Сүзгіден өткізу (сузу). Бұл әдісте су араластырғышта оттегімен байытылып, сүзгіге түседі, оның түйіршіктерінде темірдің катализдік тотығуы жүріп, оны судан бөліп ажыратады. Аэрация жүргізуге арналған қондырғылардың болмауы, тазарту құрылымының құнын арзанға түсіріп, оларды пайдалануға ыңғайлы етеді.
Суды фторсыздандыру
Суды фторсыздандыру үшін екі түрлі әдіс қолданылады: реагентті және реагентсіз.
Алюминий тұздары – алюминий гидроксиді немесе алюминий сульфаты.
Магний гидроксиді.
Кальций және магний фосфаттары қолданылады.
Реагентсіз әдістер. Негізінен ион алмасу шайыры немесе жартылай өткізгіш мембранадан сүзілу арқылы жүреді. Активтелген көмір фторды өзіне тартпайды.
Бұлардан басқа, флюороз эндемиясының ошақтарында санитарлық қызмет орындары ұсынатын шаралар:
Фтордың концентрациясы жоғары суларға фторы аз суларды араластыру.
Сумен қамтамасыз ету көздерін басқа гигиеналық талаптарға сай келетін су көздерімен ауыстыру.
Ауылдық елді мекендер үшін суы жарамды су көздерінде топтық су құбыры қондырғыларын орналастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |