Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Студенттерге паллиативті көмек түсінігін үйрету, паллиативті көмектің қажеттілігін, маңыздылығын айту. Паллиативті емдеу сапасын жоғары көтерудегі медбике рөлі туралы түсінік беру. Үй жағдайында паллиативті күтімнің этикалық нормаларының маңыздылығын айту. Пациенттің физикалық және психикалық ынғайлығын қамтамасыз етуді үйрету. Паллиативті пациенттерді бақылау және күтім көрсету ерекшеліктерін үйрету.
Дамытушылық:
студенттерде пациенттерге күтім жасауды ұқыптылықпен, жауапкершілікпен, мейірімділікпен орындауды қалыптастыру;
пәнішілік, пәнаралық байланыс жасай алу қабілетін дамыту.
Тәрбиелік:
кәсіптік міндеттерді тиімді орындауға қажетті болған ақпарат іздеуді жүзеге асыру; командада жұмыс істеу, әріптестерімен, басшылықпен тиімді қарым-қатынас жасауды тәрбиелеу.
Студент білуі керек:
паллиативті көмек түсінігін;
паллиативті көмектің маңызын, қажеттілігін
өмір сонында медициналық қызмет көрсетуге кедергі болатын факторларды;
үй жағдайында паллиативті күтімнің этикалық нормаларын;
пациенттің физикалық және психикалық ынғайлығын қамтамасыз етуді;
ағзаның түрлі функцияларының бұзылуы кезінде пациентке күтім жасаудың ерекшеліктерін.
Істей алуы қажет:
пациентті өзіне өзі көмек көрсетуді үйретуді;
пациенттің жеке бас гигиенасын сақтауды қамтамасыз етуді;
төсек орынды ауыстыруды;
дене биомеханикасы ережелерін сақтауды;
- эргономиялық қосалқы заттарды пайдалануды;
ағзаның түрлі функцияларының бұзылуы кезінде пациентке күтім жасауды;
пациент туыстарына пациенттің жеке гигиенасын сақтауды;
ойылудың алдын алу және емдеуді;
ағзаның түрлі функцияларының бұзылуы кезінде пациентке күтім жасауды.
Достарыңызбен бөлісу: |