Апта-3 (20.11-.24.11.2023)
5-сабақ.Венн диаграммасы Қоқан автономиясы ұқсастықтары Алаш Орда үкіметі
«Қоқан автономиясы мен Алаш Орда үкіметінің ортақ идеясы неліктен жүзеге аспады?» тақырып сұрағына «STEEPLE-талдау» жүргізуді тапсырыңыз. Талдау барысында кем дегенде 2-3 дәлел келтіріңдер
6-сабақ.
Мағынаны тану 1 топқа тапсырма:
1." Түркістан автономиясы" туралы не білесің? 2.Шатысқан сөздерді табу. " Автономияда - ислам мемлекеттік дін ретінде қабылданды. Съездің Түркістан халықтарына үндеуінде: ".Қазір бұғаудан азат баолған Түркістанға өз жеріің қожайыны болып өз тарихын өзі жасайтын күн туып отыр делінді."
2 топқа тапсырма: 1. "Түркістан Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы" туралы не білесін? 2.Құжаттармен жұмыс. (77 бет)
3 топқа тапсырма: 1."Алаш Автономиясы" туралы не білесің?
Апта-4 (27.11-.01.12.2023)
7-сабақ
М.Шоқай туралы бейнематериал көрсету. (үзінді)
Бейнематериалға сүйене отырып, берілген сұрақтарға ізденіс жүргізу (сөздікпен жұмыс)
М.Шоқай кім?
М.Шоқай нені ұсынды?
Неге кеңестерге қарсы болды?
Қашан Түркістан автономиясын құруға атсалысты?
М.Шоқай Түркістан автономиясы таратылғаннан кейін қайда кетті?
8- сабақ
Суретпен жұмыс. Суреттегі тұлғаларды атап және қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметін сипаттаңыз
Апта-5 (04.12-.08.12.2023)
9-сабақ
Декрет пен Декларацияны талдау және маңызын анықтау. Құжатпен жұмыс жасау критерийлері:
1. Бұл құжат қашан және қайда пайда болды? 2. Құжаттың авторы кім?
3. Құжат мәтініндегі негізгі/жаңа ұғымдарды түсіндіріңдер.
4. Құжат қандай қоғам топтарының мүддесін қорғаған?
5. Бұл құжаттың немесе оның жекелеген бөлімдері бұдан бұрын болған ұқсас басқа мемлекеттер құжаттарынан қандай айырмашылығы бар?
6. Бұл құжат мемлекетке, қоғамға қандай нәтиже немесе өзгеріс әкелді?
10-сабақ
Мозаика» әдісін қолданып, берілген ұғымдарды сәйкестендіру
1 Автономия мемлекет аумағында жинақы, топтасып өмір сүретін әлеуметтік қауымдастыққа берілетін ішкі өзін-өзі басқару мүмкіншілігі немесе мемлекеттік билікті өзінше жүзеге асыру.
2 Ревком Кеңес өкіметінің азамат соғысы жылдарында құрылған уақытша органы
3 Декрет жоғарғы биліктің белгілі бір мәселе бойынша шығарған заң қүші бар қаулысы
4 Декларация Мемлекеттік саясат пен құқықтық, халықаралық қарым-қатынастардың негізгі принциптерін салтанатты түрде жариялайтын құжат;
5 құрылтай Ресейде сайлау құқығы негізінде басқару түрі мен конституция жасау үшін ұйымдастырылған құрылым
Достарыңызбен бөлісу: |