Су құбырын дезинфекциялау – бұл процесс су эпидемиясында, су құбыры торабының ластануына күмән келтірген жағдайда; су торабында апаттық-жөндеу жұмыстарынан кейін; жаңа су құбырын немесе оның учаскелерін пайдалануға беру алдында.
Суды озондау – озонның ішек таяқшасы мен вирустарға әсері хлорға қарағанда күштірек. Залалсыздандыру кезінде озон алдымен жансыз органикалық заттарды тотықтырады, содан кейін вирустарға әсер етеді. Суды өңдеу үрдісінде бактерицидік әсер етумен қатар судың сапасын да жақсартады. Судың түсін өзгертетін молекулаларды түсі жоқ молекулаға айналдырады. Органикалық және органикалық емес қосылыстарды тотықтыра отырып, судың иісі мен дәмін жояды. Озонның өзі тіпті көп артық болса да суға иіс бермейді, себебі тұрақсыз болғандықтан судың органолептикалық қасиеттерін жақсарта отырып оттегіне айналады. Озондау мұнай өнімдерімен ластанған суды дезодорациялауда тиімді әдіс болып табылады. Судағы мұнай өнімінің концентрациясы 1 мг/л болған кезде және басқа әдістермен тазарта алмаған жағдайда мөлшері 3 мг/л озонмен өңдеу арқылы оны толық иіссіздендіруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |