Слайд №1
2. Ауырсынудың медикаментозды терапиясында медбикеге ұсыныстар
1. Анальгетиктерді жүйелі түрде енгізуді ұстау. Анальгетиктер "сағатпен", беріледі, пациент жеңілдік сезінгенше дәрінің мөлшері біртіндеп жоғарылайды.
2. Дәрінің келесі мөлшері алдынғысының әсері кеткенге дейін беріледі. Медбике енгізілетін дәрлік заттың әсер ету уақытын білуі керек.
3. Терапияның тиімділігін препаратты энтералды қабылдағаннан кейін 60 минуттан соң және күре тамырға енгізілгеннен соң 15 минуттан кейін бағалайды.
5. Дәрілік препараттардың болуы мүмкін кері әсерлерін білу және олардың көріністерін (іш қату, жүрек айну, құсу, сана бұзылулары, депрессия, тыныстың қиындауы т.б.) бақылау қажет.
6. Күнделікті ауырсыну қарқындылығын және терапия тиімділігін бағалау қажет.
3. Ауыр халдегі және қозғалыссыз жатқан пациентте келесі қажеттіліктердің
қанағаттануы бұзылады:
- қозғалу;
- қалыпты тыныс алу;
- тиімді тамақтану және ішу;
- өмір сүру өнімдерін бөлу;
- ұйықтау, дем алу;
- тілдесу;
- ауырсынуды жеңу;
- қауіпсіз болу қажеттілігі.
4. Паллиативті көмек алатын пацинттерде болатын қауіпті факторлар
Ойылу дамуы;
Тыныс бұзылулары (өкпеде іркілісті құбылыстар);
Несеп бөлінудің бұзылулары (микробпен зарарлану, бүйректерде тастардың түзілуі);
Тәбет бұзылулары;
Буындарда контрактуралардың дамуы;
Бұлшықеттер гипотрофиясы, жарақаттар;
Өзіндік күтім және жеке бас гигиенасы тапшылығы;
Іш қату;
Ұйқы бұзылулары;
Қарым-қатынас тапшылығы.
5. Ауыр халдегі пациенттерге медбикелік күтім мазмұнының тармақтары
жайлы жағдай жасау, тітіркендіргіштер әсерін төмендету үшін физикалық және психологиялық тыныштықпен қамтамасыз ету.
физикалық тыныштықты қамтамасыз ету, ойылулардың алдын алу үшін төсектік тәртіпті сақтауын қадағалау.
ойылулардың алдын алу үшін пациенттің төсектегі қалпын әр 2 сағатта ауыстыру.
ауаны оттегімен байыту үшін палатаны, бөлмені желдету.
іш қату, ісіктер, бүйректерде конкременттардың пайда болуының алдын алу үшін физиологиялық бөлінулерін бақылау.
асқынуларды ерте анықтау және уақытылы шұғыл көмек көрсету үшін пациенттің функционалдық жағдайын бақылау (дене температурасын, қан қысымын өлшеу, пульсті, тыныс жиілігін есептеу).
жайлы жағдай жасау, асқынулардың алдын алу үшін жеке бас тазалығын сақтау бойынша шаралар.
ойылулардың, пысынаулардың алдын алу үшін теріге күтім жасау.
жайлы жағдай жасау, асқынулардың алдын алу үшін төсектерін және іш киімдерін ауыстыру.
10. ағзаның өмірлік маңызды қызметтерін қамтамасыз ету үшін пациентті тамақтандыру.
пациентті жайлылықпен қамтамасыз ету үшін туыстарына күтім шараларын үйрету.
барынша мүмкін болған жайлылықпен қамтамасыз ету үшін оптимизм ортасын жасау.
барынша мүмкін болған жайлылық және амандықпен қамтамасыз ету үшін пациенттің бос уақытын ұйымдастыру.
мадақтау, іс-әрекетке ынталандыру үшін өзіндік күтім тәсілдерін үйрету.
ағзаның бұзылған қызметтерін қайта қалпына келтіру үшін
реабилитациялық іс-шараларды (ЕДШ, уқалау) жүргізу.
Ауыр халдегі пациенттерге күтім мақсаттары болып саналады:
Физикалық, әлеуметтік, психологиялық жайлылықпен қамтамасыз ету;
Аурудың клиникалық көріністерін төмендету;
Өмір сапасын жақсарту;
Мүмкін болған асқынулардың алдын алу;
Психологиялық қарым-қатынасты орнату, бұзылған қажеттіліктерлді анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |