Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу



бет11/18
Дата04.03.2024
өлшемі3.01 Mb.
#494254
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18
Ñàáà? áàðûñûíäà ?îëäàíûëàòûí ïåäàãîãèêàëû? òåõíîëîãèÿëàð ?æûìäû

Ескерту:

бірге мол нәжіс көп мөлшердегі желмен (газбен) бөлініп шықса;

  • атониялық іш қатуда судың температурасы 12-200С-дан төмен болмауы қажет, ал

спастикалық – жоғары (37-420С-қа дейін), іш қатуда – 20-250С;
- егер де науқас нәжісті аз мөлшерде гек сумен ішекті босатса, онда науқасты дәрігер
қарағаннан кейін клизманы қайтадан қайталау қажет.


3. Майлы клизманы қоюдың іс-әрекеттері.
Мақсаты: емдік: ішек бұлшық еттерін босаңсыту, нәжісті сұйылту, түйілуді азайту және қалыпты ішектін жиырылып кеңеюін қалпына келтіру.
Қолдану көрсетілімдері: тазарту клизмасының әсері болмауы, спастикалық іш қату, ұзақ іш қату, жуан ішектің қабыну аурулары, операциядан кейінгі кезең, босанғаннан кейін.
Қарсы көрсетілімдері: асқазан немесе ішектен қан кету, тік ішектің қатерлі өскіндігі, анал тесігі аймағындағы сызат немесе тік ішектің түсуі, қансыраған геморрой.
Дайындаңыз:
залалсыздандырылған: жел шығаратын түтікті, лотокты, Жане шприцін немесе алмұрт тәрізді баллоншаны, шпательді, қолғапты, салфеткаларды, клеенканы, жаялықты, вазелин майын, 100-200 мл мөлшердегі майлы ерітіндіні, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.


Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
2. Кушеткаға клеенканы, оның үстінен жаялықты төсеңіз. Науқасты кермемен қоршаңыз.
3. Науқасты сол жақ қырына жатқызыңыз, оң аяғы тізе буынынан бүгіліп, ішіне қарай
келтірілуі керек.
4. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киіңіз.
5. «Су» моншасында t – 380С дейін жылытылған 50-100 мл майлы ерітіндіні алмұрт тәрізді
баллоншаға немесе Жане шприціне сорып алыңыз.
6. Жел шығаратын түтіктің саңылаусыз домалақ, бітеу ұшына 20-30 см ұзындыққа вазелин
майын жағыныз.
7. Сол қолдың І және II саусақтарымен бөкселерді ажыратып, ал оң қолымен жел шығаратын
түтікті абайлап айналмалы қозғалыспен анал тесігіне тік ішекке қарай жылжытып енгізіп,
ең алғаш кіндік бағытына қарай 3-4 см, сосын омыртқа жотасына қатарластыра отырып 20-
30 см тереңдікке енгізіңіз.
8. Майлы ерітіндіні алмұрт тәрізді баллоншаға немесе Жане шприціне сорып алып, енгізер
алдында оның ауасын шығарып, жел шығаратын түтіктің бос ұшына жалғастырып,
ақырын тік ішекке енгізіңіз.
9. Жел шығаратын түтіктің сыртқы ұшына қысқышты салыңыз немесе қолмен қысыңыз.
10. Жел шығаратын түтіктен алмұрт тәрізді баллоншаны жазылдырмай немесе Жане
шприцін шығарып алыңыз.
11. Жане шприціне немесе алмұрт тәрізді баллоншаға ауа сорып алып, қайтадан оны жел
шығаратын түтікке жалғастырып, түтікте қалған майлы ерітіндіні тік ішекке қарай үрлеп
(итеріп) жіберіңіз.
12. Жел шығаратын түтікті шығарып алып және алмұрт тәрізді баллоншаның ұштығын
зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.
13. Анал тесік аймағының терісін салфеткамен сүртіңіз.
14. Науқасқа ынғайлы жағдай жасап, терең демалуын сұраңыз. 10-12 сағат ішінде деңе
жағдайын өзгертуін сұраңыз.
15. Қолғапты шешіп, қолыңызды жуыңыз.


Ескерту:
- емшара жасар алдында науқас қуығын босатуы қажет;
- майлы клизманы емдік мақсатпен жасағанда алмұрт тәрізді баллоншаны қолданыңыз;
- науқас тізе-шынтақ қалпында болуы қажет;
- майлы клизманы түнде қою қажет





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет