Тексерген: Джанкадыров С. С



бет15/28
Дата05.12.2023
өлшемі106.55 Kb.
#485490
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28
философия термин

Инклюзивті білім беру - ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылар үшін білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін процесс;

  • Қорытынды аттестаттау – Qualification Examination) - тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім беру бағдарламасында көзделген оқу пәндерінің және (немесе) модульдердің және оқу қызметінің өзге де түрлерінің көлемін меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында жүргізілетін рәсім.

  • Қорытынды бақылау (Final Examination) - емтихан түрінде аралық аттестаттау кезеңінде өткізілетін оқу пәні бағдарламасын меңгеру сапасын бағалау мақсатында білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау, егер пән бірнеше академиялық кезеңдерде оқылса, онда қорытынды бақылау осы академиялық кезеңде оқылған пән бөлігі бойынша жүргізілуі мүмкін.

  • Пәндер каталогы - барлық пәндердің жүйелі аннотацияланған тізімі, олардың қысқаша сипаттамасы, қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдері) және күтілетін оқу нәтижелері (студенттер алған білім, білік, дағды және құзыреттілігі) көрсетілген.

  • Таңдау компоненті - жоғары оқу орындары ұсынатын оқу пәндерінің және олардың пререквизиттері мен постреквизиттерін ескере отырып, кез келген академиялық кезеңде студенттердің өз бетінше таңдап алатын кредиттердің (немесе академиялық сағаттардың) тиісті ең төменгі көлемдерінің (немесе академиялық сағаттардың) тізбесі.

  • Құзыреттілік - оқыту процесінде алған білімді, іскерлікті және дағдыларды кәсіби қызметте практикалық қолдану қабілеті;

  • Білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау - жоғары оқу орны өз бетінше анықтайтын бақылаудың (ағымдағы, аралық және қорытынды) және аттестаттаудың әр түрлі нысандарымен білім алушылардың білім деңгейін тексеру.

  • Кредиттік оқыту технологиясы ( Credit Unit System) - академиялық кредиттер жинай отырып, пәндерді және (немесе) модульдерді оқу кезектілігін таңдау және білім алушыларға дербес жоспарлау негізінде оқыту;



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет