Практика базалары - білім алушылардың кәсіптік практикасы өткізілетін ЖОО-ның кәсіпорындары, ұйымдары, мекемелері, оқу орындары ғылыми институттар мен орталықтары немесе жеке құрылымдық бөлімшелері.
Бакалавриат (Undergraduate Study) - 240 академиялық кредиттерді міндетті түрде меңгере отырып, тиісті білім беру бағдарламасы бойынша "бакалавр" дәрежесін бере отырып, кадрларды даярлауға бағытталған жоғары білім деңгейі;
Бакалавр (Bachelor) - бакалавриаттың (жоғары білімнің) білім беру бағдарламасын меңгерген тұлғаларға берілетін дәреже.
ЖОО компоненті (бұдан әрі - ШҚ) - білім беру бағдарламасын меңгеру үшін жоғары оқу орны дербес айқындайтын оқу пәндерінің және академиялық кредиттердің тиісті ең төменгі көлемінің тізбесі;
Оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ОЖСБ) – оқу сапасына тәуелсіз мониторинг түрі.
Бітіртуші кафедра - білім беру бағдарламасы бойынша, оның бейініне сәйкес келетін кадрлар даярлауды және шығаруды жүзеге асыратын кафедра.
Аттестаттау комиссиясы - білім алушылардың қорытынды аттестациясын өткізу үшін ректор бұйрығы бойынша құрылған білім беру бағдарламалары немесе дайындық бағыттары бойынша комиссия, құрамында оқытушы немесе университет қызметкері болып табылмайтын төраға және ПОҚ-ның жетекші өкілдерінен тұратын комиссия мүшелері болуы тиіс.
Мемлекеттік емтихан комиссиясы - "Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы" пәні бойынша мемлекеттік емтихан қабылдау үшін университет ректорының бұйрығымен құрылған комиссия. МЕК төрағасы және жоғары білікті оқытушылар құрамы ағымдағы оқу жылының 1 желтоқсанынан кешіктірмей Ғылыми кеңестің шешімі негізінде университет ректорының бұйрығымен бекітіледі.
Академиялық мәселелер жөніндегі Департамент - университетте оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыратын және үйлестіретін құрылымдық бөлімше;
Дескрипторлар (descriptors (дескрипторс)) – білім алушылардың тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламасын зерделеуді аяқтағаннан кейін алған білім, білік, дағды мен құзыреттіліктерінің деңгейі мен көлемін сипаттау оқу нәтижелеріне, қалыптасқан құзыреттерге және академиялық кредиттерге негізделетін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы;
Дипломдық жұмыс (жоба) – білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес келетін өзекті проблеманы студент және курсант (бұдан әрі – студент) өз бетінше зерттеу нәтижелерін қорытуды білдіретін бітіру жұмысы.
Достарыңызбен бөлісу: |