Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу



бет5/18
Дата04.03.2024
өлшемі3.01 Mb.
#494254
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Ñàáà? áàðûñûíäà ?îëäàíûëàòûí ïåäàãîãèêàëû? òåõíîëîãèÿëàð ?æûìäû

Қосымша әдебиет:
11. Осипова В.Л. «Внутрибольничная инфекция»: учебное пособие М. ГЭОТАР – Медиа,
2012 г.
12. Основы сестринского дела. Ситуационные задачи: практикум. Морозова Г.И. – М.,
2009 г.
WEB сайттар тізімі:

1 www.yandex.ru


2 www.rambler.ru
3 www.mail.ru
4 www.medeponim.ru
5 www.med.ru
6 www.doctor.ru
7 www.info-health.kz
8 www.medstudent.ucoz.kz
9 www.medcenter.kz
10 www.svsmedical.kz
11 www.medmedia.kz
Сабақтың хронокартасы





Сабақ бөлімдерінің атауы

Сабақтың ұзақтығы

І

Ұйымдастыру сәті

2-3 мин

ІІ

Тақырыпқа мотивациялық сипаттама беру

2-3 мин

ІІІ

Студенттердің теориялық білімін бақылау, үй тапсырмасын тексеру

25-30 мин

ІV

Тәжірибелік дағдылардың орындалу техникасын түсіндіру және демонстрациялау

25-30 мин

V

Студенттердің өзіндік жұмысына әдістемелік бағдар беру

5 мин



Студенттердің өзіндік жұмысы

90 мин

VІІ

Сабақты қорытындылау

10 мин

VІІІ

Үйге тапсырма

5 мин



Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 2-3 мин
Студенттердің киімдерінің сырт көрінісіне, сабаққа қатысуына, бөлменің тазалығына көңіл
бөлу. Журналды толтыру.


2. Сабақтың мақсаты мен жоспарын хабарлау 2-3 мин


Тақырыптың мотивациялық сипаттамасы:
Соңғы онжылдықта жер шарындағы әр түрлі елдер мен мемлекеттерде медико-әлеуметтік және паллиативті көмекке зәру науқастардың саны артып келеді. Қауіпті және созылмалы аурулардан зардап шегетін (оның ішінде қатерлі ісіктің 4-ші сатысы, АҚТЖ-ның соңғы сатысы, созылмалы өршімелі аурулар) адамдарға, паллиативті көмек көрсету олардың өмір сапалығын жақсартады. Әлем бойынша паллиативтік көмек адам құқықтарының бірі – қауіпті ауруларға душар болған адамдардың өмір соңында лайықты күтім мен қамқорлық алуға құқы ретінде қаралады. Кез келген мемлекеттегі медициналық қызметте паллиативтік көмек сынды маңызды аспекті болуы керек. Әрине, Қазақстан да. Халықаралық стандарттарға сәйкес паллиативтік көмек білікті медицина қызметкерлерімен ауруханаларда, хоспистерде, қарттар үйінде, стационарларда, үй жағдайында көрсетілуі керек. Әлемдегі барлық емделушілер үй жағдайында емделуді қалайды, сондықтан оларға осындай мүмкіндік беруге тырысу керек. Алайда емделушілер арнайы күтімді қажет еткенде немесе оған күтім көрсететін адам немесе туысқаны болмаған жағдайда хоспистер тамаша балама бола алады. Паллиативті көмек дегеніміз – қауіпті және созылмалы аурумен зардап шегетін адам үшін мамандандырылған медициналық қызмет көрсету. Диагнозға қарамай аурудың белгілерін жеңілдету. Негізгі мақсаты – емделушінің және оның отбасының өмір сапалығын жақсарту. Паллиативті көмек қажет ететін аурулардың демала алмауы, шаршауы, іш қатуы, құсу, тәбет жоғалту, және ұйқыссыздық сияқты белгілерді басуға үлкен әсерін тигізеді. Яғни, бұл көмек емделушіге қайта қалпына келуге көмектесу мен қатар өмірін ұзартуға көмектеседі. Емделу кезеңін жеңіл өтуге ықпалын тигізеді. Көбіміз паллиативтік көмектің не екендігін біле бермейміз. Сондықтан осы ұғымның мәнін болашақ медбикелер паллиативті көмек туралы мәліметті білу керек. Онкологиялық аурулардың 60-80% мен ВИЧ/СПИД аурулардың 50-60% паллиативтік көмекке зәру. Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ұйымдардың ұсыныстарына сәйкес шағын бір қалада емделушілерге үй жағдайында көмек көрсететін бағытын қосқанда кем дегенде 10-25 орындық бір хоспис болуы керек. Барлық хоспистер мен үй жағдайында күтім көрсетуге бағытталған бағдарламалар дәрігерлерден, медбикелерден, әлеуметтік қызметкерлер мен өзге мамандардан тұратын мультидисциплинарлық топтардан тұруы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет