Тазарту әдістерінің жалпы сипаттамасы



бет21/22
Дата15.02.2022
өлшемі45.04 Kb.
#455411
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Ауыз суды дайындау әдістерін гигиеналық бақылау

Суды ультрадыбыспен залалсыздандыру. Ультрадыбыспен 1 минут әсер етсе ішек таяқшасының 90 пайызын, ал 2 минутта 97 пайызын жояды. Әсер ету тиімділігі өңделетін қабаттың қалындығына байланысты. Қалыңдығы 1 см болса 1 минут ішінде ішек таяқшасының 80 пайызы, ал 8 см болса 20 пайызы ғана жойылады. Залалсыздандыру тиімділігін арттыруға сондай-ақ әсер ету қуатын арттыру да ықпал етеді. Бұл жағдайда залалсыздандыру дәрежесі судың лайлылығы мен түстілігіне және микророрганизмдердің пішініне байланысты болмайды.

Гамма сәулелерімен залалсыздандыру. 70-жылдардың басында суды гамма сәулелерімен өңдеу әдісі қолданыла бастады. Бұл да реагентсіз әдіс, судың табиғи сапасын өзгертпейді. Суды сәулелендіру кезінде микробтар тез өледі де су ішу мақсатында пайдалануға дайын болады. Гамма сәулесі суға аз сіңеді, сондықтан олар судың көп мөлшерін залалсыздандыруға жарамды. Бұл әдіс суды 100 % залалсыздандыруды қамтамасыз етеді, тиімділігі гамма сәулелерінің мөлшерінің қуатына байланысты. Ішек таяқшалары басқа микроорганизмдермен салыстырғанда гамма сәулелеріне төзімді келеді. Әдіс гигиеналық тұрғыда дұрыс болғанымен де, қазіргі кезде кеңінен қолданылмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет