Суды денитрификациялау
Ауыз судағы нитраттарды азайтуға бағытталған шаралар техникалық, ауыл шаруашылық және заңдылық шаралар деп бөлінеді:
Нитраттар суда жақсы ериді, суды әдеттегі әдістермен тазарту тиімсіз, өйткені оны тұндыруға да, сүзгіден өткізуге де болмайды.
Суды нитраттардан тазартудың ең қарапайым әдісіне нитраты көп суды нитраты аз сумен араластыру жатады. Бірақ араластыратын таза суда темірдің концентрациясы көп болуына байланысты, оны қосымша темірсіздендіру қажет.
Нитраттардан тазартатын күрделі әдістерге: ион алмастыру, кері осмос, электродиализ, микробиологиялық әдістер жатады. Ион алмастыру әдістері нитраттардың судағы еріген тұздарын басқа улылығы аз тұздармен алмастыру болып табылады. Бірақ ион алмастыру шайырлары үлкен шығынмен жүретін регенерацияны талап етеді. Kepi осмос әдістерінде су қысыммен мембрана арқылы өтеді де, нитраттар және басқа тұздардан тазартады. Мұндағы қиын мәселеге қалдық суларды алып тастау жатады. Суды нитраттардан тазарту микробиологиялық әдістің соңыңда көп көлемді суды тазарту жұмысын жүргізуді қажет етеді. Бұл әдіс экономикалық жағынан тиімсіз.
Суды нитраттардан тазартудың екі сатылы әдістерін пайдалану: нитраттардан ион алмасу шайыры арқылы тазарту; микрологиялық жолмен нитраттардан тазарту арқылы ион алмастыру шайырларын регенерациядан бастапқы қалпына келтіру.
Суды нитраттардан тазарту қымбат болғандықтан суды қорғау үшін ауыл шаруашылық шараларын, яғни органикалық және минералды тыңайтқыштарды катаң есепке алып пайдалану. Ауыл шаруашылық өсімдіктерін есепке алу: көкөністерде нитраттардың нормативтерін орнату; суды қорғау аймақтарында минералды тыңайтқыштарды қолдануға шектеу салу немесе толық тыйым салу; мал қиларын сақтайтын қоймалар салу. Зерттеушілердің көпшілігі ауыл шаруашылығын қатаң бақылауға алу көп өңірлерде нитрат мәселесін шешудегі тек тиімді ғана емес, сондай-ақ арзан әдіс деп есептейді.
Достарыңызбен бөлісу: |