Слайд №5
Слайд №6
Майлы клизма
4. Ер адамның жыныс мүшесін жуу іс- әрекеттері;
Мақсаты: Дер кезінде қуықтан зәрді дер кезінде шығару, кейіннен табиғи несеп шығаруды қайта қалпына келтіру, қуықты жуу.
Қолдану көрсетілімдері: жедел және созылмалы зәр шығарудың тоқтауы, қуықты жуу және оған дәрілік, рентгенконтрастық ерітінділерді енгізу, зәр бөлу мүшелері және жыныс жүйелеріндегі операциядан кейінгі кезең, зәр бөліну мүшелерін эндоскопиялық зерттеу алдында, клиникалық және бактериологиялық зерттеуге зәрді алу, қалдық зәрді анықтау.
Қарсы көрсетілімдері: уретраның (үрпінің) жарылуы, жедел уретрит, простатит, эпидидимит (ен қосалқыларының қабынуы), гематурия, зәр шығару каналының тарылуы, простата ісігі, зәр шығару каналының жедел қабынуы.
Асқынулар: уретральды қызба, уретраның, қуықтың шырышты қабығының зақымдануы, асептика ережелерін сақтамағанда жұқпалы ауруларды енгізу.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: лотокты, корнцангті, сүрткілерді, қолғаптарды,
клеенканы, жаялықты, сабынды, судноны, ішінде суы бар құмыраны (судың
t – 37, 380С) немесе Эсмарх крушкасын.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқаспен тілектестік, құпия сақтайтын сенімділік қарым-қатынасты орнатыңыз.
2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.
3. Халі ауыр науқастың сегіз көзі астына клеенканы, оның үстінен жаялықты төсеп,
судноны қойыңыз.
4. Науқастан аяқтарын тізесінен бүгуін сұрап, аяқтарын аздап екі жаққа ажыратыңыз.
5. Науқастың оң жағынан тұрыңыз.
6. Сүрткіні жылы суда ылғалдатып, оны сығыңыз.
7. Бір қолыңызбен жыныс мүшесін ұстап, оның артық терісін жыныс мүшесінің басынан
жылжытыңыз.
8. Жыныс мүшесінің басын зәр шығару каналынан бастап, қасаға аймағына қарай бағытта
айналмалы қозғалыспен сүрткілерді ауыстыра отырып, құрғатыңыз.
9. Жыныс мүшесінің артық терісін табиғи қалпына қайтарыңыз.
10. Жыныс мүшесінің қалған бөліктерін, ұманың терісін, аналь тесігін мұқият тазалаңыз,
шайқаңыз және кептіріңіз.
11. Судноны, клеенканы, жаялықты, қолғаптарды кейін зарарсыздандыру үшін жинаңыз.
Сүрткілерді және қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
12. Төсек-орнын реттеп, жазып, науқасты жабыңыз.
13. Кермені жинаңыз.
Слайд №7
Достарыңызбен бөлісу: |