Тексерген: Джанкадыров С. С


Қашықтықтан білім беру технологиясы



бет13/28
Дата05.12.2023
өлшемі106.55 Kb.
#485490
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28
философия термин

Қашықтықтан білім беру технологиясы – ҚБТ) - білім беру процесін жанама түрде жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қашықтықтан қол жеткізу құралдары мен техникалық құрылғыларды қолдануға негізделген технология. Күндізгі және сырттай оқу нысаны үшін қолданылады.

  • Докторантура - білім беру бағдарламалары тиісті даярлау бағыты бойынша философия докторы (PhD) / бейіні бойынша доктор дәрежесін бере отырып, кемінде 180 академиялық кредитті міндетті түрде меңгере отырып, ғылыми, педагогикалық және (немесе) кәсіптік қызмет үшін кадрлар даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

  • Философия докторы (PhD) - ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша докторантура бағдарламасын меңгерген және Қазақстан Республикасында немесе одан тыс жерлерде диссертация қорғаған, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен танылған адамдарға берілетін дәреже.

  • Бейіні бойынша Доктор (Doctor) - кәсіптік қызметтің тиісті саласы бойынша докторантура бағдарламасын меңгерген және Қазақстан Республикасында немесе одан тыс жерлерде диссертация қорғаған, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен танылған адамдарға берілетін дәреже.

  • Оқытудың қосымша түрлері - әскери дайындықты және білім алушы дербес айқындайтын оқу қызметінің басқа да түрлерінің жиынтығы.

  • Докторлық диссертация - докторанттың дербес зерттеуі болып табылатын ғылыми жұмысы, онда теориялық ережелер әзірленген, олардың жиынтығын жаңа ғылыми жетістік ретінде саралауға болатын немесе ғылыми мәселе шешілген, немесе енгізілуі ел экономикасының дамуына елеулі үлес қосатын ғылыми негізделген техникалық, экономикалық немесе технологиялық шешімдер жазылған.

  • Шетелдік ғылыми тағылымдама – магистратураның және докторантураның білім беру бағдарламаларының білім алушыларының шетелдік білім беру және ғылым ұйымдарына диссертациялық зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмыстарын орындау мақсатында оқу және/немесе материал жинау үшін шығуы.



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет