Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Жүйелілік тұғыр - құбылыстардың жалпы байланыстарының бейнеленуі



бет69/226
Дата10.04.2023
өлшемі0.96 Mb.
#471983
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   226
Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е

Жүйелілік тұғыр - құбылыстардың жалпы байланыстарының бейнеленуі.
Жүйелілік зертеулерді ерекшеліктеріне сәйкес – жалпы ғылыми және философиялық зерттеулердің тоғысу саласы; жүйелілік зерттеулердің логикасы мен әдіснамасы; арнайы ғылыми-жүйелі әдістемелері; жалпы жүйе теориясын құру салалары деп жіктейді (Э.Г. Юдин, В.Н. Садовский). Жүйелік тұғыр диалектикалық материализмнің бөлінбес бөлігі. Жүйелілік тұғыр - нысанды жүйе ретінде зерттеу әдіснамасы (М.С. Каган, В.Г. Афанасьев және т.б.). Жүйелілік тұғыр «жалпы ғылымилығымен», «ғылыми білімнің көп салалығымен», «жалпы ғылымилықтың гносеологиялылығымен» сипатталады (А.Д. Урсул және т.б.). Жүйелік тұғыр - нақты гносеологиялық жағдаяттағы диа-лектикалық әдістердің көрінісі. Сондықтан, жүйелік жалпы ғылыми әдіснамалық зерттеудің бір құралы ретінде оқу-тәрбие үдерісін және бір-бірімен байланысты құбылыстарды жүйелі зерттеуге қажет сапалы ғылыми тұғыр болып табылады.
Жүйелік тұғыр – объектілерді жүйе ретінде қарастыру негізін-де, жалпы ғылыми әдіснамалық ұстанымдардың жиынтығы. Жүйе (система, грек тілінен аударғанда – біртұтас деген мағынаны білдіреді) – белгілі тұтастық, бірлікті құрайтын, бір-бірімен, ортамен өзара қаты-наста және байланыста болатын, элементтердің жиынтығын көрсететін жалпы ғылыми ұғым.
Жүйелердің типтері көпқырлы: материалды және рухани, орга-никалық емес және тірі, механикалық және органикалық, биологиялық және әлеуметтік, статикалық және динамикалық, ашық және тұйық және т.б. Кез келген жүйе құрылымы мен ұйымдасуы бар көптеген әртүрлі элементтерден тұрады. Құрылым – а) тұтастығы мен өзіне ұқ-састығын қамтамасыз ететін, объектілердің тұрақты байланыстарының жиынтығы; б) күрделі біртұтастың элементтер байланысы арақатына-сындағы тұрақты тәсілі (заңы). Жүйелі тәсілдің ерекшелігі, зерттеуді объектінің тұтастығын ашуға және оның тетіктерін қамтамасыз етуге, күрделі объектінің байланысының көптеген типтерін анықтауға, олар-ды бірыңғай теориялық картинаға жинақтауға бағыттайды.
Жүйелік тұғыры – зерттелетін педагогикалық құбылыстарды және олардың арасындағы байланыстың көптеген элементін анықтау. Зерттелуші объектіні жүйе ретінде, оның элементін, олардың ара-сындағы байланысты және оны жіктеп, құрылымын және ұйым-дастыруды, тұтастай білім беру ретінде басқару жолдарын анықтауға бағытталады. Педагогикалық жүйенің ерекшелігі, бұл іс-әрекет жүйе-лері және қатынастар шеңберінде қалыптасатын жүйелер (қайта құру-шы-белсенді, қайта жасаушы-орындаушы, тұтынушы-дара немесе әре-кет жасаушы және т.б.). Бұл жүйелер оқыту үдерісінің субъектілері арқылы құрылады және олардан бөлек болмайды, солар арқылы жүзе-ге асады. Осы контексте педагогикалық жүйе ретіндегі оқыту-тәрбие-леу үдерісінің негізгі сипаттамасы, оның біртұтастығы мен кешендігі болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   226




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет