Тапсырма №4.
1). Ересек адам үшін негізгі алмасудың орташа мәні - 1 ккал/тәул
2) Салмағы 70 кг, бойы 165-170, жасы 35-16 ересек ер адам үшін негізгі алмасудың мәні - 1700 ккал/тәул
3) Әйелдер үшін - 1500 ккал/тәул
Тапсырма №5.
Организмге қажетті энергия және құрылыс (пластикалық материалдар) тағам құрамымен күнделікті үздіксіз сырттан түсіп тұруы шарт. Олардың ағзадағы әртүрлі қызметтерін жазыңыз:
Тағамтану- ағзаға түсетін заттардың қорытылу, сіңу және сіңірілу үрдістері,ағзаның өмір сүруге, денсаулықты және жұмысқа қабілеттілікті сақтауға қажет нәрлі заттарды (ақуыз, май, көміртегі, дәрумендер, минералды тұздар) бойға сіңіреді.
Ағза үшін ақуыздың негізгі көзі болып табылады– жануар және өсімдік текті әртүрлі азық – түліктер кіреді. Ет, жұмыртқа, сүт және сүт өнімдерінің ақуыздары белгілі. Бұл жануар текті ақуыздар: олар ағза үшін өте пайдалы болып есептеледі, былайша айтқанда сары ақуыздар. Жарма, қан, көкөністер, картофель және басқа да өсімдік өнімдерінде адам тамағы үшін үлкен маңызы бар ақуыздар бар.
Ақуыздың маңызы – жасуша негізін құратын құрылыс материалы. Дененің негізгі функцияларының орындалуына қатысады:тыныс алу,ас қорыту,сыртқа шығару,қорғаныс қызметі,гормондар.
Пластикалық ролі - жасушада ақуыздар бүкіл тіршілігінде синтезделеді Акуыз биосинтезіндегі басты рөлді РНҚ және ДНҚ атқарады Жасуша ядросында және хромасомада ақуыз аминқышқылы орналасу реттелігі туралы акпарат болады.
Энергетикалық- қуат қоры. Тәуліктік нормасы: 90-100г. белок құрамында 20 амин қышқылы бар, олардың 12-сі адам денесінде түзіледі, ал 8-і сырттан келіп түседі( олар орны толмас амин қышқылдары: лейцин, изолейцин, метионин, гистидин, аргигин, триптофан, лизин, треонин).
Тірек қимылдық функциясы- бұлшық ет белогында актин және миозин деген екі талшық арқылы дененің жүруіне, қозгалысына жауап береді.
Ферменттік функциясы – ферменттер негізінен белоктардан түзіледі Бұл үшөлшемді глобулярлы акуыздар, оны бөлу немесе кұрастыру үшін молекула тығыз орналасады. Ферменттер химиялық реакцияларды тезедетеді.
|