«Тауартану негіздері» ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені


Кофе түрлері мен қайнатудың әдістері



бет2/8
Дата30.06.2016
өлшемі0.61 Mb.
#166968
1   2   3   4   5   6   7   8

Кофе түрлері мен қайнатудың әдістері


Кофені кофеқайнатқышта қайнатады. Кофе қайнатудың әр түрлі әдісі бар. Қай әдіспен дайындаса да, ұзақ қайнатуға болмайды, онда дәмі нашарлайды.

  • Варшава кофесі. Қайнатылған қою қара кофені сүзгіден өткізіп, оған сүт пен қант қосып тағы қайнатады, сусындық беті қаймақтанбау үшін дастарқанға қояр алдында ыстық кофені жайлап шайқайды. 1 стақан сусынға 1/3 стақан қара кофе, 2/3 стакан сүт, 1 шай қасық құмшекер керек.

  • Қаймақ қосылған кофе. Қара кофені қант қосып қайнатып, стаканға құяды. Әр стаканға 1 шай қасық қант ұнтағы мен көпіршітілген 1 ас қасық қаймақ қосады.

  • Балмұздақ қосқан кофе. Қайнатқан қара кофені тұндырып, оған құмшекер қосып суытады. Дастарқанға қоярда бокалға (фужерге) 50 г майлы балмұздақ салып, үстіне суытылған кофе құяды.

  • Шығыс кофесі (рецептердің біреуі) «Түрке» деп аталатын кофе қайнататын арнайы кастрюльге су құйып, құмшекер қосып қайнатады. Қайнаған суға майдан айып ұнтақталған кофені салады; кофе қайнап, көтеріле бастағанда «түркені» оттан алады да, көбігі басылған соң тағы бір рет қайнатады. «Түркені» ішіндегі кофесімен (сүзгіден өткізбей-ақ) дастарқанға қояды. Сосын кофе тұнғаннан кейін (тез тұндыру үшін кастрюльге 1 шай қасық суытылған қайнаған су құюға болады) кеселерге құйып ұсынады. Кішілеу кесеге (50—55 г су сиятын): 1 шай қасық кофе, әркім өз қалауынша құмшекер қосады.

  • Қуырылған, ұнтақталған өсімдік дәндерінен (мысалы, арпа, емен жаңғағы, каштан жемісі) дайындалатын жасанды кофелер де сатылады. Дайындау жолдарына қарай жасанды кофелер табиғи кофе қосылған және табиғи кофе қосылмаған болып үлкен 2 топқа бөлінеді. Дайындау әдісі этикеткасында жазылады.

Шай


Шай (Thea) — шай тұқымдасына жататын мәңгі жасыл ағаштар мен бұталар туысының бір түрі; өзі аттас тұқымдасқа жататын өсімдік туысы. Осы өсімдік жапырағынан дайындалатын және сусын ретінде пайдаланылатын өнім де шай деп аталады. Шайдың жабайы өсетін 2 түрі тараған:

  • Қытай Шайы [екі түр тармағы (қытай және жапон) бар] Оңт.-шығыс Азияның таулы аймақтарында өсетін, биікт. 3 м бұта,

  • Aссам Шайы [бірнеше түр тармағы (ассам, лушан, нага, хилл, манипурий, бирма, шан, юань, т.б) бар] Үндістанның Ассам ормандарында өсетін, биіктігі 10 — 15 м ағаш.

Осы екі Шайдың табиғи гибриді цейлон Шайы да екінші топқа жатады. Шайдың бұл екі түрі де Жер шарының тропиктік және субтропиктік аймақтарында өсіріледі. ТМД елдерінен Әзербайжан, Грузия, Ресейдің Краснодар өлкесі және Грекия жерлерінде қытай Шайының негізінде Шайдың бірнеше жаңа сұрыптары алынған. Мыс., Грузия шайы, Краснодар шайы, т.б. Қолдан өсірілетін Шайсұрыптарының биікт. (жинауы оңай болуы үшін) 2 — 3 м-ден аспайды. Жапон Шайы — бұтағы қалың аласа бұта. Шайдың негізгі тамыры 2 — 3 м тереңдікке кетеді, гүлі хош иісті, ақ немесе қызғылт, аталығы 200-ден астам, жемісі — қорапша, 1 — 5 тұқымды, майлы, піскенде қақырап ашылады. Ш. алғаш рет 4 — 5 жылдан соң, содан кейін жыл сайын гүлдеп, жеміс береді, бунақденелілер арқылы айқас тозаңданады. Ол 100 жылға жуық тіршілік етіп, 70 жылдай өнім береді.

Шайдың құрамы


Шайдың құрамында танин, кофеин, теобромин, фир майы, витаминдер (Р,С, В, В2, РР), пигмент, т.б. заттар болады. Шай шөл басады, көздің көруін жақсартады, жүйке жүйесіне әсер етеді, қан тамырларын кеңейтеді, бүйрек қызметін жақсартады, еңбек қабілеттілігі мен ой қызметін арттырады.

Шоколадкакао ұнтағына оның дәмін және хош иісін келтіретін, жұмсақ консистенция беретін компоненттер қосып дайындалынған кондитер өнімдері.

Қазіргі кезде шоколад түрлеріне какао ұнтағынан басқа қант, какао-майы, майсыздандырылған құрғақ сүт ұнтағы, глюкоза қою шырыны, ваниль немесе ванилин, этиль спиртінің қою шырыны, инвертті қант, өсімдік майлары, жаңғақтар, лецитин, пектин, табиғи немесе жасанды хош иіс беретін заттар, консервілеу қоспалары, лимон қышқылы, апельсин майы, жалбыз майы қолданылады. Қалыптасқан шоколад түрлерінен басқа қазір тұздалған, ащы, қуысты шоколадтар өндіріледі. Барлық шоколад өнімдері 15°С жоғары емес температурада және бөтен иістері жоқ бөлмелерде сақталынады. Шоколад көптеген десертті тағамдарға (киселдерге, бламанжеге, желелерге, мусстарға, суфлелерге, кремдерге) жағымды иіс және дәм беретін қолайлы өнім. Сонымен бірге шоколад пирожный, торттардың қамырына да қосылады. Кондитер өндірісінде шоколад конфет, пряник, зефир, мармелад өнімдерін глазурлеуге пайдаланылады. Шоколад сыртының "сұрлануы" және қатты құрғақ болуы оның тағамға жарамсыздығын көрсетеді.[1]

Шоколад бұйымдарын алудын негізгі шикізаты қант және Африка мен Оңтүстік Африкадан импортталушы какао дәндері болып табылады.

Какао ү_нтағы деп майы алынған какао бүршаққының ұнын айтады. Оның какао-майын шоколад жасау үшін қолданылады. Шоколад пен какао бұршақтарына қант қосып істелінген тағам болғандықтан, шоколад фабрикаларында   осы екі процесті қатар жүргізеді.

Шоколад какао майдан және қанттан тұратын, басқа да дәмдік және хош иісті заттар қосылған тәтті тағам. Сондықтан оларды қоспалар қосылмаған табиғи немесе қоспалар қосылған шоколад деп екі топқа бөлінеді. Шоколадты тағы да десертті немесе жай деп бөледі.

Шоколад қоспаларына сүт, жаңғақ, жер жаңғақ, кофе, тәтті қытырлақ нан, әр түрлі жемістер жатады. Кейде оларға В, С витаминдерін , кола жаңғағын (бойды ширатқыш зат ретінде) қосады. Диабетпен ауыратын адамдар үшін сахарин, сорбит т.б. қосылған шоколад, балалар үшін какаосы азырақ және сүті көбірек қосылған шоколадтар шығарылады.

Сыртқы пішіні тақтайша, ішіне салма (начинка) салынған, кесектелген болуы да мүмкін.

Шоколад өнімдері тек химиялық құрамы немесе кәсіпорында шоколад массасын дайындау технологиясында ғана емес, сонымен қатар пішіндері де әр түрлі болады. Яғни монолит (қүйылмалы шоколад) немесе салмалы шоколад (тақтайша, батондар және қалыпы мен пішін өлшемдері әр түрлі).

Салмалы шоколад - ең дамыған шоколад өнімнің түрі. Оның ішкі қүрамында қатты немес сұйық салма, бүтін немесе үлтақталған өнімдер (жаңғақ, алма, жүзім, қытырлақ нан, цукат, жаңғақты, қатарлақ нанды немесе грильяжды жарма және т.б.) . Шоколад өнімдерінің негізгі тобын (қоспамен немесе қоспасыз) шұрықты шоколад алады. Ол қүрылысы мен нәзік дәмі жай шоколадқа қарағанда айрықша, яғни ауызда тез еріп кетеді.

Шоколад - ұнтақталған какао, какао майы және қанттан жасалынатын кондитерлік өнім.

Шоколад тарихы ертеде 300 жыл бүрын пайда болған. Б.ә.б. 600 жылы Майя тайпасында бізге танымалы какао егетін жерлері жарық көрді. Шоколад Майя үшін танымалы және қасиетті сусын болып табылды.

«Тағам қүдайы» болып табылатын «шоколад ағашы» ботаникасына «какао теобромасы» атауы алынды. Ацтектер оны ең әдемі «жұмақ ағашы» деп есептеп қүдай жаратқан деп оған басын иген. Суреттің сол жағында Майя какао құдайы суреттелген. Сол уақытта шоколадты «Тағам құдайы» деп атаған. Бүл атауды ең алғаш швед натуралисты Карл Линней ашқан. Сонымен қатар шоколад Испания Францияның патша сарайларында ғана әйгілі болып қана қоймай, қайталанбайтын және керемет дәмімен, хош иісімен ерекшеленеді. Шоколадтарды сол уақытта басты емшілер емдік қоспа ретінде де қолданды. Кристофер Людвиг Хоффман шоколадты бірнеше ауруларға қарсы қолдануды айтты.

Шоколад алғаш ерлер сусыны болып есептелсе, кейіннен балалардың жақсы көретін сусыны болып табылды. 1674 жылы шоколадты өзгертіп, рулеттер және пирожное істеп шығарды. Ішуге, сонымен бірге осы күнде «жеуге жарамды» шоколадтары пайда болды.

Сонымен 17 ғасыр шоколад барлық Европа территориясында әйгілі болды. Англияның ағылшын әлитасы жиналған жерде «шоколадты үй» деген атаулар пайда бола бастады. 1893 жылы ашылған Уайттың «шоколадты үйі» өте әйгілі. Шоколадты қолданудың мәдени пайда болуы біздің заманымызға дейін келуде.

Қазіргі уақытта дүниежүзілік шоколад өндірісі мен шоколад бүйымдары
4млн. қүрайды, ең ірі өндіруші мен түтынушылары АҚШ, ¥лыбритания,
Франция, Германия, Жапония болып табылады. Шоколадты жылына бір
адам қолдану көрсеткіші - Швейцарияда 19кг, АҚШ ІЗкг, Ресейде 4кг
құрайды. Шоколад шынында да жұғымды азық, тәтті, жоғары каллориялы (100 г азықта   шамамен   550ккал),           жылдық   сақтағанда   құрамы   өзгермейтін

қабілеттілігі бар. Ол 50-55% көмірсу, 32-35% май, 5-6 % ақуыз қүрайды. Сонымен бірге дубильді заттар (4-5%), теобромин және кофеин-стимуляторы (1-1,5%), Са, К, М, Р, Ғе микроәлементтері және В1, В2, және РР витаминдерге бай.



Бақылау сұрақтары

  1. Айнымалы тоқтың кернеуі - тауық пен тауық балапандары үшін 90/110 В болғанда жансыздандыру уақыты қанша секундқа азаяды.

  2. Құсты есінен тандыруда газды не үшін қолданады?

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Төлеуов Е.Т., Әмірханов Қ.Ж., Хаймулдинова А.К. Ет және ет өнімдерінің технологиясы. Семей: Шәкәрім атындағы СМУ, 2004. – 184 бет





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет