Қорытынды:
Қазақ халқы ежелгі заман дәуірінен бастап өзіндік тарихымен, әдет-ғұрпымен, салт-дәстүрмен, өркениет әлеміне өзіндік ерекшелігімен, мәдениетімен және баға жетпес құндылықтарымен танымал болып келді.
Мұның өзі соңғы кезге дейін байқалып келген және дамый өркендей, өсе түскен біздің халықтардың ұлттық мәдениетіне терендей ене түсті. Оның басты бір себебі қандай бір аласапыран тарихы кезендер болмасын халық (ұлт, этнос) шығармашылық тұғырын жолғатпады. Халықтың қуанышы мен қайғы-қасіреті, өздері тудырған не сан ғасырлар бойы алмасқан, етене өзіндік, не мендік болып қанға сіңіп кеткен топонимдері, архитектуралары (сәулет өнерлері) жыр- дастандары, аңыз-әңгімелері, ән-күйлері, шешендік өнерлері, тіпті заңдарына дейін ұрпақтан ұрпаққа ұласты. Ол ұласып қана қойған жок, негізгі түбірін сабақтастыра отырып жетілдірілді.
Оның бойларындағы керуен сарайлар, байырғы сәулетті қалалардың орындары бүкіл көшпелі алынған халықтардың дуниетанымы болмақ. Сол арқылы өмір сабақтасып, олардың материалдық, онымен етене мәдени-рухани болмысы дамыды. Сонымен қоса, «қай халықты алмасақта, жеріне, тұрмыс-тіршілігіне, мінезіне байланысты оның рухани әлемі бір-бірінен айрықшаланады. Бүгінгі күнге дейін жаһандану заманында әрбір жеке этностың мәдени өзіндік болмысы, оны дамыту туралы ізденіс жемістері көрсетілді.
Ғылым мен техниканы адамзаттың жасару-жаңғаруына, өрелі рухани ізденісіне жол ашып тастағанмен, дүдәмал түйткіл жаһандану негіздері сүйреп келеді. Оның әзірге құпия-сырын «діттеп тап баса» айтушылардың өзі екі ұдай оймен ғана ұштасады. Сондықтан да мұндай жағдайларда жаһандану келмей қоймайтын негіз дегеннен гөрі, алды-артымызды ойлай, алдымызға көз сала, халқымыздың бойындағы жасампаз рух пен тегеуірінді аша түсе, кемел тарихи сананы дұрыс қалыптастыра білгеніміз жөн.
Тарих сана дегенде, оның жолы не деп сауал қоюға болар. Демек, бұл арада адамдармен халықтар арасындағы ұқсастықтармен өзгешеліктердің түп тамырын, сырларын жете түсіну қажет. Ол үшін тарихи негіздерді, ортақ мәдени дүниелерді білгенге не жетсін. Яғни, табиғи ортамен рухани ортаны жарасымды іспен байыта түсу парыз. Мұның өзі әрі-бері өткенді (жылдар бойы) саралай, әлеуметтік тәжірибеге сүйене, әрісі өз ұрпағыңнан бастап, күллі адамзаттың жүрген жолдарын дұрыс шеше білу деген ұғым. Алдымен тарихи танымға, атадан балаға жеткен салт-дәстүрге, әдет-ғұрыпқа қызмет етіп, болашаққа жол аша отыру білімділікке, рухани байлыққа жатады, одан калды рух биіктігін шыңдай көрсетеді. Гуманитарлық мәдениетімізді жоғарылата беруде басты білімділіктің бірі. Одан біздер өте бір нәзік өзара (елдердің, халықтарды) байланыстың, арқаудың, коммуникацияның сырларын білеміз. «Әлемдік компьютеризация» деген термин бекерден-бекер шыққан емес. Сондықтан сауатсыздық жұтына ұшырамағанымыз, біздерді ілгергі көштің алдыңғы сапында жүргізеді. Осы бағытта әлемдік қазынаның адамзатқа (жеке адамға да) тигізер үлесін біле, ұксас мәдениеттің зор ықпалын тез түсінеміз.
Бұл орайда мәдени ерекшеліктерді жаһандану процестерімен үйлестіре, дамыту. Ұлттық негіз кез келген қоғамда таза күйінде кездеспейді, ол ұлт өмірінің әр қилы ерекшелігін есепке ала отырып, азаматтық, саяси, мәдениетпен астаса жүреді. Көп ұлттық сипатта болуы керек, себебі біздің елімізде, славян-түрік, еврей, иран-тәжік, өзбек т.б. халықтар тұрады. Қазақстан полиэтникалық қоғам ретінде дамыған. Бұған тек басқа этностарға, олардың рухани және практикалық тәжірибесіне төзімділікпен сенім білдіру жолымен ғана кол жеткізуге болады.
Қазақ ұлтының жаңа мемлекеттік деңгейі және оның мақсаттары туралы Президент былай дейді: «Ұлт мемлекетсіз өмір сүре алмайды», құрып кетеді. Өз кезегінде ұлттың жойылуы, оның мемлекетінің өмір сүруін мәнсіз етеді. Елімізде қай ұлтқа жататына қарамайды. Олардың барлығы үшін мүмкіндіктер теңдігі мен құқығы жағынан заң алдында тең принципін жүзеге асырамыз. Әлеуметтік-мәдени құндылықтарды біз сол «таза» күйінде емес, ұлттық менталитет пен мәдени дәстүрлерге үйлестіре қабылдаймыз. Ұлттың әдет-ғұрып, салт-дәстүр негізінде, оны жаңғырту негізінде ғана кез келген халық өзінің рухани мәдениеті мен өзіндік рухани дүниетанымын қалыптастыра алады. Әдет-ғұрыпқа құрмет көрсету әлеуметтік мәдениетке қос-қан зор үлес болып табылады
Достарыңызбен бөлісу: |