыл - сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларда орындау:
- су сорғыштың корпусын құюды механикалық өңдеу;
- су сорғыштың шкивiн құюды механикалық өңдеу;
- табақтан су сорғыштың бiлiгiн дайындау;
- су сорғыштың қанатшаларын құюды механикалық өңдеу;
- су сорғышын құрастыру және сынау;
- су сорғышын орнату,
- май сорғыштың корпусын құюды механикалық өңдеу;
- май сорғыштың қақпақтарын құюды механикалық өңдеу;
- табақтан май сорғыштың тегершiктерiн дайындау;
- май сорғыштың тiстi дөңгелектерiнiң соқпаларын механикалық өңдеу;
- табақтан жасалған май сорғыштың клапандарын дайындау;
- май сорғышын құрастыру және сынау;
- май сорғышын орнату,
- қозғалтқышты сынау және бояу шартымен түпкiлiктi өнiм бағасының 80 %-ынан аспауы тиiс.

8408
90 850 0

Қуаты 1000 квт астам, бірақ 5000 квт аспайтын жаңа қозғалтқыштар

Дайындау, ол кезде пайдаланылатын барлық материалдардың құны тауардың осы түрiн дайындау басталған күннен бастап бiрiншi жылы түпкiлiктi өнiм бағасының 95 %-ынан;
екінші жылы – түпкілікті өнім бағасының 90 %-ынан;
үшінші жылы – түпкілікті өнім бағасының 85 %-ынан;
төртінші жылы – түпкілікті өнім бағасының 80 %-ынан;
бесінші жылы – мынадай технологиялық операцияны орындау: аспалы жабдықты дайындау, жинау, құрастыру: (радиаторлар, электр кабельдері, әуе және отын фильтрлері) шартымен түпкілікті өнім бағасының 70 %-ынан аспауы тиіс.

8411

Турбореактивтiк және турбовинттiк қозғалтқыштар, өзге де газ турбиналары

Тауардың осы түрiн дайындау басталған күннен бастап бiрiншi жылы, түпкiлiктi өнiм бағасының 90%-ы, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау шартымен:
- Өндiру, құрастыру және орнату:
- дыбыс оқшаулағыш қаптама;
- дыбыс оқшаулағыш қаптамасының желдету жүйесi;
- жану аймағына ауа беретiн ауа өткiзгiш;
- пайдаланған газдарды шығару жүйесi;
- турбинаның жоғарғы бөлiгiнiң электрикасы;
- дыбыс оқшаулағыш қаптамасының ұшты панелi;
- жағар маймен бастапқы толтыру;
екiншi жылы - түпкiлiктi өнiм бағасының 85%-ы, сондай-ақ технологиялық операцияларды орындау шартымен:
- Өндiру, құрастыру және орнату;
- дыбыс оқшаулағыш қаптамасының желдету жүйесi;
- жану аймағына ауа беретiн ауа өткiзгiш;
- пайдаланған газдарды шығару жүйесi;
- турбиналық жоғары бөлiгiнiң электрикасы;
- дыбыс оқшаулау қаптамасының ұшты панелi;
- жану аймағына беруге арналған ауаны тазарту жүйесi;
- жағар майды беру және қайтарудың құбыр байланысы;
- автомат дренаж модулiнiң құбыр байланысы;
- отын газы модулiнiң құбыр байланысы;
- қосу қозғалтқышының құбыр байланысы;
- жағар майдың құбыр байланысы;
- ауа салқындататын құбыр байланысы;
- Жағар маймен бастапқы толтыру;
- Бояу;
- Сынақ өткiзу: жағар майдың құбыр байланысы (жуылу және ағып кетуiн тексеру);
- Отын газы модулiнiң құбыр байланысы (ағып кетуiн тексеру);
- автомат дренаж модулiнiң құбыр байланысы (ағып кетуiн тексеру);
үшiншi жылы - түпкiлiктi өнiм бағасының 75%-ы, сондай-ақ технологиялық операцияларды орындау шартымен:
- Арнайы құрал-саймандарды дайындау (жүк траверсi (50т.)/ компрессорлық станцияға бiреу, қызмет көрсету вагонеткасы, сатылар және өтетiн жерлер);
- Өндiру, құрастыру және орнату;
- дыбыс оқшаулағыш қаптама;
- дыбыс оқшаулағыш қаптаманың желдету жүйесi;
- жану аймағына ауа беретiн ауа өткiзгiш;
- пайдаланған газдарды шығару жүйесi;
- турбиналық жоғары бөлiгiнiң электрикасы;
- дыбыс оқшаулау қаптамасының ұшты панелi;
- жану аймағына беруге арналған ауаны тазарту жүйесi;
- жағар майды беру және қайтарудың құбыр байланысы;
- автомат дренаж модулiнiң құбыр байланысы;
- отын газы модулiнiң құбыр байланысы;
- қосу қозғалтқышының құбыр байланысы;
- жағар майдың құбыр байланысы;
- ауа салқындататын құбыр байланысы;
- май салқындататын жүйе;
- фитингтер, оның iшiнде жалғастырғыш бұрандамалар;
- компрессорға арналған қайтарма фланецтер;
- компрессордың сорғыш сүзгiшi және сүзгiшке қойылатын құбыр жапсырмасы;
- жағар майдың сапуны;
- турбинаны сулы тазалау модулi (компрессорлық станцияға бiреу);
- жалғастырғыш муфтаның қаптамасы;
- өрт және газ сигнализациясы жүйесi;
- Жағар маймен бастапқы толтыру;
- Бояу;
- Сынақ өткiзу:
- Жағар майдың құбыр байланысы (жуылу және ағып кетуiн тексеру);
- Отын газы модулiнiң құбыр байланысы (ағып кетуiн тексеру);
- Автомат дренаж модулiнiң құбыр байланысы (ағып кетуiн тексеру);
төртiншi жылы - түпкiлiктi өнiм бағасының 70%-ы, сондай-ақ технологиялық операцияларды орындаған жағдайда:
- Арнайы құрал-саймандарды дайындау (жүк траверсi (50т.)/ компрессор станциясына бiреу, қызмет көрсету вагонеткасы, сатылар және өтетiн жерлер);
- Өндiру, құрастыру және орнату;
- дыбыс оқшаулау қаптамасы;
- дыбыс оқшаулау қаптамасының желдету жүйесi;
- жану аймағына ауа беретiн ауа өткiзгiш;
- пайдаланған газдарды шығар жүйесi;
- турбиналық жоғары бөлiгiнiң электрикасы;
- дыбыс оқшаулау қаптамасының ұшты панелi;
- жану аймағына беруге арналған ауаны тазарту жүйесi;
- жағар майды беру және қайтарудың құбыр байланысы;
- автомат дренаж модулiнiң құбыр байланысы;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет