Технологиялық құбыр өткізгіштерді пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары


-параграф. Құбыр өткізгіштерді тіреу мен ілу



бет4/11
Дата13.06.2016
өлшемі1.27 Mb.
#133014
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

4-параграф. Құбыр өткізгіштерді тіреу мен ілу
217. Құбыр өткізгіштер тіреу мен ілуде құрастырылады. Тіреу, ілулердің орналасуы (жылжымайтын, тайғанақ, сырғытатын, серіппелі және басқалары) және олардың арасындағы қашықтық жобамен анықталады.

Жүктеме және басқа параметрлер бойынша стандартты тіреу мен ілу болмаған жағдайда олардың құрылымы дайындалады.

Тіреу мен ілу мүмкіндігінше тұспалданған жүктеме, арматура, ернемек, үлгі бөлшектер және сол сияқтыларға жақын орналасады.

218. Тіреулер мен ілулер тасымалданатын ортамен (немесе гидро сынау кезінде сумен) құбыр өткізгіштің салмағынан тік жүктемеге оқшаулаумен, астарлаумен, мұзбен (мұздану мүмкін болса) құбыр өткізгішті термикалық кеңейту кезінде туындайтын жүктемеге есептеледі.

219. Тіреу мен ілу диаметрі 50 мм кем құбырлар үшін пісіру тігістерінен 50 мм кем емес және диаметрі 50 мм артық құбырлар үшін 200 мм кем емес қашықтықта орналасады.

220. Теріс температуралы заттарды тасымалдайтын құбыр өткізгіштер үшін суықтың жоғалуын болдырмау қажеттілігінде жылумен оқшаулағыш төсемдері бар тіреулер пайдаланылады.

221. Үй-жайдан және жағылмайтын үй-жайдан тыс орналастырылған тіреу құрылымдары үшін материалдар, тіреу мен ілу таңдаған кезде есепті температура болып барынша суық бескүндіктің 0,92 қамтумен орташа температура қабылданады.

Құбыр өткізгішке дәнекерленген тіреу мен ілу элементтерінің материалдары құбыр өткізгіш материалына сәйкес болады.

Құбыр өткізгішпен тікелей жанасатын тіреу мен ілу элементтері үшін тасымалданатын заттың температурасы есепке алынады.

222. Құбыр өткізгіштің жобалық ауытқуын қамтамасыз ету үшін құрылыс құрылымына дәнекерленген жастықша астына металл төсем тіреуін орнатуға рұқсат беріледі.

223. Дірілге ұшыраған құбыр өткізгіштер үшін қамыты бар тіреулер қолданылады және олар құрылыс құрылымдарында орнатылады. Осындай құбыр өткізгіштер үшін қосымша тәсіл түрінде бекіту қарастыруға рұқсат беріледі.

224. Жобада қажеттілігі болған кезде ілулердің серіппелі тіреуін реттеу бойынша берілген жылжитын тіреулер мен ілу тартуларының алдын ала араласу үлкендігі көрсетіледі.

Ілулерді қолданған кезде жобада тарту ұзындығы 150 бастап 2000 м дейін, қысқасы 50 мм шамада көрсетіледі.

225. Құбыр өткізгіш астындағы тіреулер келесі талаптар сақтала отырып орнатылады:

1) тіреулер құрылыс құрылымдарына берік бекітіледі;

2) олардың жобалық жағдайдан ауытқуы жоспарда үй-жайдың ішіндегі құбыр өткізгіштерде ± 5 мм, сыртқы құбыр өткізгіштерде ± 10 мм артық болмайды; еңіс бойынша ауытқу + 0,001 аспайды;

3) құбыр өткізгіштің еңістігі аспаптармен немесе жабдықтармен тексеріледі (нивелирмен, гидростатикалық деңгеймен және басқамен);

4) жылжымалы тіреулер мен олардың бөлшектері (тіреулердің жоғарғы бөлшектері, роликтер, шариктер) тіреулер мен олардың бөлшектерін тіреу бетінің діңі бойынша ұзартуға қарама-қарсы жаққа ауыстыру үшін құбыр өткізгіштің әр телімінің жылумен ұзартылуын есепке ала отырып орнатылады;

5) жылу ұзартқыштары жоқ құбыр өткізгіштерді ілудің тартулары тік орнатылған; жылу ұзартқыштары бар құбыр өткізгіштерді ілудің тартулары ұзартуға қарама-қарсы жаққа көлбеу орнатылады;

6) тіреулер мен ілулердің серіппелері жобада көрсетілгендерге сәйкес тартылады; құбыр өткізгіштерді монтаждау мен гидравликалық сынау кезінде серіппелер кергіш жабдықтармен түсіріледі;

7) түтіктер мен астаулардың орналастырылған тіреулер түтіктер мен астаулардың түбінде судың еркін ағуына кедергі келтірмейді.

226. Үйкелуден күшті азайту қажет болғанда тіреудің арнайы құрылымдары, оның ішінде шарикті және катодты.

Катодты және шарикті тіреулер каналдардағы құбыр өткізгіштер төсеген кезде пайдалануға жол берілмейді.

227. Күкіртті сутегі ортасы бар құбыр өткізгіштердің жылжитын және жылжымайтын тіреулері талапқа сай қамытты қолданылады. Құбыр өткізгішке тіреулердің дәнекерленген бөлшектерін құбыр өткізгіштің кейінгі термо өңдеуден өтуінсіз қолдануға жол берілмейді.

228. Құбыр өткізгішке жылжитын тіреулердің элементтерін термикалық берік құбырлар мен бақыланатын жұқарту құбырларымен дәнекерлеуге рұқсат берілмейді.

5-параграф. Монтаждаудың жиынтық-блокты әдісі кезінде

құбыр өткізгіш құрылғысына қойылатын арнайы талаптар
229. Орнату блоктарының құрамына кіретін құбыр өткізгішті жобалау, дайындау және сынау осы Талап пен құбыр өткізгішті блоктарды жобалау, дайындау және сынауға арналған нормативтік-техникалық құжаттама талаптарына сәйкес болады.


6-параграф. Құбыр өткізгіштердің температуралық

түрін өзгертуінің орнын толтыру
230. Температуралық түр өзгеруінің орны құбыр өткізгіш жолдарының бұрылыстары мен бүгілістерінің есебінен толтырылады. Мүмкіндік болмаған жағдайда өзіне өзі толумен шектелінеді (мысалы, белгілі қашықтықтың барынша түзу телімдерінде), құбыр өткізгіштерде П тәрізді, линзалы, ирек және басқа копенсаторлар орнатылады.

Жобамен бумен немесе ыстық сумен үрлену қарастырылған жағдайларда құбыр өткізгіштердің орнын толтыру қабілеті осы шарттарға есептеледі.

231. А және Б тобындағы ортаны тасымалдайтын технологиялық құбыр өткізгіштерде тығыздама компенсаторлар пайдалануға рұқсат берілмейді.

10 МПа (100 кгс/см2) артық қысымды шартты қысымды құбыр өткізгіштерде линзалы, тығыздама және ирек компенсаторлар орнатуға рұқсат берілмейді.

232. П-тәрізді компенсаторларды барлық санаттағы технологиялық құбыр өткізгіштер үшін пайдаланады. Оларды не тұтас құбырлардан майысқан не дәнекерленген не қатты майысқан бұруларды пайдаланумен дайындайды.

233. П-тәрізді компенсаторлар үшін майысқан бұрулар тек тігіссіз, ал дәнекерленген-тігіссіз және дәнекерленген түзу тігісті құбырлармен пайдаланылады. П-тәрізді компенсаторларды дайындау үшін дәнекерленген бұруларды қолдану осы Талаптың 46-тармағында көрсетілгенге сәйкес рұқсат беріледі.

234. П-тәрізді компенсаторларды дайындау үшін сугазөткізгіш құбырларды пайдалануға рұқсат берілмейді, ал шиыршықты тігісті электр дәнекерленгендерді тек компенсатордың тік телімдерінде пайдалануға рұқсат беріледі.

235. П-тәрізді компенсаторлар қажетті жалпы еңісті сақтай отырып көлбеу орнатылады. Оларды болдырмау түрінде (алаңның шектелуінде) ілмектерді төменгі нүктеде және ауашыққа сәйкес сорғытқы құрылғымен жоғары немесе төмен тік орналастыруға рұқсат беріледі.

236. П-тәрізді компенсаторлар монтаждау алдында ажыратқыш жабдықтармен бірге, құбыр өткізгіштерді жылжымайтын тіреулерге бекіткеннен кейін алып тастайтын құбыр өткізгіштерде орнатылған.

237. Линзалы компенсаторлар, шарнирлі діңді, линзалы компенсаторлар технологиялық құбыр өткізгіштер үшін нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес пайдаланылады.

238. Көлденең газ желілерінде конденсациялы газдары бар линзалы компенсаторларды орнату кезінде әр линза үшін конденсатты сорғыту қарастырылады. Сорғытатын құбыр үшін құбыр кесіндісі тігіссіз құбырдан дайындалады. Көлденең құбыр өткізгіштерде ішкі стаканы бар линзалы компенсаторлар орнату кезінде компенсатордың әрбір жағынан компенсатордан 1,5 Dу артық емес бағытталған тіреулер қарастырылады.

239. Құбыр өткізгіштерді монтаждау кезінде компенсацияланатын құрылғы алдын ала созылады немесе қысылады. Компенсацияланатын құрылғының алдын ала созылу үлкендігі жобалық құжаттамада және құбыр өткізгіштің төлқұжатында көрсетіледі. Созу үлкендігі монтаждау кезіндегі температураны есепке алатын түзету үлкендігінде өзгеруі мүмкін.

240. Технологиялық құбыр өткізгіште орнатылуға жататын компенсаторлар сапасы төлқұжатпен расталады.

241. Компенсаторды орнатар кезде құбыр өткізгіш төлқұжатына келесі деректер енгізіледі:

1) техникалық сипаттама, зауыт-дайындаушы және компенсатор дайындалған жыл;

2) жылжымайтын тіреулер арасындағы қашықтық, қажетті компенсация, алдын ала созу үлкендігі;

3) компенсаторды монтаждау кезіндегі қоршаған ауа температурасы мен күні.

242. П-сияқты, Г-сияқты және Z-сияқты компенсаторларды есептеу нормативтік-техникалық құжаттама талабына сәйкес жүргізіледі.



7-параграф. Құбыр өткізгіштердің дірілін төмендетуге

қойылатын талаптар
243. Пайдалану кезінде дірілге ұшырайтын жабдықтар мен құбыр өткізгіштер үшін жобада дірілді азайтатын және авариялық бұзылу мен жүйенің герметизациясын жою мүмкіндігін болдырмайтын шаралар мен құралдар қарастыру.

Дірілдің қол жетімді деңгейі мен төмендету тәсілдері, оны бақылау әдістері мен құралдары нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес болды.

244. Поршенді машиналардың ағынының өтуінен құбыр өткізгіштер дірілін болдырмау үшін сәйкес есептеуге негізделген буферлі және акустикалық ыдыстар, ал қажеттілігі болған кезде өтуді сөндіретін қондырғы орнату қарастырылады.

Бірнеше компрессор жұмыс істеген кезде ортақ коллекторға буферлі және акустикалық ыдыстар әрбір айдағыш қондырғы үшін орнатылады.

245. Өтуді сөндіруге арналған буферлі және акустикалық ыдыстардың құрылымы мен габариті, орнату орны есептеу нәтижесі бойынша таңдалады.

Өтуді сөндіруге арналған буферлі ыдыс ретінде көлем мен аппаратты орнату орнының есебін сәйкес тексеру кезінде компрессор жинақтайтын аппараттар (тоңазытқыштар, сепараторлар, май ажыратқыштар және тағы басқалар) қолдануға рұқсат беріледі.



8-параграф. Жылумен оқшаулау, жылыту
246. Жылумен оқшаулауды қолдану қажеттілігі тасымалданатын заттардың қасиеттеріне, құбыр өткізгішті төсеудің тәсілі мен орнына, технологиялық үдеріс, еңбек қауіпсіздігі мен жарылыс өртқауіпсіздік талаптарына байланысты әрбір нақты жағдайда анықталады.

247. Құбыр өткізгіштер жылумен оқшаулауға келесі жағдайларда тартылады:

1) жылу немесе суықты жоғалтуды азайту мен алдын алу қажеттілігінде (температураның сақталуында, сұйық түрге айналудың алдын алу, мұзды, гидратты немесе басқа тығындалулардың пайда болуы мен сол сияқтылар);

2) құбыр өткізгіш қабырғасының жұмыс немесе қызмет көрсету аумағынан 60°С жоғары температурада, ал жұмыс орнында және қызмет көрсету аумағында күюді болдырмау үшін 45°С жоғары температурада;

3) қажеттілігіне қарай үй-жайда қалыпты температура жағдайын қамтамасыз ету.

Негізгі жағдайларда құбыр өткізгіштерді жылумен оқшаулау қоршаулы құрылымдармен алмастырылады.

248. Құбыр өткізгіштерді жылумен оқшаулау нормативтік-техникалық құжаттама талаптарына сәйкес болады.

249. Құбыр өткізгіштерді жылытатын серіктерімен төсеу кезінде жылумен оқшаулау жылытатын серіктермен бірге жүргізіледі.

Жылыту қажеттілігі, жылу тасымалдағышты таңдау, жылытылатын серік диаметрі мен жылумен оқшаулау қалыңдығы сәйкес есептеулер негізінде жобамен анықталады.

250. Құбыр өткізгіштерді жылумен оқшаулау оларды беріктік пен тығыздыққа сынау және барлық табылған ақауларды түзеткеннен кейін жүргізіледі.

Жылытатын серіктер жылумен оқшаулау жүргізілгенге дейін комиссия актісі бойынша сыналады және қабылданады.

Жылытатын серіктерді монтаждау кезінде гидравликалық «қаптардың» болмауына және барлық төменгі нүктелерде сорғытуды дұрыс жүргізуге аса назар аударылады.

251. Құбыр өткізгіштің жылумен оқшаулау құрылымдарында келесі элементтер қарастырылады:

1) негізгі жылумен оқшаулау қабаты;

2) армирлейтін және бекіту бөлшектері;

3) қорғаныс-жабынды қабат (қорғаныс жабыны).

Тасымалданатын заттарының температурасы 12°С төмен құбыр өткізгіштердің жылумен оқшаулау құрылымының құрамына бумен оқшаулау қабаты кіреді. Тасымалданатын заттарының температурасы 12°С жоғары бумен оқшаулау қабатында қажеттілік есеппен анықталады.

Ортаның теріс жұмыс температурасында жылумен оқшаулау жобасымен жекелеген элементтердің барлық қосылған орындарын мұқият тығыздау мен жинақты жылумен оқшаулау құрылымын орнату кезінде тігістердің бекітілуі қарастырылады.

252. Арматура, ернемекті жалғастырғыштар, компенсаторлар үшін, құбыр өткізгіштерді өлшеу және тексеру орындарында алынатын жылумен оқшаулау құрылымдары қарастырылады. Бұл элементтердің жылумен оқшаулау қалыңдығы құбырлардың жылумен оқшаулау қалыңдығынан 0,8 тең болып қабылданады.

253. Жұмыс температурасы + 250°С жоғары және-60°С төмен құбыр өткізгіштер үшін формаланған өнімдерден (перлитцементті, әк тасты кремний) жасалған бір қабатты жылумен оқшаулау құрылымдарын пайдалануға рұқсат берілмейді.

254. А және Б тобындағы құбыр өткізгіштер, жер үстілік төсем кезіндегі В тобындағы, тоннельдер мен пайдаланушы қызметкерлерді шығару жолдарында (дәліз, басқыш алаңы және басқалар) орналасқан цехішілік құбыр өткізгіштер үшін жанатын материалдан жасалған жылумен оқшаулау құрылымдарының элементтерін пайдалануға рұқсат берілмейді.

255. Белсенді тотықтырғыштарды тасымалдайтын құбыр өткізгіштер үшін салмағы бойынша 0,45 % артық жанатын және органикалық заттары бар жылумен оқшаулауды қолдануға рұқсат берілмейді.

256. Органикалық компоненттері бар жылумен оқшаулағыш материалдар мен өнімдерді сәйкес негіздемелері болған жағдайда жұмыс температурасы 100°С артық құбыр өткізгіштерде пайдаланылуға рұқсат беріледі.

257. Дірілге ұшыраған құбыр өткізгіштер үшін ұнтақ сияқты жылумен оқшаулағыш материалдарды, минералды мақтаны және үзіліссіз шыны талшықты мақтаны пайдалану ұсынылмайды.



9-параграф. Таттанудан қорғау және құбыр өткізгіштерді бояу
258. Агрессиялы заттарды тасымалдау кезінде болат құбыр өткізгіштердің ішкі бетін таттанудан қорғау заттардың химиялық және физикалық қасиеттерін, құбыр өткізгіш элементтерінің материалдары мен құрылымдарын, пайдалану шарттары мен басқа факторларды есепке алумен қамтамасыз етіледі.

259. Құбыр өткізгіштердің сыртқы бетін таттанудан қорғау жүйесі мен түрін таңдау оларды төсеу шарты мен тәсіліне, ішкі ортаның таттану белсенділігінің дәрежесі мен сипатына, электр таттану қауіптілігінің дәрежесіне, тасымалданатын заттардың өлшемдері мен түріне байланысты жүргізіледі.

260. Қоршаған орта әрекетінің агрессиялық дәрежесін бағалау мен жер үстілік құбыр өткізгіштердің сыртқы бетін таттанудан қорғау құрылыс нормалары мен талаптарына сәйкес металл және металл емес қорғаныс жабындарын пайдаланумен жүргізіледі.

261. Құбыр өткізгіштерді жер астылық таттанудан қорғау үшін жобада оларды сенімді пайдалануды қамтамасыз ету бойынша шешімдер қарастырылады.

262. Электрохимиялық қорғаудың қажеттілігі туралы шешім құбыр өткізгіштерді төсеу телімдерінде өзекті таттану немесе шатасқан токпен таттану қауіптілігін анықтау мақсатында таттану зерттеулері негізінде нормативтік-техникалық құжаттама талаптарына сәйкес қабылданады.

263. Электрохимиялық қорғау (катодты, протекторлы, сорғытқылы) жүйесін жобалау нормативті-техникалық құжаттама талабына сәйкес жүргізіледі.

264. Жер асты құбыр өткізгіштерін каналсыз төсеген кезде өзекті таттану немесе шатасқан токпен таттанудан қорғау құралдарын жобалау құбыр өткізгіштер үшін жылумен оқшаулаусыз жүргізіледі.

265. 20°С температурадан төмен заттарды тасымалдайтын және жылумен оқшаулауға жататын құбыр өткізгіштер жылумен оқшаулауы жоқ құбыр өткізгіштер сияқты таттанудан қорғалады.

266. Құбыр өткізгіштерді электрохимиялық қорғау кезінде оқшаулайтын ернемекті жалғастырғыштар (бұдан әрі-ОЕЖ) қарастырылады. ОЕЖ орнату құрылыс нормалары мен талаптарына сәйкес жүргізіледі.

267. Электр шамасын өлшеу үшін сөндіргіш құрылғы, конденсат жинағыш және басқа да жабдықтар мен құралдар пайдалануға жол беріледі.

268. Технологиялық құбыр өткізгіштерді таттануға қарсы қорғау бойынша шараларды жобалау кезінде құрылымдық шешімдер таттануға қарсы жабындарды қайтадан қалпына келтіруге және қарауға мүмкіндік беруді қамтамасыз етеді.

269. Құбыр өткізгіштердің айырым белгілі бояуы мен маркасы және олардың элементтері өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша нормативтік-құжаттама талаптарына сәйкес орындалады.



6-тарау. Құбыр өткізгіштерді монтаждауға қойылатын талаптар

1-параграф. Құбыр өткізгіштерді монтаждауға қойылатын

жалпы талаптар
270. Құбыр өткізгіштер мен коммуникация блоктарын (бұдан әрі-құбыр өткізгіштер) монтаждау осы Талапқа, өңделген жұмысты ұйымдастыру жоспары (ЖҰЖ) мен жобаға сәйкес жүргізіледі.

Жарылыс қауіптіліктің І санатты блогы бар жарылыс өрт қауіпті өндірістердің құбыр өткізгіштерін монтаждау, талапқа сәйкес түйінді немесе монтажды-блокты әдіс негізінде жүргізіледі.

271. Бекітілген тәртіпте келісу жүргізбей жобадан және ЖҰЖ ауытқуға жол берілмейді.

272. Құбыр өткізгіштерді монтаждаған кезде материал сапасына, құбыр өткізгіштер мен арматура бөлшектеріне олардың сертификатқа, нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкестігіне алғашқы бақылау, орындалған жұмыс сапасына жедел бақылау жүргізіледі. Алғашқы бақылау нәтижесі өнім сапасын растайтын барлық құжаттар тіркелген актімен ресімделеді.

273. Құбыр өткізгіштердің жинақтық бірлігінің желілі өлшемдерінің ауытқуы 1 м +- 3 мм, ал барлық ұзына бойына +-10 мм артық аспайды.

274. Құжаттамада көрсетілген есептеу мерзімі өткен өнімдер мен материалдар монтаждауға олардың сапасы мен пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ақаулары түзетілгеннен, тексеріс, сынау, сараптау және басқа жұмыстар жүргізілгеннен кейін беріледі.

275. Құбыр өткізгіштерді монтаждауға арналған өнімдер мен материалдарды сақтау шарттары нормативтік-техникалық құжаттама талаптарына сәйкес жүргізіледі.

276. Егер монтаждау барысында құбыр бірнеше бөлікке бөлініп қалса, қайтадан қалпына келтірілген бөліктеріне алғашқы құбырға сәйкес таңбалануға сәйкес таңбалану түсіріледі.



2-параграф. Құбыр өткізгіштерді монтаждау
277. Жинақтау бірліктерін, құбыр, элементтер мен басқа да өнімдерді монтаждауға қабылдаған кезде олар көзбен шолу арқылы (бөлшектелмей) нормативтік-техникалық құжаттама талаптары мен жинақтылыққа сәйкестікке тексеріледі.

278. Ластанған, таттанған, түрі өзгерген, қорғаныс жабындары бұзылған жинақтау бірліктері, құбыр, элементтер мен басқа да өнімдер монтаждауға жіберілмейді.

279. Құбыр өткізгіштердің ішкі бетін тазалаудың арнайы түрлері, егер құжаттамада басқа нұсқаулық болмаса, монтаждағаннан кейін іске қосу жұмыстары кезінде жүргізіледі.

280. Құбыр өткізгіштерді тек жобалық талапта бекітілген жабдыққа ғана қосуға рұқсат беріледі. Құбыр өткізгішті ауытқуы жоқ және қосымша тартусыз жабдықпен қосады. Жылжымайтын тіреулерді тірек құрылымдарына құбыр өткізгіштерді жабдықпен қосқаннан кейін бекітеді.

281. Құбыр өткізгіштерді дәнекерлеуге жинаған кезде термо өңдеуден және дәнекерлеуден кейін (қажеттілігі болғанда) ол толық суығанша салмақ түсіруге рұқсат берілмейді.

282. Көлденең дәнекерленіп жалғанған жерден тіреу не ілу шетіне дейінгі қашықтық оны термо өңдеу мен бақылау мүмкін болуды қарастырады.

Жалғастықтан немесе бұрышты тігісті басқа элементтен бүгілген телімнің басына немесе құбыр өткізгіштің көлденең тігісіне дейінгі қашықтық құбырдың сыртқы диаметрінен кем емес, бірақ сыртқы диаметрі 100 мм дейінгі құбырлар үшін 50 мм кем емес болады. Сыртқы диаметрі 100 мм және одан артық құбырлар үшін бұл қашықтық 100 мм кем болмайды.

Көршілес екі иілгіштің дәнекерленген тігісі арасындағы тура телімнің ұзындығы шартты диаметр 150 мм болған кезде 100 мм кем және 200 мм болғанда 150 мм және одан жоғары болмайды. Қатты майысқан бөлшектерді пайдаланған кезде дәнекерленген қосылғыштардың бүгілген телімнің басында орналасуына және тура телімдері жоқ бөліктерді өзара дәнекерлеген кезде рұқсат беріледі.

283. Көршілес дәнекерленіп жалғанғандар арасындағы қашықтық және сақиналы қосымшалар ұзындығы оларды құбыр өткізгішке дәнекерлеген кезде 100 мм кем болмайды.

284. Жалғастықтарды, орауыштарды, жалғастырғыштарды және басқа бөлшектерді дәнекерлеу тігістері орналасқан бүгілген және таңбаланған орындарда дәнекерлеуге жол берілмейді.

Негізгі жағдайларда құбыр өткізгіштің бүгілген және таңбаланған бөлшектерін ішкі диаметрі 25 мм артық емес бір жалғастыққа дәнекерлеуге рұқсат беріледі.

285. Көлденең дәнекерленген түйіскен жерлерді жинаған кезде байланыстырғыш элементтердің ұзындығы бойындағы дәнекерлеу тігістері элементтердің бір біріне қатысты діңдерінің ұзындығы бойын айнала бұрумен қосылған.

286. Құбыр өткізгіштердің жинақтау бірліктерін жобалық жағдайда орнату алдында ернемекті жалғастырғыш бұрандасындағы сомын тартылады, дәнекерленетін түйіскен жерлер пісіріледі (қажеттілігі болғанда термо өңделеді) және нормативтік-техникалық құжаттама талаптарына сәйкестігі бақыланады.

287. Ернемектің тығыздау бетінің құбыр немесе бөлшек діңіне перпендикулярлығынан ауытқуы төменде келтіріліген үлкендіктен аспайды:





Құбыр диаметрі (бөлшектер), мм

Ауытқу, мм

25-60

60-160


160-400

400-750


750 артық

0,15

0,25


0,35

0,5


0,6

288. Ұштастыратын ернемектердің тығыздау бетінің діңмен сәйкес еместігі 297-тармақта көрсетілген екі еселенген ауытқудан аспайды, сонымен қатар саңылау барлық айналасы бойынша бірдей және төсем қалыңдығына сәйкес болады.

289. Ернемекті жалғастырғыштарды жинаған кезде келесі талаптар орындалады:

1) бұранда сомындары ернемекті жалғастырғыштардың бір бетінде орналасқан;

2) сомын үстінен шығыңқы бұранда мен өзектердің аяқ жағының биіктігі бұранданың 1 қадамынан кем және 3 қадамынан артық болмайды;

3) жұмсақ төсемді жалғастырғыш сомындар айқыш түрде айналдыру тәсілімен тартылады, ал металл төсемдермен-дөңгелете айналдыру тәсілімен;

4) құбыр өткізгіштерде жалғастыратын бұрандалар мен өзектер нормативтік-техникалық құжаттама талаптарына сәйкес майланады, ал 300°С артық температурада жұмыс істейтін құбыр өткізгіштер алдын ала графитті майлаумен жабылған;

5) төсем саңылауының диаметрі құбырдың ішкі диаметрінен кем емес және ернемектің ішкі тығыздау бетінің диаметріне сәйкес болады;

6) ернемекті жалғастырғыштардың қиғаштығын түзетуге сыналы төсемдерді қолданумен бұрандаларды тартуға рұқсат берілмейді.

290. Құбыр өткізгіштерді монтаждауға тіреу құрылымдары мен ілулерді жоба талабына сәйкес бекіткеннен және орнатқаннан кейін рұқсат беріледі. Жинақтау бірліктері мен құбыр өткізгіштердің түйіндері оларды аударудан немесе бұрудан екі тіреуден кем болмайтын (немесе екі ілуге бекітілген) қорғаумен орналастырылады.

291. Арматура ернемегінен немесе компенсатор ернемегінен тіреуге, ілуге, қабырғаға, бөлген қалқаға дейінгі қашықтық 400 мм кем болмайды.

292. Өлшеу диафрагммалары орналасқан орындарда олардың орнына монтаждау кезінде нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес уақытша монтаждау сақиналары орнатылады.

293. Механикалық немесе электр жетегі бар арматура оны монтаждауға бергенге дейін жетектің жұмысқа қабілеттілігіне тексерістен өтеді.

294. Ортаның ағылу бағытына және штурвал діңінің орнатылуына қатысты арматура сыртының жағдайы жобамен анықталады.

295. Құбыр өткізгішті арматураны жабық күйде жөндейді. Арматураның ернемекті және ерітіліп жабыстырылған жалғастықтары құбыр өткізгішті тартусыз орындалады. Ерітіліп жабыстырылатын арматураны дәнекерлеу кезінде оның бекітпесі немесе қақпақшасы оның сырты ысыған кезде сыналуын болдыртпау үшін толық ашық болады. Егер дәнекерлеу төсемсіз сақинамен жүргізілетін болса, дәнекерлеу аяқталған соң арматураны оның іші тазаланғаннан кейін ғана жабуға рұқсат беріледі.

296. Құбыр өткізгіштерді суықтай тарту барлық дәнекерлеу жұмыстары (айқас тұйықталғаннан басқасы) орындалғаннан суықтай тартуға жататын телімнің соңында жылжымайтын тіреулерді соңғы рет бекіткеннен кейін, термикалық өңдеуден кейін (оның жүргізілуі қажет болғанда) және суық тарту жүргізілетін телімнің барлық ұзындығы бойында орналасқан дәнекерлеу жалғастырғыштарының сапасын бақылағаннан кейін жүргізуге рұқсат беріледі.

297. Көлбеу жазықтықта орналасқан П сияқты компенсаторлар құбыр өткізгіштің жобалық құжаттамада көрсетілген жалпы қисаюын сақтай отырып орнатылады.

298. Діңді компенсаторлар құбыр өткізгіш діңімен қатарлас орнатылады.

Компенсаторлардың қосқыш келте құбырларының жобалық жағдайдан рұқсат берілетін ауытқуы оларды дәнекерлеген және орнатқан кезде компенсаторларға арналған құжаттарға сәйкес болады.

299. Компенсаторларды орнатқан кезде олардың сыртындағы нұсқар құбыр өткізгіштегі заттардың жылжу бағытымен сәйкес келеді.

300. Компенсаторларды монтаждаған кезде діңнің ұзына бойына қатысты оралған жүктеме мен олардың меншікті масса мен қабысатын құбыр өткізгіш массасы әрекетімен тұрып қалуына жол берілмейді, иілгіш элементтің механикалық зақымдануынан және дәнекерлеу кезінде ұшқын түсуінен қорғалу қамтамасыз етіледі.

301. Сильфонды, линзалы және тығыздамалы компенсаторлардың монтаждау ұзындығы монтаждау кезінде сыртқы ауа температурасын түзету есебімен қабылданады.

302. Компенсаторларды монтаждау ұзындығына дейін созу компенсатор құрылымында қарастырылған құрылғылар көмегімен немесе тартатын монтаждау құрылғысымен жүргізіледі. Компенсаторлар созу (қысу) актімен ресімделеді.

303. Тығыздамалы компенсаторларды монтаждаған кезде жылжитын бөліктердің еркін ауыстырылуы мен толтырудың қорғалуы қамтамасыз етіледі.

304. Дәнекерлеу алдында компенсатордың созылуы жүргізілетін дәнекерлеу қосылғышы жобалық құжаттамада көрсетілген. Компенсатордың компенсациялық қабілеті мен оның қиғаштығының төмендеуін болдырмау үшін компенсатор симметриялығы діңінен 20 Dн кем емес қашықтықта орналасқан қосылғыш пайдалануға рұқсат беріледі.

305. Линзалы, сильфонды және тығыздамалы компенсаторларды олардың үлкейіп жиналғанында жинақтау бірліктерінде және коммуникация блоктарында бұл жағдайда компенсаторларды тоттанудан және тасымалдау, көтеру және орнату кезінде зақымдалудан сақтайтын қосымша қаттылықтарды қолдана отырып орнатылады. Монтаждау аяқталғаннан кейін уақытша орнатылаған қаттылықтар алынып тасталынады.

306. Құбыр өткізгіштердің тігінен ауытқуы (егер жобада нұсқау болмаса) құбыр өткізгіштің бір метр ұзындығында 2 мм аспайды.

307 Жобалық құжаттамада құбыр өткізгіштердің тік телімдерін монтаждау кезінде құбыр өткізгіштің тік телімінің массасының әрекетімен компенсаторларды қысу мүмкіндігін болдырмайтын шаралар қарастырылады.

308. Әрбір температуралық блокта құбыр өткізгіштерді соңғы рет бекіту эстакадада, каналда немесе қалыпта орнатуда жылжымайтын тіректен басталады.

309. Темір жолдарды, автомобиль жолдарын, өтетін жерлер мен басқа инженерлік ғимараттарды қиып өтетін құбыр өткізгіштерді монтаждау бекітілген тәртіпте келісу бойынша жүргізіледі.

310. Технологиялық құбыр өткізгіштерді қыздыру үшін оларды дәнекерлеуге қосумен 200 мм кем емес Dу құбыр өткізгіштері пайдаланылады (ернемекті арматураны орнату орындарынан басқа).

311. Жылыту құбыр өткізгіштерін технологиялық құбыр өткізгіштерге бекіту құбыр өткізгіштердің жылумен үлкеюінің еркін компенсациялануын қамтамасыз етеді.

312. Құбыр өткізгіштерді тоттануға қарсы қорғау мен жылумен оқшаулау оларды жобалық жағдайға орнатқанға дейін келесі монтаждау жұмыстарын жүргізгенге дейін қорғаныс жабынының сақталуын қамтамасыз ету шартымен орындауға рұқсат беріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет