Тексерген: Бакытжанова А. Б. Орындаған: Буданова А. Т. Тобы


Ұлттық салт дәстүрі мен,әдет ғұрып



бет6/8
Дата10.10.2023
өлшемі193.16 Kb.
#480290
1   2   3   4   5   6   7   8
сроп этнология

Ұлттық салт дәстүрі мен,әдет ғұрып
Көптеген ғалымдардың еңбектерімен, сөздіктерімен танысып дәстүр ұғымына берілген анықтамаларды қарастырсақ, «дәстүр» әдетке сіңген салт-дәстүр, ғұрып, мирас. Дәстүр (традиция «передача»), берілу немесе «қалдыру», «мұра» деген ұғымды білдіреді екен. Ұлттың өткен тарихы мен дәстүрлі рухани-дүниетанымдық тұғырларын жаппай қалпына келтіру қазіргі заманға сай озық батыстық өркениеттік құндылықтар мен жаңашылдықтарды жаппай жосықсыз қабылдау үрдісімен қатар жүреді.Қазақтардың философиясы бүкіл әлем философиясымен ұқсастары өте көп болған, онда қазақ ұлттық өмірінің ерекшеліктері айқындалған. Ерекшеліктер, ең бастысы, көшпелі халықтың, оның тіршілігі, әдеттері, ғұрыптары мен салт-дәстүрлері, сонымен бірге қазақтардың бүкіл тарихи өмірі өткен қоғамдық-мәдени ортаның әсерімен байланысты. Қазақтарда жазба мәтіндері туған тілде пайда болмады. Ш. Уәлиханов - қазақ ағартушылығының көшбастары - өз жұмыстарын орыс тілінде жазған. Ал, Ы. Алтынсарин ағартушылық идеясын өмірге әкелгенде, сөзбен емес, қазақ балаларына мектеп ісімен көрсетті, негізінен ол да орыс тілінде жазған. Тек Абай Құнанбаев қана баспа қазақ сөзіне бастау салды. Абайдан соң XIX ғасырдың соңы мен ХХ ғ. басындағы қазақ интеллегенциясы өз еңбектерін қазақ тілінде жазып бастыра бастады.
Қазақ тарихы жайлы мәліметтер өте бай емес, мұны XIX ғ. ортасы мен ХХ ғ. басындағы қазақ интеллегенциясының тұлғалары түсінді. Олар қазақтар тарихы жайлы шындықтарды шығаруға барлығын, әсіресе, халықтың өз ауызша мәдениетіне көңіл аударуға тырысқан. Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, Ш. Құдайбердіұлы, М. Дулатов, С. Асфендияров сияқты қазақ тарихын зерттеушілер қазақ қоғамдық өмірінің, оның ұзақ тарихи дамуы үрдісінде болып өткен оқиғаларды қайта өңдеуге жақындай түсті. Олардың барлығы, әртүрлі өзгешеліктерде, қазақтардың тарихи ата-бабалары, бұрыңғы заманнан Волгадан Ертіске дейін батыстан шығысқа және Тобылдан Сырдарияға дейін және Шу Сібірден оңтүстікке қарай зор кеңістікті жайлаған түркі тілді тайпалар екенін мойындайды. Бұл тайпалар көшпелі өмір салтын ұстануы және негізінен ғұрыптарында, олардың дәстүрлерінде, әдеттері мен ауызша шығармашылығында байқалатын бай мәдениеті болды.
Иә, қазақтар көшпелі халық, оның тарихы Орта Азиямен кең аймақты Қытайдан Еуропаға дейін созылған және бұл аймақтарды жүздеген жылдар мекендеген көшпелі және отырықшы халықтардың отанымен тығыз байланыстылығын байқаймыз.
Ы. Алтынсарин өзінің біраз еңбектерін қазақ халқының салт- дәстүрлерінің ерекшеліктерін зерттеп, этнографиялық очерктер жазуға арнады. Ол 1870 жылы Ресей география қоғамының Орынбор өлкетану бөлімшесінің тапсыруы бойынша «Орынбор ведомствосы қазақтарының өлген адамды жерлеу және ас беру дәстүрінің очеркі» мен «Орынбор ведомствосы қазақтарының құда түсу, қыз ұзату және той жасау дәстүрлерінің очерктері» атты екі еңбегін жазып тапсырды. Ыбырайдың қазақ халқының салт-дәстүрлерін зерттеудегі мақсаты дәстүрлердің озығы мен тозығын ғылыми түрде танып, талдап, өзінің көзқарасын білдіре отырып, мән-мағынасын ашу, озық дәстүрді тәрбиенің құралы ету еді. Сонымен бірге қазақ мәдениеті, тұрмыс тіршілігі жөніндегі орыс достарына ғылыми мағлұмат беруді көздеді. Әр елдің өзіне тән әдет-ғұрпы, салт-дәстүрлері бар. Оларды екі ауыз сөзбен халықтың келбеті, тәрбиелік ережесі деуге болатын сияқты. Ата бабаларымыздың ұзақ ғасырлар бойы ұзын-ұзын көш- керуені арқылы ұрпақ алмасқан сайын үзілмей жалғасып кешеден бүгінге асыл аманаттай ардақты қалпында ұласып отырған. Олар халық мәдениетінің аса мәнді құрамдас бөлігі, одан сол халыққа жататын адамдар мәдениетінің деңгейі, рухани байлығы, басқа ұлттар мен ұлыстардан, халықтардан айырмашылығының барлық белгілері айқын танылады. Сонымен қатар салт-сана, дәстүр қатып қалған, мәңгі өзгермейтін нәрселер емес, елдің экономикасының, мәдениетінің өркендеуі-мен бірге, олардың озықтары одан әрі дамып, жаңғыра түседі, тозықтары қолданыстан қалып, ұмыт бола береді.
Дәстүр, әдет, салт, үрдіс, тіпті дағды, ғұрып деген сөздер кең мағынада адам мінезі мен тіршілігіне байланысты қанға сіңген 28 қылықтар. Демек, ұлттық дәстүр тез өзгеріп, немесе жоғалып кете қоймайтын құбылыс.
Ұлттық дәстүр тез өзгеріп немесе жоғалып кете қоймайтын, ұзақ дәуірлер бойына екшеліп, сұрыпталып қалыптасқан қазына. Оның ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы зор, халықтың мінез-құлқы мен іс- әрекетінің рухани негізі. Ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, адалдық әділдік, меймандостық сияқты қасиеттер белгілі бір халықтың ұлттық дәстүрі ретінде қалыптасады. Дәстүр мәдениетпен тығыз байланысты. Мәдениеті дамыған ел дәстүрге де бай келеді.
Қазақ ұлтының этностық ерекшелігін байыптаса, бұл халық ұрпақ сабақтастығын сақтап, алысты татуластыратын, ізетті келіннен таныған, татулықты абысыннан тапқан, дархандықты даласынан, даналыққа бабасынан, пәктікті баласынан алған халық. жақындатып, аразды.
Барлық қауымға бірдей түсінікті тіл жоқ халық болады деу қиын; тек өзіне ғана тән айрықша дәстүрлері жоқ халық болады деу онан да қиын. Бұл ұлттық салт-дәстүрлерді елдің табиғатына қарай тігілген киім-кешектен көруге болады, түбірлі халықтың нанымында, сенімінде және жалпы ұғымында жататыны от басындағы көне қоғамдағы өмірінің түрлі формаларынан көруге болады.
Қазақтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін қарастырғанда, әр ұлттың психикалық түзілісі ұлттық сезім, ұлттық салт, дәстүр және ұлттық мінез-құлық түрлері ішкі факторлар ретінде, осы ұлт таптарының рухани ерекшеліктері мен қасиеттері ретінде, ал ұлттық салт пен дәстүрлер сыртқы факторлар ретінде, қоғамдық пікірлер күші ретінде, осы ұлт өкілдерінің қоғамдық тәртібін бір қалыпқа келтіретін материалданған идеялар ретінде байқалады. Бұған қарап салт, дәстүрлердің, біріншіден, ұлттық психикаға байланысты біраз тұрақты, немесе тұрақтанған нәрсе екенін аңғарсақ, екіншіден, ұлттық мінез- құлқын, қоғамдық кейпін байқататын құрал екенін, сол мінез-құлықтың көріну амалдарының бірі екенін көреміз. Ұлттық мәдени сезім әрбір халықтың әдебиет пен көркемөнердегі табыстарын саралаумен тығыз байланысты. Бір ұлттың, халықтың музыкасы үйреніп жаттықпаған басқа ұлттар өкілдеріне онша әсер етпеуі мүмкін.
Әдет-ғұрып қазақ халқының өмір бойы қалыптасқан таным, ұғым, әдеп, әдет, салт-дәстүрлерінің айқындалған, заңды күші бар ел таныған, мойындаған жолы ерте жасалған. Ол ұлттың болмысы мен мінезінде, жадында ата-баба ұлы істерінің жақсы үрдісін сақтау және оны дамытуды көздеген, мақсат еткен. Мұны ғұрып дейміз. Халқымыз оны қадірлеп құрмет тұтқан. Бұл әдеттен айнығандарды түзейтін де жол тапқан. Сөйтіп халқымыздың өзі ұлттық тәлім, үлгінің осындай бірегей заңын жасап қалдырған. Мұндай ғұрыптың адам санасы мен тәрбиесіне қосқан үлесі, ықпалы өте зор болды. Ел ішінде мұны сақтап ұрпақ санасына сіңіріп отыратын ақсақалдар мен билері, ел ағалары, қажы, білгірлері, шешендері болған. Қазақтың осы кең даласына Ыбырай, Абай, Құнанбай, Шыңғыс, Ноғайбай, Көкенбай тағы басқалар көптеген білімді, беделді кісілер ұлт әдет-ғұрпын есте ұстауға көп еңбек сіңірген. Біздің заманымызда ел намысын, ұлт мәдениетін сақтауда айтарлықтай еңбек еткен азаматтарымыз аз болған жоқ. Олардың алдынғы тобында Д. Қонаев, М. Әуезов, Б. Момышұлы, Ш. Мұртаза, Ә. Кекілбаев, М. Қозыбаевтар болды.
Қазақ халқының салт-дәстүрлері: бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер, тұрмыс салт-дәстүрлері, әлеуметтік-мәдени салт- дәстүрлері болып үш үлкен топка бөлінеді. Бала тәрбиесіне байланысты әдет-ғұрыптарға баланың дүниеге келген күнінен бері жүргізілетін тәлім-тәрбиелік дәстүрлерден (шілдехана, балаға ат кою, бесікке салу, қырқынан шығару, тілін дамыту, тұсау кесу, атқа мінгізу, сундет той) бастап, қыз бала мен ұл баланы келешек отбасы жанұя құруға, шаруашылыққа, өмірге, еңбекке бейімдеуге арналған азаматтық жөн-жоралғылар кіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет