Дұрыс (тиімді) тамақтану – организмнің қалыпты жағдайда тіршілік етуін,денсаулығын, еңбек ету қабілетін қамтамасыз етеді.
Рациональды ( тиімді) тамақтану қандай принциптерге негізделеді:
1 ) Энергия тепе-теңдігін сақтау;
2) Тамақ құиамындағы қоректік заттар үйлестірілген болу керек. Белок(Б),май(М),көмірсулар қатынасы (1:1:4,6)
3) Тамақтану режимін сақтау
Тапсырма №6. Кестеге Ересек адамның тәуліктік тамақтанудағы нормаларын көрсетіңіз:
Ақуыз
|
80-100 г (1г белок 1 кг дене салмағына шаққанда, оның ішінде 55% жануар ақуызы)
|
Майлар
|
80-100 г (50-60% жануар майы)
|
Көмірсулар
|
400-500 г
|
Белок(Б), Май (М), Көмірсулар қатынасы:
|
1:1:4,6
|
Мәселелік тапсырмалар
Бойы 150 см, салмағы 60 кг әйелдің негізгі энергия алмасу мөлшері 1600 ккал тең. Бұл көрсеткіш нормаға сәйкес келе ме?
Әйелдер үшін негізгі энергия алмасудың мәні 1500 ккал/тәул. Тапсырмадағы көрсеткіш нормаға сәйкес келмейді,керісінше ауытқып тұр.
Ересек адам тәулігіне 70 г белок, 300 г көмірсулар, 100 г май пайдаланды. Осы көрсеткіштер тәуліктік энергия қажеттілігіне тура келе ме?
Ересек адамдарда тәулігіне белок 80-100 г,май 80-100 г,көмірсу 400-500 г болу керек. Бұл жерде белок 70 г деп тұр,ол нормаға жетпейді , көмірсу 300 г,ол да нормаға жетпейді,ал май 100 г-ды құрап отыр,нормаға сәйкес.
Достарыңызбен бөлісу: |