Тауар шығарылған елді анықтау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру әрі тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру жөніндегі ережені бекіту туралы



бет4/11
Дата29.06.2016
өлшемі0.82 Mb.
#164735
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

                                  Тауар шығарылған елді анықтау,
                               тауардың шығу тегі туралы сараптама
                               актісін жасау және беру әрі тауардың
                             шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу,
                             куәландыру және беру жөніндегі ережеге
                                              8-қосымша

      Ескерту. 8-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.29  № 1633 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 10.07.2013 № 706 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.



Ішкі айналымға арналған тауардың шығу тегі туралы
сертификатты алуға өтінім үлгісінің нысаны

Облысы/ республикалық маңызы бар


__________ қаласы бойынша сауда
өнеркәсіп палатасының басшысына
________________________________
________________________________
(аты-жөні)        

№ өтінім
20 __ ж. «__» ________

_____________________________________________________________________
           (тауардың шығу тегіне сараптама жүргізуге уәкілетті ұйымның атауы)
      20 __ жылғы «__» _____________ берген тауардың шығу тегі туралы
№ _______ сараптама актісінің негізінде ____________ тілінде тауардың
шығу тегі туралы сертификат беруді сұраймыз:
      1. Тауарды өндіруші, оның мекен-жайы, телефоны, факсы _________
      2. Тауарды алушы, оның мекен жайы, елі
      3. Тауардың атауы
      4. Брутто/нетто салмағы, кг
      5. Тауар орнының саны және қаптама түрі
      6. Тауардың теңгедегі құны
      7. Жеке тұлғалар үшін – жеке сәйкестендіру нөмірі/заңды тұлғалар үшін – бизнес-сәйкестендіру нөмірі _______________________
      8. Басшының аты-жөні, телефоны
      Осы өтінімде және ұсынылған құжаттарда қамтылған мәліметтердің дұрыстығы үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына  сәйкес жауапты боламыз.

      Мөрдің орны                                      Басшының қолы

                                  Тауар шығарылған елді анықтау,
                               тауардың шығу тегі туралы сараптама
                               актісін жасау және беру әрі тауардың
                             шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу,
                             куәландыру және беру жөніндегі ережеге
                                              9-қосымша

      Ескерту. Ереже 9-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2010.06.30 № 674 Қаулысымен, өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.01.18 № 97 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.26 № 843 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.02.2013 N 201 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.12.2013 N 1334 қаулыларымен.



      Тауарларды жеткiлiктi дәрежеде қайта өңдеу өлшемдерi

КО СЭҚ ТН коды

Тауардың атауы

Өндiрiсте үшiншi елдердiң тауарын пайдалану кезiнде тауарға шығу тегi мәртебесiн беру үшiн қажеттi шарттар, өндiрiстiк және технологиялық операциялар

1

2

3

0201

Iрi қара малдың етi, жас немесе тоңазытылған

0202 позицияның iрi қара малдың мұздатылған етiнен басқа, кез келген позициялардың материалдарынан дайындау

0202

Iрi қара малдың етi, мұздатылған

0201 позицияның жас немесе тоңазытылған iрi қара малдың етiнен басқа, кез келген позициялардың материалдарынан дайындау

0206

Iрi қара малдың, шошқаның, қойдың, ешкiнің, жылқының, есектің, қашырдың немесе лошактың тағамдық қосалқы өнiмдерi жас тоңазытылған немесе мұздатылған

0201-0205 позициялардың сүйек қанқаларынан басқа, кез келген позициялардың материалдарынан дайындау

0207

0105 тауар позициясында көрсетiлген үй құсының етi және тағамдық қосалқы өнiмдерi, жас тоңазытылған немесе мұздатылған

Қайта өңдеу технологиясына сәйкес мамандандырылған өндiрiс жағдайында кез келген позициялардың материалдарынан дайындау

0210

Тұздалған, тұзды судағы, кептірілген немесе ысталған ет және тағамдық қосымша ет өнімдері; еттен немесе қосымша ет өнімдерінен жасалған майда және ірі тартылған тағамдық ұн

0201-0206 және 0208 позициялардың етiнен және тағамдық қосымша ет өнiмдерiнен немесе 0207 позицияның құстардың бауырынан басқа, кез келген позициялардың материалдарынан дайындау

0402

Қоюлатылған немесе қант немесе басқа да тәттiлендiретiн заттар қосылған сүт және кiлегей

Кез келген позициялардың материалдарынан дайындау. Алайда, дайын өнімдікіндей позицияның пайдаланылатын материалдарының құны түпкiлiктi өнiм бағасының 40%-ынан аспауы тиiс

0408

Құстардың қабықсыз жұмыртқалары мен сары уыздары, жас, кептiрiлген, буға немесе қайнаған суға пiсiрiлген, пiшiнделген, мұздатылған қант немесе басқа да тәттілендіретін заттар қосылған немесе қосылмаған басқа да тәсiлмен консервiленген

0407 позицияның құстардың жұмыртқаларын қоспағанда, кез келген позициялардың материалдарынан дайындау

0506

Өңделмеген, майсыздандырылған, бастапқы өңдеуге ұшыраған (пішінделмеген), қышқылмен өңделген немесе желатинсіздендірілген сүйектер мен мүйiз өзегі; осы өнімдердің ұлғаюы және қалдықтары

Дайындау, ол кезде 02-топтың материалдары пайдаланылады

0710 40 000 0

Қант жүгерiсі (шикi немесе суға немесе буға пiсiрiлген), мұздатылған

Жас немесе тоңазытылған қант жүгерiсiнен дайындау

0711 90 300 0

Қысқа мерзiмге сақтау үшiн консервiленген, бiрақ мұндай түрде тiкелей тамаққа пайдалану үшiн жарамсыз қант жүгерiсi

Қант жүгерiсiнен дайындау, жас немесе тоңазытылған

0901

Қуырылған немесе қуырылмаған, кофеинмен немесе кофеинсiз кофе, кофе қауызы және кофе дәнiнiң қабықтары; кез келген үлесте кофесi бар кофені алмастырғыштар

Рецептура жасау және қуыру жөніндегі технологиялық операциялардың орындалу шартымен кез келген позициялардың материалдарынан дайындау

0902

Дәмдік - хош иісті қоспалары бар немесе оларсыз шай

Рецептурамен аралас қоспаны жасау жөніндегі технологиялық операциялардың орындалу шартарымен 0902 позицияның материалдарынан дайындау, алайда, барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкiлiктi өнiм бағасының 50% аспауы тиiс

1106 10 000 0

0713 тауар позициясының кептiрiлген бұршақ көкөнiстерінен майда және iрi тартылған ұн

Барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкiлiктi өнiм бағасының 50%-ынан аспауы тиiс, кез келген позициялардың материалдарынан дайындау,

1301

Табиғи тазартылмаған малшайыр; табиғи камедтер, шайырлар, гуммишайырлар мен сығындылары (мысалы, бальзамдар)

1301 позицияның пайдаланылатын материалдарының құны түпкiлiктi өнiм бағасының 50% аспауы тиiс, кез келген позициялардың материалдарынан дайындау,

1501

Шошқаның тоң майы (қорытылған шошқа майын қоса алғанда) 0209 немесе 1503 тауар позицияларының тоң майларынан басқа үй құсының тоң майы

0203, 0206 немесе 0207 немесе 0506 позицияларының материалдарын қоспағанда, кез келген позицияның материалдарынан дайындау; 0203 немесе 0206 позицияларының етінен немесе шошқаның қосымша өнiмдерiнен немесе 0207 позицияның етiнен не құстардың қосымша өнiмдерiнен дайындау

1502

1503 тауар позициясының тоң майынан басқа ірi қара малдың, қойдың немесе ешкiнiң тоң майы

0201, 0202, 0204 немесе 0206, немесе 0506 позицияларының материалдарын қоспағанда, кез келген позицияның материалдарынан дайындау

1504-1506 000 00 0

Тазартылмаған немесе тазартылған, бiрақ химиялық құрамы өзгермеген балықтың немесе теңiз сүт қоректiлерiнің тоң майлары, майлары және олардың фракциялары, -тазартылмаған немесе тазартылған, бірақ химиялық құрамы өзгермеген өзге де жануарлардың майлар тоң майлары және және олардың фракциялары

Мынадай: қорыту; булау; тазалау технологиялық операцияларының орындалуы шарттарымен кез келген позициялардың материалдарынан дайындау

1507-1515

Тазартылмаған немесе тазартылған, бірақ химиялық құрамы өзгермеген қытай бұршағының майлары және оның фракциялары, - тазартылмаған немесе тазартылған, бірақ химиялық құрамы өзгермеген өзге де өсімдіктен алынған ұшпайтын майлары және майлар (жожоба майын қоса алғанда) және оның фракциялары

Тұндыру, сүзгiден өткiзу; центрифугалау; ыстық сумен немесе бумен өңдеу; сiлтiмен бейтараптандыру; вакуумның астында күштi бумен өңдеу жолымен механикалық тазалау

1602

Еттен, қосымша ет өнiмдерiнен жасалған дайын немесе консервiленген өнiмдер немесе басқа да қандар

Мүшелеу, бұзу, бөлшектеу, кесу, араластыру, оның iшiнде үй құсының етiн механикалық бұзу, еттi хош иісті ащы дәмдермен (дәмдеуіштер) және/немесе өсiмдiк ақуыздарымен және/немесе тұзбен, тұздықпен пiспектеу әдiсi бойынша операцияларды сүйегінен ажыратылмаған етті бөлшектеп мүшелеу операцияларын, сондай-ақ үй құсының етiн механикалық бұзу бойынша дайындау жөніндегі операцияларды қоспағанда технологиялық операцияларды орындау кезiнде 02-топтың материалдарынан дайындау,

1702 50 000 0
1702 90 100 0

Химиялық таза фруктоза; Химиялық таза мальтоза

Кез келген позициялардың материалдарынан, оның iшiнде 1702 позицияның басқа да материалдарынан дайындау

1806

Шоколад және құрамында какао бар өзге де дайын тамақ өнiмдерi

Кез келген позициялардың материалдарынан дайындау. Алайда дайын өнiмдiкiндей позицияның пайдаланылатын материалдарының құны түпкiлiктi өнiм бағасының 50%-ынан аспауы тиiс

1905

Нан, ұннан жасалған кондитерлiк бұйымдар, пирожныйлар, печенье және құрамында какаосы бар немесе жоқ өзге де нан-тоқаш және ұннан жасалған кондитерлiк бұйымдар; вафли пластиналары, фармацевтикалық мақсаттарда пайдалану үшiн жарамды бос капсулалар, мөрлеуге арналған вафлилi орауыштар, күрiш қағазы және ұқсас өнiмдер

Дайындау, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкiлiктi өнiм бағасының 50%-ынан аспауы тиiс

2009

Жемiс шырындары (жүзiм ашытқысын қоса алғанда) және көкөнiс шырындары, ашытылмаған және құрамында спирт қоспалары жоқ, қант немесе басқа да тәттiлендiретiн заттар қосылған немесе қосылмаған

Кез келген позициялардың материалдарынан дайындау. Алайда, дайын өнiмдiкiндей позицияның пайдаланылатын материалдарының құны түпкiлiктi өнiм бағасының 50%-ынан аспауы тиiс

2101 12

Кез келген позициялар кофесiнiң негiзiндегi дайын өнiмдер

Кез келген позициялардың материалдарынан дайындау. Алайда, дайын өнiмдiкiндей позицияның пайдаланылатын материалдарының құны түпкiлiктi өнiм бағасының 50%-ынан аспауы тиiс

2101 30 910 0
(2101 30 110 0-ден басқа)

Сығындылар, эссенциялар және қуырылған цикорий концентраттары 2518

Ұсату; сығындылау немесе концентрациялау негiзгi технологиялық операцияларының орындалуы шартымен дайындау

2103 30 900 0

Дайын қыша

Қыша ұнтағынан дайындау. Дайындау, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкiлiктi өнiм бағасының 50%-ынан аспауы тиiс

2106

Хош иiстi немесе бояғыш заттар қосылған қант шәрбаттары

Дайындау, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкiлiктi өнiм бағасының 50%-ынан аспауы тиiс

2106 90 200 0

Сусындар дайындау үшiн пайдаланылатын құрамдас спирттiк шала өнiмдер

Дайындау, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкiлiктi өнiм бағасының 50%-ынан аспауы тиiс

2204

Табиғи жүзiм шараптары, күшейтiлгендерiн қоса алғанда; 2009 тауар позициясында көрсетiлгеннен басқа, жүзiм ашытқысы

Араластыру, сүзгiден өткiзу жөнiнде технологиялық операциялардың және басқа кейiнгi операциялардың орындалуы шартымен кез келген позициялардың материалдарынан дайындау. Алайда, 2204 позицияның пайдаланылатын материалдарының құны түпкiлiктi өнiм бағасының 50% ынан аспауы тиiс

2205

Вермуттар және өсiмдiк немесе хош иiстi сығындылар қосылған өзге де табиғи жүзiм шараптары

Араластыру, сүзгiден өткiзу жөнiнде технологиялық операциялардың және басқа кейiнгi операциялардың орындалуы шартымен кез келген позициялардың материалдарынан дайындау. Алайда, сол позицияның пайдаланылатын материалдарының құны түпкiлiктi өнiм бағасының 50%-ынан аспауы тиiс

2206 00

Өзге де ашытылған сусындар (мысалы, сидр, перри немесе алмұрт сидрі, бал сусыны); басқа жерде аталмаған немесе қосылмаған ашытылған сусындардан жасалған қоспалар мен ашытылған сусындардың және алкогольсіз сусындардың қоспалары

Араластыру, сүзгiден өткiзу жөнiндегi технологиялық операциялардың және басқа кейiнгi операциялардың орындалуы шартымен кез келген позициялардың материалдарынан дайындау

2208

Құрамында 80 көл. %-дан кем спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті; спирт тұнбалары, ликерлер және басқа да спиртті ішімдіктер

Араластыру, сүзгiден өткiзу жөнiндегi технологиялық операциялардың басқа кейiнгi операциялардың орындалуы шартымен кез позициялардың материалдарынан дайындау. Алайда, сол позицияның пайдаланылатын материалдарының құны түпкiлiктi өнiм бағасының 50%-ынан аспауы тиiс

2309

Жануарларды азықтандыруда пайдаланылатын өнiмдер

Дайындау, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкiлiктi өнiм бағасының 50%-ынан аспауы тиiс

2403

Өнеркәсіптік жолмен дайындалған өзге де темекі және өнеркәсіптік темекі алмастырғыштар; «гомогендендіріген» немесе «қалпына келтірілген» темекі; темекіден алынған экстрактар мен эссенциялар:
- құрамында кез келген ілеспе темекі алмастырғыштары бар немесе жоқ шегуге арналған темекі

Кез келген позициялардың материалдарынан дайындау. Алайда, 2403 позицияның пайдаланылатын материалдарының құны түпкiлiктi өнiм бағасының 50%-ынан аспауы тиiс

25-топ

Тұз; күкiрт; топырақ және тас; сылау материалдары, әктас және цемент

Өңдеу/қайта өңдеу технологиясына сәйкес мамандандырылған өндiрiс жағдайларында кез келген позициялардың материалдарынан дайындау; көмiрмен байыту, тазалау, қатты кристалдарды ұсату, кесу, кальцилеу

2504

Табиғи графит

Көмiртегiнiң құрамын байыту, шикiзатты тазалау және ұсату

2515 12 000 0

Мәрмәр, травертин, блоктарға арамен кесiлген немесе өзге тәсiлмен бөлiнген немесе қалыңдығы 4 см-ден асатын, бiрақ 25 см-ден аспайтын тiк бұрышты (шаршылыны қоса алғанда) пiшiндi тақталар

Қалыңдығы 25 см-ден асатын тас блоктарды аралау немесе басқа тәсiлмен бөлу

2516

Монументтерге немесе өзге де құрылыстарға арналған гранит, порфир, базальт, құмтас және тас, дөрекi түрде ұсатылған немесе ұсатылмаған, арамен кесiлген немесе арамен кесiлмеген не блоктарға немесе тiк бұрышты (шаршылыны қоса алғанда) пiшiндi тақталарға басқа тәсiлмен бөлiнген

Тас блоктарды аралап кесу немесе басқа тәсiлмен бөлу

2518

Кальциленген немесе кальциленбеген доломит; түрде ұсатылған немесе арамен кесiлген не блоктарға немесе тiк бұрышты (шаршылыны қоса алғанда) пiшiндi тақталарға басқа тәсiлмен бөлiнген доломит; кесектендiрiлген доломит (гудондалғанды қоса алғанда)

Уату, аралау, ұсату; дөрекi кальциленбеген доломит үшiн кальцилеу

2519

Табиғи магний карбонаты (магнезит); балқытылған магнезия; кесектендірудің алдында қосылатын құрамында басқа оксидтің шағын мөлшері бар қайта күйдірілген магнезия (кесектендірілген); қоспаларымен немесе қоспаларсыз өзге де магний оксиді;

Дайындау, ол кезде табиғи магний карбонатынан (магнезит)басқа, барлық пайдаланылатын заттар өнiм позициясынан ерекшелiнетiн позицияда жiктелуi тиiс

2524

Асбест

Асбесттiң асбесттiк минералынан дайындау (0-6)

2525

Слюда, оның iшiнде қатпарланған; слюда қалдықтары

Ыдырату, кесу, ұсату

2707 50 100 0

Олардың 65 айт. % немесе одан да көбi (шығынды қоса алғанда) отын ретiнде пайдалану үшiн ASTM D 86 әдiс бойынша 250 С градусқа дейiнгi температурада айдалатын өзге де хош иiстi көмiртегiлердiң қоспалары

Тазарту және/немесе бiр немесе бiрнеше белгiлi бiр өңдеулер жөнiндегi операциялар. Өзге де операциялар, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдар өнiм позициясынан ерекшелiнетiн позицияда жiктелуi тиiс. Алайда, өнiмдiкiндей позицияның материалдары олардың құны түпкiлiктi өнiм бағасының 50%-ынан аспауы шартымен пайдаланылуы мүмкiн

2709 00

Битуминозды минералдардан алынған шикi мұнай және шикi мұнай өнiмдерi

Битуминозды материалдарды пирогендiк айдау және битуминозды минералдарды деструктивтiк айдау жөнiндегi технологиялық операциялардың орындалуы шартымен кез келген позициялардың материалдарынан дайындау

2710

Шикілерден басқа, битуминозды жыныстардан алынған мұнай және мұнай өнімдері; басқа жерде аталмаған немесе енгізілмеген, құрамында 70 сал.% немесе одан да көп битуминозды жыныстардан алынған мұнай немесе мұнай өнімдері бар өнімдер, оның үстіне бұл мұнай өнімдері негізгі құрама өнімдері болып табылады;

Тазарту және/немесе бiр немесе бiрнеше белгiлi бiр өңдеулер жөнiндегi операциялар. Басқа да операциялар, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдар өнiмдiкiндей позициядан ерекшелiнетiн позицияда жiктелуi тиiс. Алайда, бұйымдiкiндей позицияның материалдары олардың құны түпкiлiктi өнiм бағасының 50%-ынан аспауы шартымен пайдаланылуы мүмкiн

2711

Мұнай газдары мен өзге де газ тәрiздес көмiрсутегiлер

Тазарту және/немесе бiр немесе бiрнеше белгiлi бiр өңдеулер жөнiндегi операциялар. Басқа да операциялар, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдар өнiм позициясынан ерекшелiнетiн позицияда жiктелуi тиiс. Алайда, бұйымдiкiндей позицияның материалдары олардың құны түпкiлiктi өнiм бағасының 50%-ынан аспауы шартымен пайдаланылуы мүмкiн

2712

Мұнай вазелинi; парафин, микрокристалды мұнай балауызы, парафиндi гач, озокерит, қоңыр көмiрлi балауыз, шымтезек балауызы, синтез немесе басқа да процестердiң нәтижесiнде алынған, боялған немесе боялмаған өзге де минералды балауыздар мен ұқсас өнiмдер

Тазарту және/немесе бiр немесе бiрнеше белгiлi бiр өңдеулер жөнiндегi операциялар. Басқа да операциялар, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдар өнiм позициясынан ерекшелiнетiн позицияда жiктелуi тиiс. Алайда, бұйымдiкiндей позицияның материалдары олардың құны түпкiлiктi өнiм бағасының 50%-ынан аспауы шартымен пайдаланылуы мүмкiн

2713

Битуминозды жыныстардан алынған мұнай коксы, мұнай битумы және мұнай және мұнай өнімдерін қалған өзге де қалдықтар

Тазарту және/немесе бiр немесе бiрнеше белгiлi бiр өңдеулер жөнiндегi операциялар. Басқа да операциялар, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдар өнiм позициясынан ерекшелiнетiн позицияда жiктелуi тиiс, Алайда, бұйымдiкiндей позицияның материалдары олардың құны түпкiлiктi өнiм бағасының 50%-ынан аспауы шартымен пайдаланылуы мүмкiн

2714

Табиғи битум және асфальт; битуминозды тақтатастар немесе мұнайлы және битуминозды құмтастар; асфальтиттер және асфальтты жыныстар

Тазарту және/немесе бiр немесе бiрнеше белгiлi бiр өңдеулер жөнiндегi операциялар. Басқа да операциялар, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдар өнiм позициясынан ерекшелiнетiн позицияда жiктелуi тиiс. Алайда, бұйымдiкiндей позицияның материалдары олардың құны түпкiлiктi өнiм бағасының 50%-ынан аспауы шартымен пайдаланылуы мүмкiн

2715 00 000 0

Табиғи асфальттың, табиғи битумның, мұнай битумының, минералды шайырлардың немесе минералды шайырлар күлінің негізінде жасалған битуминозды қоспалар (мысалы битумды мастикалар, жол жабындарына арналған асфальт қоспалары

Тазарту және/немесе бiр немесе бiрнеше белгiлi бiр өңдеулер жөнiндегi операциялар. Басқа да операциялар, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдар өнiм позициясынан ерекшелiнетiн позицияда жiктелуi тиiс. Алайда, бұйымдiкiндей позицияның материалдары олардың құны түпкiлiктi өнiм бағасының 50%-ынан аспауы шартымен пайдаланылуы мүмкiн

28-топ

Олар үшiн қолданылатын ереже бұдан әрi жазылатын 2811 29 100 0, 2818 20 000 0, 2821 20 000 0, 2833 22 000 0-ден қосымша кiшi позицияларының өнiмдерiнен басқа органикалық емес химия өнiмдерi; органикалық емес немесе органикалық бағалы металдардың, жерде сирек кездесетiн металдардың, радиоактивтi элементтердiң немесе изотоптардың қосылыстары,

Дайындау, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдар өнiм позициясынан ерекшелiнетiн позицияда жiктелуi тиiс. Алайда, бiр ғана позициядағы материалдар олардың құны түпкiлiктi өнiм бағасының 20%-ынан аспауы шартымен пайдаланылуы мүмкiн

2811 29 100 0-ден

Күкiрт тотығы (VI) (күкiрт ангидридi)

Қос тотықты күкiрттен дайындау

2818 20 000 0

Жасанды корундтан ерекшеленетiн алюминий тотығы

Өңдеу/қайта өңдеу технологиясына сәйкес мамандандырылған өндiрiс жағдайларында кез келген позициялардың материалдарынан дайындау

2821 20 000 0

Жер бояулары [минералды бояғыштар]

Жер бояуларын күйдiру немесе ұнтақтау

2833 22 000 0

Алюминий сульфаты

Дайындау, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкiлiктi өнiм бағасының 50%-ынан аспауы тиiс

29-топ

Олар үшiн қолданылатын ережелер бұдан әрi жазылатын 2901-ден, 2902-ден, 2905 19 100 0, 2915, 2932 99 300 0, 2932 99 700 0, 2933, 2934 позицияларының қосылыстарынан басқа, органикалық химиялық қосылыстар

Кез келген позициялардың материалдарынан дайындау, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдар өнiм позициясынан ерекшелiнетiн позицияда жiктелуi тиiс. Алайда, өнiмдiкiндей позицияның материалдары олардың құны түпкiлiктi өнiм бағасының 50%-ынан аспауы шартымен пайдаланылуы мүмкiн


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет