Тұрмыстық-салт дәстүрлеріне қазақтың киіз үйі, киіз үйдің жиһаздары, ұлттық киімдер мен тағамдар, мал бағу, егіншілік, аңшылық, балықшылық, бағбаншылыққа қатысты кәсіптерге үйретудің тәлімгерлік түрлері енеді.
Әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлерге: қазақ ауылы, ауыл адамдарының туыстық қарым-қатынасы, шешендік сөз өнері, қазақтың ұлттық музыка аспаптары, үйлену үй болуға байланысты салт- дәстүрлері, қонақ күту, халықтық-ұлттық мерекелерді өткізу, өлікті жөнелту рәсімдері, әдет-ғұрыптары.
Ұлттық дәстүр - кез келген ұлттың тарихи даму үрдісінде қалыптасады. Дәстүрлер тек сол адамдар ортақтығына тән, көптеген белгілерімен басқа ұлттардан ерекшелінеді. Дәстүрлер белгілі ұлттың 30 этникалық орталық ерекшеліктеріне ықпалын көрсетті. Осыдан барып, халықтық психикалық ұғымын қалыптастырады, этникалық айырмашылық пайда болды.
Ұлттық әдет-ғұрыптары мен дәстүрлер жүйесін жаңғырту арқылы кез келген халық өзінің рухани мәдениеті мен өзіндік ғана дүниетанымын қалыптастыра алады. Ата-бабадан қалған дәстүрге, мәдени мұра мен рухани құндылықтарға деген немқұрайлық ассимиляциямен сипатталатын ұлттық трансформацияның келеңсіз құбылыстарына әкеліп соқтырады. Ал мәдени мұраға деген ілтипаттылық қатынас және оны байыту жалпы адамзаттық, әлемдік мәдениетке қосылған үлес болып табылады. Әлемдік өркениетке бірігу және өзіндік атсалысу осы ұлттық ерекшеліктерді сақтай отырып, оны дамыту арқылы ғана жүзеге асады.
Кейбір салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар сол халықтық тұрмысына, тәрбиесі мен мінезіне, сеніміне, ырымына қарай қалыптасып келеді.
Қазақта «Алты жыл аш болсаң да, атамның салтын ұмытпа» деген мақал бар. Той-думандарда, жиындар мен мерекелерде орындалатын осы қазақ халқының салт-дәстүрлері оның ұмыт болмағанын паш етеді. Ұлттық салт-дәстүрлер ұлттық сана-сезімді оятуға себепші болады.
Ұлттық салт-дәстүрлер тарихи көне процесс. Көптеген салт- дәстүрлер ұлттың ұлт болып қалыптасуынан бұрын пайда болған. Сондықтан ол кейде бірталай ұлттарға ортақ мәнді дәстүр болып келеді.
Салт-дәстүр халықтардың тіршілік кәсібіне, наным-сеніміне, өмірге деген көзқарастарына байланысты туып, қалыптасып ұрпақтан- ұрпаққа ауысып, жаңарып, өздерінің өту жолдарында жаңаша өзгереді. Оның жаңа қоғамдық қатынасқа қайшы келетін жақтары жойылып, өмірге қажеттілері дамып, жаңа мағынаға ие болады. Мысалы, бүгінгі күнгі ерлі-зайыпты қариялардың алтын, күміс тойларын өткізудің тәрбиелік мәні жаңарған салт-дәстүрдің қажетті түрі. Бұл тойларда тойбастар өткізіледі. Тойдың салты бойынша сыйлықтар беріледі. Тойбастарды әрбір столда отырған адамдар өлең-жырсыз ашпайды. Өлең айтылып болған соң той бастар ашылады. Бұл қазіргі заманға сай көрініс, өзіндік мәнге ие болған дәстүр. Бұл дәстүрдің ұрпақ тәрбиесі үшін маңызы зор, қажетті.
Дәстүрсіз халық жоқ. Ол тарихи негізде қалыптасып, ұрпақтан ұрпаққа берілетін әдет-ғұрып, жалпыға бірдей тәртіп, әдеп инабат нормасы болып табылады. Дәстүр өзінің негізі мен қалыптасуы өмір сүруі жағынан барынша ұлттық сипатта болады, әрбір халық жалпы адамзат мәдениетіне өз үлесін қосады.
Дәстүрлердің жалпыға ортақ ең маңызды қасиеті адамдар арасындағы өркендеп және өзгеріп отыратын тұрақтылықты ретке келтіріп отыру. 35 Дәстүр, салт-сана, әдет-ғұрып жалпының ортақ игіліктері. Өз елінің, халқының ортасында өмір сүре отырып, оның салт-сана әдет- ғұрыптарынан тысқары тұратын аңғаратынымыз әр ұлттың ерекшеліктері бар екендігінде. адам тыныс жоқ. Дегенмен бұдан тіршілігіне байланысты Салт-дәстүрлер, екінші бір ұлтта да белгілі ұқсастықпен және өзіндік ерекшелігімен көрініс береді.
Біздің ойымызша: салт-дәстүрлерімізді жақсы білсек мәдени адам боламыз. Ата-дәстүрін жақсы түсінеміз, ұрпақтарға үлгі ретінде қалдырмыз, сонда ғана жаңа заманға сай өз үйлесімділігін табады. С. Әбеновтың айтуынша дүниеде байланыссыз ешнәрсе жоқ. Бір құбылыс бір құбылысты туғызады, оған себепкер болады. Жеке халықтың тілі мен мәдениетін жалпы адамзат мәдениетінің күрделі тұтастығынан бөліп қарауға болмайтындығын, бүгінгі өмірді жаңғырту жағдайында әрі өткір әрі өзекті мәселе ретінде күн тәртібіне қойылуда.
Өмір талабына сай қоғамда әр түрлі құбылыстық өзгерістер болады. Ол құбылыстар әр түрлі өзгерістер енгізеді. Ескілері жойылып, заманына сай жаңалары жаңғырады.
Орта Азия халықтарының мәдениеті, оның ішінде әдебиеті де орта ғасырлардағы иран және түркі халықтары мәдениетімен олардың өз заманында әлемдік әдебиет атаулының шыңы болып санаған бай әдебиетімен тарихи тұрғыдан байланысты болса, өз кезегінде бұл халықтардың мәдениеті және араб, үнді мәдениетімен тығыз байланыста болған.
Ия, қазақ халқының бір ерекшелігі оның сыйластығымен ізеттілігінде. Қазақ халқы өте меймандос, қонақжай, көңіл-күйлері, пейілдері кен болған.
Негізгі ой, қазақтың қонақты сыйлауы. Қазақ қонақ келсе қой сойып, басын, жамбасын тартқан. Осындай жорамалдардың өзіндік ерекшеліктері болған. Бас деген ұғым, біз де бір отбасымыз деген ұғымды білдіреді. Осы үйге жамбасыңды тигізіп қонақ бол деген философиялық ойды білдірген.
Мейман күтуде малдың он екі жілігінің өз алдына мәртебесі болған. Жасы үлкен, құда келгенде бас пен жамбас, күйеу мен келінге асықты жілік пен төс тартылған. Келініміз асықтай немере сүйгізсін, күйеу баламыздың кеудесі кең болсын деген.
Балаларға тіл, құлақ, бүйрек, жүрек берген. Тамақ жеп болған сон бата тілеген. Осындай ата-дәстүрі әлі бүгінгі күнге дейін тұрмыс- тіршілігімізде үлкен маңызға ие.
Бұл ұғымда дәстүр бұрынғы мен қазіргіні сабақтастырып отыр. Қалжа мен шілдехана әсіресе ұл баланың тууын қазақтар қатты кастерлеп, ұл туғанға күн туады. Байырғы қазақ салты бойынша, бала туған күні сол отбасында той басталып, «қалжа» сойылып, маңайдағы абысын-ажын тағы басқа әйелдер сол үйге жиналып, түні бойы ән салып, домбыра шертіп, өлең айтып, «шілдехана» күзетеді, түрлі ойын- сауық өткізеді, кейде шілдехана күзету үш күнге созылады.
Бұл арада, ұл бала шаңырақ иесі, ұрпақ дәстүрін жалғастырушы екендігін көрсетеді. Ата-бабамыз: Атадан ұл тумас па, ата жолын қумас па?» деп өз ұрпақтарына үміт артып өсиет қалдырған. Сол себепті қазақ халқы ұл туса қуанған, ұрпағым жалғасады деп. Сондықтан да болар шаңырақ иесі сабақтастығын көрсетеді. ұл болып қалатындығы. Бұл да дәстүрдің
Мұндағы ой: Ғасырлар бойы қалыптасқан ата-салтын және өркендей беретін халық дәстүрінің қасиетін қадірлеп, ұлттық дәстүрді сыйлауды білдіреді. Демек, дәстүрді жан-жақты зерттеп жағдай жасасақ, келелі мәселелерді шешуге болады.
Қазіргі заманның дамуына қажетті инерция береді. Әрбір жана ұрпақ қоғамдық қатынасқа түседі, өзгеріс енгізеді. Осы белгі ықпалдың нәтижесінде және қатынасында, өткен ұрпақтан берілген, жана қатынастардың бастапқы баспалдақтары қалыптасады. Өткен ұрпақтан жастарға ұсынылатыны саналы-сезімдер, ойлар, берілген көптік әдет- ғұрып, салт-дәстүр, мерекелер ғасырлар барысында өздерінің өту жолдарын сақтап отырған.
Сол қазақ халқының мәдени құнды үлгілеріне тоқтала кетсек, ол - өз көрінісімен ерекшеленеді. Қалыптасқан ұлттық тілдің, жазба дәстүрдің болуы халық мәдениетінің өркениетінің дамуындағы негізгі, өзекті белгілері. Әрине тіл әрбір халықтың ерте кездерден бергі өніп-өсуінің, дамуының, бүкіл болмысының құдіретті көрінісі деуімізге болады. Тілдегі әрбір сөздің аржағында халықтың тіршілік-тынысы, салт-санасы, әдет-ғұрпы, наным-сенімі, басынан өткендері болады. Демек оны халық болмысының айнасы деуге болады.
Тіл кез келген халықтың бүгінгі болмысын, арманын, кешегісін, алдағысын, келешегін бейнелейді. Кей ретте сол тілмен жазылған, атадан балаға мирас болып келе жатқан әдет-ғұрып, салт-дәстүр көріністері жатыр.
Салт-дәстүр, тіл мен мәдениет бастауларының анасы, демек, тілсіз мәдениет жоқ. Тіл тіршілікті, хал-ақуалды анықтайды, әр ұлтқа тән этностық мінез-құлықты бейнелейді.
Салт-дәстүр уақытқа бағынбайды, ол мәңгілікпен теңдеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |