7.1. Жабдықтаушы Келісім шарттың шарттарына және Техникалық сипаттамаға сәйкес жеткізілген Тауарлардың сапасына кепіл береді.
7.2. Жабдықтаушы Тапсырыс берушіге үздіксіз, сапалы және уақытылы Тауар жеткізетін кепіл береді.
7.3. Жеткізілген тауарлардың кепілдеме мерзімі Тараптардың қабылдау-өткізу Актіне қол қойған күнінен 12 (он екі) айды құрайды.
7.4. Тапсырыс беруші осы кепілдемеге қатысты барлық шағымдарын жазбаша түрде Жабдықтаушыға бірден хабарлауы қажет, одан кейін Жабдықтаушы тез арада онымен байланысты барлық шығындарды қоса өз есебінен жетіспеушіліктерді жоюға шара қолдануы қажет.
7.5. Егер Жабдықтаушы хабарлама алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күнінің ішінде жетіспеушіліктерді жоюға байланысты сәйкес шара қолданбаса, Тапсырыс беруші осы Келісім шарттың 8 бөлімінің 8.2 тармағында көрсетілген қажетті санкцияларды және Жабдықтаушының есебінен және Келісім шарт бойынша Тапсырыс берушіде Жабдықтаушыға қатысты болуы мүмкін басқа құқықтарға қандай да бір нұқсан келтірместен жетіспеушіліктерді жоюға байланысты шара қолдана алады.
7.6. Тапсырыс беруші өз таңдауы бойынша Жабдықтаушыдан келесілерді талап етуге құқылы:
1) қисынды мерзім ішінде жұмыс жетіспеушіліктерін ақысыз жоюын;
2) жұмысқа қойылған құнның мөлшерлес азайтылуын;
3) жетіспеушіліктерді жою бойынша өзінің шығындарының орнының толтырылуын.
8. Тараптардың жауапкершілігі
8.1. Жабдықтаушы тарапынан Тауар жеткізу Келісім шарт бойынша анықталған мерзімінің бұзылуы Тапсырыс берушінің Келісім шарт бойынша міндеттерін орындауын тоқтатуға және Тауарлардың жеткізу орындамағаны үшін Келісім шарт сомасынан 10% көлемінде айып төлеуге талады.
8.2. Жабдықтаушы Келісім шарт бойынша қарастырылған уақыт аралығында Тауар жеткізе алмаған жағдайда (Келісім шарттың № 2 қосымшасы), Жабдықтаушы айып төлем ретінде мерзімін өткізген әр күнтізбелік күн үшін Келісім шарт сомасынан 1 (бір) пайызға баламалы, бірақ Келісім шарттың жалпы сомасынан 10%-дан көп емес, соманы төлейді.
8.3. Қазақстандық мөлшер үлесі бойынша есептілікті ұсыну мерзімін бұзған жағдайда Жабдықтаушы Тапсырыс берушіге айып төлем ретінде мерзімін өткізген әр күн үшін Келісім шарттың жалпы сомасынан 0,1%-ға баламалы соманы төлейді.
8.4. Айып төлеу Жабдықтаушыны Келісім шарт бойынша өз міндеттерін орындаудан босатпайды.
8.5. Орындаушының 6.2-тармақта көрсетілген құжаттарды уақытында ұсынбауы Тапсырыс берушіні уақытында төлем жүргізбеу жауапкершілігінен босатады.
9. Төлем қабілетсіздігі себебінен Келісім шарттарын орындаудан біржақты бас тарту
9.1. Егер Жабдықтаушы банкротқа ұшыраса немесе төлеуге қабілетсіз болса, Жабдықтаушыға сәйкес жазбаша хабарлама беру арқылы Тапсырыс беруші біржақты негізде кез келген уақытта Келісім шарттарын орындаудан бас тарта алады. Мұндай жағдайда Келісім шарттарын орындаудан жедел бас тартылады, және Тапсырыс беруші, Келісім шарттарын орындаудан бас тарту зиян келтірмеген немесе әрекеттерді орындауға немесе санкция қолдануға нәтижесінде Тапсырыс берушіге білдірілген немесе білдірілетін қандай да бір құқықтарды қозғамаған жағдайда, Жабдықтаушыға қатысты ешқандай қаржылық міндет көтермейді.
10. Қажетсіздік себебінен Келісім шарттарын орындаудан біржақты бас тарту
10.1. Жабдықтаушыға сәйкес жазбаша хабарлама жіберу арқылы Тапсырыс беруші кез келген уақытта Келісім шартты оның бұдан былай орындалу қажетсіздігі себебінен бұза алады. Хабарламада Келісім шартты бұзу себебі көрсетілуі қажет, жойылған келісім шарт міндеттерінің көлемі, сонымен қатар Келісім шартты бұзудың өз күшіне енген күні ескертілуі керек.
10.2. Жоғарыда көрсетілген жағдайлар себебінен Келісім шарт жойылған кезде, Жабдықтаушы бұзу күнінде тек Келісім шарт бойынша бұзумен байланысты нақты шығындар үшін ғана төлем талап етуге құқылы.
11. Келісім шарттарын орындамау себебінен оның шарттарын орындаудан біржақты бас тарту
11.1. 10 (он) күнтізбелік күннен кешіктірмей Жабдықтаушыға міндеттердің орындалмауы туралы жазбаша хабарлама жіберу арқылы Келісім шарттарын бұзғаны үшін Тапсырыс беруші біржақты негізде Келісім шарттарын толықтай немесе жартылай орындаудан бас тарта алады:
1) Жабдықтаушы Тауарларды Келісім шартпен қарастырылған мерзімде немесе Тапсылыс берушімен ұсынылған осы Келісім шартты ұзарту кезеңі аралығында көрсете алмаса;
2) Жабдықтаушы Келісім шарт бойынша басқа да міндеттерді орындай алмаса.
11.2. Хабарламада Келісім шарттарын орындаудан бас тарту себебі көрсетілуі қажет, Келісім шарт бойынша орындалмаған міндеттердің көлемі, сонымен қатар Келісім шарт бұзылған деп саналатын күн ескерілуі қажет.
12. Форс-мажор
12.1. Келісім шарттары форс-мажорлы жағдайлардың нәтижесінде орындалмаған жағдайда Тараптар ол үшін жауапкершілік тартпайды.
12.2. Осы баптың мақсаттары үшін «форс-мажор» Тараптардың бақылауына бағынбайтын және ойда болмаған оқиғаны білдіреді. Мұндай жағдайларға әскери қозғалыстарды, табиғи немесе стихиялық апаттарды, індетті, карантинді және басқаларды жатқызуға болады.
12.3. Форс-мажорлы жағдайлар туған кезде Тараптар жедел түрде бір-біріне осындай жағдайлар және олардың себептері туралы жазбаша хабарлама жіберуі керек.
13. Даулы сұрақтардың шешілуі
13.1. Тапсырыс беруші мен Жабдықтаушы бір-бірінің арасында Келісім шарт бойынша немесе соған байланысты пайда болатын барлық келіспеушіліктер мен дауларды келіссөздер барысында шешуге бар күшін салуы керек.
13.2. Келіссөздер басталғаннан кейін 21 (жиырма бір) күн ішінде Тапсырыс беруші мен Жабдықтаушы Келісім шарт бойынша дауды шеше алмаса, кез келген Тарап бұл мәселенің Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес шешілуін талап ете алады.
14. Хабарлама
14.1. Бір Тарап екінші Тарапқа Келісім шартқа сәйкес жіберетін кез келген хабарламадан кейін түпнұсқаны ұсынуымен хат, телеграмма немесе факс түрінде жіберіледі.
14.2. Хабарлама осы күндердің қайсысы кешірек болатынына байланысты жеткізілген сәтте немесе хабарламада көрсетілген күнде қабылданған болып есептеледі.
15. Келісім шарттың әрекет ету мерзімі және оны бұзу шарттары
15.1. Келісім шарт Тараптардың қол қойған сәтінен бастап өз күшіне енеді және 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін әрекет етеді, ал өзара есеп айырысу және қазақстандық мөлшер үлесі бойынша есептілік ұсыну бөлімінде олардың толық орындалғанына дейін әрекет етеді.
15.2. Келісім шартты мерзімінен бұрын бұзу келесі жағдайларда Тараптар арасында өзара есеп айырысқаннан кейін ғана мүмкін:
1) Тараптардың келісімі бойынша;
2) осы Келісім шарттың 9,10,11 бөлімдерінде көрсетілген жағдайда.
15.3. Осы Келісім шарт келесі факттардың бірінің анықталғаны жағдайында кез келген кезеңде бұзылады:
1) cатып алу ережелерінің 12 тармағында қарастырылған шектеулерді бұзу;
2) сатыр алуды ұйымдастырушының потенциалды жабдықтаушыға Сатып алу ережелерінде қарастырылмаған әрекеттесуі.
16. Өзге шарттар
16.1. Келісім шарттың барлық қосымшалары оның ажырамас бөлігі болып табылады.
16.2. Келісім шарт бойынша Тараптардың бірінің міндеттерін беруіне тек өзге Тараптың жазбаша келісімімен рұқсат етіледі.
16.3. Келісім шарт бірдей заңды күші бар қазақ және орыс тілдерінде екі данада құрастырылған, Тараптардың әрқайсысына бір данадан.
16.4. Келісім шартпен реттелмеген бөлімде Тараптар Қазақстан Республикасы заңнамасын басшылыққа алады.
17. Тараптардың заңды мекен-жайлары және банк реквизиттері
Тапсырыс беруші:
«Зерде» Ұлттық инфокоммуникация холдингі» Акционерлік қоғамы
Мекен-жайы: Астана қ., Есіл ауданы,
Алматы көшесі, 1, «Асылтау» Бизнес орталығы, 10 қабат
СТН: 620200331655
БСН: 080940016280
БСК: KZKOKZKX
ЖСК: KZ309261501158176000
«Казкоммерцбанк» АҚ
тел.: 570 778 (қабылдау), 570 898 (кеңсе)
Email: zerde@zerde.gov.kz
_____________ Т.А.Ә.
М.П.
Жабдықтаушы:
________________ Т.А.Ә.
М.П.
Договор № _____
о закупке товаров
г. Астана «____» _________ 2015 год
Акционерное общество «Национальный инфокоммуникационный холдинг «Зерде», именуемое в дальнейшем «Заказчик», в лице заместителя Председателя Правления Курганбековой З.Е., действующей на основании доверенности от 30 декабря 2014 года №2015/2, с одной стороны, и _____________________________, именуемое в дальнейшем «Поставщик», в лице ___________, действующего на основании _________, с другой стороны, далее совместно именуемые «Стороны», в соответствии с Едиными правилами осуществления закупок товаров, работ и услуг АО «Национальный инфокоммуникационный холдинг «Зерде» от 27 августа 2009 года (далее – Правила закупок) и на основании итогов закупок ценовых предложений от «____» _________№_______, заключили настоящий Договор о закупке товаров (далее – Договор) и пришли к соглашению о нижеследующем:
-
Предмет Договора
1.1. Заказчик поручает, а Поставщик принимает на себя обязательства по поставке ____________ (далее - Товары) количество, сроки оказания и краткая характеристика которых указана в Приложениях № 1 и №2, являющихся неотъемлемой частью настоящего Договора, по адресу, указанному Заказчиком.
1.2. Заказчик принимает Товары и оплачивает их на условиях, предусмотренных Договором.
|