§ 1. Ішкі айналым үшін тауар шығарылған елді айқындау
34. Тауар шығарылған елді анықтау үшін, тауардың:
1) толықтай Қазақстанда шығарылғандығы;
2) жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдерін ескере отырып, Қазақстанда шығарылғандығы белгіленуі тиіс.
35. Толықтай Қазақстан Республикасында шығарылды деп саналатын тауарларды айқындау осы Ереженің 5-тармағына сәйкес жүргізіледі.
Ескерту. 35-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.30 № 674 қаулысымен.
36. Тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдері осы Ереженің 7-тармағында белгіленген.
Ескерту. 36-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.30 № 674 қаулысымен.
37. Үшінші елдердің тауарларын өндірісте пайдаланған кезде тауарға шығу тегі мәртебесін беру үшін қажетті шарттардың, өндірістік және технологиялық операциялардың тізбесіне енгізілген тауарларды қоспағанда, сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша тауар кодын қайта өңдеу нәтижесінде алғашқы төрт белгінің кез келгенінің деңгейінде өзгерту тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеудің негізгі өлшемі болып табылады.
Осы тізбеге шарттардың бірі ретінде адвалорлық үлес ережесі дербес те, тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеудің басқа өлшемдерімен үйлестіріліп те енгізілген.
Қазақстанда одан әрі айналымға арналған Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар мен бос қоймаларының аумағында өндірілген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген немесе тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдеріне сәйкес жеткілікті дәрежеде қайта өңдеуге түскен және Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын тауарларды шығарған елді анықтау үшін нақты тауарларға қатысты тауарға шығу тегі мәртебесін беруге қажетті шарттардың, өндірістік және технологиялық операциялардың тізбесі көрсетілген Ереженің 9-қосымшасында белгіленген.
Ескерту. 37-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.30 № 674, 2012.01.18 № 97 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
38. Тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдеріне сай келмейтін шарттар осы Ереженің 9-тармағында белгіленген.
Ескерту. 38-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.30 № 674 қаулысымен.
39. Егер адвалорлық үлес ережесі қолданылған жағдайда, тауарды өндірудегі адвалорлық үлес есептемесі осы Ереженің 10-тармағына сәйкес жүргізіледі.
Тауарды өндірудегі адвалорлық үлес есептемесі осы Ереженің 1-қосымшасындағы формулаға сәйкес жүргізіледі.
Ескерту. 39-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.30 № 674 қаулысымен.
40. Бөлшектенген немесе құрастырылмаған түрде жеткізілетін тауарлар шығарылған елді айқындау осы Ереженің 11-тармағына сәйкес жүргізіледі.
Ескерту. 40-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.30 № 674 қаулысымен.
41. Тауар шығарылған елді айқындау кезіндегі ерекшеліктер осы Ереженің 12-тармағында белгіленген.
Ескерту. 41-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.30 № 674 қаулысымен.
42. Тауар шығарылған елді айқындау жөніндегі сараптамаға байланысты жұмыстар шарттық негізде және өтінім мен осы Ереженің 64-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес өтініш беруші ұсынған құжаттар негізінде жүргізіледі.
43. Тауардың шығу тегінің сараптамасын тауар шығарылған елді айқындау жөніндегі сарапшы аудитор тауардың шығу тегін растайтын құжаттардың толық пакеті бар өтінім ұсынылған және тіркелген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.01.18 № 97 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
44. Тауардың шығу тегінің сараптамасы:
1) осы Ереженің 45-тармағына сәйкес тауардың шығу тегін растайтын құжаттардың сараптамасын;
2) қажет болған кезде тауар орналастырылған жерге барып тауарды сыртқы белгілері бойынша, таңбалануы бойынша сәйкестендіруді (атауы, үлгісі, қаптамасы, сыныбы, шығарушы кәсіпорны);
3) тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемін белгілеу және тауардың қосымша құнын айқындау мақсатында тауарды өндіру кезіндегі үрдістің сараптамасын қамтиды.
45. Тауардың шығу тегіне сараптама жүргізуге осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес өтініммен бірге мынадай құжаттар тапсырылады:
1) өтінім берушінің заңды мәртебесін растайтын құжаттар (заңды тұлға құрмай, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар үшін - паспорт, жеке куәлік, дара кәсіпкердің патенті немесе куәлігі);
2) тауардың шығу тегін растайтын құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмесі (тауарды өндірушімен немесе тауарды алуға жасалған шарт, жүкқұжаттар, шот-фактуралар, тауарды тасымалдау туралы құжаттар);
3) қызмет түріне берілген лицензияның түпнұсқасы және көшірмесі;
4) тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемін айқындауға арналған құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмелері (тауар өндірісінде пайдаланылатын шикізат пен компоненттердің құны және/немесе шикізатты жеткізуге арналған шарттар, шот-фактуралар және/немесе жүкқұжаттар, тауар оларға сәйкес тауар өндірілетін нормативтік және технологиялық құжаттар, шетелде шығарылған шикізат немесе компоненттердің құнын ескере отырып, тауардың өзіндік құнының есептемесі);
5) егер тауар жануар тектес болса, өзен және теңіз кәсіпшілігінің тауары болып табылса, ветеринариялық куәліктің түпнұсқасы және көшірмесі;
6) қойманың мекен-жайын көрсете отырып, қоймадағы тауардың бар екендігі және саны туралы қоймалық анықтаманың түпнұсқасы және көшірмесі;
7) өтініш берушінің мүддесін білдіруге арналған сенімхаттың түпнұсқасы және көшірмесі;
8) жеміс-көкөніс өнімдері үшін: Қазақстан Республикасының аумақтық бірлігінің жергілікті атқарушы органның өтінім берілген өнім легінің көрсетілген аумақта өсірілгені туралы растау-анықтамасының түпнұсқасы мен көшірмесі және өнімді өндірушімен жасалған шарт, тауарды өндірушімен жасалған шарттың түпнұсқасын немесе нотариалды расталған көшірмесін міндетті түрде ұсына отырып, тауарды сатып алуға арналған шарт.
Құжаттардың түпнұсқалары көшірмелерімен сәйкестендірілгеннен кейін олар бір жұмыс күні ішінде өтінім берушіге қайтарылады.
Ескерту. 45-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.01.18 № 97 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
45-1. Сериялы өндіріс тауарының шығу тегіне сараптама жүргізген кезде жүкқұжаттар, шот-фактуралар, тауарды тасымалдау туралы құжаттар, сондай-ақ қоймалық анықтама талап етілмейді.
Ескерту. Ереже 45-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.01.18 № 97 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
46. Қосымша зерттеу жүргізу қажет болған жағдайда, сараптама ұйымы мыналарды сұратады:
1) шикізаттың, материалдардың, құрамдауыштардың шығу тегін растайтын рұқсаттардың, лицензиялардың, құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері;
2) егер тауарды зертханалық зерттеулерсіз сәйкестендіру мүмкін болмаса, аккредиттелген сынақ зертханалары (орталықтары) берген сынақтар хаттамасы.
Құжаттардың түпнұсқалары көшірмелерімен сәйкестендірілгеннен кейін олар бір жұмыс күні ішінде өтінім берушіге қайтарылады.
47. Сараптама нәтижелері бойынша сараптама ұйымы осы Ереженің 6-қосымшасына сәйкес тауар шығарылған елді анықтау жөніндегі сарапшы аудитор жасаған, тауардың:
1) толық Қазақстанда шығарылғаны;
2) тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдерін ескере отырып, Қазақстанда шығарылған болып табылатыны туралы тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін куәландырады және береді.
47-1. Сериялы өндіріс тауарының шығу тегіне сараптама жүргізген кезде сериялы өндіріс тауарының шығу тегі туралы сараптама актісінің қолданылу мерзімі бір жылды құрайды. Бұл ретте тауардың шығу тегі туралы сараптама актісінде 10-бағанда сериялы өндіріс тауарының жылдық көлемі көрсетіледі.
Тауарды өндіру технологиясы, шикізатты (материалдарды) жеткізуші ел өзгерген жағдайда тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін және ішкі айналымға арналған тауардың шығу тегі сертификатын алу мақсатында Өтініш беруші сараптамалық ұйымға мұндай өзгерістер туралы бес жұмыс күні ішінде хабарлайды.
Ескерту. Ереже 47-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2010.06.30 № 674 Қаулысымен, өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.01.18 № 97 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
48. Сараптаманы біліктілік аттестатын алған және тауар шығарылған елді айқындау жөніндегі сарапшы аудиторлар тізіліміне енген тауар шығарылған елді айқындау жөніндегі сарапшы аудитор жүргізеді және сараптама қорытындысына қол қояды.
49. Толықтай Қазақстанда шығарылған тауарлардан (шикізаттан, материалдардан, өнімнен) шығарылған тауардың шығу тегін белгілеу кезінде тауардың шығу тегі туралы сараптама актісінде мыналарды көрсету қажет:
1) осы тауарды шығарудың технологиялық үдерісі (нормативтік құжат, технологиялық нұсқаулар);
2) тауарды өндіру кезінде пайдаланылған шикізатты материалдарды және құрамдауыштарды жеткізушілер;
3) сатып алынған шикізат пен құрамдауыштарға ақы төлеу туралы құжаттардың болуы (атауы, нөмірі).
§ 2. Ішкі айналым үшін тауардың шығу тегі туралы сертификатты
ресімдеу, куәландыру және беру
50. «СТ-КZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат осы Ереженің 7-қосымшасына сәйкес бланкіде ресімделеді, куәландырылады және беріледі.
«СТ-КZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат мынадай тауарларға:
1) тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдеріне сәйкес жеткілікті дәрежеде қайта өңделген және арнайы экономикалық аймақтардан және бос қоймалардан Қазақстан Республикасы аумағының қалған бөлігіне шығарылатын;
2) тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдеріне сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында өндірілген жеткілікті дәрежеде қайта өңделген және Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын тауарларға ресімделеді, куәландырылады және беріледі.
Ескерту. 50-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.29 № 1633 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат мынадай тауарларға:
1) тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдеріне сәйкес жеткілікті дәрежеде қайта өңделген және арнайы экономикалық аймақтар аумағы мен бос қоймалардан Қазақстан Республикасының кедендік аумағының қалған бөлігіне шығарылатын;
2) тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдеріне сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында өндірілген жеткілікті дәрежеде қайта өңделген және Қазақстан Республикасының кедендік аумағында сатылатын тауарларға ресімделеді, куәландырылады және беріледі.
51. Тауарды арнайы экономикалық аймақтар аумағынан және бос қоймалардан Қазақстан Республикасы аумағының қалған бөлігіне әкелген және (немесе) тауарды Қазақстан Республикасының аумағында сатқан кезде "СТ-К2" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат тауарды жеткізуге ресімделеді немесе сериялы өндіріске және өндірушіге немесе уәкілетті тұлғаға беріледі.
Еркін қойма аумағында өндірілген және Қазақстан Республикасының аумағында еркін қойма иесі сататын тауарларға әкелінетін тауардың әр партиясына ресімделетін тауардың бірегей нөмірін қамтитын жүкқұжат СТ- KZ сертификатының ажырамас бөлігі болып табылады. Жүкқұжатты өндіруші ресімдейді және салық немесе кеден органы сұратқан жағдайда ғана ұсынылуға жатады.
Ескерту. 51-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.01.18 № 97 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.06.26 № 843 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
51-1. Сериялы өндіріс тауарларына арналған CT-KZ нысанды тауардың шығу тегi туралы сертификат сериялы өндiрiс тауарын өндiрушi болып табылатын өтiнiм берушiге тауардың шығу тегі туралы сараптама актісінің қолданылу мерзiмiне және тауардың шығу тегi туралы сараптама актiсiнде көрсетілген тауар көлеміне беріледі. Тауардың бірегей нөмірін қамтитын, сериялы өндіріс тауарының әкелінетін әрбір партиясына ресімделетін жүкқұжат СТ-KZ сертификатының ажырамас бөлігі болып табылады. Жүкқұжатты өндіруші ресімдейді және салық немесе кеден органы сұратқан жағдайда ғана ұсынылуға жатады.
Ескерту. Ереже 51-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2010.06.30 № 674 Қаулысымен; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.26 № 843 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
52. "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат:
1) осы Ережеге 8-қосымшаға сәйкес өтінім;
2) тауардың шығу тегі туралы сараптама актісі;
3) осы Ереженің 45-тармағына сәйкес өтініш беруші сараптамаға берген құжаттар;
4) қоса берілген құжаттар тізімдемесі негізінде ресімделеді, куәландырылады және беріледі.
53. «СТ-КZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат осы Ереженің 60-тармағында баяндалған тәртіпке сәйкес толтырылады, аумақтық сауда-өнеркәсіп палаталарының уәкілетті тұлғасы куәландырады.
Ескерту. 53-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.29 № 1633 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
54. Аумақтық сауда-өнеркәсіп палаталары осы Ереженің талаптарына сәйкес «СТ-КZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттың бланкілерін жасауды, оларды пайдалануды, сақтауды және беруді есепке алуды ұйымдастырады.
Ескерту. 54-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.29 № 1633 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
55. «СТ-КZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат үш данада ресімделеді: біріншісі түпнұсқа, екіншісі мен үшіншісі қорғалған бланкілерде орындалған көшірмелері болып табылады. Сертификаттың түпнұсқасы мен бір көшірмесі өтініш берушіге беріледі, ал екінші көшірмесі аумақтық сауда-өнеркәсіп палаталарында сақталады.
Тауардың шығу тегі туралы сертификаттың түпнұсқасын көрсеткен жағдайда, аумақтық сауда-өнеркәсіп палаталары өтініш берушінің талабы бойынша қажетті мөлшерде тауардың шығу тегі туралы сертификаттың қорғалмаған бланкілердегі көшірмелерін береді. Көшірмелердің алдыңғы бетінде бланкінің «Қызметтік белгілер үшін» немесе «Қосымша мәліметтер» деген бағандарында мынадай жазулар жазылады: «Көшірме дұрыс», уәкілетті тұлғаның қолы қойылған көшірменің берілген күні, аумақтық сауда-өнеркәсіп палатасының мөрімен расталады.
Ескерту. 55-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.29 № 1633 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
56. "СТ-KZ" нысанындағы сертификаттың толтырылған 6, 7, 8, 9, 10-бағандарындағы бос жерлер оны растағаннан кейін қосымша жазуларды жазбау үшін, қолмен ("Z" таңбасымен) сызылады.
57. Егер онда тазартып өшірулер, түзетілген жерлері, расталмаған түзетулер болса, қажетті қолдар қойылмаса және (немесе) мөрлер басылмаса, тауардың шығу тегі туралы сертификат жарамсыз болып саналады. Тауардың шығу тегі туралы сертификатқа түзетулер және (немесе) толықтырулар қате ақпаратты сызып тастау және түзетілген мәліметтерді ішіне жазу жолымен, одан кейін тауардың шығу тегі туралы сертификатты беруге уәкілетті тұлғаның қол қоюымен жүргізіледі және аумақтық сауда-өнеркәсіп палаталарының мөрімен расталады.
Сертификат бағанындағы мәліметтер өзгерген жағдайда, жаңа сертификат тек өтініш беруші бұрын алынған сертификатты қайтарған соң беріледі, алдыңғы сертификат күшін жояды, жаңа сертификатты берген кезде негіздеме ретінде, сондай-ақ осы өзгерістерді растайтын қажетті құжаттар болған кезде, іске тігіледі. "СТ-KZ" нысанындағы сертификаттың 5-бағанында күші жойылған (күші жойылған сертификаттың орнына берілген сертификатқа жаңа тіркеу нөмірі беріледі) сертификаттың нөмірі мен уақыты көрсетіле отырып, "Сертификат орнына берілді" деген белгі жазылады.
Ескерту. 57-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.12.29 № 1633 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
58. «СТ-КZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттың көшірмелері мен олардың негізінде сертификаттар берілген құжаттар үш жыл бойы аумақтық сауда-өнеркәсіп палаталарында сақталады.
Ескерту. 58-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.29 № 1633 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
59. "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттың қолданылу мерзімі берілген күнінен бастап он екі айды құрайды.
60. "СТ-KZ" нысанындағы сертификат осы Ереженің 7-қосымшасына сәйкес мемлекеттік немесе орыс тілдерінде толтырылады, сертификат бағандарында тауар туралы мынадай мәліметтер көрсетіледі:
1) 1-баған - "Тауарды өндіруші (атауы мен почталық мекен-жайы)" - тауар өндірушінің заңды мәртебесін растайтын құжаттарға сәйкес:
заңды тұлға үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшірмесіне сәйкес;
жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды расталған көшірмесіне және дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмесіне сәйкес тауар өндіруші болып табылатын заңды немесе жеке тұлғаның атауы.
Бағанды толтырған кезде өндірушінің почталық мекен-жайы тауар өндірушінің нақты мекен-жайын растайтын құжатына сәйкес көрсетіледі;
2) 2-баған "Тауарды алушы (атауы мен почталық мекен-жайы)" - тауарды алушы болып табылатын тауарды алушының заңды мәртебесін растайтын құжаттарға сәйкес:
заңды тұлға үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшірмесіне сәйкес.
Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.
жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды расталған көшірмесіне және дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмесіне сәйкес заңды немесе жеке тұлғаның атауы.
Тауарды арнайы экономикалық аймақ аумағынан және Қазақстан Республикасының бос қоймаларынан Қазақстан Республикасының қалған аумағына шығарған жағдайда «Тауарды алушы» деген 2-баған тек уәкілетті тұлға (делдал) болған жағдайда ғана соған ұқсас толтырылады.
"Тауарды алушы" деген баған өтініш беруші осы тауарды өндірушінің өзі емес, ол уәкілеттік берген, сенімхат бойынша тауар өндірушінің мүддесін білдіретін тұлға немесе өндірушінің өзі осы тауарды сатқан тұлға болған жағдайда ғана толтырылады, "Қызметтік белгілер үшін" деген 5-бағанда тауар өндіруші мен тауарды алушы арасындағы тауарды алуға арналған жоғарыда аталған шарт көрсетіледі.
Тауарды арнайы экономикалық аймақ аумағынан және Қазақстан Республикасының бос қоймаларынан Қазақстан Республикасының қалған кедендік аумағына шығарған жағдайда "Тауарды алушы" деген 2-баған тек уәкілетті тұлға (делдал) болған жағдайда ғана соған ұқсас толтырылады.
3) 3-баған - "Тауардың шығу тегі туралы сертификатты алу мақсаты". Тауардың шығу тегі туралы сертификатты алу мақсаты көрсетіледі;
4) 4-баған - тауардың шығу тегі туралы сертификаттың тіркеу нөмірі; сертификатты берген ел ("Қазақстан Республикасы");
5) 5-баған - "Қызметтік белгілер үшін". Мемлекеттік бақылау органдарының қызметтік белгілері енгізіледі, сондай-ақ мынадай жазулар болады: "Көшірме", "Сертификат орнына берілді" және/немесе "Сериялық өндіріске берілген". Тауарды алушы болған жағдайда тауарды алушы мен тауарды өндіруші арасындағы тауарды сатып алуға жасалған шарт көрсетіледі. Сертификат қайта ресімделген жағдайда оны қайта ресімдеуге негіз болған сертификаттардың барлық нөмірлері көрсетіледі;
6) 6-баған - "Нөмір". Тауардың реттік нөмірі жазылады;
7) 7-баған - "Орындар саны мен қаптама түрі". Тауардың (лектің) орындар саны мен қаптама түрі көрсетіледі;
8) 8-баған - "Тауардың сипаттамасы" - тауардың коммерциялық атауы және тауарды бір белгімен сәйкестендіруді жүргізуге мүмкіндік беретін басқа мәліметтер.
Бағанды толтырған кезде сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша тауардың коды және Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімдер жіктеуіші бойынша тауардың коды көрсетіледі;
9) 9-баған - "Шығу тегі өлшемдері". Тауарлардың шығу тегінің мынадай өлшемдері көрсетіледі:
П - толығымен Қазақстан Республикасында шығарылған тауар;
Д - түпкілікті өнімнің сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасындағы кодының (тауарлық позициясының) алғашқы төрт санын көрсете отырып, жеткілікті дәрежеде қайта өңдеуге түскен тауар. Бағанды толтырған кезде тауардағы қазақстандық қамтудың пайызға шаққандағы үлесі көрсетіледі. Тауарды өндірудегі қазақстандық қамтудың үлесін есептеу осы Ереженің 10-қосымшасына сәйкес формула бойынша жүргізіледі.
Егер сертификатта сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының әртүрлі тауар позицияларында жіктелетін және шығу тегінің өлшемдері әртүрлі тауарларға өтініш берілсе, онда 9-бағанда барлық өтініш берілген тауарлар үшін шығу тегінің өлшемдері сараланған түрде көрсетіледі;
10) 10-баған - "Тауардың саны".
СЭҚ ТН-ге сәйкес тауардың брутто/нетто (кг) салмағы және/немесе басқа сандық сипаттамасы көрсетіледі. Тауардың нақты саны мен сертификатта көрсетілген санының арасындағы алшақтық 5 %-дан аспауы тиіс;
"СТ-К2" нысанды сертификатты сериялық өндіріс өніміне ресімдеген жағдайда 2, 7, 10-бағандары толтырылмайды.
11) 11-баған - «Куәлік». Аумақтық сауда-өнеркәсіп палатасының атауын, оның мекен жайын, сертификатта көрсетілген мәліметтерді куәландыратын мөрі мен күнін, сондай-ақ сертификатты куәландыруға уәкілетті тұлғаның қолын, тегі мен аты-жөнін қамтиды;
12) 12-баған - "Өтініш берушінің декларациясы". Тауар шығарылған елдің атауы, тауар шығарылған ел туралы мәліметтер декларацияланған орны мен күні, өтініш берушінің уәкілетті тұлғасының тегі мен аты-жөні және өтініш берушінің қолы мен мөрі көрсетіледі.
Ескерту. 60-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.30 № 674; 2011.12.29 № 1633 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.18 № 97 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 10.07.2013 № 706 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
4-тарау. Тауардың шығу тегі туралы сертификатты
кейіннен (ретроспективтік) беру
61. Сертификат экспортты жүзеге асыру, сондай-ақ қателік, кездейсоқ жіберіп алу, ерекше мән-жайлар немесе техникалық себептер бойынша Қазақстан Республикасында сату үшін бос қоймалардың және арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында өндірілген тауарларды әкету сәтінде берілмеген жағдайда, тауардың шығу тегі туралы сертификат айрықша жағдайларда Қазақстан Республикасының қалған аумағына бос қоймалардан және арнайы экономикалық аймақтардан тауарларды шығарғаннан және сатқаннан кейін беріледі.
Ескерту. 61-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.29 № 1633 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
62. Аумақтық сауда-өнеркәсіп палатасы тауардың шығу тегі туралы сертификатты кейіннен ішкі айналым үшін береді, яғни (ретроспективті) мәліметтер тиісті құжаттарда (осы Ереженің 16 және 45-тармақтарында көзделген құжаттармен тауардың нақты тиеп-жөнелтілгенін растайды (Қазақстан Республикасы кеден органының «Шығаруға рұқсат берілген» деген белгісі бар экспорттық кеден декларациясы) қамтылған мәліметтерге сәйкес келген, өтініш берушінің өтінішінде қамтылған мәліметтерді тексергеннен кейін ғана, сондай-ақ мәліметтерге сәйкес келген және тауардың шығу тегі туралы сертификат осы тауар экспортқа шығарылған немесе бос қоймадан және арнайы экономикалық аймақтан Қазақстан Республикасының қалған аумағына өткізілген кезде берілмеген жағдайда береді.
Кейіннен (ретроспективтік) берілетін тауардың шығу тегі туралы сертификат тауардың шығу тегі туралы сараптама актісінің негізінде ресімделеді.
Ескерту. 62-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.29 № 1633 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
63. Кейіннен (ретроспективтік) берілетін тауардың шығу тегі туралы сертификат СТ-1 және "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттың 5-бағанында мынадай жазу болуы керек: "Кейіннен берілді".
Ескерту. 63-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.30 № 674 қаулысымен.
Достарыңызбен бөлісу: |