Тексерген: Джанкадыров С. С



бет2/28
Дата05.12.2023
өлшемі106.55 Kb.
#485490
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
философия термин

Атман (санскрит) — дем, жан, бар нәрсені қамтитын субъективті рухани бастау, «Мен»-жан.




  1. Брахман (санскрит) — жоғарғы объективті шындық, одан әлем пайда болатын абсолютті рухани бастау.




  1. Ведалар (санскрит) — әріптік білім, білу, ежелгі үнді мәтінінде жазылған өте ертедегі мәтіндердің жиынтығы және діни философиялық мұра болып табылады.




  1. Дхарма (санскрит) — заң, тәртіп, борыш, әділеттілік, жағымды сипаттағы бeлгiлі бip белгілену, оған норма ретінде ұстану қажетті үлгі.




  1. Карма (санскрит) — әрекет, ic, жеребе, тipi жанның жаңадан дүниеге келуінің сипатын анықтаушы, оның жасаған қарекеттерінің және олардың салдарының жалпы сомасы.




  1. МокшаАтман мен Брахманның қосылуы, қайта туылу дөңгелегінен арылу, мокшаға жеткен жан шексіз өмір тосқауылынан азат болып махатма – Ұлылық дәрежесіне өтеді.




  1. Конфуцийшілдік — ежелгі Қытайдағы басты идеялық ағымдардың бipi. Конфуцийшілдіктің негізін калаушы — Конфуций (б.з.б.551-479), оның көзқарасын ізбасарлары « Лунь юй» кітабында баяндап берген.




  1. Даосизм-дао немесе «жол туралы ілім, Қытайда б.з.б. 6-5 ғ-да пайда болған. Даосизмнің нeriзін қалаушы ежелгі Қытай философы, табиғаттан айнымауға, табиғи өмір суруге шақырған Лаоцзы болып есептелінеді.




  1. Жэнь-«адамдықты», «Адам сүйгіштікті» білдіреді. Ол Қытай философясының және мәдениетінің негізгі категорясы.




  1. Сяо-адамгершіліктің негізі, Конфуций іліміндегі үлкенді құрметтеу принципі. Оның мағынасы «ата-анаға ли ережесі арқылы қызмет ету, оларды ли ережесімен жерлеуде» жатыр.




  1. Ли- «этикет», «этика», «дәстүр». Конфуций ілімінің ортақ принципіне, ол өмірдің әртүрлі сфераларында адамдардың қарым — қатынастарын реттейді.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет